Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )
Оценка 5

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )

Оценка 5
Лекции +1
docx
биология
9 кл—11 кл
25.05.2018
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы  (на казахском )
Бүйрек арқылы ағзадан су, тұздар, зат алмасудың кейбір қалдық өнімдері, бөгде заттар мен улы заттар шығарылады. Терідегі тер бездері арқылы су мен тұздар бөлінеді. Өкпе – ағзадан көмірқышқыл газы, су, кейбір ұшқыш заттардың (эфир, хлороформның булары) шығарылуына қатысады. Ішектердің (тоқішек) кілегейлі қабықшасы арқылы қаннан өт пигменттері, ауыр металдардың тұздары (кальций) шығарылады.
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы.docx
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару – ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті. Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге – бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады. Бүйрек арқылы ағзадан су, тұздар, зат алмасудың кейбір қалдық өнімдері, бөгде заттар мен улы заттар шығарылады. Терідегі тер бездері арқылы су мен тұздар бөлінеді. Өкпе – ағзадан көмірқышқыл газы, су, кейбір ұшқыш заттардың (эфир, хлороформның булары) шығарылуына қатысады. Ішектердің (тоқішек) кілегейлі қабықшасы арқылы қаннан өт пигменттері, ауыр металдардың тұздары (кальций) шығарылады. Зәр шығару жүйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір қуық және бір зәр шығару өзегі жатады (87, а-сурет). 87-сурет. Зәр шығару жүйесі: а) 1 – бүйрекүсті без; 2 – бүйрек ; 3 – төменгі қуысты вена; 4 – қолқа; 5 – қолқаның құрсақ бөлігі; 6 – бүйрек венасы; 7 – несепағар; 8 – қуық; 9 – зәр шығару өзегі ә) бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысы: 1 – қыртысты қабат; 2 – милы қабат; 3 – пирамидалар; 4 – бүйрек емізікшелері; 5 – кіші тостағаншалар; 6 – бүйрек қақпасы; 7 – бүйрек астаушасы; 8 – несепағар Бүйректің құрылысы. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі – бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1–2-бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті (86-сурет). Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек (1–1,5 см) орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады. Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің боз (милы) затында ұштары бүйрек астаушасына қарай бағытталған 15–20 пирамида орналасқан. Пирамидалардың қыртысты затқа қараған шеті жалпақ. Пирамидалардың астаушаға қарай бағытталған шеті бүйрек емізікшелері деп аталады. Ондағы ұсақ саңылаулар кіші тостағаншаларға ашылады. Әрбір бүйректегі кіші тостағаншалардың саны 8–9. Олар өзара 2–3 үлкен тостағаншаға бірігеді. Үлкен тостағаншалар бүйрек астаушасына ашылады. Бүйрек қақпасында бүйрек астаушасы тікелей несепағармен байланысады. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі – нефрон (грекше «nephros» – бүйрек) деп аталады (88-сурет). Әрбір бүйректе 1 млн-нан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі – бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі – иір өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз (милы) затында орналасқан. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан. Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет капилляр (ұсақ қантамырлар) шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет шумақ құрайды. Бүйректің қызметі. 1. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп қалады. 2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді. 3. Бүйрек – күрделі биологиялық сүзгі: ағзадағы артық су, тұз, дәрі заттарды шығарып, жетіспейтін заттарды сүзіп алып қалады. 4. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. 5. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. 6. Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Несепағардың құрылысы. Несепағар – қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше. Ересек адамдарда оның диаметрі 6–8 мм, ұзындығы 25–30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Қуықтың құрылысы. Қуық кіші жамбас қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда қабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да қабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі кілегейлі қабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. 88-сурет. Нефронның құрылысы: 1 – капилляр шумағының капсуласы; 2 – капилляр шумағы; 3 – иір өзекшелер; 4 – капилляр кантамырлары; 5 – жинағыш түтікше; 6 – бүйрек артерия қантамыры; 7 – бүйрек вена қантамыры Зәр шығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәр шығару өзегінің ұзындығы 3–3,5 см. Зәр шығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәр шығару өзегінің ішкі кілегейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәр шығару тесігімен аяқталады. Ер адамның зәр шығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәр шығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы  (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы  (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы  (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы (на казахском )

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы  (на казахском )
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.05.2018