8 сынып
Оценка 4.8

8 сынып

Оценка 4.8
Видеоуроки +1
doc
физика
7 кл
04.03.2019
8 сынып
Публикация является частью публикации:
саб 13.doc
№   сабақ                                      ______________ Сабақтың тақырыбы:  Механикалық қозғалыс. Санақ денесіне тәжірибе жасау. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға механикалық қозғалыстуралы ғылыми негізінде түсіндіру.    2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білімін әр түрлі әдіс­тәсілдер арқылы дамыту.      3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдіс­тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, арбаша білеу, электрондық оқулық. Сабақтың барысы: І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарды тексеру. ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық. 1. Қозғалыс деген не? 2. Санақ денесі туралы не білесің? ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.   А) денелерді салыстыру. Ә) механикалық қозғалыс. Механикалық қозғалыс  Ең   қарапайым   физикалық   құбылыстардың   бірі   денелердің   механикалық   қозғалысы   болып саналады. Сендерден кім автоиобиль қалай қозғалатынын, ұшақ қалай ұшатынын, адамдар қалай жүретінін және т.б. бақыламады! Алайда, егер сендер тұрған ғимарат қазір қозғала ма деп сұрасақ, әлбетте жоқ деп жауап бересіңдер. Әрине, бұл жауаптарың дұрыс емес. Ал сендер көріп отырған аспандағы ұшақ қазір қозғала ма? Егерде сендер оның қозғалатынына сенімді болсаңдар, онда тағы да қателесесіңдер! Бірақ, егерде сендер ол тыныштықта тұр десеңдер, онда бұл жағдайда да жауаптарың дұрыс болмайды. Дене қозғала ма әлде қозғалмайма, қалай анықтауға болады? Ол үшін алдымен механикалық қозғалыс деген не екенін түсініп алу керек. Дененің механикалық қозғалысы дегеніміз санақ денесі үшін алынған қандайда бір басқа денеге қатысты оның орнының өзгеру процесі. Санақ денесі – бұл салыстырмалы түрде барлық қалған денелердің орны қарастырылатын дене. Санақ денесін еркін түрде таңдайды. Не тиімді болса, сол санақ денесі бола алады: Жер, ғимарат, автомобиль, жылу кемесі және т.б. Дененің (мысалы ұшақтың) қозғалатындығы немесе қозғалмайтындығы туралы төрелік айту үшін алдымен санақ денесін таңдау керек, ал содан кейін қарастырылатын дененің таңдалынған денемен салыстырмалы түрде орны өзгере ме, осыны анықтау керек. Сол кезде дене әлде бір санақ денесімен салыстырмалы түрде қозғала алады және бір мезгілде басқа басқа санақ денесіне қатысты қозғалмайды. Мысалы, пойызда отырған адам темір жол полотносына қатысты қозғалады, бірақ пойыз вагонымен салыстырғанда тыныштықта тұрады. Жерде жатқан тас Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрады, бірақ Күнге қатысты (Жермен бірге) қозғалады. Аспандағы ұшақ бұлттарға қатысты қозғалады, бірақ ұшқыштың орындығында отырған адамға қатысты тыныштықта тұрады.  Міне сондықтан, санақ денесін көрсетпестен, берілген дене қозғала ма жоқ па, ол туралы айтуға болмайды. Санақ денесін көрсетпестен сендердің кез келген жауаптарыңның мағынасы болмайды. Қазір сендер отырған ғимарат тыныштықта тұр ма? Бұл сұраққа жауап санақ денесін таңдауға байланысты. Егер санақ денесі Жер болатын болса, онда, иә, тыныштықта тұрғаны. Бірақ егер санақ денесі ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан автомобиль болса, онда оған қатысты ғимарат қозғалатын болады.  Б) санақ жүйесі. Г) Қозғалыстың салыстырмалылығы. ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру. 1. Қозғалыс деген не? 2. Механикалық қозғалыс деген не? 3. Мысалдар келтір. Әр оқушы өздері өз ойларынан мысал келтіреді. V. ДК. Жаңа сабақты бекіту. Дайындық сұрақтарына жауап береді. VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген есептерді тексеремін, жекелей әр қатардан бір оқушыны тексеремін, олар  басқа оқушыларды аралап тексереді. VII.ДК. Оқушылар білімін жан­жақты тексеру. А) 7 тапсырманы орындау, оқушылар ауызша жауап береді. (оқулықта бар) Ә) Өтілген сабақтың сұрақтарына оқушылар жекелей жауап береді. 1. Атом. 2. Молекула. 3. МКТ­ның негізгі қағидалары. 4. Диффузия. 5. Заттың күйлері. Б) Өзін­өзі тексеру сұрақтары. 1. Механикалық қозғалыс деген не? 2. Санақ денесі деген не? В) Электронды  оқулықты пайдаланып, әңгімелесу. Г) Дидактикалық материалдардан есеп шығару, дәптерге жазу. 1. Тігін машинасының қай бөлігі қандай қозғалыс жасайды? 2. Бөтелкенің ауызын бір парақ қағазбен жауып, оның үстіне күрешке қойып, заттарды қозғамай  қағазды қалай алуға болады? VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §17. Өзін­өзі тексеру сұрақтары.

8 сынып

8 сынып

8 сынып

8 сынып

8 сынып

8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2019
Посмотрите также: