Топтың жас ерекшелігі: ересек тобы
Тақырыбы: « Бүкіләлемдік қол жуу күні»
Мақсаты:Балалардың мәдени гигиеналық дағдыларын күнделікті қалыптастыра отырып, соның ішінде, негізгі мақсат қолды дұрыс жуа білуге үйрету, соған баланы қалыптастыру және осы дағдыларды өз еріктерімен орындай білуге үйрету.
Міндеттері:
БМ:балаларды өз денсаулығына қамқорлық жасауғажәне қолды жууға үйрету ;
ДМ:логикалық ойлауды, зейінді дамыту, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру ;
ТМ:әрқашан сау болуға деген ұмтылысқа және қолдарын жуып жүруге тәрбиелеу,
Құрал - жабдықтар: суреттер, қап, тазалық бұйымдары, қарындаштар.
Сөздік жұмыс:
Күнінің бірінші жартысы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін қандай күн екенін білесіңдер ме? Бүгін бүкіләлемдік қол жуу күні! Біз қолымызбен бәрін жасаймыз-жазамыз, сурет саламыз, мүсіндейміз, құмда ойнаймыз, жейміз, жуамыз, құшақтаймыз. Аналар өз қолдарымен тамақ дайындайды! Үйде және балабақшада әрдайым: "қолдарыңды жуыңдар!» деп айтады.
-Сендер қолдарыңды жуасыңдар ма?
- Қолды қашан жуу керек?
Балалардың жауаптары: Көшеден кейін, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, жануарларды ұстағаннан кейін, түшкіргеннен кейін.
Тәрбиеші: Балалар, неге біз қолымызды жуамыз?
Балалардың жауаптары.
-Жарайсыңдар балалар! Жуылмаған қолдар арқылы ағзаға әртүрлі жаман микробтар түседі! Және олар үшін біз ауырып қалуымыз мүмкін!!! Бірақ біз қолды қашан жуу керек екенін және оларды мұқият және дұрыс жууды білеміз! Қолды қалай жуу керектігін еске түсірейік!
Жеңімізді түреміз. Кранды ашамыз. Сабын аламыз. Қолымызды сабындап жуамыз.Қолымызды құрғатып сүртеміз. Жеңімізді түсіреміз.
Ойын "Алдымен не, содан кейін не?".
Балалар, суреттерге қараңдар, алдымен не істеу керек? Содан кейін не? Суреттерді дұрыс ретпен орналастырыңдар.
1. Жеңдерді түру
2. Кранды ашу
3. Қолға сабын алу
4. Қолыңды сабындау
5. Сабынды таза сумен жу
6. Кранды жабу
7. Сүлгімен қолды құрғатып сүрту
8. Жеңді түсіру.
Саусақты ойын
Қолжуғыштың қасына, (алға қарай жүреміз)
Келе қалды балақан.
Ысқылады асыға, (екі қолдың алақандарын қосып үйкейміз)
Алақанды алақан. (екі қолдың алақандарын ашып қуанады)
Қарады да сосын ол . (екі қолын көрсетеді)
«Тап – таза » деп қуанды. (денемізді оңға бұрып, екі алақанды
үйкейміз солға бұрып үйкейміз)
Қандай жақсы, екі қол,
Бірін – бірі жуады.
Жұмбақтарды шешу
- Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
- Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не? (Сүлгі)
-Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
-Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
-Жуынып болғаныңда,
Жүреді қолдарыңда. (Орамал)
-Қалтамда жатыр,тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)
-Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)
-Енді біз "Топ. шапалақ"деп аталатын ойын ойнаймыз. Егер сендер "иә" деп айтқыларың келсе, онда шапалақтайсыңдар, егер жоқ болса, онда аяпен еденді ұрасыңдар. Мұқият болыңдап. Сонымен, біз бастаймыз.
"Топ, шапалақ" ойыны.
А) Қолды сабынмен жуады. (шапалақ)
Б) Жуыну кезінде суды шашады (топ)
В) Тістерді тазалаудың қажеті жоқ (топ)
Г) Шашты тарап қажет емес (топ)
Д) Тісті тіс пастасымен тазалайды.
Е) Қолды жуар алдында жеңді түру қажет(шапалақ)
Ж)Кір саусақтарды ауызға салуға болмайды. (шапалақ)
ҰОІӘ кесте бойынша.
Ұйқыға дайындық.
Күннің екінші жартысы:
Тақпақ жатттау
Дос бол, сабын су мен сен
Жиі – жиі жуын сен
Таңертен де , кешке де
Жуын күндіз түнде де
Жуын тамақ алдында
Жуын тамақ соңында
Жуын ұықтар кезінде
Жуын тұрған мезгілде
Тапсырма "Суреттерді боя".
-Қарайық, суреттерде не салынған?
Балалар: тазалық бұйымдары,
- Балалар, олар не үшін керек?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл заттар біз таз жүруіміз үшін өте қажет. Енді осы суреттегі заттарды бояп не үшін қажет екенін айтыңдар. (Балалар суреттерді бояйды.)
-Мен сендерге"Ғажайып қап" ойынын (жеке гигиена заттарымен) ойнауды ұсынамын. Шеңберге тұрамыз, музыка ойнағанда бір*- біріңе қапты бересіңдер, музыка аяқталған кезде, қап кімнің қолында болса, сол бала ортаға шығады да, қаптан бір затты алады және сол затты қолданатын әрекетті көрсетеді (тіс щеткасы – біз тістерімізді жуамыз және т.б.), ал қалғандары қайталайды.
Қорытындылау:
-Балалар бүгін қандай күн?
-Қолды қалай жуамыз?
-Қай кезде қолды жуу керек?т.б.
№ 10 «БАЛ БҰЛАҚ» ЯСЛИ-БАҚШАСЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ- ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ БЕЙІНІНДЕГІ» КМҚК
![]() |
ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮН
««Бүкіләлемдік қол жуу күні»
Дайындаған:Шакерова М.А.
Топ №14 ересек тобы
Өткізу мерзімі: 15.10.2020
Семей 2020
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.