Занятие "Птицы зимой"
Оценка 4.7

Занятие "Птицы зимой"

Оценка 4.7
docx
20.01.2022
Занятие "Птицы зимой"
25 Занятие Птицы зимой.docx

Тақырыбы:  «Құстардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: құстардың қысқы тіршілігі, жемінің азаюы, үйлерге, адамдарға жақындап, олардың көмегін қажет етуі туралы әңгімелеу. Балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру, оларға қамқорлық көзқарасын дамыту.

Қажетті құрал–жабдықтар: құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, ойын, көрнекілік, практикалық жұмыс.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: аулаға келген құстарға жем беру, қардағы іздеріне көңіл бөлу.

I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Шаттық шеңбері:

Қазақстан – туған жер,

Сені қатты сүйемін.

Көлдер, таулар, даламды,

Отаным деп білемін!

II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.

Тәрбиеші:

 - Балалар, далаға қыс келді, күн өте суық, қатты аяз, айнала аппақ қар, суық жел, боран, жалаңаш ағаштар аяздан сықыр-сықыр етеді.

- Құстар туралы не айта аласыңдар?

- Қыста құстар қалай тіршілік етеді?

- Олар аш, қыста жәндіктер тығылып қалған, жеміс-жидектер, тұқымдар, ұсақ шөп те қар астында. Құстар өте аз тағам табады. Таң атқаннан кеш батқанға дейін өздеріне тамақ іздейді. Олардың әдемі үлпілдек, қалың жүндері оларды суықтан қорғайды. Ал аштықтан қорғай ма?

Балалар: - Жоқ.

Тәрбиеші: - Қыстың қатты аязында кетпеген құстар жемдерін таба алмай, қырылып қалады.

- Өте аянышты. Сондықтан біз оларға үнемі көмек көрсетуіміз керек. Ал қыста қандай құстар болады?

Балалар: - Қарға, суықторғай, сарыбауыр шымшық.

Тәрбиеші: - Балалар, ашыққан құстарға кім көмектеседі? (адамдар). Құстарға ең бірінші көмекті адамдар көрсету керек. Біз жем салғыштар жасап ілейік. (балаларға жем салғышқа келген құстар, әр түрлі жем салғыштар бейнеленген суреттер ұсынып, көргендерімен бөлісу, жем салғыштарды қалай және неден жасалғаны туралы әңгімелесу).

- Ал біз оларға не береміз?

Балалар: - Нан, ірімшік.

Сергіту сәті:

Торғай, торғай, тоқылдақ.

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі бұлтиып,

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

Тәрбиеші: - Қай құс қандай тағамды ұнатады?

Торғай – нан қоқымын.

Қарға – кез келген тағамдарды.

Суықторғай – асқабақ ұрығын.

Көгершін – нанды ұнатады.

       Егер сендер қыста құстарға көмектессеңдер, олар жазда сендердің бау – бақшаларыңдағы, орман, саябақтардағы ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды.

- Бірақ сендер мына ережені естен шығармаңдар.

Құстарға жем берерде бір-біріңді ренжітпеңдер, қалдық заттарды шашып қалдырмау керек.

Жемді тек белгілі жерде ғана беру.

Күнде жем беріп отыру керек.

III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.

Дидактикалық ойын «Құстар»

Ойын барысы: Ойыншылар «Жыл құстары», «Ұшып кететін» құстар болып екі топқа бөлінеді. Үстел үстінде жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың суреттері араласып жатады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар өз топтарының атына сәйкес құстарды топтастырып, аттарын атайды.


 

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі»

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі»

Торғай – нан қоқымын. Қарға – кез келген тағамдарды

Торғай – нан қоқымын. Қарға – кез келген тағамдарды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022