ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
Жаңартылған білім
берудегі ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларыныңәлеуметтік дағдысын
қалыптастыру
/Әдістемелік көмекші-құрал/
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденова Н.Т.
2019-2020 оқу жылы
Түсінік
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойын арқылы жүзеге асады.
Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады.
Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты.
Кітапшаға өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар кіргізілді. Ойындар сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап алынды.
А.С.Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
1. «Қонақжай» ойыны
Мақсаты: Ұлттық педагогиканы оқыту, «Қонақжайлылық» туралы түсінік беру. Қонақжайлылық, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Әдептілікке тәрбиелеу, патриоттыққа үйрету.
Ойын материалдары: тақырыпқа сай суреттер, үй жабықтары, отбасы мүшелеріне арналған киімдер т.б.
Ойын барысы: Балалар
өз қалаулары бойынша бөлінеді. Санжар - ата, Даяна -
әже, Мирас - әке, Анель - ана, Диас, Алина, Тлеужан - балалары.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі.
Рөлдерді де бөлісіп алады. Әрі қарай ойнайды. Ойын
соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы
қорытындылайды.
Ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым»
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Менің отбасымдағы адамдар. Немере.»
Тапсырма. «Рөлде ойна»
Сипаты: әр топқа отбасы мүшелерінің аттары жазылған парақшалар таратылады, өз қалаулары бойынша. Кімнің рөлін таңдаса, сол адамға керекті заттарын таңдап алады. Отбасы мүшелерінің рөлінде ойнау. Үйге келген қонақтарға қонақжайлылық көрсету. Қонақ келгенде кім қандай қызмет атқаратынын еске түсіреді.
Қазақтілі.
Тақырыбы: «Сұхбат аламын. Дауыссыз б мен п»
Тапсырма. «Диалог құра»
Сипаты: үйге келген қонақтармен диалогқа түседі. Диалог құрастыру. Диалогқа п дыбысына аяқталатын сөздерді көп пайдалану керек.
Математика.
Тақырыбы: «100 көлеміндегі ауызша қосу және азайту.»
Тапсырма. «Жылдам есепте»
Сипаты: қонақтарға дастархан жаю үшін қажетті тағамдардың тізімін жасап, сатып әкелу қажет. Ол үшін әуелі тізім жасалады. Содан соң сол тізімдегі заттардан қанша керектігі мен қанша тұратыны есептеліп, қажетті соманы табу керек.
Дүниетану.
Тақырыбы: «Қазақстан халқы.»
Тапсырма. «Монолог құра»
Сипаты: оқушыларға әр ұлт өкілдерінің аттары жазылған қалпақтар таратылады, өз қалаулары бойынша. Кімнің рөлін таңдаса, сол ұлтқа керекті заттарын таңдап алады. Сол ұлттың рөліне еніп монолог оқиды. Әр ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі ескеріледі.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Жануарлардың бейімделуі.»
Тапсырма. «Сот сабағы»
Сипаты: әр топқа зоо бақта кездесетін жануарлардың суреттері таратылады. Жануарларды мекен ету ортасына байланысты топтастыру тапсырылады. Бұл жануарлардың негізгі мекені қай жақ? Олар бізге қайдан келді деген сияқты сұрақтар аясында сот болады. Тергеуші тергейді, қорғаушы қорғайды, куәгер көргенін айтады. Соңында бізге басқа елдерден келген жануарлардың бейімделіп кетуіне қарай сот шешім шығарады.
2.«Құрылысшы»ойыны
Мақсаты: Балаларды құрылысшының
қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп,
балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын
арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы
маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті
сүйе білуге тәрбиелеу.
Ойын материалдары: Ойыншық балға, балта, шелек, метр, құрағыштар, кеңістік пішіндері.
Ойынның барысы: Құрылыс алаңына мұғалім мен бірге балалар барады. Құрылысшылармен сәлемдесіп, танысады. Құрылысшылар өздерінің жұмыстарымен таныстырады. Балалар құрылысшыларға көмек қолдарын созады.
Ортақ тақырып: «Менің туған өлкем»
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Алматы мен Астанаға қарашы. Астана»
Тапсырма. «Мені түсін»
Сипаты: әр топ Астана мен Алматыдағы ғимараттарды әр түрлі мимикамен көрсетеді. Келесі топ қай химарат екенін және қалай салынғандығы жайлы баяндайды.
Қазақтілі.
Тақырыбы: «Жер бедері деген не?»
Тапсырма. «Мен зерттеушімін»
Сипаты: құрылысты қандай жерлерге салуға болатынын зертте. Құрылысқа қолайлы таулы жер ме, сулы жер ме, әлде жазық жер ме? Қандай жер құрылысқа қолайлы, қандай жер қолайсыз екенін зертте. Неліктен? Пікіріңді дәлелде.
Математика.
Тақырыбы: «Фигуралар салу»
Тапсырма. «Құрылысшыларға көмектес»
Сипаты: бірінші топ құрылысшыларға үй тұрғызу үшін өзіміз қалаған үйдің макетін кеңістік және жазық пішіндермен құрастырады. Екінші топ бөлмеге қажетті терезелердің ауданын шығарып береді. Үшінші топ қажетті есіктердің ауданын шығарып береді.
Дүниетану.
Тақырыбы: «Менің ауылым. Менің қалам.»
Тапсырма. «Менің жобам»
Сипаты: біздің қаламызға болашақта қандай ғимараттар қажет екендігі жайлы пікір таласады. Жоба құрастырады, қорғайды.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Ауа толы айнала»
Тапсырма. «Сипаттау мәтінін құр»
Сипаты: мен құрылысшымын. Өзің армандаған үйдің суретін сал. Болашақта осы үйді салу барысында ауаның қандай қасиеттерін ескересің? Сипаттау мәтінін құра.
3. «Аспазшы» ойыны
Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Аспаз еңбегін құрметтеу, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балаларға ойында қоршаған ортадан алған білімдерін көрсете білуге үйрету.
Ойын материалдары: аспазшы құралдары, ыдыс аяқтар, көкөністер, жемістер, алжапқыштар.
Ойынның барысы: Адамдар мейрамханаға келіп жатыр. Кәдімгі тамақ жастар арасында сүйікті болып табылады. Азық-түлік өнімдері пицца дүкендеріне бургер бұрыштары мен фаст-фуд-дүкендеріне баруды жақсы көреді. Дегенмен, егер сіз өзіңіз үшін бірдеңе жасай алсаңыз, неге тез тағамға тым көп ақша жұмсайсыз? Үйіңізде жылдам тағамды қалай дайындауға болатынын біліңіз. Тамақты дайындаудың барлық рецепттерін қолданып көріңіз және тағам дайындаңыз. Туған күнге дастархан әзірлеуге кірісу. Ұл балалар қонақ күтуге, ал қыз балалар аналарымен ас әзірлеуге кіріседі.
Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Сүт қалай ұйықтады?.»
Тапсырма. «Жылдам әзірле»
Сипаты: жылдам әзірленетін тағам әзірлеудің рецептін жасау. Пайдасы мен зиянын талқылау.
Қазақтілі.
Тақырыбы: «Синоним дегеніміз не?»
Тапсырма. «Синонимін тап»
Сипаты: бірінші топқа үйде саған күнде түрлі, дәмді ас дайындап жүрген анаңа, немесе әжеңе қандай мақтау сөздер айтар едің? Екінші топқа өзіңе ұнаған асты қалай мадақтар едің? Синонимдік тізбек құра.
Математика.
Тақырыбы: «Жиындар және оларға амалдар қолдану.»
Тапсырма. «Құрамын дайында»
Сипаты: қонақтарға тәтті тоқаш әзірлеу үшін ас үйден өзімізгі қажетті заттарды дайындап алайық. Ол үшін әуелі керекті заттарды жинастырамыз. Содан соң қай өнімнен қанша керек екенін есептеп, тәтті тоқаштың құрамын жазып шығайық.
Дүниетану.
Тақырыбы: «Дұрыс тамақтана біл.»
Тапсырма. «Пирамида салу»
Сипаты: әр топ дұрыс тамақтанудың пирамидасын алдыларында шашылып жатқан тағам, жеміс-жидектер, көкөністердің суреттерімен құрайды.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Судың түрлі күйі.»
Тапсырма. «Венн диаграммасы»
Сипаты: ішуге жарамды су мен ішуге жарамсыз суды сипаттап венн диаграммасына сал.
4. «Тігінші» ойыны
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммуникативті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ойын материалдары: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керекті заттар(ине, метр, қайшы, жіп), киім үлгілері, маталар.
Ойынның барысы: Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.
Ортақ тақырып: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз! Наурыз мерекесі.»
Тапсырма. «Дөңгелек үстел»
Сипаты: ұлттық киім үлгілерінің тігілу жолдарына байланысты дөңгелек үстелде пікірталасқа түсу.
Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін білгенің жөн. Зат есім»
Тапсырма. «Бақытты сәт»
Сипаты: бірінші қыз баланың немесе ұл баланың ұлттық киімдерін атайды. Екінші Қиықтармен ұлттық киімнің бір түрін құрастырады. Үшінші құраған киіміне байланысты сұрақтар дайындайды. Төртінші сол киімнің атауын қатыстырып сөйлем құрайды.
Математика.
Тақырыбы: «Метр.»
Тапсырма. «Білім биржасы»
Сипаты: әр топқа конверттер таратылады. Ол конверттердің ішіндегі тапсырмалардың деңгейіне қарай түстері әр түрлі болады. Жеңіл тапсырмалар сары, сәл күрделірек тапсырмалар жасыл, күрделі тапсырмалар қызыл конверттерге салынған. Акционерлер тапсырманың деңгейіне байланысты акциялар ұтып алады. Мұғалім – «банкир» оқушылардың (акционерлердің) акцияларының түсімін бақылап отырады. Тапсырмалар математикалық фигуралардан ұлттық киім үлгілерін жасауға байланысты болады. Оның өлшемдері берілген, оны өлшеп, қиып алып, киім үлгілерін жапсыру арқылы әзірлейді.
Дүниетану.
Тақырыбы: «Мемлекеттік мейрамдар»
Тапсырма. «Мән-мағына»
Сипаты: мемлекеттік мерекелерге байланысты мәтіннің мән-мағынасын ашатындай мата қиықтары мен басқа да түрлі заттардан макет құрастырады, қорғайды.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Жер және күн.»
Тапсырма. «Төрт мезгіл»
Сипаты: топта төрт мезгілге байланысты пазл құрастырады. Мезгілдердің ауысуына күннің әсері жайлы баяндайды.
5. «Дүкен» ойыны
Мақсаты: Азық-түлік, көкөніс, кітап дүкені, әмбебап дүкендеріндегі ересектердің еңбегімен таныстыру. Ойынға деген қызығушылығын дамыту. Балалар арасында өзара жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру. Балаларды дүкеншілердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын материалы: Құрылыс материалдары, ойыншықтар, азық-түліктер, қуыршақтар, қуыршақтарға арналған киімдер, киім ілгіштер, айна, касса, сөре, қолдан жасалған кітапшалар, әмиандар.
Ойын барысы: Балалар дүкеннен қажет деген тауарларын таңдайды, кейде сипаттайды және сатып алады. Дүкендегі қарым-қатынасты балалардың өздері атқарғаны дұрыс. Мұғалім бір балаға дүкеншіден өзіне қажет тауар бар ма, әлде жоқ па, егер бар болса қанша тұратынын сұрауға тапсырма береді. Енді біріне тауарды таңдап алып, кассадан төлем жасауды ұсынады. Ал үшінші балаға дүкеншіден тауар алуды тапсырады. Бұл жағдайда балалар ересектермен қарым-қатынас жасайды, еңбек әрекетін орындайды, сатып алушы не тұтынушы ретінде ойынға қатысады. Осы орайда балалар ересектердің қызметіне араласа отырып, оның мәнін, мақсатын, оны орындау тәсілдерін айқындайды.
Ортақ тақырып: «Саяхат»
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Дельфин.»
Тапсырма. «Диалог»
Сипаты: дельфин мен кеменің диалогын құрастыр. Ойыншықтар дүкенінен дельфин мен кеме салып алып, диалогыңды сахнала.
Қазақтілі.
Тақырыбы: «Оқиға құрастыра аламын. Сын есім»
Тапсырма. «Әңгіме»
Сипаты: ойыншықтар дүкенінде деген тақырыпқа бір әңгіме құрастыр. Әңгімеңе сын есім сөздерді қатыстыр.
Математика.
Тақырыбы: «Теңге. Монета. Қағаз ақша»
Тапсырма. «Сатып ал»
Сипаты: азық түлік дүкенінен өзіне қажетті заттарды сатып алады. Әр оқушыға қолдан жасалған ақшалар таратылады.
Дүниетану
Тақырыбы: «Қазақстанға саяхат»
Тапсырма. «Картамен жұмыс»
Сипаты: Картадан көкжиек бағыттарын анықтайды. Дүкеннен қалаларды сатып алып, картаға орналастырады. Қалалар аттары жазылған парақшалар таратылады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Жануарлар қалай дыбыстайды.
Тапсырма. «Саудалас.»
Сипаты: табиғат аясында шығып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын анықтау үшін керекті құралдарды дүкеннен алу қажет.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.