Жамбыл Жабаев
Оценка 4.9

Жамбыл Жабаев

Оценка 4.9
Библиография
docx
библиотека +1
Взрослым
09.01.2018
Жамбыл Жабаев
Кітапханаға оқушылардың қызығушылығын арттыру. 9 сынып оқушыларына арнап дөңгелек үстел тақырыптарын өткізіп, адамгершілік пен достыққа арнап жол ашу. Мектегі үлкен жіне кіші сынып оқушыларына осы үйренгендерін айтып біліп, көрсету. Өмір қауіпсіздігі және кітапханадағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, кітапты күтіп ұстап үйрену.Жамбыл Жабаев
Ж. Жабаев.docx
Даналықтың бойтұмары. Жамбыл Жабаевтың (1846­1945жж.) 170 жылдығына арналған ауызша журнал. 1­4 сынып аралығында Слайд ­ презентация  Флипчарт.  Мақсаты:  Жыр   алыбы   Жамбыл   Жабаевтың   өмірімен,   шығармашылығымен   таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап оқуға баулу. Жамбыл   Жабаев   –   ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы   жүз құрамындағы   шапырашты тайпасының   екей   руынан   шыққан.   Қазіргі Жамбыл   облысы Жамбыл   тауының   етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жабай деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген.  Ұзақ өмір сапары.  Балалық шақ. Әкесі Жабай (Жапай), анасы Ұлдан, молда, қобызшы Қанадан көке.  Үзінділер оқу. Жасынан   өлең­жырға   қанып   өсіп, Сүйімбай Аронұлы   сияқты   жыр   даңғылынан   тәлім­ тәрбие алды. Сүйімбай ақының батасын алады. Менің пірім Сүйімбай, Сөз сөйлеймін сиынбай, Сырлы сұлу сөздерді, Маған тартқан сыйындай. Сүйімбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай, – деген. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетіу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ.   Ол   өзіне   дейін   өмір   сүрген   атақты   жыраулардың,   өзімен   қатарлас   ақындар   мен жыраулардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр   еткен.   Асан   Қайғы,   Бұхар   жырау,   Шөже,   Балта,   Шернияз,   Шортанбай,   Дулат, Сүйімбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт,  Майлықожа,   Құлыгшақ т.б. Сонымен   бірге   Жамбыл   туысқан   қырғыз   елінің   де   сөз   өнерін   жетік   біліп,   Тоқтоғұл, Мұраталы,   Әлімқұл,   Балық,   Тыныбек,   Қатаған   сияқты   дүлдүлдермен   өнер   сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең­жырмен өткізген.  Жамбылдың   шығармашылық   өмірі   19­ғасырдың   70­жылдарынан   басталған.   Бұл   –   қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп,   күйзеліске   ұшырады.   Ол   аз   болғандай,   20­ғасырдың   20­жылдарында   ақ   пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай­қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр   шешен   екенін   көрсетеді.   1916   жылғы   ұлт­азаттық   қозғалысына   Жамбыл   ақын белсене   қатынасты.   Патша   жарлығына   қарсы   көтерілген   халық   бұқарасының   қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі   жылдарында   Жамбыл   қоғам   өмірі   мен   ел   мүддесін   жырлады.   Ол   байырғы   ұлы жыраулардың   дәстүрін   қайта   түлетіп,   біздің   дәуірімізге   жаңа   сапада,   соны   мазмұнмен байытып жеткізді.  Қазақ жерінде мектеп ашылғаннан кезден балаларға білім, ілім алуға насихаттады.                                Оқы, балам! ... Ұрпағын сүйген қозым – құлыншағым. Білімнің қайнап жатқан сыр бұлағын. Білімсіз кәріп болған кәрі дүние, Ғылымның жарқыратып жақ шырағын. Жан қозым, Отандағы ерікті оқы, Гүлденген халық біткен көрікті оқы. Айнымас алпыс ұлтты бірлік Достық, Достықты естіп те, көріп те оқы Оқуда тапқаныңды халыққа бер, Халыққа өте мұқтаж білім – өнер. Гүлдері Октябрьдің жас бұлағым, Ғаламды өскен сайын гүлдендірер. Оқысаң ең ғылымның зорын оқы, Үлгілі әлем алды болып оқы. Зор білім марксизм­ленинизм, Дананың ұлы көсем жолын оқы. Балаларға Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен шырақтарым! Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, Ішінен асып кетсе бір аптаның. Қонаққа келді міне Жамбыл атаң, Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам, Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған Қуанып жастығына сендей ботам. Білемін өмірлерің тұрған жайнап, Күндіз, түн  жастық үшін жарық сайлап. Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су Бәрі де сендердікі әлемге айғақ   2­дүниежүзілік   соғыс   тұсында   бүкіл Кеңес   Одағында Жамбылдан   дәрежесі,   мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді.   Жамбылдың   соғыс   жылдарындағы   шығармаларының   мәні   үлкені,   шоқтығы   биігі   – «Ленинградтық   өрендерім».  Бұл   өлең  1941  жылы,   Ленинград   жау  қоршауында     қалған кезде шығарылған. Ақын ленинградтықтарды жаумен айқастағы ерлігін, табандылығын паш етті, оларды батырлық, батылдыққа, төзімділікке рухтандырды. Ленинградтық өренім! Мақтанышым сол едің! Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін. Жасағым жоқ өмірді Жау сойқанын көргелі, Төккенім жоқ терімді Шер қылғалы кеудені, Жасалған жоқ салтанат Жаудың болуға ермегі, Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі! Қазақстан жерінен Тұтанғандай ел кегі, Жолдан кернеп қол кетті Сендерге дем бергелі, Нева алабын қорыңдар, Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар Заманымның өрнегі Ұлы   Отан   соғысының   төрт   жылында   осы   тақырыпқа   арнап   Жамбыл   аталарың   үш   мың жолдан артық жыр шығарды. Жамбыл   Жабаевтың   алты   ұлы   болған:   Қожамберді,   Қожаш,   Аққұлы,   Ізтілеу,   Алғадай, Тезекбай. Бастапқы екеуі ертерек өлген. Ізтілеу мен Алғадай армия қатарына алынды.   Аттандыру Атаңнан бата ал, балам, Арғымақ атқа мін, балам! Ақ сақалым желбіреп Артыңнан қарап мен қалам, Құлағыңда құлыным, Дауысым жүрсін жырлаған. Алғадайым арлы едің Ата сөзін сыйлаған, Перзентімнің алды едің Көңілімді қимаған.  Аттандырдым майданға Аман­есен жүр, балам! Абыройға ие бол, Ағат баспа бір қадам! Атақ берген атаңа Ел қадірін біл, балам! Ел ерлігі, ел бірлігі Сынға түскен бұл заман. Саған айтқан сөзімнен Сабақ алсын тыңдаған. Айтылған сөз деп ұқсын Аңғарлы жан «бұл маған». Хош, хош балам, хош балам! Жамбыл Алғадайды аса жақсы көріп: «өзге балаларым – бір төбе, бұл – бір төбе» деп  отыратын екен. 1943 жылдың жазында Жамбылдың аса жақсы көретін ұлы Алғадайдың  ерлікпен  қазаға ұшырауы туралы хабар келеді. 1944 жылдан бастап, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Ғали Орманов барғанда, сондай  халде отырған Жамбыл аталарың былай деп екі ауыз өлең айтыпты: Соңғы сөз Сөндің бе жарқыраған шам­шырағым.  Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым, Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ, Сеп болып сөйлетесің жалғыз жағым. Қалыппен ие болмай өзіме­өзім, Әлім жоқ, күш, қайратты өтті кезім, Балалар, өлгенімше болысыңдар, Сендерге сол­ақ айтар соңғы сөзім. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс  болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан  астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен  Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте  жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең­жырлар жазылды. 20­ғасырдағы халық  ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі  Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып­салма ақындар бар.  Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек  Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың  лауреаты атанды.  Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге,  мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді.  Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық  деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Шығармалары Өлеңдер Атаның әлдиі, Балаларға, Балама хат, Бесік жыры, Жастық жыры, Жаңа жыл, Жаңа жыл  сәлемі, Жеңіс жырын сайраңдар, Жүз жасаған жүректен, Ленин, Ленинградтық өренім,  Шәкірт балаларға, Октябрь толғауы, Сәлем саған комсомол, Сыйлық, Туысқан ел, Чапай,  Халық туысқандығы, Өнердің өсуі есік жыры т.б Айтыстар Жамбыл мен Айкүміс Жамбыл мен Құлманбет Жамбыл мен Шашубай Жамбыл мен Досмағанбет Дастандар Өтеген батыр Сұраншы батыр Көрұғлыя Бақ, дәулет, ақыл Ж. Жабаев туралы естеліктер жазған ақын­жазушылар: М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Н. Тихонов, Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев,  М. Хакімжанова, П. Кузнецов, С. Бегалин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Ш. Айтматов,  М. Ғабдуллин, С. Омаров, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Тоғұзақов т.б.  Оқушыларға тапсырма: Жамбыл Жабаев тірек сызбаны толтыру.  Ойын –ой ұштар. «Жамбыл» сөзжұмбақ. 1. Ж. Жабаевтың туған жері 2. Ж. Жабаевтың аса жақсы көретін ұлының есімі 3. Ж. Жабаев қай ақынның батасын алған  4. Ж. Жабаевтың балаларға арналған өлеңдерінің бірі 5. Ж. Жабаевтың әкесінің аты  6. Ж. Жабаевтың анасының есімі. Рефлексия: Жамбыл ата туралы төрт шумақ өлең шығару.

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2018