12 - сәуір ғарышкерлер күні. Тәрбие сағаты
Оценка 4.6

12 - сәуір ғарышкерлер күні. Тәрбие сағаты

Оценка 4.6
docx
08.02.2023
12 - сәуір  ғарышкерлер  күні. Тәрбие  сағаты
12 - сәуір Ғарышкерлер күні.docx

Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні

Сабақтың мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері

Кіріспе:
Армысыздар  оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарыш  алаңының  ресми туған  күні- 1955 ж 2 маусым.Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол ғарышта 1 сағат 48 минут болды. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.Байқоңыр  атауы тарихқа 1961 жылы кірді. 1959 жылы «Луна» ғарыш  аппараты  айға  қонды. әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа
     Лайка - ғарышқа сапар шеккен салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Сонымен олар 1960 ж 19 тамызда «Спутник - 1»ғарыш аппаратымен  аспанға самғады.
           Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
      Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып әртүрлі Ашықхаттар әзірленді.
   1963ж 16 маусымда ғарышқа  тұңғыш  әйел  адам Валентина  Терешкова ұшты. 1965 ж Алексей  Леонов ашық  ғарышқа  шыққан  тұңғыш  адам.
   Ануар: Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Оған Кеңестер  Одағының  батыры атағы  берілді. Ол  1934 жылы  дүниеге  келіп, 1968 жылы  ұшақты  сынақтан  өткізу  кезінде  дүниеден  өтті.

 Қуаныш:  Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Ол ғарышқа  1991ж 2 қазанда «Союз ТМ -13» ғарыш  кемесімен  ұшып, 7 күн 22 сағат 13 минут болды.

  Мұхаммед: Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
Ол ғарышқа үш рет  ұшты. 1994ж  ұшып – 126 күн, 1998ж 208 күн,2001ж 8 күн  болды.

Қайыржан: Айдын  Айымбетов – 2015 ж «Союз ТМА -18М»ғарышкемесімен ғарышқа ұшқан  үшінші  адам. Ол ғарышта 10 тәулік болды.Биыл  ғарышқа  ұшудың 60 жылдығы  тойлануда.

Ұшқыш болғым келедi
Айдана:

Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келедi!

Ақ үміт Күнге күлiп, күй тартқан,
Айға әнiн тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келедi!

Сара Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!
Жансая:

Самат Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келедi!

Қуандық Ар, намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған,
Туған елiн - ұясын,
Жан - тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келедi!

Ұшқыш болмай немене,
Куат бiттi денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келедi!

Тамирис:Қазақстандағы Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден”Космос”,”Протон”т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.
Айзере:
  Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды..
   Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.
Айгерім:

Тұңғыш ғарышкер
Жазира бар ма мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.

Осы жол қайқаң етiп
Аспанға бiр
Атылған асқақ шыңдай
Асқанда қыр,
Сақина жасап ұшып
Мұзбалақтар,
Қонады төңiректi басқанда iңiр.

Сұлыухан Ел де - ана,
Тарих та - ана,
Өлең де - ана,
Анамыз - мынау байтақ ғалам - дала.
Есiмi Бостандықтың,
Табиғаттың –
Бәрi ана,
Анаң барда алаңдама!
«Ән» Біз косманавт боламыз»
Дарын:Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.
Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады.
Ердос:

Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.
Ясмина: Шолпан – Күннен 108 млн. шақырым қашықтықта орналасқан 2 - шi ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кiшi. Күндi 225 тәулiкте айналып өтедi. Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бiрде бiр мақұлық өмiр сүре алмайды.
Амина:
Марс – 4 - шi ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2есе кiшi. Күндi 687 тәулiкте айналып өтедi. Марстың 2 серiгi бар – Фобос және Деймос. Серiктер Марсты айнала қозғалумен қатар Kүндi де Марспен бiрге айналып өтедi.
 Ясмин:
Юпитер - Күн жүйесiндегi 5 - шi ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11, 5 есе үлкен. Күндi 11, 9 жылда айналып өтедi. Юпитердiң 16 серігi бар. Соның iшiнде Ганимед Күн жүйесiндегi ең үлкен серiк.
 Е.Жансая:Сатурн – 6 - шы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелiгi сансыз көп тастардың кесектерiнен, мұздан және шаң - тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрiздi болып келуi. Диаметрі Жерден 9, 5 есе үлкен. Күндi 29, 5 жылда айналып өтедi. Айналасында 17 серiгi бар.
Әйгерім:Уран – 7 - шi ғаламшар 18 ғасырда ашылған. 1781 жылы нeмiс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның күннен алыстығы соншалық, күннен бөлiнiп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серiгi бар. Күндi 84 жылда айналып өтедi.
Ақжүніс
: Нептун – 8 - шi ғаламшар. 1846 жылы ғылымға белгiлi болды. Оны француз Урбен Леверье жаңа ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас.
Мөлдір: Плутон – Күн жүйесiндегi ең кiшкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6млрд. шақырым қашықтықта орналасқан. Күндi 247, 7 жылда айналып өтедi. Ғаламшардың жалғыз серiгi Харон 1930 жылы американдық астроном Клайд Томбо ашты.
Айзере:Камета – Құйрықты жұлдыз. Тастардан, шаң - тозаңдардан араласқан алып мұздардан тұрады. Жер - Күннiң санағындағы 3 - шi ғаламшар. Күннiң айналасындағы өзiнiң жолын жер секундына 30 км жылдамдықпен өтедi. Жер бетiнiң жалпы ауданы 510 млн. км. кв. оның 70%- ы су, қалған 29%- iн құрлық алып жатыр.
   Ай – жердiң табиғи серiгi, оған ең жақын аспан денесi. Ай – бiздiң ғаламшарымыздың жалғыз серiгi. Айдың диаметрi жердiкiнен 4 есе кiшi. Сағатына 28000км жылдамдықпен ұшатын ғарыш кемесiнен Айға 13сағат 43минутта жетуге болады. Күн және оны айналып жүретiн ғаламшарлар мен олардың серiктерi күн жүйесiн құрайды. Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрiнетiнiн және көрiнбейтiнiн жинақтап адамдар ғарыштық кеңiстiк деп атайды. Ғарыш кеңiстiгiнде шек жоқ. Ғарыштағы қашықтық өлшемi үшiн көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бiрлiк ретiнде алынады. Жарық секундына 300 мың км. жылдамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан астам уақытта жетедi.

Қуаныш:Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.
Қорытынды:

 1.Оқушылар жасап  әкелген  ғарыш  кемелерінің  макетін, салып  келген  суреттерін  таныстырды.

2. «Ғарыш» Туралы  видиролик  көрдік. 3. Үйге  тапсырма  берілді. «Ғарышқа  сапар» эссе  жазып келу.


 

Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні

Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын

Жан - тәнімен сақтаған Ұшқыш болғым келедi! Ұшқыш болмай немене,

Жан - тәнімен сақтаған Ұшқыш болғым келедi! Ұшқыш болмай немене,

Есiмi Бостандықтың, Табиғаттың –

Есiмi Бостандықтың, Табиғаттың –

Харон 1930 жылы американдық астроном

Харон 1930 жылы американдық астроном
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.02.2023