Занятие "Свойсва воздуха"
Оценка 4.7

Занятие "Свойсва воздуха"

Оценка 4.7
docx
20.01.2022
Занятие  "Свойсва воздуха"
22 Занятие Свойства воздуха.docx

Тақырыбы: «Ауаның қасиеті»

Мақсаты: балаларға ауаны сезуге, көруге мүмкіндік беру. Ауаның адам өмірінде алатын орнын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: шарлар, су құйылған ыдыс, түтікшелер, қағаз қайықтар, веерлер, стақан, салфеткалар

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету. әңгімелесу, тәжірибелер ыдыста салынған құмды алып шығып, көрсету.

І. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған, күн нұры!

Сәлем саған, көк аспан!

Сәлем саған, жер ана!

Сәлем саған, достарым!

II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.

Қонаққа соңау тұңғиық су түбінен Спанч Боб келгенін хабарлайды.

-Балалар, Спанч Бобтың  сендерге әкелген сыйлығы бар екен (қолында 2 шар бар, біреуі үлкен, екіншісі кішкентай).

-Балалар, шарлар әдемі ме?

-Спанч Бобтың сендерге қоятын бір сұрағы бар екен.

-Қалай ойлайсыңдар, шардың ішінде не бар?

-Дұрыс айтасыңдар, ал неге көк шар үлкен, ал қызыл шар кішкентай?

-Балалар, ал ауа көзге көріне ме?

-Ауа бізге не үшін қажет?

-Балалар, Спанч Бобтың айтуынша ауа тек қана мұқиттың түбінде, суда ғана болады екен, сондықтан шарларды үрлеп, ауа толтырып алып келіпті. Ал ауа барлық жерде бар екеніне бүгін біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде өзіміз көз жеткізіп, Спанч Бобқа көрсетіп дәлелдеп береміз.

Тәжірибе № 1.

-Біздің бөлмемізде ауа бар ма?

-Тексеріп көрейік, желдеткішпен әрқайсымыз ақырындап бетіміздің жанынан қозғалтып көрейік.

-Не байқадыңдар?

-Қалай ойлайсыңдар, бұл не?

Тәжірибе № 2.

-Балалар, Спанч Бобтың үрленбеген шарлары бар екен, қане алып үрлеп көрейік.

Ал енді осы шарларды ауыз жағын құйылған ыдысқа салып ақырын қолдарынды жіберіңдер. Не пайда болды?

-Көпіршіктер қайдан шықты?

-Енді үстелде жатқан түтікшелерді суға салып үрлеп көрейік. Не байқадыңдар?

-Ауамен дем аламыз, содан кейін деммен шығарып тастаймыз.

-Ауа біздің өкпемізге қалай барады?

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Тәжірибе № 3.

Балаларға үстелде тұрған қағаз қайықтарды суға салуды ұсынады.

-Қараңдаршы, олар қозғалмайды.

-Олар жүзу үшін не істеу қажет?

Қайықтарды не қозғап, орындарынан жылжытты?

-Қалай ойласыңдар, сүлгімен не болады егер оны стақанға салып, ал стақанды суға салса?

-Ендеше тексеріп көрейік (жоғарыда айтылғандай істеуді ұсынады).

-Қалай ойлайсыңдар, стақанның ішінде су бар ма?

Олай болса, сүлгі су болып қалу керек (стақанды алады).

-Сүлгіні ұстап көріңдер, сүлгі қандай?

Олай болса, стақанда су болған жоқ стақанға су кірмей үшін не бөгет болды?

-Балалар, ауа бөлмеде, бос стақанда, біздің өкпемізде, суда бар екенін көз жеткіздік, ал қалай ойлайсыңдар, топырақта ауа бар ма?

Тәжірибе № 4.

Көрдіңдер ме, топырақтың ішінде де ауа бар екен. Ауа барлық жерде бар. Оған бәрімізідің де, Спанч Бобтың  да көзі жетті.

-Енді ол достарына көрген қызықтарын айтып беруге асығып тұр.

Қонағымызбен қоштаспас бұрын оған көктемнің шуақты күнінде бір шоқ гүл сыйлауды ұсынады.

III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.

Рефлексия «Гүл шоғы»

Егер көңіл-күйлері көтерілген болса - қызыл гүлді, ал керсінше жағдайда - көк гүлді сыйлау керектігін айтады.


 

Тақырыбы: «Ауаның қасиеті» Мақсаты: балаларға ауаны сезуге, көруге мүмкіндік беру

Тақырыбы: «Ауаның қасиеті» Мақсаты: балаларға ауаны сезуге, көруге мүмкіндік беру

Торғай болып қонайық. Сауысқан боп секіріп,

Торғай болып қонайық. Сауысқан боп секіріп,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022