Занятие "Зима"
Оценка 5

Занятие "Зима"

Оценка 5
docx
20.01.2022
Занятие "Зима"
24 Занятие Зима.docx

Тақырыбы: «Күміс қыс»

Мақсаты: қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін қалыптастыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, топпен, Триз, тірек-сызба, алгоритм, тәжірибелік, көрнекілік, ойын, сөздік, схема арқылы әңгіме құрау.

Көрнекіліктері: «Таңғажайып алаңы» ойыны, схемалар, суреттер, мұз, зертхана құралдары, май шам, бояу, стек, сүлгі, карточкалар, зерттеу құралдары, май шам, бояу, қатты қағаз.

I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Шаттық шеңбері:

Амандасу (Қайырлы күн! Сәлеметсіз бе? Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер! Good morning!)

Амансың ба, нұрлы күн!

Амансың ба, қара жер!

Аман –есен болайық!

Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді. (қолымен, басынан сипалап, бетінен ұстап, құшақтап)

II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғанап жастар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып.

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

- Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

- Айнала қандай?

- Қар қандай?

- Ал мұз ше?

- Ауа қандай?

- Терезелерде не бар?

- Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)

- Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

- Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды (айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді).

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

- Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Жерді қар басады. Өзенді мұз басады. Құстар ән салмайды. Ағаштар өспейді. Жәндіктер тығылып қалады. Адамдар қалың киінеді.

- Қыс айлары жайлы біз не білеміз?

Желтоқсан – жыл аяғы, қыстың басы, ол суық, ызғарлы болады. Қаңтар – жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай. Бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады. Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық дүлей борандар болады.

№1 тапсырма «Жаман-жақсы». Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? Жаман ба?

Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.

№2  тапсырма « Ғажайып баспалдақ». Мына сөздері қатыстырып, екі жол өлең құрастыр.

1. Бар, қар. 2. Ойнады. Тоңбады. 3. Мұз, біз.

-Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?

Қар - кішкентай мұз кристалдарынан тұрады. Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады. Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі. Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.

-Қар неге ұқсайды?

-Қар ақ болса, оны жеуге бола ма? (Жоқ жеуге болмайды. Қарда көп микробтар болады, тамағың ауырып қалады.)

-Микробтар болатынын қайдан білеміз? (Қар ерігенде суға айналады, содан көруге болады.)

-Ал, суды қатырсақ не болады? (Мұз пайда болады.)

Жұмбақ шешу.

Суда қалқиды, жылыда балқиды. (Мұз)

«Су – ана» аңыз.

«Ерте, ерте, ертеде су-ана өмір сүріпті. Оның үлкен отбасы болыпты. Ұлдары - тұман, жаңбыр, қар. Қыздары - шық, мұздық, және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты. Су-ана қызы мұздаққа қонаққа келеді. Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз»

Мұздың қасиеттерін зерттеу.

1. Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ, ол ериді.

2. Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ, түсі өзгереді.

3. Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма? Иісі ше?

4. Бір қалыпты температурасы бола ма?

5. Ауыр ма, жеңіл ме?

1.     Ал мұз пайдалы ма, жоқ па?

-Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды, сырғанақ жасайды, су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)

-Неге зиянды? (жеуге болмайды, құласаң ауыртады, лақтырғанда қатты тиеді, өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)

Алгоритм бойынша белгілеу.

III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.

- Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Біз не үйрендік?

- Сендерге ұнады ма?

- Кімге не ұнады?

- Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар, менің сендерге азғантай сыйлығым бар.

- Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!

- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!

- Ауа райы қандай? Тамаша!

- Қысқы ойындар қандай? Тамаша!

- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл-күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)


 

Тақырыбы: «Күміс қыс» Мақсаты: қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту

Тақырыбы: «Күміс қыс» Мақсаты: қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту

Жерді қар басады. Өзенді мұз басады

Жерді қар басады. Өзенді мұз басады

Сендерге ұнады ма? - Кімге не ұнады? -

Сендерге ұнады ма? - Кімге не ұнады? -
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022