Жамбыл Жабаев презентациясы
Оценка 4.8

Жамбыл Жабаев презентациясы

Оценка 4.8
Лекции
doc
русская литература
Взрослым
13.10.2017
Жамбыл Жабаев презентациясы
Білім-әрбір оқушы бағындыратын шың. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу-білімді меңгеруде де, сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету- ұстаздың міндеті. Сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу, оқушылардың білімге, оқып үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Оқушылардың қазақ тілін толық меңгеру үшін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жүйелі түрде қалыптастыру керек. Бұл оқытудың ең тиімді құралы. Біздің міндетіміз- өз бетімен жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс пен бірлесіп жұмыс істеу арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастырып және оқу- еңбегіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.
калиева А. (1).doc
Ұжымдық оқыту технологияның   кәсіби тілді меңгеруде алатын орны        Білім­әрбір оқушы бағындыратын шың. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар   кездессе,   оқу­білімді   меңгеруде   де,   сондай   қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету­ ұстаздың міндеті.     Сабақта   әр­түрлі   әдіс­тәсілдерді   қолданып,   түрлендіріп   өткізу, оқушылардың   білімге,   оқып   үйренуге   құштарлығын   арттыратыны   анық. Оқушылардың   қазақ   тілін   толық   меңгеру   үшін,   өз   бетімен   жұмыс   істеу дағдыларын   жүйелі   түрде   қалыптастыру   керек.   Бұл   оқытудың   ең   тиімді құралы. Біздің міндетіміз­ өз бетімен жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс пен бірлесіп жұмыс істеу арқылы білім­білік   дағдыларын   қалыптастырып   және   оқу­   еңбегіне   деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.     Өз бетімен жұмыс пен бірлескен жұмыс ­ тар мағыналы сөз емес, ол әртүрлі формалардан, амал­тәсілдерден тұратын кең мағыналы іс­әрекет.       Өз бетімен және жұптық   жұмысты әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізуге болады. Бұл жағдайда ҰОТ айқын көруге болады. Кәсіби тілді үйретуде ұжымдық оқыту технологиясыны қолданудың тиімді жолдары   арқылы,  оқушылардың   сөйлеу   қабілетін   дамытып,  ауызекі   сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.      Жұптық жұмыстың негізгі ерекшелігі, тілдерді оқытып­ үйрету барысында ең тиімді деп есептелетін тілдесім әрекеті іске асырылса, екіншіден оқушылар бірдей белсенді жұмыс істеулерін қамтамасыз етіп, уақыт үнемделеді.          Тұрақты   жұп   барысында   оқытушының   берген   тапсырмасы   екі   оқушы арасында   жүргізіледі.   Тақырып   бойынша   диалог   құру,   шағын   мәтінді талқылау,  аудару   т.  б.  тапсырмалар   болуы   мүмкін.    Сонымен   қатар   сабақ алдында «Сұрақ­ жауап» ойыны қолданылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар өздері үйден  дайындап  әкеледі. Бір оқушы барлығына сұрақ қояды немесе әр жұп  бір уақытта 5­6 сұрақтан   қояды.  «Сұрақ­ жауап» ойынының қарапайым түрі, мұғалім топ алдында сұрақтарға жауап береді, содан кейін оқушылар жұппен бір­біріне сұрақтарды қояды. 1. Сен қай қалада тұрасың? 2. Сенің туған жерін қай ел? 3. Сенің мамандығын қандай? 4. Колледж қай көшеде орналасқан? 5. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? 6. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл? 7. Қазақстанның астаналарын ата? 8. ҚР рәміздерін ата? 9. Қазақтың ұлы ақыны кім? Бұл технология 10 әдістемеден құрылады 1.Ревин әдістемесі алгоритммен жұмыс ( мәтінмен жұмыс істеу) 1.Абзацты жұптасына дауыстап оқиды 2.Берілген сөздердің мағынасын ажыратып, сөздікпен жұмыс істейді. 3. Кілтті сөздерді тауып, абзацтың басты ойын анықтайды. 4.Абзацтың атын қою. 5. Моделін салады. 2.Ревин кері әдістемесі    Жоспар бойынша ауыспалы жұпта жұмыс істеп отырып, бірте­бірте мәтін пайда болып, нәтижесі­ мәтін. 3.Практикалық   дағдыларды   тексеруге   арналған.   Карточка   4­6 тапсырмалардан тұрады. Әр деңгейлі болу керек. Міедетті түрде ауыспалы жұпта   жүргізіледі.   Мысалы:1­тапсырманы   ауызша   талқылаймын. Көршімнің тапсырмасын бірге талқылаймыз. Содан соң әркім тапсырманы дәптерлеріне   жазады.   Соңында   бір­   бірінің   дәптерін   тексереді.   Екінші тапсырманы басқа баламен талқылайды. 4.Метод   взаимотренажа­   өзара   жаттықтыру.  Карточкадан  1   тапсырманы екінші оқушыға қояды, жауабын айтпайды, 2­оқушы оған жауап береді. 1­ оқушы   карточкадағы   жауаппен   салыстырады.   Дұрыс   болса   2­   сұрақты қояды, қателессе жауабын айтады.  Ривин әдістемесі бойынша   ұжымдық оқыту сабақтарын ұйымдастырған кезде оқу жұмысының тәртібі өзгереді.   Әрбір пәннің мазмұнын меңгеру типі бойынша жүргізіліп, ұзақ уақыт созылмайды. Ривин әдістемесі жалпы топтық үзілістерді қажет етпейді. Оқушылар шаршаған кезде демалады. Ривин   әдістемесі   бойынша   әрбір   оқушы   өз   мәтінінің   әрбір   абзацымен алгоритм   бойынша   жұмыс   істеу   қажет.  Ал   оқушы   әрбір   абзацпен   емес, әрбір сөйлем бойынша жұмыс жасайды. Ол сөйлемдік деңгей. Ал сөздік деңгейде  оқушы   әрбір  сөзді  жаңа   жұпта   жаттайды.  Оны  жай  жаттамай, сөзді   бірінші   оқып,   содан   соң   аудармасын   сөздіктен   іздеп,   ол   сөздің моделін жасайды.      Бұл  сабақтарда   Ривин   әдістемесі   бойынша   жұмыс   істеу   алгоритмі   де басқа. Мәтінмен жұмыс алгоритімі      1.   Мәтінді түсініп оқы. 2.Мәтінді жұптасымен бөлімдерге бөліңіз. 3.Өзара келісіп бөлімдерді бөліп алыңыз. 4.Өз бөлімінен түсініксіз сөздердің астын сызыңыз. 5.Аудармасын сөздіктен тауып жазыңыз. 6.Бөлімнің мазмұнын дайындап, жұптасыңа түсіндіріп беріңіз. 7.Өз бөлімін бойынша сұрақ дайындаңыз. 8.Жұптасына дайындаған сұрақты қойыңыз. Ауыспалы жұп бойынша алгоритм мазмұны өзгереді. ­ Топпен мәтінді бөлімге бөліңіз. ­ Есеп картасына бөлімді белгілеңіз. ­ Маршрут картасы бойынша жұптасынды ауыстырып, жұмыс жаса, сияқты пункттар қосылады. Әр топ мәтінді талқылап сөздік құрып, әр топқа жаңа сөздер беріліп, аудармасы таксеріледі.        Тапсырманы қалай орындайтынын, не істеу керек екендігін оқушы толық түсініп алуға тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында оқытушы әрбір жұптың жұмысын орындау барысын бақылайды, қажет болса түзетеді.   картасына белгілеп отырады. Есеп картасы     Оқушылар   тапсырманы   орындауын   дәптердің   жолында   немесе   есеп №1 +. . Аты­жөні Жұмабаева Алпыспаев Живцова Слесаренко №2 . +. №3 +. . №4 . +. Жұптық жұмыс технологиясының негізі 1. Статикалық  2. Динамикалық 3. Варияциялық    Жұппен жұмыс істеу « өзара оқыту» режімінде әрекетке кіреді. Бақылау­« бірін­бірі» бақылау режимінде өтеді.     Мұнда: ­ Өзара қарым­қатынас мәдениеті ­ Сөздік қоры молаяды ­ Сөйлеу, ақылдасу, тәжірибе алмасу, әңгімелесу іске асады. ­ Бірлесіп, қиындықты жеңу қабілеті қалыптасады. ­ Ұжымда жұмыс істеу дағдылары дамиды ­ Ойлау, сөйлеу, жазу шапшандылығы дамиды ­ Пайым   айту,   көзқарасын   дәлелдеу,   құндылығын   ажырату   қабілеттері дамиды Бұл жағдайда жұптың даму деңгейі бір дәрижеге көтеріледі. Тәжірибиеде 2 мықты,   2   орташа,   2   нашар   оқушы   жұмыс   істеу   мүмкін.   Ал   кей   жағдайда сыңарлардың деңгейі әр түрлі болу да мүмкін.    Сабақты ұйымдастыруда түрлі мақсат көздейтін карточкалар қолданылады. Мысалы:   белгілі   бір   тақырыпты   меңгеру,   деңгейін   тексеру   мақсатындағы сұрақнамалар,   жаднамалар   немесе   түрлі   тапсырмалар   берілгенкеспе қағаздар.Мұндай құралдар ұстаздың орнына жүретін көмекші бағыт беруші ролін атқарады.Солардың бірі: ­Жетілдіру карточкалары ­Деңгейлік карточкалары                             Карточканың құрылымы Карточка екі бөлімнен тұрады. 1­бөлім­ кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімдегі тапсырмаларды   оқушылар   өздігінен   талдап,   жұптасына   түсіндіріп,   негізгі ойды   жұптасының   дәптеріне   жазып   беруі   тиіс.   Бұл   тапсырмада   көбіне мәтінмен   жұмыс   алынады.   Карточканың   2­бөлімінде­   бекітуге   арналған тапсырмалар алынып, шығармашылық тапсырмалар да қолданылады.                         Карточкамен жұмыс жасау алгоритмі 1. Карточканың алғанын  есеп картасына белгіле 2. 1­бөлімдегі тапсырманы өздігінен орында 3. 2­бөлімдегі тапсырмасын дәптеріңе орындап, есеп картаға « +» белгісін қой 4. Жұптасыңа   1­бөлімдегі   тапсырманы   айтып,   дәптеріне   керекті мәліметтерді жаз. Оның сұрағына жауап бер. Жұптасыңа да сұрақ қой. 5. Жұптасыңның карточкасының 1­ бөлім тақырыбын тыңда. Дәптердегі конспектісін тексер. 6. Карточкаларымен ауысып, 2­ бөлімдегі тапсырманы орындандар. 7. Тапсырмаларынды бірігіп тексеріндер. 8. Тапсырма дұрыс орындалса, келесі жаңа жұптаспен жұмыс істе. 9. Тапсырма қате орындалса, бірігіп қатесін түзет.     Студенттердіңсөздік   қорын   арттыру   барысындамақал­   мәтелдер   мен   өлеңдерді суреттеу арқылы жүзеге асыруға болады. Ең алдымен қарапайым түрден күрделі түрге көшу арқылы оқушылардың қабілеті біртіндеп көтеріле бастайды. Сонымен   жұптық   бірлесе   әрекет   ету­   адамның   өзіндік   дамуы   мен   өзіндік қалыптасу   белсенділігін   арттыратын   тәсілдердің   бірі.   Оқытудың   белсенді әдістері  кәсіби тапсырмаларды білгірлікпен шешу қабілеті мен студенттердің өзіндік ойлауын дамытуға бағытталған. А. Қалиева  Ақсу Жаяу Мұса атындағы колледжінің   қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Павлодар облысы, Ақсу қаласы Тел: 87774201528 8(781837)69479

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы

Жамбыл Жабаев презентациясы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.10.2017