Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де-өзі, мал да -өзі
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз...
Білімдіден шыққан сөз
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көругеКөкiрегінде болсын көз.
Жүрегі — айна, көңiлі — оят, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер меТүзелмесін білген ез?
“Айтшы-айтшылап” жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсікқой,
Байлаулы емес ақыл ой, Ойлағаны — айт пен той,Ыржаң-қылжаң ит мінез„ Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңірі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл — арам без. Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп, Дертiң ішіне ем көріп,Неге алтынды десін жез. “Ой, тәңір-айшыл” кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек Болмаған соң, бір есеп —
Мейілі қамқа, мейілі бөз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңіліңнің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң, мұнда сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіресе қызыл емес деп, жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой.
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елермелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алтымисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой!
Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге...
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,Беті-қолы домбығып, үсік шалды.Шидем мен тон қабаттап киген малшыБет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқыТитығы құруына аз-ақ қалды.Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қыс
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.