1867-1868 ж.ж. реформалар
Оценка 4.6

1867-1868 ж.ж. реформалар

Оценка 4.6
Работа в классе
docx
история
8 кл
30.01.2017
1867-1868 ж.ж. реформалар
1867-1868 жылдардағы реформалар және оның жүзеге асырылуы,реформаны жүзеге асыруда белгілі адамдардың еңбегі, артқшылықтары мен кемшіліктері жөніндегі 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары.Бұл сабақ жоспарында топтық жұмыс беріледі.Топтар А3 қағазында жұмыс жасай отырып, берілген тапсырманы топпен қорғайды.Сонымен қатар осы жылдардағы генерал-губернаторлықтар картадан көрсетіледі.
1867-1868 ;7;7 htajhvf.docx
Сынып: 8 «А» Тақырыбы: 1867­1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар Сабақтың мақсаты:  1) Білімділік : оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және  1867 ­ 1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын  түсіндіру; 2) Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,  жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды  салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету.  3) Тәрбиелік : оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана ­  сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек ­  сызбалар, қосымша материалдар. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, түсіндіру, пікіралысу, жазбаша  тапсырмалар І. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті 1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетіне қандай екі идеялық  ағым болды? 2. Махамбет Өтемісұлы кім болды? 3. Шернияз, Шөже, Сүйінбай ақындарының өнері қандай болды? 4. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алды? 5. Материалдық мәдениет дегеніміз не? ІІІ. Жаңа сабақ барысы 1. 1867­1868 жж. реформаны дайындау 2. Реформаның мазмұны, мәні.       Мұғалімнің түсіндіру сөзі: Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және  1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар дами бастаған кезде  өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.      Патша үкіметі 1867 ­ 1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік  реформа жүргізді. Реформа жүргізудің негізгі мақсаты:      Сұлтандар тобын өкімет билігінен біржола ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді.      Реформа дегеніміз ­ қоғамдық өмірдің қандай да бір жағын қайта құру,  өзгерту, жаңарту.    ХІХ ғасырдың 60 ж. қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Бутков бүкіл қазақ даласын екі  облысқа бөлуді ұсынды: Орталығы ­ Торғай орталығы ­ Сергиополь немесе Қарқаралы Комиссия ұсынысы Орынбор генерал ­ губернаторы А. П. Безакқа  тапсырылды. 1864ж. 29 қыркүйегінде Безак Орынбор қазақтарының облыстық  басқармасына қажетті мәліметтерді жинастыруды тапсырды. 1865 ж.  Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.  А. Крыжановский тағайындалып, Бутков комиссиясының бұл ұсыныстары  қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау үшін « Дала комиссиясы»  құрылды.     Оқушылар топқа бөліп, топтық тапсырмалар беріледі.Әр топқа  ламинатталған А3 қағазы таратылып, берілген тапсырманы қысқаша түрде  фломастер  арқылы толтырып, рет­ретімен қорғайды.       1 –топ: Дала комиссиясы? (Оқулықтағы Дала комиссиясы туралы  мәліметтерді қысқаша А3 қағазына түсіру арқылы қорғау) Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарды Оның құрамы: ­ Бас штабтан ­ полковник Ф. К. Гейнс ­ Орынбор өлкесінен полковник К. К. Гутковский ­ Батыс Сібір ген ­ губ. Капитан А. П. Проценко 1865ж. 5 маусымда ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ өлкесін  зерттеп білу мәселелері дайындалды. Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның талап ­ тілегі ескерілмеді. Қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов: ­ Қазақстанды билеуді халықтың өзін ­ өзі басқару негіздерінде қайта құруды; ­ Әлеуметтік ­ экономикалық жаңалықтар енгізуді талап етті. Қазақ жерінде реформаны тезірек асыруды көздеген комиссия феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады. Батыс Сібір генерал  губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан  Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан  Сейдәліұлынан т. б. ауқатты ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сенім  артты. Сөйтіп: ­ 1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша « Сырдария мен жетісу  облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» ­ 1868 жылы 21 қазанда « Орынбор және батыс Сібір генерал  губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару турлы уақытша ережені»  бекітті. 2­ топ : Қазақ жерінің бөлінген генерал­губернаторлығы?  (Оқулықтағы Қазақ жерінің бөлінген генерал­губернаторлығы туралы мәліметтерді қысқаша А3  қағазына түсіру арқылы қорғау) Бүкіл қазақ жері 3 генерал ­ губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор,  Батыс Сібір, Жетісу: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ Сырдария: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент,  Ходжент, Жизақ Орынбор: Орал, Атырау, Калмыково, Жем Торғай: Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай Ақмола: Көкшетау, Омбы, Петропавл, (Атбасар, Сарысу) Семей: Қарқаралы, Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, (кейінен Павлодар, Өскемен) Генерал ­ губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі  кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына  берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер  жиынында 3 жылға сайланатын. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген  ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. 1. Әскери билік қолында болды. Генерал – губернатордың 2. Азаматтық билік қолында болды Құзырына 3. Болыстарды, уезд бастықтарын тағайындады. 1. Сол аймақтағы казак әскерінің үкімет Әскери губернатор тағайындаған атаманы болып есептеледі. Құзырына 2. Билер мен қазылар сотын бекітті. 3. Ақсақалдарды бекітті 3 – топ: Реформаның жағымсыз жақтары:  (Оқулықтағы реформаның  жағымсыз жақтары туралы мәліметтерді қысқаша А3 қағазына түсіру арқылы  қорғау) 1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады; 2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды; 3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын  бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді; 4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын  көрсетті; 5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті; 6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез ­ келген сылтаумен  тартып ала беретін болды; 7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі  қызметтер ғана тиді; 8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды ­ солды емін  ­ еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат  көзіне айналдырды. 4 –топ: Реформаның жағымды жақтары:  (Оқулықтағы реформаның  жағымды  жақтары туралы мәліметтерді қысқаша А3 қағазына түсіру арқылы  қорғау) ­ Қазақстанның әлеуметтік ­ экономикалық дамуында белді орын алды; ­ Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты; ­ Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады; ­ Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі  өзгеріске түсті; ­ Кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына  шоғырлануы. Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы  сияқты ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай  мысқылдаған. Мысалы Абайдың «Күлембайға» арнаған өлеңі. IV. Бекіту сұрақтары: (Интерактивті  тақтада сұрақтар жауапсыз  көрсетіледі) 1­ тапсырма. Қажетті датаны қойыңыздар. 1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы  құрастырылды? ( 1865 ж. 5 маусым) 2. «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстары бойынша» патша жобасына  қай жылы қол қойылды? (1868 жылы 21 ­ қазан) 2­ тапсырма. Есімдерді жазыңдар 1. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау  жөніндегі комиссияны басқарған статс ­ хатшы кім? (И. И. Бутков) 2. 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды көшірудің уақытша ережесін» кім  жасады? (Калпоковский) 3. 1867 – 1868 жылы. Реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы. (Ш. Уәлиханов) 3­ тапсырма. Картамен жұмыс: (Интерактивті тақтада көрсетілген картадан генерал –губернаторлыққа қандай аумақтар кіргенін және олардың  орталықтарын анықтау анықтау, ауызша топтармен айту) V. Бағалау . YI. Үйге тапсырма: 1867­1868 ж.ж. реформалар жөнінде мазмұндау  және  реферат жазып келу. Тақырып бойынша тест құрастыру.

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар

1867-1868 ж.ж. реформалар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017