Пән: сауат ашу Сынып: 1 «Ә» Мерзімі: 05.11.19ж.
|
Мектеп: №28 Құсмұрын орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Косназарова А.Р.
|
||
Сабақтың тақырыбы |
Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айтады. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтады. |
||
Бағлау критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алса. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алса. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Ш дыбысы мен әрпі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
№1 Тыңдалым. №2 Оқылым. Шар Шара Шарлар Шора Шашу Шортан |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/ |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
№3 Сызбаның және сөздердің көмегімен оқы. |
Түрлі тапсырмалар |
|
Аяқталуы
16 минут
|
№4 Оқылым. Аш Шаш Ал Алша Ар Арша Ша Шора Ша Шашу Шу Шула -Шора, шана ал. –Шара,шашу шаш. №5 Сен шарларға құттықтау сөздерін жазар едің?
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия |
Кеменің суреттері |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Пән: математика Сабақ тақырыбы: Заттарды көлемі бойынша салыстыру. Күні : 05.11.2019 |
Мектеп: №28 Құсмұрын орта мектебі Мұғалім: Косназарова А.Р. СЫНЫП: 1 «Ә» |
|||
Оқу мақсаты: |
1.1.3.3** шамалар мәндерін: ұзындық (см / масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
|
|||
Ресурстар: |
суы бар шелек, бояулармен жұмыс істеуге арналған стақан; көлемдерінде сәл ғана айырмашылығы бар біреуі биік әрі жіңішке, екіншісі аласа әрі жалпақ екі қорап, өлшемдері бірдей ойыншық текшелер (текшелер саны қораптың ішін толтыратындай мөлшерде болуы керек);
көрсетуге қажетті заттар: А4 пішімдегі қағаз парағы, түсті қағаздан қиылған үшбұрыш пен дөңгелек, компакт-диск, көлемдері әртүрлі ыдыстар;
әр оқушыға бір-бірден Рубик текшесі; кесе, асқасық (саны сыныптағы оқушылар жұбы-ның әрқайсысына жететіндей). |
|||
Тірек сөздер |
көлем.
|
|||
Сабақтың мақсаты: |
Ыдыстың ішіндегі толтыруға болатын кеңістік түсінігі арқылы көлем ұғымын енгізу; заттарды кө-лемі бойынша салыстыру.
|
|||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||
Көлем — бұл ыдыстың және заттың ішіндегі сұ-йық, қатты және сусымалы заттармен толтыруға болатын кеңістік. Бұл сабақта оқушылар заттарды көлемдері бойынша салыстырады, яғни салыстыру үшін қандай өлшем керектігін анықтайды.
Сабақты екі ыдысты көрсетуден бастаңыз, мы-салы: стақан және бояулармен жұмыс істегенде су төгілмейтін арнайы стақан. Оқушыларға қай ыдысқа көп сұйық құюға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Қалай істеу керектігін сұраңыз. Салыстыру жұмы-сын жұппен орындауға мүмкіндік беріңіз. Шешімі: бірінші ыдысқа су толтырып, екіншісіне құю. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші және керісінше. Оқушылардан қандай қасиеттері бойынша салыстырғанын сұраңыз. (Оқушылар көлем деген сөзді білмеуі мүмкін. Олардың ойларын тыңдаңыз. Тек содан кейін ғана өзіңіз көлем деген ұғымды айтуыңызға болады.) Көлемі жағынан салыстырылғанын хабарлаңыз. Көлем — бұл сұйықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді. Оқушыларға логикалық сұрақ қойыңыз: көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе? Кей кезде ыдыстардың көлемін сырттай байқау арқылы салыстыруға болады. Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Оқушылардан қандай заттарды көлем бойынша салыстыруға болатындығын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тек сұйықтыққа арналған ыдыстарды атауы мүмкін.
Кіріспе тапсырма. Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, басқа да сұйық емес заттарға да тән екені туралы түсінікті қалыптастыру үшін топтармен мынадай жұмыс ұйымдастырыңыз.
Қораптың да көлемін өлшеуге болады, себебі оған да заттар салуға болатынын айтыңыз. Ішіне сұйықтық құюға болмайтын заттардың да көлемі болатынын ескертіңіз. Көлем жағынан аздаған айырмашылығы бар екі қорапты көрсетіңіз. Екі қораптың көлемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқушыларға су құйылған стақан, дақыл салынған стақан және текшелер арасынан таңдау жасауды ұсыныңыз. Өлшем ретінде текше ыңғайлырақ екені туралы қорытындыға әкеліңіз. Текшелерді бетіне дейін толтырып бір қорапқа салыңыз. Содан кейін осы текшелерді екінші қорапқа салыңыз. Қай қорапқа текшелер көбірек, қайсысына азырақ сыйғанын сұраңыз. Қандай қасиеті бойынша салыстыру жүргізгенін нақтылаңыз. Көлем — бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті деген қорытынды жасаңыз. Егер зат сұйыққа арналған болса, онда кіші көлемді ыдыс өлшеуіш болып табылады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болып табылады.
|
Құмыра мен қораптың көлемін тап. Тапсыр-маны бүкіл сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз.
Оқулықтағы суреттерге қарап, мынадай сұрақ-тарға жауап беруді өтініңіз:
— Құмыраның ішіндегі кеңістікті немен толтыру-ға болады? (Шырын, су, т.б. сұйықтар.) — Құмыраға неше стақан су сыяды? (8 стақан.)
— Құмыраның көлемі қандай болатыны жайында қорытынды жасаңдар. (8 стақан.) — Қораптың ішіндегі кеңістікті немен толтыруға болады? (Текшелермен.) — Қорапты толтыру үшін неше текше керек? (15 текше.)— Қораптың көлемі қандай? (15 текше.)
— Кесе мен текшелер өлшеу кезінде ненің қызметін атқарды? (Өлшеуіштер рөлін атқарды.)
Жауабы:
8 стақан; 15 текше.
Екі ыдыстың көлемін салыстыр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқу-лықтағы иллюстрация бойынша әңгіме жүргізіңіз.
Жауабы:
а) А бөтелкенің көлемі Ә бөтелкенің көлемінен артық. Себебі, А бөтелкеге 6 кесе сұйық сыяды, Ә бөтелкеге 5 кесе сұйық сыяды.
ә) Б шелектің көлемі В шелектің көлемінен кем, себебі Б шелекке 3 бөтелке сұйық сыяды, В шелекке 4 бөтелке сұйық сыяды.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Берілген фигураның көлемін анықтау үшін әр фигураны құрастыруға кеткен кіші текшелердің санын санайды. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда сұрақтар қойып бағыт беріңіз:
Бірінші (екінші, үшінші) фигура неше кіші текше-лерден тұрады?
Жауабы:
7 текше; 6 текше; 8 текше.
Орындап көр. Берілген тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсыр-маны жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта өздерінің рөлдерін бөліп алады. Біреуі құйып тұруы мүмкін, екіншісі неше қасық болғанын санап тұрады.
Жауабы:
кесе мен асқасықтың көлеміне байланысты шама-мен 25-30 асқасық шығуы мүмкін. |
|||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||
Заттардың көлемін салыстыру барысында оқу-шылардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы: “Құмыра 5 стақанға тең” деп айтуға болмайтынын ескерту керек. Дұрыс жауап мынадай болу керек: “Құмыраның көлемі 5 стақанның көлеміне тең”. |
Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін таңда. Ыдыстарды көз мөлшермен сырттай
салыстырып, қай ыдыстың көлемі үлкен екенін анық-тауы тиіс.
Ыдыстарды салыстырып, үлкенін тапқан соң оны қызыл түске бояйды.
Әр фигурадағы текшелерді сана. Оқушылар әр фигураның көлемін анықтап, нәтижесін сан-мен жазады. Содан кейін фигуралардың арасында көлемдері тең фигураларды табуы тиіс. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, пішіні әртүрлі фигу-ралардың көлемі бірдей болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеді.
Жауабы:
а) 7 текше; ә) 8 текше; б) 7 текше. а) және б) фигураларының көлемдері бірдей.
Қай ыдысқа көп су құюға болады?
Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар көлемі үлкен ыдысты бояулары керек.
Ыдыстардың көлемдерін салыстыр.
Оқушыларға тапсырманың мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Осы үш ыдысты толтыру үшін қайсысына аз су қажет екенін анықтап, оны қоршап сызу керек. |
|||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді;
заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңге-реді.
Оқушылардың тақырып бойынша алған білім- дерін сұрақтар қойып тексеріңіз: — Шәйнекке 30 кесе су сыяды. Шәйнектің көле-мі қандай?
— Қораптың көлемі 20 текшеге тең. Қорапқа неше текше сыяды?
— Қалай ойлайсыңдар, көлемді өлшеу үшін бірдей өлшеуіш керек пе?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
|||
Пән: дүниетану Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Косназарова А.Р |
|
Сабақ тақырыбы: Араласып үйренеміз Дос болайық бәріміз! |
||
Оқу мақсаты: |
• Барлық оқушылар: «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy; |
|
|
• Оқушылардың басым бөлігі:. адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy; |
|
• Кейбір оқушылар: өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy. |
||
Тірек сөздер: |
қарым-қатынас – общение – communication; әңгімелесуші – собеседник – talker; диалог – диалог – dialogue. |
|
Ресурстар: |
«Отбасындағы және мектептегі қарым- қатынас» тақырыбына сюжетті суреттер.
|
|
Сабақтың мақсаты: |
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау |
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|
Қарым- қатынас – бұл адамдар арасындағы бірлесе қызмет ету қажеттілігінен туындаған өзара байланысты дамытудың жоспарлы үдерісі. Қарым-қатынас бірлесе жұмыс істеуді, жоспар құру мен талқылауды, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Қарым-қатынассыз жеке адамды қалыптастыру, оны тәрбиелеу, білім беру, ақыл-парасатын дамыту мүмкін емес. Қарым-қатынас орнату кезінде мынадай фазалар (кезеңдер) айқындалады: байланыс орнату; қарым-қатынас жағдаятына, мақсатына және тұлғаларға бағдар жасау; өзара байланысты ұйымдастыру, қарым-қатынас құралын таңдау; әріптеспен кері байланыс орнату және оны қолдау; қарым-қатынас бағытын, стилін және тәсілдерін түзету; байланысты аяқтау. Қарым-қатынастың барлық фазаларын меңгеру оны тиімді етеді және коммуникативтік құзыреттілік негізін құрайды.
|
Мен араласатын орта. Сабақты «Өрмек» ойнынан бастасаңыз болады. «Барлығы өзім туралы» тарауында оқушылар бұл ойынмен таныс болған. Оқушылардан шеңбер құруын сұраңыз. Орам жіпті алыңыз. Оқушылардан «қарым-қатынас» ұғымын қалай түсінетінін сұраңыз. Жауап бергісі келген оқушы жіптің ұшын алады, ал орам мұғалімнің қолында қалады. Бұдан кейін екінші оқушы бірінші оқушыдан жіптің ұшын алып, өз пікірін білдіреді. Осылайша қарым- қатынас үдерісін көрнекі түрде көрсететін «өрмек» тоқылады. Егер қарым-қатынас тоқталса, басқа сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қарым-қатынас не үшін қажет?», «Оқушы мектепте кіммен араласады?».
Мен араласатын орта Сызба бойынша әңгімеле. Сен кіммен және не үшін араласасың? Қарым-қатынас – бұл адамдардың әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Ол – адам өмірінің маңызды бөлігі. Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі түсіне білуіне көмектеседі.
Дұрыс қарым-қатынас түрлері Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсың? Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсың? Неліктен? Сыныптағы қарым-қатынас ережесі Әңгімелесушінің сөзін бөлмей, мұқият тыңда. «Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан. Адамды ренжітіп алатын сөздерді қолданба. |
|
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
|
Оқушылар өздері ойластырған ережелерінің айырым белгісін (жол белгілері сияқты) жасап, бүкіл сыныпқа таныстыра алады. Жауабы: «Бір-біріңді жамандама, дөрекі сөз айтпа, өте қатты әңгімелеспе және т.б.» |
Бұл сабақта тілдік мақсаттар сипаттау, салыстыру, әңгімелесу, талқылау сияқты тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Оқушылар диалог жүргізеді, журналистер рөлін ойнайды. Қарым-қатынасты тәжірибеде қолдану сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі. Сабақта екі тірек сөз үйретіледі. «Әңгімелесуші» ұғымын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді құрамына қарай талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Орындап көр» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар өзара әңгімелесуші болып табылатынын түсіндіру қажет.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қосымша тапсырмалар
|
|
Математика. Оқушылар жұптарға бөлінген кезде әріп саны өз есімінің әріп санымен сәйкес келетін оқушыны табады.
|
Жұмыс дәптерінде «Бір- бірімізді зерттейміз» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар журналист рөліне еніп, аз араласатын сыныптасының жанына барып, сұхбат құрады. Мұндай сұхбат оқушыларға бір-бірімен жақын араласуға мүмкіндік береді және сынып ұжымының қалыптасуына жақсы әсер етеді. Басқа жағынан алғанда тапсырма қарым-қатынас ережелерінің іс жүзінде қолданылуын бекітеді. Осылайша, сабақта «өзгертіп айтыңдар», «келісіңдер», «шешім шығарыңдар», «даудың себебін табыңдар» түріндегі тапсырмаларды қолдануға болады. |
|
Бағалау
|
Оқушылар – қарым-қатынас дегеннің не және оның не үшін қажет екенін; – әңгімелесушінің кім екенін; – кіммен және не үшін араласатынын; – әртүрлі қарым-қатынас туралы; – сыныптағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін білді. Оқушылар – қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінуге; – сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастыруға; – сыныпта қарым-қатынас ережелерін қолдана білуге; – сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйренді. Бағалау кезеңінде «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруіңізге болады. Оқушылардан бір-біріне қарым-қатынас ережелерін әңгімелеуін сұраңыз. Мысалы, «әңгімелесушінің сөзін бөлме, мұқият тыңда», «өтінемін», «рахмет» сөздерін қолдан», «ренжітуі мүмкін дөрекі сөздерді айтпа». Оқушылардың өздері ережелерді қалай сайқтайтыны туралы ойланып, жауап берсін. |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.