Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"
Оценка 4.9

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Оценка 4.9
Работа в классе
doc
воспитательная работа
2 кл
05.11.2019
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"
Бұл жұмыс жалпы білім беретін мектептердің екінші сыныпқа өзін-өзін тану пәнінен сабақ беретін ұстаздарға көмек ретінде ұсынылады немесе бастауыш сыныптарда сынып жетешілерге тәрбие жұмысында сынып сағаттарында және тәрбиелік іс шараларда қолдануға болады. Ұстаздар немесе сынып жетекшілер өз тәжірибелерінде қолданады деп үміттенемін.
Дос болуды үйренеміз.doc
«Өзін­өзі тану» сабағының жоспары Мектеп: «О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Мерзiм: 09.02.2018 ж Мұғалiм: Исанова Ш.А Сынып: 2 В  Оқушылар саны : 14 Тақырып: «Дос болуды үйренеміз»  Қасиеттер: Адалдық, татулық, бауырмалдық Сабақ мақсаты: Бір­біріне адал дос болуға үйрете отырып, қиянат жасамау түсінігін кеңейту. Міндеттері:    Досқа адал болу мағынасын ашу. Татулық қарым­қатынастарын нығайту. Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа. Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңi.  Мұғалім: — Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.  Енді балалар,  қонақтармен амандасамыз. Үлкенге де – сіз, Кішіге де – сіз, Қонақтарға құрметпен Бас иеміз біз. «Жылы жүрек» бір­біріне жылы лебіздерін білдіру.  Аспанымыз ашық болсын Елімізде тыныштық болсын Бейбітшілік болсын Ақылды бол Күніміз жарық болсын Білімді бол Отбасымыз аман болсын Әдепті бол Татулық болсын Әрқашан күн сөнбесін Достығымыз берік болсын Денсаулық тілеймін! ­Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық.  Балалар, лицейімізде қандай апталық болып жатыр? Яғни, жақында осы өзін­өзі тану пәнінің негізін қалаған Сара Алпысқызының туған күні  келе жатыр екен. ­Үйге толығырақ мәлімет қарап келу тапсырылған болатын.  ­ Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болуды үйренеміз» деп аталады, яғни  «достық», «дос» туралы әңгімелейміз.  1.Адал достықты қалай түсінесіңдер?  2.Сендердің достарың көп пе?  3.Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?  4.Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?  Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым­қатынас, бір – біріне деген  сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір­бірін режітпейді, керісінше нағыз достар бір­ бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады. Мәтінмен жұмыс   «Екі дос» ертегісі   (видео көрсету) Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде  біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада  қалып кетеді. Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата  қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға  өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің  құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді. Сонда досы: «Досына қауіп ­ қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану  керектігімді, айтты» дейді. Талдау сұрақтары: ­ Қалай ойлайсыңдар бұлар адал дос па? ­ Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар? ­ Нағыз дос қандай болуы керек? ­ Қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?   Міне, осындай жағдаяттардан дәйексөз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар  дәйексөзімізді  «Достықты достық шақырады» деп атайық. Достық бір­біріне деген  сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы  асыл қасиетке теңейміз. Шығармашылық жұмыс:  «Жалғасын тап» Ойыны Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын. Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Тыныштық сәті. Дәптермен жұмыс.  «Менің досым» тақырыбында эссе жазу ­Балалар, мен сіздерге үйден дос туралы өлең жаттап келуге бергенмін. Жаттап келдіңдер  ме? Дос дегенің өмірдегі – тірегің, Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің, Егер досың адал ниет жан болса, Орындалар армандаған тілегің! Дос жүрегі қашанда аңсағаным, Солармен қосылып ән саламын. Ақ пейілді аңсаған достарымды Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын! Достық — әдеп, сыйласым, Дос — өмірлік, қимасың. Дос – арыңдай қымбатты, Достық сезім тым тәтті!   Достық – игі жақсылық, Достық ниет­ жақсы үміт. Достық жасап адамға Достаса біл әмәнда! Қорытынды:  «Адал дос» қандай болу керек? Алдымыздағы жүрекшелерге жазып , «Достық» ағашына  ілеміз.  Міне, біздің «достық ағашымыз» қандай  әдемі болып кетті. Осы «достық ағашымыз»  тамырын терең жайып,   барлық әлем балаларын достыққа, жолдастыққа, бірлікке шақырып өсе берсін! (балалар қолдарын шапалақтап, қуанады).    Өзің жақын жолдас болсаң, досың да көп болады. Бір – біріне сенімді шын достар, кешірімді болады, достықтарын бұзбайды. Ендеше, қол  ұстасқан күйімізде, біз бақытты елдің бақытты балаларымыз дей отырып, ән шырқайық  жүректен шыққан жылы сөз жүрекке барып тиеді. Ендеше шын жүрегімізбен шырқаған ән  сіздердің жүректеріңізге достық туын қадасын. Жүректен — жүреке Ән «Дос болайық бәріміз». «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ Ашық сабақ Пәні: Өзін­өзі тану Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз Сыныбы: 2 «В» Пән мұғалімі: Исанова Ш.А 2017­2018 оқу жылы

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дос болуды үйренеміз"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.11.2019