Жалпы "Өзін -өзі тану" пәнінің ерекшелігі мен маңыздылығын насихаттау барысында өткізілген театрланған іс -шара. Іс шараға 5-7 сынып оқушылары қатынасты. Сахна төрінен пәннің өткізілу барысы мен жалпы адамгершілік құндылықтардың маңыздылығы суреттеліп бейнеленді.Іс шара қалалық семинарда қала мұғалімдеріне көрсетіліп, жақсы бағаға ие болды.Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат (мектептен тыс іс-шара)
( 5 – 7 сынып оқушыларының қатысуымен көрсетілген театрланған көрініс)
Мақсаты:
Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқушылардың өзін - өзі тануда және өзін өзі тану пәнін насихаттау және оқушы бойындағы мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі:
Сахнаны патшалыққа сай безендіру, нақыл сөздер,
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Армысыздар қадірлі ұстаздар, мектебіміздің қонақтар!!! Бүгінгі «Өзін –өзі тану» пәні бойынша 5-7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен дайындалған «Өзін өзі тану әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер! Кештің мақсаты өзін өзі тану пәнін насихаттау және оқушы бойындағы мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
өзін өзі тану әлеміне саяхат.docx
Өзінөзі тану» әлеміне саяхат (мектептен тыс ісшара)
( 5 – 7 сынып оқушыларының қатысуымен көрсетілген театрланған көрініс)
Мақсаты:
Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы
түсініктерін кеңейтуге, оқушылардың өзін өзі тануда және өзін өзі тану пәнін
насихаттау және оқушы бойындағы мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік
сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі:
Сахнаны патшалыққа сай безендіру, нақыл сөздер,
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Армысыздар қадірлі ұстаздар, мектебіміздің қонақтар!!! Бүгінгі «Өзін –өзі тану»
пәні бойынша 57 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен дайындалған «Өзін өзі
тану әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс ісшарамызға қош келдіңіздер! Кештің
мақсаты өзін өзі тану пәнін насихаттау және оқушы бойындағы мейірімділік,
махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
(Сахнада атасы мен немересі сабақ қарап отыр, атасы немересіне үй тапсырмасынан
көмектесіп отыр, бірақ ол түсінбей екеуара сөйлесіп отырады)
Атасы: Оны қайдан алдың ?
Немересі: ата, оны өзін –өзі тану пәнінде оқығанбыз.
Атасы: өзін –өзі тану деген қандай пән ? Мен оны қайдан білейін ?
Немересі: Ата , қазір сондай пән бар мектепте, біз оқимыз.
(Осы кезде баяу музыка ойнап ортаға ӨӨТ пәні келеді.Ол амандасып,өзі туралы
айтады)
ӨӨТ: Ата, сәлеметсіз бе ?Денсаулығыңыз қалай ?
Ата: Аманмын шырағым. Қарағым ау өзің кім боласың ? Қайдан келесің ?
ӨӨТ: Мен ӨӨТ пәнімін, ата.
Ата: Аманбысың, шырағым.Мына немереме үй тапсырмасын орындауға
көмектесейін деп едім, соны түсіне алмай отырған жағдайым бар.
ӨӨТ: Сол сіздердің қиналып отырғандарыңызды естіп келдім.Қолымнан келгенше
көмек қолын созсам деп едім.........
Ата: Рахмет шырағым.Алдымен сізбен танысып алсақ..... Менің заманымда
мектепте ӨӨТ деген пән болмап еді.Ол қайдан, қалай шықты ?
ӨӨТ: иә, ата! Бұл заман талабына сай пайда болды,бірақ іргетасы ертеде
жатыр.Олай болса мен өзімді таныстырып өтейін.
(Слайд көрсетіледі. 23 минут) Немере: Ата, енді түсіндіңіз бе ? үй тапсырмасы туралы..
Ата: ӨӨТ пәнімен таныстым,оның қажеттілігін түсіндім.Бірақ үй тапсырмасын
түсінбедім...
Немере: Түу, ата?!.....
(Осы кезде ӨӨТ саяхат туралы ұсыныс жасайды)
ӨӨТ: Ата, барлығын түсіну үшін менімен бірге ӨӨТ әлеміне саяхат жасауға
барасыз ба ?
Ата: Жарайды шырағым,Жақсыны көрмекке деген......(деп немересіне қарайды)
Немере: Ата, барайықшы!!
Ата: Біз дайынбыз!! Саяхатқа шығуға!!!
(Үшеуі саяхатқа шығуға келісіп, ӨӨТ бірге кетеді) музыка ойнап тұрады.
( ӨӨТ патшалығы деген жазуы бар қаланың шетіне келеді. Аулада Данабек пен
Дымбілмес музыка жайлы әңгіме дүкен құрып отырып ,екеуі дауласып қалады.)
Данабек: Түу,Дымбілмес! сондай музыкадан менің басым ауырып кетеді.....
Дымбілмес: Неге? Маған ұнайды, Данабек.
Данабек: Несімен ұнайды ? Құлағыңды шаршатып жібереді.....
Дымбілмес: Онда сен неге би кешіне барғанда билейсің ? ааа......
Данабек: Дымбілмес сенде қоймайды екенсің. Болды! Енді қазақша күй
тыңдайықшы.
Дымбілмес: жоқ, жоқ. Мынаны тыңдаймыз.
(Ортаға немересі,атасы және ӨӨТ келеді.Олар дауласып отырған балалардың
жанына келіп амандасады. Данабек ӨӨТ дан сұрайды)
Данабек: Айтыңыздаршы, классикалық әуендер сіздерге ұнайды ма ?
Ата:Әрине.Бірақ баламау әрбір адамның талғамы әркелкі болады емес пе ? Мен
қазақтың күйлері мен жыртермелерін ұнатамын.
ӨӨТ: иә, Данабек.Атай дұрыс айтады.Дегенмен де классикалық әуендер барлық
адамдарға ұнайды деп ойлаймын.
Дымбілмес: соны айтамын –ау..
Данабек:Сонда да меніңше классикалық әуеннің ерекше қасиеті бар екендігін
сеземін.
ӨӨТ: Дұрыс айтасың, Данабек.Сіздерден рұқсат болса, мен болған оқиғаның ізімен
жазылған әңгіме айтып берейін.
Шетелдік ғалымдар музыка әлемін зерттеп, олардың түрлерін және пайдасы мен
зияны туралы ғылыми жұмыстар жүргізіпті. Зерттеу барысында классикалық
әуендердің пайдасын аңғарады.Оны іс жүзінде дәлелдеу үшін сиырларға тәжірибе
жүргізіледі.Бір фермада жасы шамалас екі сауын сиырын нысанға алып, олардың
біріншісіне тек классикалық әуендер, ал екіншісіне тек рок стиліндегі әуендерді
ғана тыңдатады. Араға 2 ай салғаннан кейін ғалымда өз тәжірибе нәтижесін көріп
таң қалысады.Бірінші классикалық музыка тыңдаған сиырдың сүті 2 есе көбейгенін,
ал екінші рок музыка тыңдаған сиырдың сүті мүлдем тартылып қалған екен. Дымбілмес:ой, неткен қызық?! Негізі маған «Тыныштық сәті» кезіндегі әуендер
ұнайды.
Немере: Мен де «Тыныштық сәтін» ұнатамын.
Данабек: Себебі «Тыныштық сәтінде» классикалық әуендер қойылады емес пе ?
ӨӨТ: иә, әрине. Классикалық әуендер,күйлер таңдалып алынады.
Ата: Ойбуй, тоқтаңдар! Не деп кеттіңдер ? Қайдағы «Тыныштық сәті» ? қайдағы
классикалық әуен ? Не айтып кеттіңдер ?
ӨӨТ: Ата, ӨӨТ патшалығының өзі «Тыныштық сәтінен» басталады.Мына
орындыққа отырыңыз. Мен «Тыныштық сәті» ортаға шақырайын.
(Ортаға «Тыныштық сәті» (ТС) келеді, амандасып өзін таныстырады)
ТС: сәлеметсіздер ме ? ӨӨТ патшалығына қош келдіңіздер!!!Мен «Тыныштық сәті»
боламын.Әрбір сабақты өзім бастап, балаларға жақсы көңіл күй сыйлау менің
мақсатым .
Ата: тамаша екен! Оларың дұрыс. Себебі баланың көңіл күйі болмаса білім де ала
алмай қалады және олар тез өзгеріп отырады емес пе ?.....
ӨӨТ: Сөз кезегі өзіңізде «Тыныштық сәті»
ТС: «Нұрға бөлену» 3 минут (тыныштық сәтін өткізеді)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяққолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңыз бен тілекқалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар
сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат
құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,
ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек
жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға
бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр біртебірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға,
мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкіртүпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
ӨӨТ: ата қандай сезімде болдыңыз ?
Ата: Ой, қандай тамаша сезім!!! Жолдан шаршап келгенімнің барлығын ұмытып
кеткендей болып отырмын. Рахмет, саған ! «Тыныштық сәті»
Немере: Ата ,сізге де ұнады ма ?
Ата: Ұнағанда қандай !!! Дауысы қандай ғажап !!!
(Данабек пен Дымбілместе жарасып ұнайтыны туралы айтады)
Данабек: мен сабақтың осы сәтін ұнатамын...
Дымбілмес: маған тыныш отырып музыка тыңдаған ұнайды
ТС: мен адам өзін жақсы сезіну үшін керемет әуендерді таңдап аламын және
сабақтың соңында да көрініс табамын
Ата: Мынандай «Тыныштық сәті» тамаша екен. Сіздерге де ұнады ма ?
( ата залда отырғандардан сұрайды, бірнеше кісі өз ойларын айтады)
ТС: ата, ренжімесеңіз. Мен асығыс едім.Рұқсат болса, жүре берсем...
ӨӨТ: Рахмет!!! Саған «Тыныштық сәті». Кездескенше, кешігіп қалма!!!
(«Тыныштық сәті» қоштасып шығып кетеді де ортаға қолында кітаптарымен
қағаздары бар «Дәйексөз» өзімен өзі сөйлесіп келе жатыр)
ДС: Сәлеметсіздер ме ?(барлығы амандасады)
ӨӨТ: Не істеп жүрсің «Дәйексөз» ? мынау не қылған кітаптар мен қағаздар ?
ДС: Ертеңгі сабаққа «Алтын бесік Атамекен» тақырыбына дәйексөз іздеп, маған
ұнағаны болмай тұр......
Дымбілмес: Оны қалай табасың ? Ол қандай болуы керек ?
Данабек: Иә, айтыңыз! Бәріміз көмектесейік.
ДС: Ол даналардың айтқан сөздерінен, мақалдар мен мәтелдерден, нақыл
сөздерден тұрады және айтуға,есте сақтауға ыңғайлы ,ең негізгісі мағынасы терең
болуы қажет.
Ата: балаларға осындай сөздер үйретсеңдер, ол өте жақсы іс екен....(немересі
сөйлеп кетеді)
Немере: Сабақта дәйексөзді бәріміз бірге айтамыз.
Ата: Не үшін, қандай мақсатпен айтасыңдар ?
ДС: Балалар хормен айтқанда олар бірліктің маңыздылығын түсінеді.Алдымен ел
қорғаны болар ер балалар 2 рет, сосын елдің көркі болар қыз балалар 2 рет, содан
соң бәріне бірге 2 рет айтқызып отырамын.
Данабек: Ата, ер қорғаны ер балалар дегенде өзімізді нағыз азаматтай сезінеміз. Дымбілмес: Алдымен ұлдар айтқанда біздің дауысымыз қыздардан жоғары
шығады.(мақтанып)
Ата: нағыз тәрбие көзі сізде екен ғой,
ДС: тек айтқызып қоймай, оны сұрақтар беру арқылы талдап отырамыз.
Немере: Ата, сіз көптеген нақыл сөздер мен мақалдар білесіз ғой. «Дәйексөз»
көмектесіп жіберейікші (жалынышпен)
ӨӨТ: иә, Ата! «Дананың көзі –қария» демекші бүгінгі сабаққа дәйексөзді сіз
айтып берсеңізші.
Ата: Атамекен деген ұғымның мағынасы өзі тереңде жатыр.Ол туралы талай
данышпан мен ақындар жырлап өтті. Отан – адамның атабабаларынан бері қарай
кіндік қаны тамып, өсіп өткен жері.Сондықтан кімде болса, өз Атамекенін –ең
аяулы жан Анаға балайды.Әрине мақал, нақыл сөздер жеткілікті.
1.Ер туған жеріне,
Ит тойған жеріне.
2.Опасызда Отан жоқ.
3. Отан оттан да ыстық
ДС: Ата, маған сіздің мына айтқаныңыз ұнады «Отан оттан да ыстық» дегенді
Бауыржан атамыздың айтқан сөзі сабағымның көркін аша түсетіндей...
ӨӨТ: тамаша нақылсөз. Рахмет Сізге!!!!
ДС: олай болса мен кеттім. Балалар жүріңдер дәйексөзді қайталып көрелік.
(Дәйексөз өзімен бірге Данабек пен Дымбілместі де ертіп кетеді.Сахнада ата,
немере, ӨӨТ қалады.)
ӨӨТ:Ата, сізді патшалығымыздың көне көз қариялары – құндылықтармен
таныстырайын. Жалпыадамзаттың бойындағы бар қасиеттерді өз бойларына
жинаған 5 құндылықпен таныс болыңыз.
Ақиқат: тақпақ оқиды
Сүйіспеншілік: жүрекке тілек
Дұрыс әрекет:тақпақ
Ішкі тыныштық:сурет салу
Қиянат жасамау:жалғасын табу
(Жалпыадамзаттық құндылықтар ағашын құрастырады)
Немере: Ата, енді үй тапсырмасын түсіндіңіз бе ?
Ата: Иә, балам!! Енді бәрі де түсінікті.Үйге қайтайық, рұқсат болса :.....
ӨӨТ: Ата, біздің патшалығымыздың сізге арнаған тосын сыйы бар.Ол «Топпен ән
айту» деп аталады.
Немере: қандай ән айтамыз ?
ӨӨТ: әннің аты «Атамекен»
Сөзі: Қ.Мырзалиев
Әні: Е.Хасанғалиев
(Барлығы ортаға шығып ән айтады, ән аяқталып қалған кезде ТС келеді) ТС: мен де дәл уақытында келгендеймін.Ата, сізге бүгінгі ӨӨТ әлеміне жасаған
саяхатыңыздан алған әсеріңіз қандай болды ?
Ата: Тамаша!!! Бүгін уақытымды бөліп ӨӨТ патшалығына келгеніме
қуаныштымын. Патшалықтың тұрғындарымен 5 құндылық, ТС, ДС танысқаныма
қуаныштымын.
Мен үшін пайдалысы –енді немереме көмектесе алатыным.( күліп)
ӨӨТ: Мен де қуаныштымын.Ата, қазақтың салтына сай сізден бата сұрайық....
Ата: Бата
Бақытты балғын балалар,
Тілектес сізге аталар.
Жақсы болсаң, балалар!
Қуанышта атааналар.
«Көп тілегі кел» деген,
Бұрынғы өткен даналар.
Әдепті боләділ бол,
Сан тілекті ақтарып.
Абылайдай айбатты болыңдар,
Ағыбайдай қайратты болыңдар.
Отанның адал ұрпағы болып,
Жастан жасқа толыңдар!!!
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
"Өзін - өзі тану" әлеміне саяхат
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.