Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
Мақсаты:
1.Балаларды көшеде дұрыс
жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтай білуге
жол ережесінің белгілерін, ойлау
қабілетін, тіл байлықтарын дамыту.
3.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Ресурстармен қамтамасыз ету: Бағдаршам , жол белгілері
салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне
арналған кітаптар.
1. Ұйымдастыру кезеңі :
«Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын
бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді.
Жол тәртібін бұзба ол қатер тудырады.
Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе
балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны
, шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан
машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға
шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулер машина
дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері
жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек
болып қалады.
Сондықтан әрбір бала » Жолда жүру ережесі »
тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап,
әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті
.Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда жүру
ережесін заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші : Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз! »
атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен. (Автобус)
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
3. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ
та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ
та. (Бағдаршам)
4. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
5. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші : Бағдаршам өмірімізді
жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп
, тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің
еліміздің қала , ауылдарына бәріне
ортақ көше қатынас ережесі енгізілген.
Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни
барлық жүргізушілер , көлік
жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай
орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін
білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға
жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше
жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ?
Көлік жүретін көшенің ортасымен
жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап ,
кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған ,
сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы
үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят –
ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті
бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ көшелерден
қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса
көшеден өте бере әуелі сол
жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына
жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол
жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше
, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен
бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді
көрейік.
Бала қалай өтетінін көрсетеді.
Инспектор
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Азима:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ
жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан –
жақты.
Міндеттеу белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап
тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш
шырағым.
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не
мақсатта қолданылатынын білдік.
3. Қорытындылау :
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе
Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен
жүрелік.
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
|