"Жолың болсын балдырған"

  • Мероприятия
  • doc
  • 07.02.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

«Жолың болсын, балдырған!». Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Әдемі қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінеді. 1- жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, Жеті жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл ойларың, Өсті міне, бойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! 2-жүргізуші: - Ортаға бүгінгі мектепке шығарып салатын бүлдіршіндерімізді шақырайық. ( барлық бала екі-екіден қол ұстасып билеп кіреді) 1-жүргізуші: - Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметтері, қонақтар бүгін бірнеше жыл мәпелеп күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз, қуаныштарыңыз құтты болсын. 2-жүргізуші: Өсті ақыл ойларың, Қуанышқа ортақпын. Құтты болсын тойларың Айналайын балалар Алда мектеп, ана бар. Өздеріңнен өседі, Өнерпаздар даналар. 1-жүргізуші: « Ән көңілдің ажары » - дегендей тойымызды әнмен бастайық. Ән « Астана ». Орындайтын Алуа, Жанель, Айғаным, Даяна, Айнұр. 2-жүргізуші: - Қонаққа жаттап, Сыйлаймыз тақпақ - деп балалар өз өлең жолдарын сыйға тартады. Сережа: Міне менде, үлкен болдым, Жасым толды 6-ға. Кітаптағы ертектерді. Енді оқимын шетінен. Бектур: Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Өнер білім үйреткен, Бақшамызды қимаймыз. Бахтияр: Биыл күзде мектепке Біріншіге барамын, Мақтанбаймын мен текке Дайын дәптер, қаламым. Адиль: Біз мектепке барамыз, Оқып білім аламыз, Еңбек десе қуанып. Білімді адам боламыз. Батыр: Мен де кітап аламын, Мен де оқуға барамын, Жаман бала дегізбей Жақсы оқитын боламын. Ән « Маленькая страна ». Орындайтын Таисия, Саша, Юля, Алина, Настя. Би « Кадриль » Орындайтын Таисия және Мансур. Залға Жалқаубек кіреді. 2-жүргізуші:- Ой, ей Анау бала, қолын қара. Кір қожалақ қап қара. Тырнақ өскен шашы көптен Алынбапты –ау масқара. Жалқаубек: Оқымап ем бір алдым, Келіп қаалды мұғалім, Әкеп едім «екілік». Мамам шықты зекіріп «Үш» алғанда байқадым. Папам басын шайқа «Бес» - деп едім, бүгін кеп. Қарайды бәрі күлімдеп. 1-жүргізуші: - Кәне Жалқаубек, Бесіңді көрсетші. Жалқаубек.: - Міне бесім. 2-жүргізуші: - Мынау тұрған «үш» делік. Ал мынауың «екілік». «Бес» алдым деп бүгін сен, Неге айтасың өтірік? Жалқаубек: - Ой, апай есепті- Білмеуіңді қарашы. Үшті қосса екіге «Бес» болмай ма санашы. (күнделіктің бетін ашып көрсетіп айтады. Күнделіктің бір бетінде 3, ал сол бетінің төменгі тұсында 2 тұр). 1-жүргізуші: - Қосуды біледі екенсің. Ал басқа білімің 2 мен 3 екенін ұмытпа. Жалқаудың аты жалқау. Балалар сендер жалқау болмаңдар, жақсы оқыңдар. Мектепте талай қызық, пайдалы нәрсе үйренесіңдер, Жалқаубектен үлгі алмаңдар. Жалқаубекке керісінше өзіміздің білімімізді көрсетейік. 1-жүргізуші: Талай-талай баспалдақты аттармыз, Ата-ананың үмітінде ақтармыз, - демекші аналарымызғы мың алғыс айтамыз. ӘН « Анашым ». Орындайтын хор. Би «Қара жорға». Ойын « Мектепке кім тез жиналады». 1-жүргізуші: Әндетейік , жырлайық, Биден шашу шашайық. – келесі кезекте биші қыздар «Спорт» биін билейді. Тамашалаңыздар 2-жүргізуші: - Ал балалар енді білім еліне аттанамыз. Салақ: - Әй тоқтаңдар, тоқта. (деген дауыс естіледі). Жалқаубек: - Ой сайтан! Кет жолдан. Салақ: - Қорықпаңдар мен қарақшы да сайтан да емеспін. Жалқаубек: - Енді кімсің. Салақ: - Мен бе, Салақ. Фамилиям - Кір қожалақ. Жалқаубек: - Өзің өте әдемі екенсің, қайдан жүрсің? Салақ: - Жақын жерде тұрамын. Білім еліне барайын деп шықтым. Жалқаубек: - Сені онда жібермейді. Салақ: - Неге? (өкпелеп) Ол не дегендерің мен бе кір? Қай жерде кір көріп тұрсыңдар? Бұл кір емес. Жалқаубек: - Ол не? Салақ: - Кәне қай жерде? Жалқаубек: - Мына жеріңде, мына жеріңде лай ғой. Салақ: - (көзін қылитып бетін көрмекші) Жоқ қой ештеңе (оған айна береді. Түріне айнадан дұрыстап қарап алады) Бұл лай емес. Жалқаубек: - Не ол сонда? Салақ: - Ол күнге күйген ғой. Жалқаубек: - Күнге қорқынышты болып күйіпсің ғой, дақ боп (қалтасынан орамал алып бірнеше үлкен дақты сүртеді). 1-жүргізуші: - Балалар сендер қалай ойлайсыңдар салақты, білім еліне алуға болама? Балалар: - Жоқ Салақ: - Енді не істесем екен? Жалқаубек: - Барып жуынып, киініп тазаланып келейік. Кеттік Салақ. Салақ: - Жарайды сонда ғана білім еліне алатын шығар. Кетейік. (Жалқаубек пен Салақ кетеді) ӘН « Әже ертегісі» Орындайтын Сауле, Жарқын, Ақарыс, Аружан, Қайрат: Жер де ақ қар жатсада, Асыр салып ақпанда, Күнде ертемен бақшаға. Келетінбіз ақ таңда. Алеша: Мектеп қамқор намыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін. Біз мектепке барамыз. Али: Әліппенден әріп танып, Алғаш рет оқимыз. Тәрбиеден тәлім алып, Санамызға тоқимыз. Нұрхан: Балабақша базарлы үй, Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуағы. Өз үйіміз сияқты. Рома: Өлеңді де айтамыз, Жұмбақты да шешеміз. Надан болмай өмірден. Адам болып өтеміз. Абай: Тақта біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз. Ертең өсіп толамыз. Білімді адам боламыз. 2-жүргізуші.: Сендер осы балабақшаға алғыш рет келгенде қандай болдыңдар, есімізге түсірейікші. Олай болса бізге кішкентай №3 топ балалары «Қамажай» биін көрсетеді. 1-жүргізуші: Ертегі «Жыл басына таласқан хайуанаттар». Автор рөлінде Мойсеева Таисия. Осы ертегіні көрсете отырып қалалық «Балғын шақ» конкурсына қатысып, 3-жүлделі орынға ие болдық. Қошеметтеп қарсы алыңыздар. Ән «Бала тілегі». Орындайтын Руслан, Алуа, Бауыржан, Тайсия. 1-жүргізуші: - Келесі кезек балабақша қызметкерлеріне арналады. К. Дима: Бізде мұнда әрдайым, Бәрі, бәрі дап дайын, Қамымызды ойлаған Меңгеруші Гүлжан Шахманқызына Мың алғыс. (меңгеруші) Сауле: Қай кезде де, әдіскер, Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін. (әдіскер) М. Саша: Талай-талай баспалдақты аттармыз, Ата-ананың үмітінде ақтармыз. Ляззат пен Гаухар апай сізден алған ақылды, Есімізде өмір бақи сақтармыз. (тәрбиеші №4топ) Айнұр: Сәнді балабақшамыз, жасыл желек көшеміз, Аясында Отанның, асыр салып өсеміз, Шуағына бөлеген, аялаған демеген Жамал апаймен Бақыт апай Мейірімді не деген. (тәрбиеші №2 топ) Ақарыс: Күннен күнге біздер өсіп, Үлкен болып қиындықты жеңеміз. Сіздердің біздер үшін сіңірген еңбегіңіз Еш болмасын деп сенеміз. Күтуші Надя апай, сізге мың алғыс рахмет айтамыз.(күтуші№4топ) А. Руслан: Ақ төсекке жатқызған, Тәтті тамақ ұсынған, Бала болып ойнаған, Салтанат апайға мың алғыс. (күтуші №2топ) Нұралі: Сергек ол үнемі, Салып етіп бар күшін Түгендеп жүреді, Балабақша ақысын. (есепші) Нұржас: Балабақшаның қызметін, Иығына көтерген. Қоймашы Татьяна апайға Тілектеспіз әрдайым. (қоймашы) Б. Данил: Денсаулығы болаттай, Ауруды ол жолатпай Күнде әбігер болады Қамқоршымыз Люба апай. (дәрігер) Никита: Біздің гүл бақшада, Бар әсем асхана. Бар онда аспазшы Ақ көңіл жақсы апа. (аспазшы) Жарқын: Қай кезде де, Жанар апай Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін. (қазақ тілі) Алихан: Ән салғызын үйреткен, Нотаны да меңгерткен. Зор алғыс Дина апайға, Ән салуды үйреткен. (музыка) М. Руслан: Дені саудың, жаны сау деп, Спорт түрін үйреткен. Шынықтырып денені, Жаттығулар өткізген, Әрқашан сізге мың алғыс. (дене шын) Б. Руслан: Биді үйреткен Альбина апайға Әрқашанда мың алғысты айта жүрем. (хореограф) 1-жүргізуші: Келесі кезекті қоштасу вальсіне береміз. (Вальс) 1-жүргізуші: Айналайын балалар, Сендерде ой, сана бар. Өздеріңнен өседі. Өнершілер даналар. 2-жүргізуші: Өсті міне бойларың, Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. ӘН « Қош бол бала бақшам ». 1- жүргізуші: Сөз кезегін бала-бақша меңгерушісі Ержанова Гүлжан Шахманқызына беріледі. (сыйлықтар таратады). 2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін ата-аналар комитетіне беріледі. 1- жүргізіші: -Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілей отырып, осымен біздің « Жолың болсын балдырған » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!!! Балалар бірінің соңынан бірі залдан шығады.
Иконка файла материала жолың болсын балдырған.doc
«Жолың болсын, балдырған!». Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Әдемі қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінеді. 1- жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, Жеті жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл ойларың, Өсті міне, бойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! 2-жүргізуші: - Ортаға бүгінгі мектепке шығарып салатын бүлдіршіндерімізді шақырайық. ( барлық бала екі-екіден қол ұстасып билеп кіреді) 1-жүргізуші: - Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметтері, қонақтар бүгін бірнеше жыл мәпелеп күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз, қуаныштарыңыз құтты болсын. 2-жүргізуші: Өсті ақыл ойларың, Қуанышқа ортақпын. Құтты болсын тойларың Айналайын балалар Алда мектеп, ана бар. Өздеріңнен өседі, Өнерпаздар даналар. 1-жүргізуші: « Ән көңілдің ажары » - дегендей тойымызды әнмен бастайық. Ән « Астана ». Орындайтын Алуа, Жанель, Айғаным, Даяна, Айнұр. 2-жүргізуші: - Қонаққа жаттап, Сыйлаймыз тақпақ - деп балалар өз өлең жолдарын сыйға тартады. Сережа: Міне менде, үлкен болдым, Жасым толды 6-ға. Кітаптағы ертектерді. Енді оқимын шетінен.Бектур: Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Өнер білім үйреткен, Бақшамызды қимаймыз. Бахтияр: Биыл күзде мектепке Біріншіге барамын, Мақтанбаймын мен текке Дайын дәптер, қаламым. Адиль: Біз мектепке барамыз, Оқып білім аламыз, Еңбек десе қуанып. Білімді адам боламыз. Батыр: Мен де кітап аламын, Мен де оқуға барамын, Жаман бала дегізбей Жақсы оқитын боламын. Ән « Маленькая страна ». Орындайтын Таисия, Саша, Юля, Алина, Настя. Би « Кадриль » Орындайтын Таисия және Мансур. Залға Жалқаубек кіреді. 2-жүргізуші:- Ой, ей Анау бала, қолын қара. Кір қожалақ қап қара. Тырнақ өскен шашы көптен Алынбапты –ау масқара. Жалқаубек: Оқымап ем бір алдым, Келіп қаалды мұғалім, Әкеп едім «екілік». Мамам шықты зекіріп «Үш» алғанда байқадым. Папам басын шайқа «Бес» - деп едім, бүгін кеп. Қарайды бәрі күлімдеп. 1-жүргізуші: - Кәне Жалқаубек, Бесіңді көрсетші. Жалқаубек.: - Міне бесім. 2-жүргізуші: - Мынау тұрған «үш» делік. Ал мынауың «екілік». «Бес» алдым деп бүгін сен, Неге айтасың өтірік? Жалқаубек: - Ой, апай есепті-Білмеуіңді қарашы. Үшті қосса екіге «Бес» болмай ма санашы. (күнделіктің бетін ашып көрсетіп айтады. Күнделіктің бір бетінде 3, ал сол бетінің төменгі тұсында 2 тұр). 1-жүргізуші: - Қосуды біледі екенсің. Ал басқа білімің 2 мен 3 екенін ұмытпа. Жалқаудың аты жалқау. Балалар сендер жалқау болмаңдар, жақсы оқыңдар. Мектепте талай қызық, пайдалы нәрсе үйренесіңдер, Жалқаубектен үлгі алмаңдар. Жалқаубекке керісінше өзіміздің білімімізді көрсетейік. 1-жүргізуші: Талай-талай баспалдақты аттармыз, Ата-ананың үмітінде ақтармыз, - демекші аналарымызғы мың алғыс айтамыз. ӘН « Анашым ». Орындайтын хор. Би «Қара жорға». Ойын « Мектепке кім тез жиналады». 1-жүргізуші: Әндетейік , жырлайық, Биден шашу шашайық. – келесі кезекте биші қыздар «Спорт» биін билейді. Тамашалаңыздар 2-жүргізуші: - Ал балалар енді білім еліне аттанамыз. Салақ: - Әй тоқтаңдар, тоқта. (деген дауыс естіледі). Жалқаубек: - Ой сайтан! Кет жолдан. Салақ: - Қорықпаңдар мен қарақшы да сайтан да емеспін. Жалқаубек: - Енді кімсің. Салақ: - Мен бе, Салақ. Фамилиям - Кір қожалақ. Жалқаубек: - Өзің өте әдемі екенсің, қайдан жүрсің? Салақ: - Жақын жерде тұрамын. Білім еліне барайын деп шықтым. Жалқаубек: - Сені онда жібермейді. Салақ: - Неге? (өкпелеп) Ол не дегендерің мен бе кір? Қай жерде кір көріп тұрсыңдар? Бұл кір емес.Жалқаубек: - Ол не? Салақ: - Кәне қай жерде? Жалқаубек: - Мына жеріңде, мына жеріңде лай ғой. Салақ: - (көзін қылитып бетін көрмекші) Жоқ қой ештеңе (оған айна береді. Түріне айнадан дұрыстап қарап алады) Бұл лай емес. Жалқаубек: - Не ол сонда? Салақ: - Ол күнге күйген ғой. Жалқаубек: - Күнге қорқынышты болып күйіпсің ғой, дақ боп (қалтасынан орамал алып бірнеше үлкен дақты сүртеді). 1-жүргізуші: - Балалар сендер қалай ойлайсыңдар салақты, білім еліне алуға болама? Балалар: - Жоқ Салақ: - Енді не істесем екен? Жалқаубек: - Барып жуынып, киініп тазаланып келейік. Кеттік Салақ. Салақ: - Жарайды сонда ғана білім еліне алатын шығар. Кетейік. (Жалқаубек пен Салақ кетеді) ӘН « Әже ертегісі» Орындайтын Сауле, Жарқын, Ақарыс, Аружан, Қайрат: Жер де ақ қар жатсада, Асыр салып ақпанда, Күнде ертемен бақшаға. Келетінбіз ақ таңда. Алеша: Мектеп қамқор намыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін. Біз мектепке барамыз. Али: Әліппенден әріп танып, Алғаш рет оқимыз. Тәрбиеден тәлім алып, Санамызға тоқимыз. Нұрхан: Балабақша базарлы үй, Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуағы. Өз үйіміз сияқты.Рома: Өлеңді де айтамыз, Жұмбақты да шешеміз. Надан болмай өмірден. Адам болып өтеміз. Абай: Тақта біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз. Ертең өсіп толамыз. Білімді адам боламыз. 2-жүргізуші.: Сендер осы балабақшаға алғыш рет келгенде қандай болдыңдар, есімізге түсірейікші. Олай болса бізге кішкентай №3 топ балалары «Қамажай» биін көрсетеді. 1-жүргізуші: Ертегі «Жыл басына таласқан хайуанаттар». Автор рөлінде Мойсеева Таисия. Осы ертегіні көрсете отырып қалалық «Балғын шақ» конкурсына қатысып, 3-жүлделі орынға ие болдық. Қошеметтеп қарсы алыңыздар. Ән «Бала тілегі». Орындайтын Руслан, Алуа, Бауыржан, Тайсия. 1-жүргізуші: - Келесі кезек балабақша қызметкерлеріне арналады. К. Дима: Бізде мұнда әрдайым, Бәрі, бәрі дап дайын, Қамымызды ойлаған Меңгеруші Гүлжан Шахманқызына Мың алғыс. (меңгеруші) Сауле: Қай кезде де, әдіскер, Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін. (әдіскер) М. Саша: Талай-талай баспалдақты аттармыз, Ата-ананың үмітінде ақтармыз. Ляззат пен Гаухар апай сізден алған ақылды, Есімізде өмір бақи сақтармыз. (тәрбиеші №4топ) Айнұр: Сәнді балабақшамыз, жасыл желек көшеміз, Аясында Отанның, асыр салып өсеміз, Шуағына бөлеген, аялаған демеген Жамал апаймен Бақыт апай Мейірімді не деген. (тәрбиеші №2 топ) Ақарыс: Күннен күнге біздер өсіп, Үлкен болып қиындықты жеңеміз. Сіздердің біздер үшін сіңірген еңбегіңіз Еш болмасын деп сенеміз. Күтуші Надя апай, сізге мың алғыс рахмет айтамыз.(күтуші№4топ) А. Руслан: Ақ төсекке жатқызған, Тәтті тамақ ұсынған, Бала болып ойнаған, Салтанат апайға мың алғыс. (күтуші №2топ)Нұралі: Сергек ол үнемі, Салып етіп бар күшін Түгендеп жүреді, Балабақша ақысын. (есепші) Нұржас: Балабақшаның қызметін, Иығына көтерген. Қоймашы Татьяна апайға Тілектеспіз әрдайым. (қоймашы) Б. Данил: Денсаулығы болаттай, Ауруды ол жолатпай Күнде әбігер болады Қамқоршымыз Люба апай. (дәрігер) Никита: Біздің гүл бақшада, Бар әсем асхана. Бар онда аспазшы Ақ көңіл жақсы апа. (аспазшы) Жарқын: Қай кезде де, Жанар апай Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін. (қазақ тілі) Алихан: Ән салғызын үйреткен, Нотаны да меңгерткен. Зор алғыс Дина апайға, Ән салуды үйреткен. (музыка) М. Руслан: Дені саудың, жаны сау деп, Спорт түрін үйреткен. Шынықтырып денені, Жаттығулар өткізген, Әрқашан сізге мың алғыс. (дене шын) Б. Руслан: Биді үйреткен Альбина апайға Әрқашанда мың алғысты айта жүрем. (хореограф) 1-жүргізуші: Келесі кезекті қоштасу вальсіне береміз. (Вальс) 1-жүргізуші: Айналайын балалар, Сендерде ой, сана бар. Өздеріңнен өседі. Өнершілер даналар. 2-жүргізуші: Өсті міне бойларың, Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. ӘН « Қош бол бала бақшам ». 1- жүргізуші: Сөз кезегін бала-бақша меңгерушісі Ержанова Гүлжан Шахманқызына беріледі. (сыйлықтар таратады). 2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін ата-аналар комитетіне беріледі. 1- жүргізіші: -Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілей отырып, осымен біздің «Жолың болсын балдырған » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!!! Балалар бірінің соңынан бірі залдан шығады.