«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
21.04.2017
«Жаңа» жылды тойлаймыз» ертеңгілігі.Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Құрметті қонақтармен балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017тауық жылымен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастайық.Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Құрметті қонақтармен балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017тауық жылымен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Жаңа жыл 2017.docx
Залға кіру.
Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Құрметті қонақтармен балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017тауық жылымен
құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.Жаңа жыл
мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Жаңа жыл туралы тақпақтар:
Жания:Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Амина:Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Айжан:Төрле, төрле жаңа жыл
Айтамыз тебірене Жаңа жыр
Төрле, төрле құтты жыл
Әр кез жүрші төгіп нұр.
Инабат:Жаңа жыл келді о міне,
Далама,қала,жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шығағой менің төріме.
Мөлдір:Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Али:Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
Диас:Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Ән: «Достым жаңа жылыңмен»
Сауысқан ұшып келеді. Сауысқан:Саламатсыңдарма,саламатсыңдарма.Мен сондай
асықтым,асықтым.Ұшып келдім .Міне сендерге хат әкелдім.
Жүргізуші :Рахмет саған сауысқан.Ал әкелген хатың кімнен?
Сауысқан:Тауып алыңдар.Кімді сендер қонаққа күтесіңдер?Кім сендерге жаңа жыл
сайын сыйлық әкеледі?
Балалар жауап береді:Аяз Ата.
Жүргізуші.Рахмет саған сауысқан,хат шынында да Аяз Атадан екен.Кәне оқыйық,не
жазған екен бізге (оқыйды).
Қымбатты балалар!Мен сендерді,барлығыңды ертегі орманына жаңа жыл
шыршасына шақырамын.Сендер көп қызық әрі сиқырлы оқиға куәгері боласыңдар.
Балалар барамызба Аяз Ата шыршасына.
Балалар жауап береді:Ия.
Жүргізуші:Онда балалар ,бәріміз қолдарымызды ұстайық.Орманға Аяз Ата
шыршасына барамыз.Ал сауысқан бізге жол көрсетеді.(Балалар қолдарынан ұстап
,сауысқан алдында шыршаны айналып жүреді шырша жағылады)
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша,бәріміз отырып бақылайықшы
орманда не болып жатқанын( бәрі отырады).
Жүргізуші:Ой балалар мында бір үй тұрғой.Кім тұрады екен бұл үйде?Кәне бәріміз
айтайық.Кім бүл үйде тұрады,бізге шығыңызшы( үйден ақшақар шығады)
Ақшақар:Саламатсыңдарма балалар!Ормандағы үйде мен тұрамын Атым Ақшақар.
Барлық ақшақарлар менің достарым.Рахмет,сендердің орманға келгендеріңге өте
қуаныштымын.Мерекені бастауға да болады.Менің ақшақарларымда келген екен.Эй
ақшақарларым.Менің сүйікті сіңлілерім.Келіңдер көңіл көтерейік.
Ақшақарлар биі.
Жүргізуші:Ия Ақшақар дұрыс айтасың енді мейрамды тойлайық айналада қаншама
көп қарлар үйіліп жатыр ,балалар бәріңде бері келіңдер.Күрек алып қарды күреп
тазартайық.( Аққала шығады)
Жүргізуші:Ой бұл Аққала ғой.Эй ,Аққала тұрағой.Бізге жауап берші.Сен мүнда
қайдан жүрсің?
Аққала:Мені Аяз Ата жіберді.Кәне Аққалаға көмектесейікші бір, екі тартамыз
Аққаланы тұрғыздық.Балалар қараңдаршы Аққаланың қасында бір сандық жатыр
қандай әдемі. Осы кезде түлкі келеді.
Түлкі:Саламатсыңдарма балалар,сендер мында мейрамды тойлауға жиналдыңдар
ма,ой аққала мына сандық қандай әдемі,сандықта не бар?
Аққала:Сандықтың ішінде не бар екені ол үлкен құпия.Бірақ саған түлкі оның ішінде
дымда жоқ.Аяз қатайды.Мен тоңа бастадым.Кәне ойын ойнайық сосын жылынамыз.
Тез жүгірейік!Балалар сендер қашыңдар мен сендерді ұстап аламын.( бәрі
қашады,аққала қуады)
Түлкі:Қашыңдар,бәрің қашыңдар.Ал мен сандықты күзетемін.Түлкішектен не
жасырғанын жайлап көріп алайын( қарайды)қап,құлып бар.Енді сандықты қалай
ашамын.
Сауысқан ұшып келеді:А,бәлем ,қу түлкі.Не ойлап тұрсың.Біреудің затын алуға
болмайды.Эй ,достарым бәріңде мында келіңдер.( аққала,ақшақар жүгіріп келеді)
Ақшақар:Не болды !Не болды?Сауысқан маған түсіндіріп айтшы.
Сауысқан:Мен шырша басында отырдым.Мына қу түлкіні көрдім.Бір жаман іс ойлап
тұр екен.Сандықты ашқысы келді.Мүмкін онда тәтті бір нәрсе баршығар.
Ақшақар:Қазір Аққаладан сұрайын.Кім сандықтың иесі.
Аққала:Аяз Ата мені сандықпен балабақшаға жіберді,балаларға арналған мейрам
болады екен.
Ақшақар:А,қандай айлакер түлкісің.Ешқандай ұятың жоқ.
Түлкі:Мені кешіріңдерші,Мен енді олай істемеймін.Менде балаларыма барайын
мейрамды қарсы алайын.Сау болыңыздар ! (түлкі кетіп калады)
Аққала:Енді бәріміз мүңаймай қөңіл көтерейік.Мен қазір шапалақтаймын
(шапалақтайды).Мен қазір аяғыммен тарсылдатамын( аяғымен
тарсылдатады).Өзімнің көңілді аққалаларымды шақырамын.
Аққалалар биі:
Жүргізуші:Аққала!Аяз Ата сені бізге жіберген.Біздер орманға АязАтаға келдік.Ал Аяз
Ата қайда?
Ақшақар:Кәне бәріміз дауыстап Аяз Атаны шақырайық.Ол бізді естіп келеді.( Аяз
Ата,Аяз Ата) АязАта:Саламатсыздарма балалар! Саламатсыздарма қонақтар!Жаңа
жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулық куаныш тілеймін.Мен көңілді АязАтамын
.Мен таңғажайып ертегіден келдім.Ойын ,билеріңді бастаңдар!Дөңгеленіп тұрайық,
Жаңа жылды қарсы алайық.
Жүгізуші:Саламатсызба Аязата!Енді біздер сені жібермейміз.
АязАта:Қалай жібермейсіңдер,мен не істеу керекпін.
Жүргізуші:Сен бүгін біздерге би билеп бер сосын жібереміз. (аязАта би билеп қолғабын
түсіріп алады)
Жүргізуші.АязАта мынау сенің қолғабың ба?
АязАта:Ия менікі,менікі.
Жүргізуші:Онда ұстап ал оны.
Ойын : «Қолғап»балалар бір біріне қолғапты беріп ойнайды АязАта қағып алу керек.
АязАта.Мен оны қағып алалмаймын.Балалар егер мен сендерге сандықта не бар екенін
көрсетсем,қолғабымды қайтып бересіңдер ма?
Балалар:Ия.
АязАта:Келістік.Мен шаршадым ,сендерге хат жаздым,асықтым,бірге ойын
ойнадым.
Жүргізуші:АязАта отырыңыз ,дем алыңыз.Ал балалар сізге тақпақтар айттып
береді.
Тақпақтар.
Алихан.Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
АязАта мақтайды.
Ернұр:Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Даниал:Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына. Айару:Аппақ тонға оранып,
Сыйлықы мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Самира:Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Жүргізуші:Балалар сіз туралы әнде біледі.
Ән: «Аязата»
АязАта:Қандай керемет,балалар!
Тағыда тақпақтар білесіңдер ме?
Жүргізуші:Әрине білеміз.Енді біздің балалар қыс туралы әнтақпақ айтып береді.
Тақпақтар.
Назерке:Дала аппақ жапалақтап,
Қар жауып тұр тынбастан,
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Адиля:Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Аяна:Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Есет:Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Ән: «Қыс қызығы»
Жүргізуші:АязАта енді сандықты ашуға тура келеді.
АязАта:Әрине ашамын.Эй Аққала досым қайда біздің сандығымыз?
Аққала:Міне сандық Аяз Ата!
Аяз Ата:Мында әкел оны.Ал сиқырлы кілтіміз қайда? Аққала:Сиқырлы кілтті мен орманда жүріп,жоғалтып алдым.
АязАта:Мұңайма Аққала.Қарашы қаншама әдемі шыршалар отыр балалардың
арасында.Қазір бізге би билеп береді ал содан соң олар бізге кілтті табуға көмектеседі.
Эй шыршалар балаларға арнап би билеп беріңдерші.
Би: «Шыршалар»
(Қыздар шыршаның артынан кілтті әкеледі)
Қыздар:АязАта кілтті ала қойыңыз.
АязАта:Кәне ,Аққала маған көмектесеғой.
Кәне менің сыйқырлы кілтім,Сандықты тез аш!
Бір ,екі ,үш ашыл!Ой ,қараңдаршы,мында қарлар бар олар жай қарлар
емес,жұмбақтарымен.Балалар сендер жұмбақ шешуді білесіңдер ме?Қазір көреміз.
Жұмбақтар жасырады:
1.Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
2.Ақ киімді аталыай,
Мнезінің шатағыай. (қыс)
АязАта:Жұмбақты дұрыс таптыңдар.Ал,сендер тағы да тақпақтар білесіңдер ме?
Жүргізуші:Ия әрине Аязата,біздің балалар шырша туралы әнтақпақтар біледі.
Ән: «Жасыл шырша жанында»
Тақпақтар.
Ботагөз:Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Мұсабек:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Жұлдыз:Тауда туып Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Әйгерім:Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Жанерке:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
Избасар:Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Тоймаскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
(АязАта мақтайды балаларды.)
АязАта:Енді балалар,мына қаршалармен би билеп беріңдерші.
Би: «Қарлармен» (бірге бәрі билейді).
Жүргізуші:АязАта мүмкін сенің сандығыңда тағы бір нәрсе бар шығар.
АязАта:Қазір қарайын.Әріне бар қараңдаршы (сыйлықты көрсетеді).
Эй Аққала,Ақшақар маған көмектесіңдерші балаларға сыйлық таратайық.
АязАта:Міне балалар біздің қоштасуғада уақытымыз келді.Тағыда сендерді
құттықтаймыз.Атааналарыңды,әжелеріңді,әкелеріңді,баршаңызды жаңа жылмен
құтықтаймыз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын.Қане менің Ақшақар қызым,Аққала
жүріңдер кеттік.Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Балалар біз орманда көп қызықты оқиға куәсі болдық.Ән айттық,би
биледік, тақпақ айттық,ал енді балабақшаға қайтатын уақыт болды.Кәне жүріңдер
деп шыршаны айналып балабақшаға келеді.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар біздің «Ақбота»ортаңғы тобы балалардың жаңа
жыл мерекесіне арнаған «Жаңа» жылды тойлаймыз»атты ертеңгілігі аяқталады.
Құттықтау үшін сөз кезегі балабақша меңгерушісі Қонақбаева.Б.С беріледі. Ертеңгілік:«Жаңа» жылды тойлаймыз»
«Ақбота»ортаңғы тобы.
Тәрбиеші:Тажимуратова.П.А.
Ақшақар:Саламатсыңдарма балалар!Ормандағы үйде мен
тұрамын Атым Ақшақар Барлық ақшақарлар менің
достарым.Рахмет,сендердің орманға келгендеріңге өте
қуаныштымын.Мерекені бастауға да болады.Менің
ақшақарларымда келген екен.Эй ақшақарларым.Менің сүйікті
сіңлілерім.Келіңдер көңіл көтерейік.
Ақшақарлар биі. Сауысқан ұшып келеді:
Ақшақар:Не болды !Не болды?Сауысқан маған түсіндіріп
айтшы.
Сауысқан:
Ақшақар:Қазір Аққаладан сұрайын.Кім сандықтың иесі.
Аққала:
Ақшақар:А,қандай айлакер түлкісің.Ешқандай ұятың жоқ.
Жүргізуші:Ия Ақшақар дұрыс айтасың енді мейрамды тойлайық
айналада қаншама көп қарлар үйіліп жатыр ,балалар бәріңде бері
келіңдер.Күрек алып қарды күреп тазартайық.( Аққала шығады) Жүргізуші:Ой бұл Аққала ғой.Эй ,Аққала тұрағой.Бізге жауап берші.Сен
мүнда қайдан жүрсің?
Аққала:Мені Аяз Ата жіберді.Кәне Аққалаға көмектесейікші бір, екі
тартамыз Аққаланы тұрғыздық.Балалар қараңдаршы Аққаланың
қасында бір сандық жатыр қандай әдемі.
Осы кезде түлкі келеді.
Түлкі:
Аққала:Сандықтың ішінде не бар екені ол үлкен құпия.Бірақ саған түлкі
оның ішінде дымда жоқ.Аяз қатайды.Мен тоңа бастадым.Кәне ойын
ойнайық сосын жылынамыз.
Тез жүгірейік!Балалар сендер қашыңдар мен сендерді ұстап аламын.( бәрі
қашады,аққала қуады)
Түлкі:
Сауысқан ұшып келеді:А,бәлем ,қу түлкі.Не ойлап тұрсың.Біреудің
затын алуға болмайды.Эй ,достарым бәріңде мында келіңдер.
( аққала,ақшақар жүгіріп келеді)
Ақшақар:
Сауысқан:
Ақшақар:
Аққала:Аяз Ата мені сандықпен балабақшаға жіберді,балаларға
арналған мейрам болады екен.
Ақшақар:
Түлкі:
Аққала:Енді бәріміз мүңаймай қөңіл көтерейік.Мен қазір шапалақтаймын
(шапалақтайды).Мен қазір аяғыммен тарсылдатамын( аяғымен
тарсылдатады).Өзімнің көңілді аққалаларымды шақырамын.
Аққалалар биі:
Ән: «Қыс қызығы»
Жүргізуші:
АязАта:Әрине ашамын.Эй Аққала досым қайда біздің сандығымыз?
Аққала:Міне сандық Аяз Ата!
Аяз Ата:Мында әкел оны.Ал сиқырлы кілтіміз қайда?
Аққала:Сиқырлы кілтті мен орманда жүріп,жоғалтып алдым.
АязАта:Мұңайма Аққала.Қарашы қаншама әдемі шыршалар отыр
балалардың арасында.Қазір бізге би билеп береді ал содан соң олар бізге
кілтті табуға көмектеседі.
Эй шыршалар балаларға арнап би билеп беріңдерші.
Би: «Шыршалар»
(Қыздар шыршаның артынан кілтті әкеледі)
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
«Жана» жылды тойлаймыз»жана жылға арналған ертенгилик
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.