Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімддіктер өседі. Осы арқылы географиалық аймақта қоныс еткен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын шығыс елдерінде қазіргі қолданып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.Кіріспе
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осы арқылы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинған, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда кедесетін өсімдіктердің соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.
Тақырып өзектілігіне қарай келесі мақсат қойдық: Жолжелкен –өсімдігін зерттей отырып, емдік ерекшелігін тиімді пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Зерттейтін өсімдігіміз аулымызда өсетін жолжелкен өсімдігі жөнінде кітапханадан, ғаламтордан мәліметтер жинақтау.
Біздің гипотеза: Адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді.
Зерттеудің жаңалығы: Жолжелкен өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді; жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: жинақтау, пікірлесу, әңгімелесу,қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі
бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да болып келеді. Халық оның биологиялық, анотомиялық, морфологиялық ерекшеліктерін білмей жинауға тиым салыну керек.
ғылыми жоба Жолжелкен 2-сынып.docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҰЛАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
БӨЛІМІ
«БОЗАНБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Тақырыбы: Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті
Бағыты:Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Секциясы:Биология
Жоба авторы: Толықбаева Ақерке Бағланқызы , 2 «А» сыныбы
Жоба жетекшісі: Алимбаева Алмаш Иренгалиевна, бастауыш
сынып мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Игисинова Жамал Тұрсынғожақызы, биология
ғылымдарының кандидаты,
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
биология кафедрасының доценті
Өскемен қаласы
2015 жыл Аннотация
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын
білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы
өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан
жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды,
далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 ға жуық өсімдік
түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады
екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны
танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі
қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік
өсімдіктерге жатады.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында
стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары
мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде
қолданылады.
Дәрілерді дайындау үшін шикі зат ретінде пайдаланылатын дәрілік
өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.
Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді.
Сондай өсімдіктердің бірі Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер
тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Жолжелкен түріне жатқызылатың үлкен жолжелкен (Подорожник большой)
көп жылдық өсімдік. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май,
қышқылдар мен тұздар мол. Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы
гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондайақ қан
тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына,
өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының
қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан
өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.
Зерттеу жұмысының барысында жолжелкен өсімдігінің қандай ауруларға ем
екендігі анықталды. Annotation
Our people have learned about the secrets of medical plants from the early times,
and have used them successfully to many illnesses. The methods of making medicines
from medical plants are passing from generation to generation. The Kazakhstan’s nature
consists of forest, steppe, and mountainous regions. In the regions of our republic there
are about 6000 types of plants; from 500 of them we may make medical substances.
That’s why having so many riches, we must them know, research and use. From the
early times the Kazakh people have nomadic way of life, so they were holding cattle
and knowing the names of many grasses, especially medical plants, their medical
properties.Medical properties of plants depends from their compositions, which consists
of steroids, triterpenes, alkaloids, glucosides, vitamins, efir oils, viscous substances, all
of them are having different chemical joining’s. Medical plants are used in the form
of : dried grass, sediments, boiling’s, teas, powder. In order to prepare medical plants,
we must to do selection between the plants. Medical plants are taken from the wild
type. Many plants have the medical properties. So they called the medical plants. One
of such plants is zholzhelken (Psyllіostachys), from the aluminum family, the relative
to all one year plants. In the composition of zholzhelken there are different vitamins,
protein, oils , asides, and salts in many quantities. For example, it can to raise the man’s
appetite, to increase hemoglobin’s in the blood, to calm down different nerve diseases.
It is also used for: to become hard the heart’s roots, for the woundsof stomach, intestine,
for the ways of breath inflammation, for the lungs tuberculous, for the continuous
Plevritis and kidneys, for the inflammation of urogenital ways. The root’s conserves are
used for the stomach bleed, for the spitting of blood, when the nosebleed is not
stopping you may to pour it into the nose. By the ways of researching we established for
what illnesses the plant zholzhelken(Psyllіostachys) is used. Аннотация
Наш народ с давних времён знал про тайну лекарственных растений, и очень
умело пользовался ими при лечении
различных заболевании. Способы
изготовлений лекарств из полезных растений передавались из поколения в
поколение, эта традиция непрерывно идёт от далёких предков. Изза различности
природных условий Казахстана , здесь есть и леса, и степи и горные районы. Если
можно сказать , что на территории Казахстана вы можете встретить более 6000
видов растений, то из 500 из них можно получить лекарственные вещества. Имея
такое богатство, воспроизводить его, расследовать лекарственные растения,
узнавать их, знать их это для нас имеет большое значение. С давних времён,
занимаясь разведением скота, кочевой казахский народ хорошо знал травы , в
частности
лечебные свойства растений. Лечебные свойствалекарственных
растений зависят от присутствия в них стероидов,тритерпенов, алкалоидов и
глюкозидов,витаминов, эфирных масел
и волокнистых веществ различных
химических соединений. Лекарственные растения используются в виде
высушенных трав, настоек, отваров, чаёв, в виде порошков и так далее. Для
изготовления лекарств, используемые в виде сырья, лекарственные растения
проходят тщательный отбор.Лекарства изготовляют , в основном, из диких
растений. У многих растений имеются лечебные свойства. Их называют
лекарственными растениями.
Одних из таких растений является Подорожник (Psyllіostachys) из семейства
серебролиственных, однолетнеее травянистое растение. В составе подорожника
очень много витаминов,белков, масел, кислот и солей. К примеру,он повышает
аппетит человека, способствует увеличению гомоглобина в крови, приводит к
успокоению различных нервных заболеваний. А также используется для : усиления
кровеносных сосудов,при воспалении желудка и кишечника, при воспалении
дыхательных путей, при туберкулёзе лёгких, при длительном бронхите, плеврите и
почекаменной болезни, при воспалении мочевыводящих дорог. Отвар корней
применяют при диарее (поносе), при кровохаркании, для того, чтобы остановить кровотечение из носа отвар капают в нос. Путем исследовательской работы было
выяснено, на какие заболевания растение подорожник имеет лечебные свойства.
I. Кіріспе3
Мазмұны:
1.1 Қазақстанда кездесетін емдік қасиеті бар өсімдіктер4
II. Негізгі бөлім
2.1 Жолжелкен өсімдігінің сипаттамасы9
2.2 Жолжелкеннің емдік қасиеті10
2.3 Жолжелкен өсімдігінен дәрі жасау жолдары12
2.4 Жолжелкен өсімдігінің адам ағзасына әсері зерттеу нәтижесі13
ІІІ: Қорытынды16
Пайдаланылатын әдебиеттер17
Қосымша18 Кіріспе
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осы арқылы
географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі
өсімдіктерді адам баласы ерте кезденақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан
3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік
өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ
өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен
қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі
жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет
науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен
және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де
аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді
көптеп жинған, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда кедесетін өсімдіктердің соның
ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық
шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.
Тақырып өзектілігіне қарай келесі мақсат қойдық: Жолжелкен –өсімдігін
зерттей отырып, емдік ерекшелігін тиімді пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Зерттейтін өсімдігіміз аулымызда өсетін
жолжелкен өсімдігі жөнінде кітапханадан, ғаламтордан мәліметтер жинақтау.
Біздің гипотеза: Адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық
қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса,
адамның ағзасына көп зиян келмес еді.
Зерттеудің жаңалығы: Жолжелкен өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан
– жақты сипаттама берілді; жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді
пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің әдістәсілдері: жинақтау, пікірлесу, әңгімелесу,қорытынды
жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес,
сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы»
аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала
бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік
тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған,
мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Шипалы өсімдіктер қатарына
әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл
күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың
арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондайақ біздің бау
бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға
болады. Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді
тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да болып
келеді. Халық оның биологиялық, анотомиялық, морфологиялық ерекшеліктерін
білмей жинауға тиым салыну керек.
1.1.Қазақстанда кездесетін емдік қасиеті бар өсімдіктер
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі
дәрілік өсімдіктерге жатады.Бұның 600ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат
ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200ге жуық дәрілік өсімдіктер
түрі белгілі. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид,
тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен
тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ тағы басқа
түрінде қолданылады.
Жүрек ауруларын емдеуге 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%,
жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін
дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады
70%
75%
80%
80%
65% Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталсақ.
Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде
шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Қазақстанда «
ағаш тәрізді Алоэ» (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның
жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан
алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Арша (лат. Juníperus) кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан
жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Халық емінде
арша жемісі ежелденақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі
ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік
қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда
жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш
жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және
құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға
пайдаланады. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы ермен (лат. Artemísia absínthium) күрделі гүлділер тұқымдасына жатады.
Ащы ерменді атабабамыз ертеденақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың
сақинасына, аяққол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен.
Қолданылуы: 1.Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан
дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы
көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6.
Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит
құрттарды түсіруге қолданған.
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйе табандар тұқымдасына
жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат
ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық
емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге
пайдаланған. Малдәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма
қотырын, түрлі тері ауруларын, буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған
суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспан – улы өсімдік, дәмі ащы, мал
жемейді. Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік
ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана
түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Ағашы шірімейтін мықты
болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі
балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде
қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде
пайдаланған. Шайырсағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады.
Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма
бояуларын алған.
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш..
Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен
құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері
тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр –
шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра
береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді
гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара
түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан
көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50
ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрідәрмек жасауда
пайдаланылады.
Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық
шөптесін өсімдіктер туысы. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок,
май, қышқылдар мен тұздар мол. Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы
гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондайақ қан
тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына,
өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының
қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан
өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.
Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасына жатады. Бір жылдық не көп
жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Қалақайдың
барлық түрінің құрамында ақуыз, сондайақ К, С, В витаминдері, илік заттар және
минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам
ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен
ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге
жапсырады.
Мойыл (лат. Padus) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар.
Биіктігі 3,58 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік
шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын
шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады.
Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбыншіркейі мол
жерге шашылады.
Рауғаш (Латын атауы:Rheum rhaponticum) қара құмық тұқымдастарға тиесілі
өсімдіктердің тегі болып табылады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Рауғаштың
құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының
дәрумендері, C дәрумені және каротин бар. Рауғаш темір мен С дәруменінің
молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті
емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын
жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат
алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады.
Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазанішек жолы ауруынан азап шегуші
тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.
Дәрілік өсімдіктердің құрамында болатын химиялық заттар
Химиялық заттар
1.Алкалоидтар
2.Глюкозидтер
3. Дәрумендер
4. Сапониндер
5. Каротин
6. Эфир майы
Құрамы
запыран айдайтын дәрі
азотты органикалық қосылыстар.Олар көбіне орталық
нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
көмірсулар мен басқа органикалық затардан тұратын
күрделі қосылыстар. Бұны көбіне жүрек ауруларына, іш
жүргізетін,
есебінде
қолданылады.
адам организміне аса қажетті күрделі органикалық
заттар.
егер қан жолдарына түссе, қызыл қан түйіршіктерін
білдіреді. Ас қорытуын жақсартады.
организм үшін аса қажет А дәрумені.
ұшпалы, сүйкімді органикалық қосылыс. Дәрілік мәні
бар өсімдіктер қасиетіне қарай: қан тоқтатқыш,
температураны төмендеткіш, тәбет ашушы,
тері
ауруларын жоюшы, нерв қызметін тынышталдырғыш болып бөлінеді.
Дәрілік өсімдіктер туралы мақал мәтелдер
1.Жалғыз ағаш орман болмас.
2.Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді.
3.Жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.
4.Қорада малың болсын, көшеде талың болсын
5.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады.
Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар
1. Өзіне шап шақ, Киген қалпағы аппақ, Балалар тұр қаптап. ( Бақбақ)
2. Саздауыт жерде өседі, Хош иісі аңқыған, Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)
3. Бұтаға ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл, Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
4. Қар астында қыстайды, ақпен бүркіп тастайды. (Бәйшешек)
5. Шөлде гүлдейдi, құлпырады,
Суда өмiрi қырқылады. (Сексеуiл)
6.Тау тау ақ қар, ерiмейдi ыстықта. (Мақта)
7. Тау тау үйілген ақ алтын,табады оның кім атын? (Мақта)
8. Қысыжазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)
Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады.
Дәрілік өсімдіктер
№
1.
2.
3.
4.
Емдік топтары
Жүрек тамыр жүйесіне
арналған
Жарақатты жазатын және тері
ауруларына арналған
Зәр айдайтындар
Өтке арналған
Түрлері
долана, сасық шөп, қазоты, шүйін
шөп (валериана), жалбыз
Жалбыз, түймедақ, жөке, қалақай,
жолжелкен,
қырықбуын, арша,
мыңжапырақ
қырықбуын, бидайық, арша, бақ
бақ, қайың, зығыр
шашыратқы, қырықбуын,
шайқурай, мыңжапырақ,
итмұрын, бидайық, Бауыр мен бүйректегі тасты
ерітетіндер
Қақырық түсіретіндер
Паразит құрттарды
түсіретіндер
Қант ауруын емдейтін
5.
6.
7.
8.
шашыратқы,
өгейшөп,
шоңайна,
қалақай, жалбыз
лобия,
қалақай, андыз
тал,
емен,
жөке,
қызылмия, жолжелкен
дермене, сарымсақ
топинамбур (жералмұрт), лобия
2.1 Жолжелкен өсімдігіне сипаттама
Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір
жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор,
сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2
түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 –
50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген.
Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау.
Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4тен масақ
гүлшоғырына топталған.
Жолжелкен түріне жатқызылатың үлкен жолжелкен (Подорожник большой)
көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 40 смге дейін жетеді. Сабағының төменгі
жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт
тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8ден 13ке дейін тұқымы болады.
Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі.
Батпақты, сазды жерлерде көп өседі. Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық
өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны
әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.
Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі
үлкен жолжелкен. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда
кездеседі. Жоғарғы санатты биология пәнінің мұғалімі: Уразбаева Алия
Мукановамен сұқпат: Бұл ұзақ жылдан бері өсіп келе жатқан өсімдік. «Бақа
жапырақ» деп те аталады. Биіктігі 1015 сантиметр. Ұзын жапырағы сабақ түбіне
орналасқан. Жапырақ алақаны сопақтау, бүтін жиекті, оң беті жасыл, сырт беті
күлгін жасыл түсті болады. Кішкене гүлі жай масақ формалы, қуашақ жемісі
жарық қақпақты, тұқымы сопақтау қара қоңыр түсті келеді. Бұл шөп жол бойында,
арық жағаларында өседі
Жинау және өңдеу:
Жолжелкеннің шөбі мен тұқымы дәріге пайдаланылады. Әбден піскеннен
кейін тұқымын тазалап, шикідей немесе қуырып жасайды. Жапырақтарын
көлеңкелі ашық ауада, желдеткіші бар үйде кептіреді. Шөбін жаз күндері жұлып
алып, жас күйінде турап кептіріп жасайды. Дәмі тәтті,усыз келеді.
Өсімдік
тің аты
Үлкен
жолжел
кен
Биікті
гі
30, 40
см.
Гүлдеу
мерзімі
Кездесетін
орны
Пайдаланылатын
бөлімі
Мамыр
дан
тамызға
дейін
Сазды,
батпақты,жол
жиегінде,
арық
жағаларында
Жапырағын,тамырын,
ұрығын, шырынын
Жинау
мерзімі
Жапыра
ғын
маусым,
шілде
Химиялық құрамы:
Жолжелкен – жапырақтары мен тұқымында С, А, К витаминдері, аукубин
глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин
қышқылы, аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44
процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі. Сіріндінің
бактерицидтік, тазартқыштық, жара жазғыштық, әсері бар. Ол терінің қорғаныс
кремін қамтамасыз етеді.
Қолданылуы:
Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын
пайдаланады.
2.2. Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен
тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне
қолданады.
Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі
жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондайақ қан тамырының қатаюына, асқазан,
ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы
бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға
қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп,
мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант
диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді.
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына
сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы
жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған
малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған.
Жолжелкеннің халық медицинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан
қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және
ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін
себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде
жапсырады. Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер
шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас
өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш
өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын
күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол
туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді, әсіресе қарын
жарасы ауруының ең ауыр түрінде жақсы нәтиже берді. Жолжелкеннің кептірелген
жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын
регенерациялауға көмек береді.Жолжелкенді
ақбас жусанмен,
адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын
(әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек
айнығанға қарсы қолданылады [14].
кәдімгі
Жолжелкен өсімдігінің ем болатын аурулары:
Өкпе туберкулезі
Асқазан, ішек жарасы
Түрлі жүйке аурулары Бронхит
Тәбет ашады
гемоглобин
Асқынған сыздауық
Бүйрек, несеп жолдары
Ыстықты басады, уытты қайтарады
Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты
шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді (кептірілгенінен 9 грамм)
қайнатып, күніне екі рет ішеді.
Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын,
15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны
суға қайнатып ішеді.
Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып
ішеді.
Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас
шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып,
талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады
Жолжелкен өсімдігінің ем болатын аурулары жайында “Бозанбай орта
мектебінің” мед.бикесі Сапашева
Гульнар Айтановнамен және құрамында
жолжелкен өсімдігі бардәрілер туралы дәріханашы Кислякова Наталья
Ивановнамен сұқпат алынды.
2.3 Жолжелкен өсімдігінен дәрі жасау жолдары
Дәрілерді дайындау шикі зат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер
бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден жасайды. Көптеген
өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы
кейбір таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалады.
Дәрі мақсатында жолжелкеннің жапырақтары, тамыры, ұрығы, сабақтары
қолданылады. Құрамында жолжелкен өсімдігі бар дәрілер:
экстрат – валерианы, настойка подарожника, фито чай жолжелкен
Пайдалану жолдары.
1. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға, сомға сорғыш
дәрі ретінде жапсырылады. 2. Жапырақтан сығылып алынған шырынды жәндіктер шаққан жерге және
ірінді жараға жағады.
3. Халық медицинасында қан тоқтататын және несеп жүргізетін дәрі ретінде
жүргізіледі.
4. Ұрығынан жасалған қайнатындыны көз ауырғанда сыртына жағады.
5. Ұрығын қант диабетіне, жөтелге, сондайақ еркектер мен әйелдердің
бедеулігіне ішуге ұсынады.
Жолжелкен (подорожник)
Кешенді емдеуде профилактикалық зат ретінде қолдану көрсеткіштері:
Қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және жазатын зат ретінде асақазан ішек
ауруларына (қышқылы төмен гастриттер, колиттер, энтероколиттер, диарея)
қолданады. Қақырықты түсіретін зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдары
ауруларында қолданады. Қақырықты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдетеді.
Қан тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар: Өнім компоненттеріне жеке
төзімсіздік.
Дайындау тәсілі: 10 г (2 ас қасық) шикізаты эмальды салып 200 мл (1 стакан)
ыстық қайнап тұрған су құяды, қақпағын жауып қайнатып тұрған суда (су
моншасында)
30 мин. Қыздырады, бөлме температурасында 10 мин.
Салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұндырманың көлемін
қайнаған сумен 200 млге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен
асырмай сақтайды.
Жолжелкен шырыны туберкулез, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтиже
береді. Бір ас қасық жапырақты бір стақан қайнап тұрған суға салып 15 мин. қояды
да, сүзіп, тұндырмасын күніне 1 ас қасықтан 34 рет ішеді.
Жолжелкен тамырын іштен қан өткенде, қан қақырғанда қайнатылған
күйінде, ал ұрығын дизентерия болған кезде, іш өткен кезде тиімді. Екі ас қасық
тұқымды (10 г.) қайнап тұрған суға (100мл.) жуық салып, шайқап суытып қояды.
Суығаннан кейін әлгә тұқыммен бірге бірақ ішеді.
Асқынған сыздауық, шиқанды емдеуде: адамның денесі тоңған кезде кезкелген
жеріне сыздауық шығады. Алдымен ескертеріміз, оны қолмен сығуға болмайды.
Екінші айтарымыз, сыздауық шыққан жерге қабынуға қарсы шипасы зор түймедағы
гүлі (ромашка) мен жолжелкеннен (подорожник) жылы компресс жасау тиімді.
Аскөк (тағамға дәм беретін шөп) тұнбасы да жәрдемдеседі. Әзірлеу тәсілі: бір шай қасық дәнін келіге түйіп талқандап, 2 стақан суда
қайнатады. 5 минут қоя тұрып, сүзіп алады да, біраз суытады. Онан соң күніне
бірнеше рет мақтаға малып басады. Енді бірі қайнатып пісірген жұмсақ картоптан
да компресс жасаған пайдалы.
Тіс қатты ауырған кезде жолжелкеннің түбін алып, ауырған тістің тұсындағы
құлаққа ауру басылғанша тығып қояды. Әдетте ауру жарты сағаттан кейінақ
басылып қалады.
2.4 Жолжелкен өсімдігінің адам ағзасына әсері зерттеу нәтижесі.
Тәжірбие 1
Жолжелкен жапырақ шырынының адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Жәндік шаққан жерге жағу
Мақсаты: Жәндіктің уытын қайтару
Уақыты: 27, 28, 29 тамыз 2014 жыл
Зерттелуші: Алтайқан Нұрбол
Зерттеу барысы: Таңертең, кешке жәндік шаққан жерге жағу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Жолжелкен жапырағының шырыны ағзаның
қызыметін жақсартады, уытын қайтарады.
Тәжірбие 2
Жолжелкен жапырақ шырынының адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Ірінді жараға жағу
Мақсаты: Жағдайының жақсаруы
Уақыты: 22, 23, 24 желтоқсан 2014 жыл
Зерттелуші: Яқұт Ақерке
Зерттеу барысы: Таңертең, кешке ірінді жараға жағу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Күнделікті қолдану жараның тез жазылуына
көмекткседі.
Тәжірбие 3
Жолжелкен өсімдігінің тұнбасының адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Сыздауық шыққан кезде
Мақсаты: Жылы компресс жасау
Уақыты: 15, 16, 17 қаңтар 2015 жыл
Зерттелуші: Есенжол Нағашыбай
Зерттеу барысы: Күніне бірнеше рет мақтаны малып компрес жасау Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Жолжелкен өсімдігінің тұнбасы ағзаның
қызыметын жақсартады
Тәжірбие 4
Құрамында жолжелкен өсімдігі бар дәрінің адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу
Мақсаты: Туберкулез таяқшасын жою
Уақыты: 20 ақпаннан 20 наурыз аралығына дейін 2015 жыл
Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншылуы басылады
Ұсынылады: Күнделікті қолдану
Қоспа № 1
Жолжелкен гүлдеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп
ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр спиртке салып, 10 күн қараңғы
жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде
сақтайды. Дәрі даяр болады. Мұны асқазанмен ішегінде жарасы бар адамдар
күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан
айығып кетеді.
Қоспа № 2
Жолжелкеннің жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр
қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді. Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық
анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит
ауруларына ұшырағанда береді.
Қоспа № 3
Таңертең жолжелкеннің қайнатпасынан жасалған мұзбен бетіңізді сүртіп
отырсаңыз, бұл теріні сергітеді және кішкентай жараларды тез жазады.
Қоспа № 4
Шаршаған аяқты 2 қасық жолжелкен жапырағы қосып қайнатылған су
ваннасында ұстасаңыз, жаныңыз жәй табады.
Қоспа № 5 Қол терiсiнiң күтiмiн жасау соншалықты қиын емес. Оған жағатын лосьонды
үй жағдайында дайындауға болады. Ол үшiн бiрбiр ас қасық жолжелкен
(подорожник), түймедақ (ромашка), календуладан ыдысқа салып, үстiне ыстық су
құйып екi сағат бұқтырып қою керек. Содан соң қоспаны сүзiп алып суына бiр ас
қасық глицерин қосу керек. Қолыңызды күнiне 23 рет осы өзiңiз әзiрлеген
лосьонмен сүртiп жүрсеңiз, оның түрпiдей қалпынан ештеңе қалмай жұмсарып
шыға келедi. Лосьонға глицериннiң орнына 1 шай қасық бал мен 30 гр. көлемiнде
сары май қосуға да болады.
Қоспа № 6
6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды
араластырып қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе бронхит, плеврит
ауруларына ем.
Қоспа № 7
Дала қырықбуыны 15 г, қазтабан 15 г, жолжелкен жапыррағы 20 г – бәрін
қосып, талқандап, бір ас қасығын 2 стақан қайнаған суға шай сияқты бұқтырып, бір
сағат тұндырады,. Кешке жатарда жылы күйінде бір жола бірақ ішеді. Бір емдеу
мерзімі 15 күн.
Қоспа № 8
Көз қызарса
Шыны ыдысқа 2 шай қасық жолжелкеннің піскен дәнін сеуіп, үстіне 2 шай
қасық суық су құяды.Араластырып, үстіне тағы да 6 шай қасық қайнаған су құяды.
Суығанға дейін шайқап тұру керек. Сүзгіден өткізіп, көздің қабынған тұсына
дәкеге малып басады. Қорытынды
Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік
өсімдік жолжелкенді жинап анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, сұқпат,
оқушылар арасында сауалнама жүргізілді, тәжірбие жасалып, сипаттама берілді.
Дәрілік өсімдік жолжелкеннің емдік қасиеті туралы анықталды.
Біз ғылыми жобамызға: Адам ағзасына зиян келтіретін құрамында
химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, адамдар емдік қасиетке толы
шөптер тұнбасын қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді деген гипотеза
қойдық. Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп
айтуға болады. Адамзаттың тіршілік ету барысында өсімдіктер әлемінің алатын
орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрідәрмектердің 40
пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады.Қоршаған орта өсімдіктердің
адам ағзаларын жақсартуда осындай өлшеусіз көмегі барын біздің атабабаларымыз
баяғы замандардан бері жақсы білген.
Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктің саны азаймау
үшін оларды күтіпбаптап, химикаты көп дәрілерді қолданғанша емдік қасиетке
толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегіміз келеді.
Біздің ұсынысымыз:
1. Біз, жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті болғандықтан күтіпбаптау қолға
алынса екен.
2. Жолжелкен өсімдігі туралы әліде тереңірек зерттегіміз келеді.
3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде жолжелкен туралы газет, журналдарға
арнайы мақалалар жарияланып тұрса деген тұжырымға келіп отырмыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Балалар энциклопедиясы «Өсімдіктер әлемі» Фолиант баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
И.И. Курамысова, В.Ф. Аксенова,Н.Г. Татимова «Лекарственные
растения» АлмаАта Кайнар 1989 ж
Қажымұратов М. «Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер»
М. «Қайнар» баспасы, Алматы 1975 ж
Қ.Сыбанбеков «Жасыл әлем сырлары» Рауан баспасы. 1990 ж
Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008 ж
Қазақстан табиғат 2 том ЖҚ «Қазақ энциклопедитясы» Алматы, 2003
Л. К. Сафина, Е.П. Петров «Жасыл аптека» Алматы Қайнар 1992 ж
Стрижев А.Н. «Лесные травы» 1979 ж
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Жолжелкен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.