Құрылыс материалдарын өндіру мен оларды халық шаруашылығында пайдаланудың өзіне тән тарихы бар. Өте ежелгі және кең тараған саз құрылыс материалы ретінде адамзат өркениетінің бастапқы кезінде-ақ пайдаланылған. Уақыт өте келе адамзат саздан түрлі пішіндегі бұйымдар жасау мен олардың беріктігін арттыру мақсатында кептіру мен күйдіруді үйренген. Керамикалық бұйымдар жасау бірнеше мың жылдардан бері белгілі. Ніл өзенінің астынан 20 м тереңдікте боялған керамикалық заттың сынығы табылған. Мысырда осыдан 12 мың жыл бұрын саз қыштан соғылған ежелгі сәулет ескерткіштері біздің дәуірімізге дейін сақталып келеді.
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.docx
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құрылыс материалдарын өндіру мен оларды халық шаруашылығында
пайдаланудың өзіне тән тарихы бар. Өте ежелгі және кең тараған саз құрылыс
материалы ретінде адамзат өркениетінің бастапқы кезіндеақ пайдаланылған.
Уақыт өте келе адамзат саздан түрлі пішіндегі бұйымдар жасау мен олардың
беріктігін арттыру мақсатында кептіру мен күйдіруді үйренген. Керамикалық
бұйымдар жасау бірнеше мың жылдардан бері белгілі. Ніл өзенінің астынан 20
м тереңдікте боялған керамикалық заттың сынығы табылған. Мысырда осыдан
12 мың жыл бұрын саз қыштан соғылған ежелгі сәулет ескерткіштері біздің
дәуірімізге дейін сақталып келеді.
Байланыстырушы заттардың осыдан 4—5 мың жыл бұрын жасанды
жолмен дайындалғаны мәлім.
Мысырдағы зәулім ескерткіштердің ішінде перғауын қабірлері, Хеопс
пирамидасы, Карнакедегі Амона ғибадатханасы сияқты алып ескерткіштер
біздің дәуірімізден екітөрт мың жыл бұрын табиғи және жасанды элементтер
арқылы салынған.
Байланыстырушы заттар (әсіресе, әктас пен гипс) өндіру өнеркәсібі тас
материалдарды құрылыста кең пайдалану қажеттілігінен туындаған. Мысалы,
қала қабырғалары, мұнаралар мен мешіт және қамалдар. Біздің дәуірімізден
бұрын төртінші ғасырда салынған көне Хорезмнің айналасы қабырғалармен
қоршалған төрт цилиндр мұнарадан құралды. Мұнаралардың үсті тептегіс
етіп жасалған. Мұндай үймереттер салуда саз топырақтан жасалған жалпақ
қыштар және табиғи тастар пайдаланылған.
Орталық Азияда осыдан бірнеше мың жыл бұрын боялған керамикалық
бұйымдар жасау керамика өнерінің маңызды салаларының бірі болып келеді.
Шеберлер саздан алуан түрлі бұйымдар жасап, оларды түрлі төзімді
бояулармен сырлаған. Түркістанда X ғасырларда жасалған керамикалық
бұйымдардың бірнеше нұсқасы табылды. Олардың бойында оюлар мен бояу
түстері толық салынған. Осыдан 6 мың жыл бұрын Түркістанның батысындағы
көне қыстақта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, тас
және мыс бұйымдар табылған. ХХV ғасырларда және одан кейінгі жылдарда Орталық Азия халықтары
зәулім үймереттер салуда түрлі түсті қыштар мен әр түрлі бояуға сырланған
керамикалық тақтайларды декорациялық қаптамалар ретінде пайдаланған.
Қарастырылған сәулетті құрылыстардың арасында өзіндік сәулетті
көркемдігімен өзгешеленетін Арыстан баб кесенемешіті.
1.1сурет. Арыстан баб кесенесі (Оңтүстік Қазақстан облысы).
Арыстан бабтың болашақ кешендік құрылысы XII ғасырда басталды.
Кейінірек XIV ғасырда мешіт пен кесененің өзі салынды.
Мешіттен бізге дейін жеткені көркемділігі жоғары, ойып жасалған,
әшекейлі, Темір дәуіріне лайықты 2 ағаш бағана — тіреуіш. Екінші кесененің
ішіне Арыстан бабтың 3 шәкірті: Қармет хазыр, Қарға баб, Лашын баб
жерленген.
XIX ғасырдың бірінші жартысына қарай негізгі құрылыс материалы
ретінде ағаш пайдаланылды. Орталық Азия жағдайында ағаш материалдары
ретінде терек, қараағаш, тал, жаңғақ, тұт, қарағай, шырша қолданылды.
Зілзалаға төзімді келетін ағаштан жасалған ғимараттар ішінде қазіргі күнге
дейін бұзылмай тұрғандары бар. Ағашқа ойып жасалған нақыштар орнатылған
арқалық тосындар, есіктер осы күнге дейін шығыс өнерінің үлгісі ретінде
мызғымай өз орнында тұр.
Құрылыс ерітінділерін дайындауда, негізінен, байланыстырушы заттар
ішінен саз, әктас, гипс, тау мумиясы (озокерит), тау жынысы — трепель, опока
қосылған әктас (әктас — пуццолан байланыстырушы зат) сияқты материалдар
қолданылады. Ерітінді дайындауда құрылысшылар әр түрлі қоспаларды кең
пайдаланды. Атап айтсақ, вулкан шынысы, ақ саз (каолин), жануарлар қаны, жұмыртқаның сарысы, сүйек майы, сіре заттар ерітіндінің беріктігі мен
төзімділігін арттыру міндетін атқарған.
Кеңес өкіметі жылдарында, әсіресе, Үлы Отан соғысынан соң, құрылыс
материалдарын өндіру бірнеше есе арта түсті. Өнімнің сапасы жақсарды,
ассортименттер көбейді және жаңа технологиялар іске қосылды. Қазіргі
құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар жоғары өнімді
машиналармен жабдықталған. Көптеген кәсіпорындарда конвейерлер
автоматты түрде басқарылады. Үкіметіміз қазіргі күнде құрылыс
материалдарын, құрама темір бетон конструкциялар, бөлшектер, әрлеу
материалдарын өндіруге ерекше көңіл бөліп келеді.
Құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсібінің ең маңызды міндеті бұл
жергілікті шикізаттан кеңінен пайдалану арқылы бұйым жасауды дамыту,
олардың сапасын арттыру және құрылыстың өзіндік құнын азайту. Құрылыс
жұмысында қолданылатын техниканы жетілдіре отырып, құрылыс тәсілдерін
барынша индустрияландыру, ілгеріден пайдаланып келе жатқан кейбір
құрылыс материалдарының орнына (яғни даналы және кіші өлшемді
материалдар) жаңа үлкен өлшемді конструкциялар, орама құрылыс
материалдарын жасап шығару қажет. Құрылысты индустрияландыру
барысында жасанды шайырлар,
синтетикалық полимерлер мен
пластмассаларды көптеп шығаруға зор көңіл бөлініп келеді.
Қазіргі заманғы синтетикалық полимерлер химиясы полимерлерден
түрлі бұйымдар мен бөлшектер жасап шығаруға жол ашты.
Синтетикалық материалдарды құрылыста пайдаланудың маңыздылығы
мынада, яғни құрылыс конструкциясы оңайланады және оны дайындау үшін аз
күш жұмсалады, онда цемент, түсті металдар мен басқа да құрылыс
материалдары үнемделеді.
Құрылыс материалдарының сапасын арттыруда және оларды өндіру
технологиясын жетілдіруде Қазақстанда жүргізілетін стандарттау жүйесі
ерекше маңызға ие.
Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуда Қазақстан ғалымдары
мен өнертапқыштары мол үлес қосып келеді. Олар құрылыс материалдарын
дайындау технологиясы негізін қалаушылардың идеяларын техника
жетістіктерімен байыта түсіп, құрылыс материалдарының көптеген түрлерін
әзірлеуде. Қазақстандағы құрылыс материалдарын зерттеу мен оларды
өндіру технологиясын жетілдіруде көптеген ғылымизерттеу институттары
мен зертханалардың, сондайақ орталық институттардың рөлі өте зор.
Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары тәуелсіздік алған соң,
құрылыс индустриясы ірі түлғалар тарапынан дами бастады. Өнім сапасы
жақсарды, оның түрлері көбейді және жаңа технологиялық әдістер
қолданылды. Жаңадан әзірленіп толық механикаландырылған және
автоматтандырылған технологиялар өндіріске енгізілді.
Құрылыс индустриясында синтетикалық полимерлер мен олардың
негізіндегі композициялық әрлеу материалдарын көптеп шығаруға зор көңіл
бөлінуде. Полимерлік құрылыс материалдары агрессивтік әсерлерге өте
төзімді келеді, конструкциялық дәреже көрсеткіштерінің жоғары болуымен
ерекшеленеді.
Қазақстанның құрылыс бұйымдары құрылыс материалдарын жасап
шығаруда шет елдердегі ірі фирма және корпорациялармен ынтымақтастық
байланысын дамытып келеді. Мәселен, Түркияның «АйСел» фирмасы,
Германияның «Кнауф» корпорациясы, «Хёшг» фирмасы АҚШтың
«Армстронг» корпорациясымен байланыс орнатып,
республикамызға
инвестиция тартылуда және жаңа технологиялар әкелінуде.
Жыл сайын Қазақстан құрылысшылары жоғары технологиялар негізінде
безендіру материалдары мен полимербетондар, шыны пластиктер, силикат
бұйымдар,
жоғары темірбетон
конструкцияларын жасап шығаруды жолға қойып келеді.
өте жеңіл бетондар,
беріктігі
Тәуелсіздіктің шарапатымен Қазақстанның қала және ауылдары жаңа
реңге ие болуда. Кең көшелер, әдемі гүлзарлар мен көркем ғимараттар
қалаларымызға ерекше сән беріп келеді. Қазақстанда құрылыс материалдары өнеркәсібі өткен 70 жыл ішінде
ұсақ қолөнер заттарын жасап шығарудан бастап, толық автоматтандырылған
заманауи ауыр индустрияға
айналды.
Республикадағы құрылыс мате
риалдарын өндіретін зауыттар
өнімділігі жоғары машиналар және
агрегаттармен жабдықталған.
Цемент өндіру бойынша
Қазақстан ТМДда алдыңғы
орынды иеленеді. Қазір цемент
зауыттары портландцементті ғана
емес, сондайақ гидротехникалық
үймереттерге өте қажет сульфатқа
төзімді жоғары маркалы порт
ландцементті, құрама темірбетон
1.2сурет. «Транстауэр», Астана қ.
ТМДдағы ең биік ғимарат (150 м).
Материалы металл, темірбетон,
шыны.
мен жол құрылысында пайдаланатын тез қатаятын цементтерді де
дайындап келеді.
Қазақстан қалаларында жаңа ықшам аудандар, массивтер, саябақтар
мен гүлзарлар дүниеге келді. Жүздеген заманауи ғимараттар мен зәулім
үймереттер салынды.
Тәуелсіздік жылдарында құрылыс материалдары өнеркәсібінің жалпы
өнім шығару көлемі бірнеше есе артып, еңбек өнімділігі ұлғая түсті.
Құрылыста кеңінен қолданылатын пластмасса мен синтетикалық шайырларды
өндіруді шамамен 3—4 есе арттыру көзделіп отыр.
«Қазақстан2030» стратегиясына орай республикадағы құрылыс
өнеркәсібі міндетіне жергілікті құрылыс материалдары мен құрама
конструкцияға деген қажеттілікті қамтамасыз ету жүктелген. Цемент өндіру
ұйғайтылып, 78 мил лион тоннаға жеткізілді. Құрама темірбетон жеңіл ағаш материалдары,
табиғи және әрлеу
конструкциялары,
материалдары, асбестцемент бұйымдар, керамика, шыны және санитарлық
техникалық бұйымдар мен ыстықты аз өткізетін материалдар өндіру де
ұлғайтылды. Сонымен қатар Республика мыздың 17 жылдық егемендік
тарихында Астана қаласында зәулім, сұлу ғимараттар салынды.
Жыл сайын Қазақстан кұрылысында полимер бетондар, шыны
пластиктер, цементсіз дайындалған силикат бұйымдар, барқан құмдары мен
әктас негізінде әзірленетін ұялы бетондар, түрлі қаптама плиталар, отқа
төзімді бетон және құрама темірбетон конструкциялар көптеп өндірілуде.
Республикада өндірілетін құрама конструкция және бұйымдардың
геометриялық өлшемдерін айқын тегіс етіп дайындауда өнімділігі жоғары
прокат стандартын кеңінен қолдану көзделінуде.
Бүгінгі таңда жол құрылысындагы материалтануға деген қызыгушылық
ұлғая түсіп, жол құрылысындағы теориялық және тәжірибелік білімдерге
деген талап артып келеді.
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.