"Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім алушының ата-анасына арналған кеңес" баяндама
Оценка 4.7
Работа с родителями
docx
родителям +1
Взрослым
16.06.2019
Бұл мақала жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқитын білім алушының ата-анасына жақсы кеңес береді. Ата-аналар баласы мен мұғалім арасындағы жағдайдан хабардар болып отырады. Жиынтық бағалау мен ақпарат алу үдерісіне белсене қатыса алады. Білім алушыны бағалауға ата-анасының қатысаты да осында терең айтылады.
макала-2019.docx
Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы
№91 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оразалы Айнұр Қоянбайқызы
Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім алушының атаанасына арналған кеңес
Қоғамға енген жаңалықты әр түрлі қабылдау – заңдылық. Біреулер жаңаруға құштарлық танытса,
біреулер үрке қарап қарсы алады. Кейде қоғамға келген жаңалық қарапайым халықтың қабылдауын
күтпейақ енеді де, қажеттілікке айналады. Дәл осындай жаңалыққа жаңартылған білім беру
бағдарламасын атауға болады. Бұл әлемдік деңгейде сыналған жүйе. Ол білім алушыға Қазақстандық
«Мәңгілік ел» идеясының негізінде білім беріп, оның бойына ұлттық құндылық арқылы жақсы тәрбие мен
бар асылды сіңіреді.
Бағдарламаны ұстаздар оқу арқылы түсінуде. Ал атааналар ше?
Атааналар уақыт өте келе, әр түрлі ақпарат көздерінен түсінеді. Осы орайда, атааналардың ойында:
«Жаңартылған білім беру бағдарламасы баламның өміріне қандай оң өзгерістер әкеледі? Баламның білімі
қалай бағаланады?» деген сұрақтар туындауы мүмкін. Осы жүйемен жұмыс жасап жатқан мұғалім ретінде
пайдалы кеңес бере кетейін:
Оқу жылы басталған күннен бастап, балаңыз оқитын мектеппен тығыз байланыста болуға
тырысқаныңыз дұрыс. Атаана бағалау үдерісіне қатысатынын біле жүргеніңіз абзал. Жаңартылған білім
беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалаудың екі түрі жүргізіледі. Олар: қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың қай сатыда тұрғанына назар аудару мақсатында
олардың ұмтылысы мен талабына қолдау жасау үшін жүргізіледі.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім бойынша ұпай (балл) қою арқылы белгілі бір оқу
кезеңі аяқталғанда өткізіледі. Тоқсан барысында білім алушылар алғашқы бөлім бойынша жиынтық
жұмыста төмен ұпай (балл) алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады.
Жиынтық баға әр бөлімді аяқтаған соң және тоқсан соңында қойылады. Одан соң, пән мұғалімі
сізге рубрика ұсынады. Егер балаңыздың білім деңгейін анықтай түскіңіз келсе, өзіңіз пән мұғалімінен
рубрикамен бірге балаңыздың жұмысын сұрауыңызға болады. Рубриканың пайдасы – баланың нені оқуы
керектігін ашып көрсетеді; білім алушыны алдына жеке мақсат қоюы арқылы білім сатысына өзін зерттеу
арқылы көтерілуге жетелейді. Осы орайда электронды күнделіктің берері де зор.
Бала білімін қадағалау үшін тоқсанның соңындағы тоқсандық жиынтық бағалауды күтпеңіз.
Әдетте, кейбір атааналар баласының тоқсандық бағасын естіген сәтте, күнделігінде жақсы пікір болғанын
алға тартып жатады. «Қазір баға қойылмайды» деп едіңіздер, 4ке кетіпті ғой. Бұрын да сол баға, қазір де
сол ғой, өзгерісі қайда?деп жатады. Осы орайда сізге айтарым:
Баланың күнделігіне ынталандыру мақсатында жазылған пікірлер баға болып есептелмейді. Ол –
балаңыздың сол күнгі жұмыстарда көрсеткен белсенділігіне берілген пікір.
Сіздің балаңыз «4» деген бағаны қанша ұпаймен алды? Өткен жолғы жиынтықтағы ұпайдан бұл
жолғы ұпайы көбейсе, демек екі төрттің арасында айырмашылық бар. Осыған назар аударғаныңыз жөн.
Критериалды бағалау шәкіл арқылы жүргізілетіндіктен, ұпай арқылы есептеледі. Бұл әділ баға
беруге негіз болады әрі нені оқу керектігіне бағыт береді.
Бұл бағдарлама мұғалімнің алдына айқын мақсат қоятын болғандықтан, білім беруді жаңалаумен
қатар, тереңдете түсіп, жеңіл түрде игертуді көздейді.
Бағдарлама аясында түрліше терминдер қолданылады. Термин сөздерді сөздіктің көмегіне
сүйеніп тауып алу да бұл жүйемен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
Мысалы:
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда бұрын қолданылмаған 4 дағдымен жұмыс жасалады. Олар: 1.Тыңдалым мен
айтылым
2.Оқылым
3.Жазылым
4.Әдеби тіл нормалары
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда 3 дағды қолданылады. Олар:
1.Түсіну және жауап беру
2.Анализ бен интерпретация
3.Бағалау мен салыстыру
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты мақсаты білім алушыны өмірге икемдей
отырып оқыту арқылы мектепте алған білімін өмірде нақты мәселені шешу үшін қолдануға бағыттау. Бағдарлама атааналарға өз баласының білім деңгейіне қатысты нақты дәлелдер алуға, оқудағы
қадамының ілгерілеуін қадағалауға, өз баласының жайлы жағдайына сенімді болуға мүмкіндік береді.
Жаңартылған білім бағдарламасы мұғалім – атаана – білім алушы
арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады.
Мектепте атааналарға арналған жеке кеңестер, оқыту семинарлары мен тренингтер
ұйымдастырылғанда қатысып тұруды ұмытпаңыз.
Бүгінгі білім алушы – елдің ертеңі, тірегі. Біз бәріміз бірлесе атқарғанда ғана жақсы нәтижеге қол
жеткіземіз. Ендеше, мәңгілік елдің білімі мен тәрбиесі ұштасқан өрендерін бірге өсірейік!
"Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім алушының ата-анасына арналған кеңес" баяндама
"Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім алушының ата-анасына арналған кеңес" баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.