Занятие "Знакомство с кошкой"
Оценка 5

Занятие "Знакомство с кошкой"

Оценка 5
docx
20.01.2022
Занятие "Знакомство с кошкой"
21 Занятие Знакомство с кошкой.docx

 

Тақырыбы: «Мысықпен танысу»

Мақсаты: үй жануары - мысық туралы түсініктерін кеңейту (мысықтың дене мүшелері, қоректенуі, дыбыстауы), үй жануарларына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: мысық, басы, көзі, құлағы, мұрны, аузы, денесі, құйрығы, аяғы, ет, сүт, мияулайды.

Керекті құралдар: мысық, ет, алма, сурет.

 І. Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі.

Шаттық  шеңбері:

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

ІІ. Ұйымдастыру– іздестіру кезеңі.

Тәрбиеші мысық туралы тақпақ айтып береді.

Есікті қағып топқа мысық келеді.

- Бізге қонаққа не келеді? Бізге қонаққа мысық келді.

Кішкене ғана мысықтың,

Ойнағысы келеді.

Тәтті сүтке тойып-ап,

Тоңпаңдап ол жүреді.

-Кәусар, сен айтшы, мысықтың несі бар?

-Мысықтың басы бар.

-Ағжан, сен айтшы, мынау несі?

Мысықтың көзі.

Медина, сен айтшы, мынау несі?

-Мысықтың аузы.

-Мынау мысықтың денесі. Ал денесінде несі бар? Адия, сен айтшы.

-Мысықтың құйрығы бар.

-Тағы несі бар?

-Аяғы.

-Мысық қандай жануар?

-Мысық үй жануары.

-Неге үй жануары?

-Мысық үйде, адамдардың жанында жүреді.

-Мысық қалай дауыстайды?

-Мысық мияулайды.

-Балалар, мысықтың жүні қандай екен?

-Мысықтың жүні жұмсақ. (Бір-бірден шақырып, мысықты сипайды.)

-Мысық не жейді?

-Мысық ет жейді. Мысық тағы сүт ішіеді.

-Мысыққа алма беріп көрейікші, жейді ме?

-Жоқ, мысық алма жемейді.

-Мысыққа ет беріп көрейік, жейді ме?

-Иә, мысық ет жейді. (Мысықтың ет жегенін бақылату.)

Музыка ырғағымен сергіту сәтін орындау:

Жел соғады бетіме,

Тоғайлар да желпуде.

Жел тына қалған кезде,

Тоғайлар биік көрінуде.

-Балалар, мына суретте мысық не істеп жатыр?

-Мысық ұйықтап жатыр.

-Мына суретте не істеп жатыр?

-Мысық ет жеп жатыр.

-Мысық туралы кім тақпақ біледі?

Тақпақтар:

Мысық отыр пеш қасында,

Алдап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

 

Біздің ала мысықтың,

Көзі қандай әдемі.

Мяу, мяу, мяу, мяу,

Көзі қандай әдемі.

 

Біздің ала мысықтың,

Тоны қандай әдемі.

Мяу, мяу, мяу, мяу

Тоны қандай әдемі.

Мысықпен қоштасады.

ІІІ. Рефлексивті– түзетушілік кезең.

-Мысықтың несі бар?

-Мысықтың басы, көзі, мұрны, мұрты, ауызы, құлағы, денесі, құйрығы, аяғы бар.

-Мысықтың жүні қандай?

-Мысықтың жүні жұмсақ.

Белгілеу парақтармен жұмыс.

-Мына суретте мысық пен күшік бейнеленген. Бізге қонаққа мысық келді ме, әлде күшік келді ме?

-Бізге қонаққа мысық келді. Суреттен мысықты белгілейік.

-Мына суретте ет пен алма бейнеленген. Мысық ет жейді ме, әлде алма жейді ме?

-Мысық алма жемейді, ол ет жейді. Суреттен етті белгілейік.

- бүгін нені бақыладық?

-Бүгін біз мысықты бақыладық.


 

Тақырыбы: «Мысықпен танысу»

Тақырыбы: «Мысықпен танысу»

Иә, мысық ет жейді. (Мысықтың ет жегенін бақылату

Иә, мысық ет жейді. (Мысықтың ет жегенін бақылату
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022