Зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты. Зайырлы мемлекет және дін. Зайырлы әдеп негіздері
«Зайырлылық» сөзінің мәні мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық сипаты — ізгілік пен қажеттілік. Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Зайырлылық азаматтарға дін мәселесінде еркіндік береді.
Зайырлы мемлекет — азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Дін мемлекеттік саясаттан тыс. Қазақ елінде мемлекеттік деңгейдегі ресми дін жоқ. Конституция бойынша діни партия құруға жол берілмеген. Мемлекеттік органдар Конституция негізінде салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді. Қазақстанның әр азаматы ұждан бостандығын пайдаланады. Дін ұстану немесе атеист болу — әркімнің өз еркінде.
Елде дінді ұстану мен бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды. Дүние жүзінде мемлекеттердің үш түрі бар -теократиялық, атеистік және зайырлы мемлекеттер.
Теократиялық мемлекеттің негізгі белгілері: 1. Діннің азаматтардың барлығына бірдей міндетті болуы. 2. Діни ұйымдардың мемлекеттің саяси жүйесін басқаруда ерекше орын алуы. 3. Діни зиялылар тобы мемлекеттің көшбасшылары болып табылады, мемлекеттік билік органдарын басқарады, саяси мемлекеттік өкілеттіліктері бар. 4. Діни бірлестіктер мемлекеттен шеттетілмеген. 5. Діни ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне қатысуға құқығы бар, оның қызметіне тікелей ықпалын тигізе алады.
Атеистік мемлекеттің белгілері:
1. Діни сенімдерді жоққа шығару.
2. Діни ұйымдарға ресми тыйым салу.
3. Діни әдет-ғұрыптардың орындалуын шектеу.
4. Діни адамдардың саяси билікке қатыстырылмауы.
5.Білім беру, тәрбие саласы атеистік негізде болуын мемлекеттік
қадағалау.
Зайырлы мемлекеттің белгілері:
1. Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі.
2. Діннің саясаттан ажыратылуы.
3. Дін әр, азаматтың жеке ісі болып есептеледі.
4. Мемлекеттік білім-беру жүйесі мен тәлім-тәрбие беру
зайырлы сипатта.
5. Діни наным-сенімнің көксейтіні — адамның жеке
өмірінің бостандығы.
Зайырлы әдеп негіздері. Әдеп деген ұғым философиясында XX ғасырдың екінші жартысынан қолданысқа түсе бастады. Кеңестік қоғамда «Әдеп» деген пән болған. Онда гуманизм, адамгершілік басты ұғымдары: ар, намыс, ұят, парыз, махаббат, ерлік ұғымдары т.б. қарастырылған. Ресейде кейінгі жылдары мектепте «Зайырлы әдеп негіздері» деген пән енгізу қызу талқыға түсіп жатыр. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл «зайырлы әдеп дін емес, атеистік мораль» деп жария етті.
Ғалымдар христиандық әдеп, протестандық әдеп (Макс Вебер), исламдық әдеп дегендерді айтады, бірақ олар нақтылы анықталмаған талас тудыратын ұғымдар. Біз зайырлы әдептің табиғаты «Зайырлы дінтану негіздері» пәнінен өзгеше деген пікірдеміз. «Зайырлы әдеп» пәні мағынасы жағынан «Дінтану негіздерінен» өзгеше.
Тапсырма:
1-деңгей және 2-деңгейлік тапсырмаларды орында
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.