Занятие "Вода"
Оценка 5

Занятие "Вода"

Оценка 5
docx
20.01.2022
Занятие "Вода"
23 Занятие Вода.docx

Тақырыбы: «Су - тіршілік нәрі»

Мақсаты: балаларға судың кейбір қасиеттерін және суды сақтау қажеттілігін түсіндіру, өз ойларын айта білуге, сөйлемді дұрыс құрастыруға үйрету. Сөздік қорларын байыту, тәжірибе арқылы балалардың су туралы білімдерін бекіту және қорытынды жасатуға үйрету. Еңбекке баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: су, мөлдір, түссіз, дәмсіз

Керекті құралдар: стақандар, қасықтар,су, лас су, қант, тұз, ноутбук

І. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз,

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде,

Қуанайық, достарым,

Арайланып атқан таңға!

II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.

Бүгін мен сендерді  зертқанамызда су туралы әңгімелесеміз.

«Су неге қажет? » ойыны.

Хабарлама келген дауысты естиді.

Балалар алтын балық бізге хабарлама жіберіпті. «Балалар маған көмектесіңдерші. Менің суым ластанып, қоқыстан көрінбейді.»

Алтын балыққа көмектесу  үшін су қандай екенін, оның қасиеттерін зерттейік.

Қазір зертханамызда №1 тәжірибемізді өткізейік.

Сұрақтар қояды:

- Стақанның шінде не бар?

- Су түсі қандай?

- Ал, су түссіз, мөлдір екенін қалай анықтадыңдар?

- Екінші стақанымызда не бар?

- Су қандай деп ойлайсыңдар?

- Енді тәжірибе жасайық.

Стақандарға қасық салып көрейік. Екі сұйықтықтарда қандай айырмашылықтары бар?

- Бұл суды ішуге бола ма?

- Жоқ, ішуге болмайды.

- Біздің алтын балығымызға да ластанған су өте зиян екен.

Релаксация.

Балалар көзімізді жұмып, өзімізді көл жағалауында сезінейік.

Тәжірибе №2.  Фильтрдің көмегімен кір суды тазалаймыз.

- Фильтр дегеніміз не?

- Не көрдік?

Сергіту сәті:

Тұп-тұнық таза суда

Балық жүзіп ойнауда.

Біресе суда керіледі,

Біресе жиырылады,

Бірде құмға тығылады.

Тәжірибе № 3.

- Балалар судың дәмі бола ма?

- Енді суға қантты қосайық, жақсылап араластырамыз.

- Қант қосылған судың дәмін татып көріңдерші, дәмі қандай?

Енді стақанға тұз салайық, жақсылап араластырамыз. Қандай қорытынды жасадық?

III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.

-Балалар қалай ойласыңдар, біздің Алтын балыққа қандай су ұнайды?

-Алтын балықтың суын тазарттық, енді оның суы таза тұзды су. Ол  қуанып, сендерге бір тілектерінді орындаймын дейді.

Сұрақтар қояды:

-Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік?

-Судың қандай қасиеттері бар?

Су туралы мақал-мәтел айту.

Сулы жер – нұрлы жер.

Бұлақты жер-тұрақты жер.

Су бар жерде ырыс бар.

Ұстап балық жейсің,

Сумен суғарып өсіріп

Ақ бидайдың нанын жейсің.

Су туралы тыйым сөздер айту.
Суға қоқыс тастама.

Суды ластама.

Суға түкірме.

Суды бекер шашпа.

Суды босқа ағызба.

Судың бұрандасын жауып жүр.

Өзен, көлдерді таза ұстаңдар, ластамаңдар!

 


 

Тақырыбы: «Су - тіршілік нәрі»

Тақырыбы: «Су - тіршілік нәрі»

Балық жүзіп ойнауда. Біресе суда керіледі,

Балық жүзіп ойнауда. Біресе суда керіледі,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022