Жоңғар-Алатауы МҰТП-де табиғи ортаны қорғау жұмыстарының бағыттары мен ерекшеліктері

  • docx
  • 25.09.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Статья - Канагатов Ж.Ж., Жакыпбекова Р.Ж..docx

УДК 504.75

Жоңғар-Алатауы МҰТП-де табиғи ортаны қорғау

 жұмыстарының  бағыттары мен  ерекшеліктері

 

Қанағатов Ж.Ж. биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,

Ноғайбеков Н.А. Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің ғылыми қызметкері,  Жақыпбекова Р.Ж.агрономия және техникалық пәндер кафедрасының аға лаборанты,

 Муханов Н.С. студент

 

Аннотация

       Мақаланың  негізгі  мақсаты паркте істеліп жатқан ғылыми – зерттеу жұмыстарының бағыт бағдары. Қазіргі уақытта парк аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген түрлерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу.Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау мақсатында мектеп және жоғарғы оқу орындарының білімгерлерімен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып іске асыру мақсатында бағдарламаларды жүзеге асыру.

Тірек сөздар: Антропогендік, флора, фауна, МҰТП, этнографиялық, мұздықтар

 

Аннотация

      Основной целью статьи является направление научно – исследовательских работ, проводимых в парке. В настоящее время проведение обследований на охраняемые и занесенные в Красную книгу виды растений и животных на территории парка. Организация воспитательной работы в целях охраны окружающей среды, а также реализации программ в целях реализации уголовно-правовых школ и вузов.

Ключевые слова: антропогенные, флора, фауна, ГНПП, этнографические, ледники 

 

Annotation

The main purpose of the article is to direct the research work carried out in the Park. Currently, surveys are being conducted for protected and Red-listed plant and animal species in the Park. Organization of educational work in order to protect the environment, as well as the implementation of programs for the implementation of criminal law schools and universities.

Key words: anthropogenic, flora, fauna, GNPP, ethnographic, glaciers

        Жоңғар Алатауы өсімдік түрлеріне айтарлықтай бай өлке болып табылады. Бұл аймақтың өсімдіктері мен жануарларын зерттеуде бірнеше ғалымдар ат салысқан. Солардың ішінде айтарлықтай үлес қосқандардың бірі В.П. Голоскоков 1984 жылы «Флора Джунгарского Алатау» атты кітабында 2000-нан астам өсімдік түрін сипаттаған. Жоңғар Алатауы аумағында  өсімдіктердің 76 түрі аймақтық эндем және реликт түрінде кездессе, 61 түрі ҚР Қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдіктер. Бүгінгі таңда парк аумағында ҚР Қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдік саны 26 түрді құрап отыр.  Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2016-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 30.11.2015 жылғы №298 бұйрығымен бекітілген, ғылыми-зерттеу жұмыстарының  тақырыптары:

   1.«Жоңғар Алатауы» МҰТП табиғи кешеніндегі құбылыстар мен процесстерді бақылау ;        

     2.«Жоңғар Алатауы» МҰТП флорасына түгендеу жүргізу және сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлері популяциясының жағдайын зерттеу ;        

    3. «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы;

4.      «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағындағы барыстың қазіргі саны және таралу аумағы»; 

       Сонымен қатар Жоңғар Алатауы МҰТП өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын перспективті тақырыптық жоспар бойынша 6 бағытта жалғастырып жүргізілуде, олар:

1) «Жоңғар Алатауының жабайы жемісті ормандарының фитосанитарлық күйінің биомониторингі». 

2) «Өсімдіктердің негізгі (фондық), сонымен қатар ҚР Қызыл кітабына енген сирек және эндемикалық түрлерінің мониторингі».

3) «Құстар, сүтқоректілер, балықтар және рептилилерді түгендеу».

4) «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша «Жоңғар Алатауы» МҰТП табиғи кешендегі процесстерді бақылау және оларды зерттеу.

5) «Жоңғар Алатауы» МҰТП сирек және жойлып кету қаупі бар құстардың түрлері».

6) «Сиверс алмасы алқаптарына орман-экологиялық бағасы және оны қалпына келтіру әдісі».

        Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек және жойылу қаупі бар түрлер саны 26 түрді, индикатор өсімдіктер саны 22 түр.  Сонымен қатар реликті өсімдіктер саны 13 түрді құрады.  Сирек кездесетін өсімдіктердің таралу аумақтарында популяцияның жойылу қаупін болдырмау мақсатында арнайы аншлагтар мен поннолар орналастыру көзделіп отыр.

 

Ландшафтная карта

 

 Экологиялық іс-шаралары бойынша: Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының (Сарқан қаласы, Бірлік ауылы, Тополевка ауылы, Аманбөктер ауылы, Алмалы ауылы, Лепсі ауылы, Байзерек ауылы, Екіаша ауылы, Абай ауылы, Қабанбай ауылы, Көкжар ауылы, Жыланды ауылы, және т.б)  оқу орындары, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындарымен табиғатты қорғау мақсатында аталған тақырыптарда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ», «Қазақстан аумағындағы ұлттық парктер», «Табиғат біздің байлығымыз», «Жер – Ананы қорғайық», «Экология ғылымы нені зерттейді», «Экологиялық мерекелер және акциялар»,  «Су тіршіліктің көзі», «Табиғатты қорғау біздің парызымыз», «Ұлттық табиғи паркі аумағында заңсыз мал жаю ережелері», «Табиғатты орман өртінен қорғау», «Воспитание бережного отношения к природе», «Жоңғар Алатауындағы экологиялық туризмді дамыту» және т.б. тақырыптарында 27 - дәріс сабақтары өткізілді.    

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу», ұлттық табиғи паркінің қызметі және табиғатты қорғау мақсатында 50 әңгіме, сұхбаттар жүргізілді.  Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас ғимаратында ауданы - 56 м² және Лепсі филиалында ауданы- 30 м² құрайтын 2 табиғат мұражайы орналасқан. Табиғат мұражайы ұлттық парктің табиғатын, аймақтың тарихын айшықтайтын фото суреттер және әр түрлі коллекцияда өлі жануарлардың экспонаттарымен толықтырылған.

 Мұражайда ҚР Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ақпараттық мәліметтері, ағаш өсіру кесінділері мен дәрілік өсімдіктердің гербарилері, сирек кездесетін құстар мен  жануарлардың экспозициялары, ақпараттық стендтерімен, балалардың шығармашылық бұрышы орын алған. Ағымдағы жылы «Парктер шеруі-2020» табиғатты қорғау акциясы интернет, әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы биологиялық әртүлілікті сақтау бойынша ағартушылық жұмыстары мен «Қоршаған ортаны қорғау күні», «Таза өзенге таза жағалау», «Жер күні», «Құстар күні», «Қызғалдақтар Отаны Қазақстан», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні», «Жасыл жапырақ» және т.б.  акциялар мен шығармашылық байқаулар онлайн түрде өткізілді. «Табиғатты аяла, болашақты сақта» атты онлайн шығармашылық байқауы ең үздік «Таңдаулы суреттер», «Қолөнер», «Жас ақын» номинациялары бойынша өтті, байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талғар қалаларымен Татарстан мемлекеті және де Сарқан, Алакөл аудандарының орта жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, кәсіби орта білім беру оқу орындарының студенттері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Шығармашылық байқауда жеңімпаз атанған жастар парк басқармасының бағалы сыйлықтарымен және І, ІІ, ІІІ орынға ие мақтау қағаздарымен марапатталды.

 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жанурлар дүниесі комитетімен бекітілген 11 туристік маршрут пен 2 экологиялық соқпақ жұмыс істеуде. Олар:

1) Туристік маршрут №1 «Этнографиялық тур» (тарихи-мәдени көркем жерлер)

2)  Туристік маршрут №2 «Жасылкөл»

3) Туристік маршрут №3 «Ғылыми-танымдылық тур» (жабайы Сиверс алмасы алқаптары бойынша ғылыми-танымдылық тур)

4) Туристік маршрут №4  «Шумский мұздығы»

5) Туристік маршрут №5 «Жоғарғы Жасылкөл»

6) Туристік маршрут №6 «Сарканд филиалының орман тұқымбағы»

7) Туристік маршрут №7 «Лепсі филиалының орман тұқымбағы»

8) Туристік маршрут №8 «Карбушка және оның әсемдігі»

9) Туристік маршрут №9 «Черная речка шатқалы»

10) Экологиялық соқпақ №10   «Щеки»

11) Экологиялық соқпақ  №11 ур. «Көкжар»;

12) Туристік маршрут №12 «Аттапқан шатқалы»;

13) Туристік маршрут №13 «Жамантас шатқалы».

       Парктің «Техника – экономикалық негіздемесіне» сәйкес, парк аумағында 13 туристік қонақ үйлер жобаланған. Қазіргі уақытта келушілерді қабылдайтын 50  орындық,  8 қонақ үй орналасқан. Олар:

   - Сарқан филиалында 5 қонақ үй (33 орын) «Осиновая», «Үлкен Басқан», «Орман тұқымбағы», «Сарқан», «Екіаша»;

    - Лепсі филиалында 2 қонақ үй (12 орын) «Жалаңаш», Лепсі ауылы;

    - Алакөл филиалында 1 қонақ үй (5 орын), Көкжар ауылы орналасқан.

     Туристік маршруттар бойынша 11 туристік маршруттарында 20 қарап-көру алаңқайлары, 19 бивак алаңдарына (қарап-көру, бивак алаңдары демалыс орындарымен қоқыс салатын контейнерлермен және дәретханалармен жабдықталған) абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 14 ақпарат тақтайшалары орнатылды. Қазіргі уақытта парк  аумағында 4 бақылау-өткізу пунктері (КПП) жұмыс істейді және 12 шлагбаум орналасқан, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

       Табиғат жылнамасының жыл сайынғы кітабы үшін бастапқы материалды жинау орман және аңшылық шаруашылығы «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақта Табиғат жылнамасын жүргізу» бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сай жүргізіледі.Қамтылатын жұмыстар:

 1.Табиғи кешендерде болатын табиғи немесе жанама және тікелей антропогендік әсері бар өзгерістерді тіркеу мақсатында табиғи процестерді бақылау, алдын алу шараларын жүргізу және нәтижелерін бекіту.

 2. Табиғи процесстердің өзгеру динамикасын зерттеу.

 3.Фенологиялық, мониторингтік алаңдарда, тұрақты санақ маршруттарында өсімдіктер және жануарлар әлеміне бақылау жүргізу

2019 жылы парк аумағында табиғи кешендерге бақылау жүргізуде  бірқатар жұмыстар жүргізілді. Парк аумағындағы мореналық көлдер, өзендер, рельефтің өзгеруі және т.б. табиғи құбылыстар бақыланды. Аталған жұмыстар бойынша кезекті Табиғат жылнамасы кітабын құрастыруға көптеген бастапқы, фото және бейне материалдары жинақталды. Сонымен қатар парк аумағында қосымша ауа райы температурасын өлшеуге арналған 22 термометр  орнатылған. Барлық парк аумағындағы орманшы үйлері қысқы мерзімде қар биіктігіне бақылау жүргізу мақсатында қар өлшеуіш сырықтармен қамтылған. Лепсі, Тентек және Үлкен Басқан өзендерінде су деңгейін өлшеуге арналған сырықшалар орнатылған, мемлекеттік инспекторлармен уақытылы бақылаулар жүргізілуде.

2019 жылы Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша парк аумағында құрылған мониторингтік алаңдарға ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері бақылау жүргізді. Парк аумағында құрылған мониторингтік алаңдардың 7 жабайы Сиверс алмасы генетикалық резерваттарда құрылған және 6 мониторингтік алаңдар және 3 мониторингтік обьект басқа экожүйелерде орналасқан, далалық жұмыстар кезеңінде алаңның биоалуантүрлілігінің құндылығы бақыланып, мониторингтік бақылаулар жүргізілді. Болашақта парк аумағында «Жоңғар Алатауы» МҰТП құрылу жобасының табиғи-ғылыми негіздемесінде (ТҒН) қамтылған барлық 15 экожүйелерге мониторингтік алаңдар құру, құрылған мониторингтік алаңдарда фенологиялық және мониторингтік бақылауларды бір жүйеге келтіру жоспарлануда.

         «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында келесідей археологиялық ескерткіштер бар. Олар:

- Үйгентас қорымы - «Үйгентас» шекара бекетінен солтүстігіне қарай, Тентек өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан (ерте орта ғас.темір дәуірі). Үйгентас қорымына 150 қорғандар кіреді,  Тентек өзенінің бірінші терассасы алаңында 500х1000м аумақты алып жатыр. (Б.з.д I мың.ж – б.з.д I мың.жыл). Олар:

- қорғандар – Сарымсақты өзенінің алқабында, Қарағаш тау бөктерінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан;  

- қорғандар - екі қорымнан тұратын Жүнжүрек, Көктебе асуларында (1814 м);

- қорған, обалар – 20-ға жуық іргетасы бар Ағынықатты өзенінің орта және жоғарғы ағысы, Лепсі ауылының оңтүстігінде

- қорған – көне темір дәуірін сипаттап тұратын Шұбарағаш алқабында, Лепсі өзенінің жоғарғы ағысы;

- қорым – Сарқан қаласынан шығысқа қарай 4 км,  Екіаша ауылына дейінгі жолдың екі жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан;

- қорым – Сарқан қаласынан шығысқа қарай 5,1км,  Екіаша ауылына дейінгі жолдың оң жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан;

- қорым – Сарқан қаласынан шшығысқа қарай 6,3км,  Екіаша ауылына дейінгі жолдың оң жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан;

- петроглифтер – Қарыпша шатқалында, Инелі шатқалынан оңтүстікке қарай, жартаста жануарлардың сутеттері қашалып салынған;

- петроглифтер – Сарқан қ. Шығысқа қарай 7 км, Басқан өзенінің сол жақ жағалауының жартастарында жабайы жануарлардың суреттері салынған;

-  Лепсі ауылында «Никольский шіркеуі», ескі «Попков үйі» орналасқан;

-  Лепсі спирт заводы, абақты ғимараты;

-  VI-VII ғасырлардағы «Обатас» тас қорымы;

- шекара қорғаны – орта ғасырдағы Әмір Темір мемлекетінен қалған (ХІІІ-ХІVғ.) ескерткіш ретінде қойылған. 

«Тасты  тақталар» - жергілікті халықпен туристерге арналған демалыс орны, Тополевка ауылынан 1км, Теректі өзенінде орналасқан.

-  Әулие тас – қасиетті «Әулие тас» Сарқан ауданының Екіаша ауылынан 8км жерде таулы аймақтың ортасында, құмарлы көздерден тығыла орналасқан. Ежелгі аңыз бойынша Әулие таста қасиетті адамның табынған тізесінің, табанының, маңдайының және алақанының терең із-таңбалары қалған болатын.     

Табиғат ескерткіштері: Ағынықатты өзенінің жоғарғы сағасында Жоғарғы және төменгі Жасылкөл  орналасқан. Екі көл шамамен 3900-4000 жыл бұрын жер сілкінісінің нәтижесінен пайда болған.  Жоғарғы  Жасылкөл – 2262 м биіктікте орналасқан, ұзындығы-3200м, ені-300м, тереңдігі-109м.  Жағалаулары тік жартасты болып келеді, суы өте суық. 

Ағынықатты өзені бастауын Жасылкөлден алады. Сарымсақты өзенімен түйіскен жеріне дейінгі ұзындығы – 21км. Сарымсақты өзенімен бір арнаға түйіскеннен кейінгі атауы Лепсі болып өзгереді. Жоғары және Төменгі Жасылкөл бір-бірінен 18 км ара қашықтығы орналасқан. Екі көлге де келіп құятын өзендер таулы мұздықтар мен қарлардан бастау алады. Сондықтан жылы маусым кездерінде, көктемде және жаздың бірінші жартысында осы аталған өзендер мен көлдерде су көп және лайлы болады. Күн суыта мұздықтардың еруі тоқтап, мөлдір жасыл түске айналады. Төменгі Жасылкөл  – 1630м биіктікте орналасқан, ұзындығы – 1800м, ені – 400м, тереңдігі – 89м, шығыс және батыс жағалаулары тік жартасты, суы суық.

 

         1. «Жетісудың табиғи қорларын оңтайлы пайдалану»,  Оқу құралы. Қанағатов Ж.Ж. Алимбеков Ж.С. Байедилов К.Е. Талдықорған, 2019.

2.«Распространенность и вредоносность хмелья обыкновенного на яблонниках Джунгарского и Заилийского Алатау в Казахстане». М.М.Исин, Ж.К.Джуманова, С.С.Солтанбеков, Е.Е.Омаров, С.Г.Долгих. Плодоводство и ягодоводство России, том 57. Москва,2019.

 3. «Фенологические сезоны и субсезоны года характерные для нижнего яруса среднегорья Жонгар-Алатауского национального природного парка». Кальная М.В. Столица науки №11 (16), ноябрь, 2019.Москва, 2019.

4. «Табиғи орта мен биотаға ксенобиотиктердің тигізетін әсерін экологиялық тұрғыдан бағалау». Монография. Қанағатов Ж.Ж. 2019 жТалдықорған.

           5. «Учет численности беспозвоночных, обитающих на территории Жонгар-Алатауского национального природного парка за 2019 г.». Канапьянова А.Н. Столица науки №11 (16), ноябрь, 2019.Москва, 2019.

            6. «Жоңғар Алатауы ұлттық парктағы маралдың (Cervus elaphus sidirica) 2010-2018 жылдар аралығындағы сан динамикасы және олардың фенологиялық құбылыстарының ерекшеліктері» Ж.Молдахан. Халықаралық ғылыми практикалық конференция «Экологиялық және биоалуантүрлілікті сақтау» 23-24 қазан 2019ж. Алматы.