Занятие "Небо"

  • docx
  • 20.01.2022
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 30 Занятие Небо.docx

Тақырыбы:  «Аспан әлемі»

Мақсаты:   балаларға аспан әлемі туралы толық мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларға ғарыш сөзінің мағынасын аша отырып, ай, жұлдыз, күн туралы түсініктерін толықтыру.

Дамытушылық: сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік: аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс:  ай, жұлдыз, күн.

Қостілдік компонент: ай – луна, жұлдыз – звезда, күн – солнце.

Керекті құралдар:  ай, жұлдыз, күннің суреттері, күн мен түннің маскалары.

І. Мотивациялық - қозғаушылық кезеңі. 

Шаттық шеңбері:

 «Амансың ба, алтын күн!»

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендердi көрсем қуанам!    

-          Балалар, кәне бәріміз көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып,

әуен арқылы көрсетсек қалай болады? (слайд көрсету).

Бұлттар:    

Жер анаға көмегім

Жаңбыр болып төгемін,

Төмендеймін, көлбеймін,

Бөгелмеймін, өрлеймін.

Тамшылар:  

Бұлттар, бұлттар ойнашы,

Күркіреп, дүркіреп,

Бұлттар, бұлттар ойнашы,

Сіркіреп, дүркіреп.

Бұлттар:  

Нөсер, нөсер төк-төк,

Болсын егін көп-көп.

Сулар:         

Сылдыр-сылдыр сылдырлап,

Су ағады сыңғырлап.

Бау-бақшаны аралап,

Су ағады жағалап.

Тамшылар кетіп, бұлттың арасынан күн шығады.

Күн:            

Құшағын ашып шуақты,

Күнмін алтын сияқты.

Кемпірқосақ:

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте, қызыл, жасылды.

Кемпірқосақ асылды.

Құстар:         

Көкке қанат қағамыз,

Көктем әнін саламыз.

Гүлдер:          

Бәйшешекпіз құлпырған,

Көрік берер далаға.

-          Жарайсындар, міне көктем  мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен

қуантады екен.

ІІ. Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі.

Қонаққа Айдың келгенін хабарлайды. Тақтаға ай, жұлдыз, күн суреттері ілінеді.

Әңгімелесу:

- Кім біледі аспанда не бар?

- Бұлар аспан әлемі деп аталады. Жұмбақ жасырады.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. Күн.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанда болады. Жұлдыздар.

Көп бауырсақ ішінде,

Бір қалам. Ай.

-          Күндіз аспанда өзінің шуағын шашып, айналадағы әлемге жарық

беретін -  күн. Ал, күндіз ұйықтап түнде аспанға өзінің жарығын беретін – ай. Осы айдың маңында ұсақ- ұсақ жарықтар шашып, жұлдыздар мекендейді.

Өлең жаттау.

Жұлдыз көкте мүлде көп,
Жарқырайды түнде кеп.
Қызығамыз, қараймыз,
Кереметке балаймыз.
Бірақ әлі баламыз,
Өссек, ұшып барамыз.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрамыз,

Айналаны шаламыз.

Жауқазындай жайқалып,

Бәйшешектей иіліп,

Біз тынығып аламыз.

«Күн мен түн» қозғалмалы ойыны.

Шарты: күн мен түннің тақиялы маскалары таратылады.

Музыка әуені қосылғанда күннің маскасын киген балалар әдемі қимылдар келтіреді, музыка тоқтағанда айдың маскасын киген балалар қимылдар жасайды.

ІІІ. Рефлексивті– түзетушілік кезеңі.

Қорытындылау.

- Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?

- Аспанда не бар екен?

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын.

Мен ғарышкер боламын.

Ай рахметін айтып: «Жұлдыздай жарқырап жүріңдер!» - деп, әр балаға түрлі-түсті жұлдыздар береді.