Занятие "Осень"
Оценка 4.6

Занятие "Осень"

Оценка 4.6
docx
20.01.2022
Занятие "Осень"
26 Занятие Осень.docx

Тақырыбы: «Күзгі табиғат»

Мақсаты: балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: көргендерін суреттеп беруге дағдыландыру арқылы сөйлем құрап айта білуге бейімдеу.

Дамытушылық: сөздік қорын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап, табиғатқа  қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:   күз, жапырақтар, жаңбыр.

Қостілдік компонент:  күз – осень,  жапырақ – листья, табиғат – природа.

Керекті көрнекіліктер:  күз мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.

І. Мотивациялық - қозғаушылық кезеңі. 

Шаттық шеңбері:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

ІІ. Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі.

-          Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын, мұқият тыңдап, не туралы екенін

айтып беріңдер:

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бай жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Қай мезгіл, кім айтады?

- Күз.

Күздің суреті бейнеленген табиғатты тамашалау.

Күз туралы өлең оқылады:

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

Әңгімелесу:

   -  Балалар, өлеңде қандай сөздерді кездестірдіңдер?

   -  Қазір жылдың қай мезгілі?

   -  Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

   - Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

Суретпен жұмыс:

Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.

   -  Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

   -  Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер қандай күйде болады?

   -  Құстар қай жаққа ұшып барады?

Сергіту сәті.

Жел соғады бетіме,

Ағаштарда желпуде.

Жел тына қалған кезде,

Ағаштар биік болып өседі.

Өлең жаттау:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

«Күз қандай?» дидактикалық ойыны.

Шарты: күз туралы сөздер айту.

Саусақ жаттығуы:

Алтын сары, қызыл, көк, (саусақтарын санау)

Алуан-алуан жапырақ.   (қолдарын жоғары көтеріп, дөңгелек жасау)

Күзгі бақта күлімдеп,      (жүздерінде күлкі)

Көз тартады атырап.       (қолдарын маңдайына сүйеп, айналып қарау)

Ой, алақай, тамаша,         (аяғымен секіріп, қол шапалақтау)

Шашу шашты жапырақ. (қолдарымен шашу шашу)

ІІІ. Рефлексивті– түзетушілік кезеңі. Қорытындылау.

   - Қазір жылдың қай мезгілі?

   - Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

   - Күз мезгілінде адамдар қалай киінеді?


 

Тақырыбы: «Күзгі табиғат» Мақсаты: балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру

Тақырыбы: «Күзгі табиғат» Мақсаты: балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру

Жел соғады бетіме, Ағаштарда желпуде

Жел соғады бетіме, Ағаштарда желпуде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022