Жұлдызды сәт
Оценка 4.8

Жұлдызды сәт

Оценка 4.8
Конкурсы
doc
физика
8 кл
10.06.2017
Жұлдызды сәт
Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу сонымен қатар оқушыларды формулаға, есеп шығаруға, құрал жабдықтармен жұмыс істеуге белсенділігін арттыра түсу. Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
жұлдызды сәт.doc
Жұлдызды сәт                     Физикалық сайыс Өткізген: физика мұғалімі Сламханова А.Н. Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт               Сабақтың мақсаты:   1.Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу. Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт             Сабақтың мақсаты:   1.Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу. 2.Оқушыларды   формулаға,   есеп   шығаруға,   құрал   жабдықтармен   жұмыс   істеуге белсенділігін арттыру. 3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.             Сабақтың әдісі: Сайыс сабағы І.   Физикалық анықтама 1. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын өзгертуі. (қозғалыс) 1. Бір дененің басқа денеге әсері. (күш)  3. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың әсерлесу  энергиясы (ішкі энергия) 4. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері) 5. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)  6. Молекулалары арасындағы өзара әсері елеусіз аз болатын газ. (идеал газ) 7. Өз сұйығымен динамикалық тепе­теңдікте болатын бу. (қаныққан бу) 8. Дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі.          (деформция)  9. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция) 10. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (ток күші) 11. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен өздігімен араласу  құбылысы. (диффузия) 12. Дененің бойымен қозғалатын сызығы. (траектория)  ІІ.  Формула сыры 1. Күш.                        I=qt           A=Fs  2. Жұмыс.                    ρ = m/v           P= Fs  3. Үдеу.                            P=A/t          s= υt 4. Кернеу.                       U=Aq              R=UI  5. Қуат.                               a= Δυ/t           A=F/s  6. Қысым.                             ρ= mv           υ =st  7. Орын ауыстыру.                  I=q/t             F=m/g  8. Тығыздық.                      P=At                R=U/I  9. Жылдамдық.                  P=F/s                 s= υ/t  10. Кедергі.                            a= Δυ∙t          F=mg  11. Ток күші.                             U=A/q           υ=s/t  ІІІ.  Физика заңдары 1. Механика.          Бүкіләлемдік тартылыс заңы. 2. Жылу құбылысы.    Идеал газ күйінің теңдеуі. 3. Оптика.           Жарықтың сыну заңы. 4. Электродинамика.    Кулон заңы. 5. Статика.           Импульстың сақталу заңы. 6. Механика.         Ньютонның заңы.  IV. Зертханалық құралдар . Мензурка қай құрал?  2. Термометр, градусниктердің қызметі?  3.  Күшті өлшейтін құралды көрсет?  4. Ылғалдылықты өлшейтін құрал?  5. Қатынас ыдыстар туралы түсінік?   6. Амперметр қай құрал?  V.  Музыкалық тапсырма: Мына өлең жолдарынан қандай қозғалысты байқауға болады?                    (Қозғалыс анықтамасын, оны сипаттайтын формулаларды айту керек.)   1. «Таңертеңмен бір жас сұлу  суға келеді, суға келеді, суға келеді.   Ат жетектеп бір жас жігіт  еріп келеді, еріп келеді, еріп келеді...»                        (Су тасушы қыз әні) 2. «Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын,      Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.      Қырандай аспандағы самғайтұғын,      Екпінім самолеттей заулайтұғын!»                     (Желдірме.)  3. «Аппақ, аппақ, жапалақтап      Қар жауады тынбастан.      Айналамыз қар жамылған,      Маужырайды түнгі аспан.»                     (Ақша қар әні.) 4. «Айгөлек­ау, айгөлек,       Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде       Би билеймін дөңгелеп.»                  (Айгөлек әні.)  VI.   Есептер сайысы 1­есеп.   Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.    Егер велосипедшінің  бастапқы жылдамдығы 6 м/с­қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай  болады?  2­есеп.   Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м  жол жүреді?  3­есеп.   Велосипед дөңгелегінің радиусы 40см. Егер дөңгелек 100 айн/мин жасайтын болса, онда  велосипедшінің жылдамдығы қандай?  VI.  Жұмбақ сайысы 1­жұмбақ.  Жердің жүзін шарлайсың,  Онсыз еш жерге бармайсың.  Көлікпен де, жаяу да,  Саралайсың, таңдайсың.    (Жол)  2­ жұмбақ.  Көп болса, асықпайсың,  Мезеттен қашықтайсың.  Асықсаң аз болады,  Табасың мұны қайсың?   (Уақыт)  3­ жұмбақ.  Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,  Тағы да бір белгісіз шама шықты.  Ол болмаса денелер қозғалмайды,  Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?    (Жылдамдық) 4­ жұмбақ.  Жылдамдықты өзгертеді,  Қозғалысты тездетеді.  Қарсы шықса қозғалысқа,  Тоқтарына көз жетеді.    (Үдеу) 5­ жұмбақ.  Қозғалысқа келтіріп,  Жылдамдығын береді.  Өлшемдерін қарасаң,  Ньютонға ол келеді. (Күш)  6­ жұмбақ.  Бірдей көлемдегі масса кейде көп,  Аз болса да кейде дөп.  Делінеді бұл шама,  Аталуын тапшы тек.   (Тығыздық) 7­ жұмбақ.  Күш көбейсе артады,  Аукадан артқа тартады.  Жүзі жұқа үшкір зат,  Одан бірақ қорқады.       (Қысым) 8­ жұмбақ.  Барлық денелерге тән,  Онсыз болмайды сән.  Әр затта болады әр түрлі,  Өлшеуге болады дәл.         (Масса) VIII.   Шешендік сайысы 1. Физика және экология 2. Физикалық күштер           Озып шыққан топ марапаттталады. Жалпы төрт топтағы жақсы көрсеткішке жеткен оқушы марапатталады. Сабақ барысында әрбір оқушы қадағаланып, тиісті бағасын алады.

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.06.2017