9- сынып білім алушылары үшін қазақ тілінен қорытынды аттестацияны (мақала/әңгіме/эссе) өткізу және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар
1.Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс дәптердің сыртқы бетін толтыру 10- жолдан, сол жағынан мөртабанның/штамптың астыңғы бұрышынан бастап жазылады
9 « » сынып оқушысы
____________________(аты-жөні ілік септігінде)
негізгі орта мектеп курсы бойынша
қазақ тілінен жазбаша емтихан
(мақала/әңгіме/эссе) жұмысы
2.Эссе тақырыбы бірінші жолға 2,5 сантиметр жерге жазылады.
3.Жазба жұмысын тексерген соң жол тастамай, жазба жұмысына балл қойылады.
4.Эссе тақырыбы мен жұмыс мәтінінің арасында жол қалдырылмайды.
5. Жұмыстан кейін дәптердің шетіне эсседегі сөз саны жазылады
Бағалау
1.Әдеби тақырыпқа шығарма тексергендей, орфографиялық және тыныс белгісінен кеткен қателерде сол белгілер қойылады. Жіберілген қатенің асты сызылады, бірақ түзетілмейді.
2.Кеткен қатенің белгісі дәптердің шетіне қойылады.
3.Бағалау критерийі бойынша балл тексеру парағына қойылады.
4.Эссе жазу бойынша ұсынымға сәйкес балл бағаға ауыстырылады.
5.Баға тырнақшасыз қойылады. Бір баға түсініктемесімен қойылады. Мысалы:
Коммуникативтік құзырлық- 10 балл
Тілдік құзырлық-10 балл
Бағасы: 5 (өте жақсы)
6. Бұдан кейін жол қалдырылмастан пікір жазылады. «Пікір» деген сөз жазылмайды.
7. Одан кейін емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады. (мұғалімдердің аты-жөні жазылады.)
Балдардың үлестірілуі
Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.
Бағалау міндеттері |
Балл |
1-БМ Коммуникативтік құзырлық |
10 |
2-БМ Тілдік құзырлық |
10 |
Барлығы |
20 |
Емтихан жұмысы үшін балл мен бағаларды қою үдерісі
Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
Емтихан жұмысының балдары |
Балдардың проценттік құрамы, % |
Баға |
0-7 |
0-39 |
2 (қанағаттанарлықсыз) |
8-12 |
40-64 |
3 (қанағаттанарлық) |
13-16 |
65-84 |
4 (жақсы) |
17-20 |
85-100 |
5 (өте жақсы) |
Бағалар сипаттамасы
Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибеде ұсынылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.
Баға |
Сипаттама |
5 |
Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді. Ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Бірден көп емес орфографиялық/ грамматикалық/ пунктуациялық ұсақ қатесі бар немесе мүлде жоқ. |
4 |
Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды идеяларды назардан тыс қалдырады. Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты ашады, ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы орынды қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын сақтайды. Үштен көп емес орфографиялық/грамматикалық және пунктуациялық ұсақ қателер кездеседі. |
3 |
Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданады. Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі қателер кездеседі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктер, мәтін құрылымы сақталмайды. Үштен артық орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателер кездеседі. |
2 |
Білім алушының базалық білімі жеткіліксіз. |
Балл қою кестесі
Коммуникативтілігі |
Тіл сапасы |
9–10 балл |
9–10 балл |
7–8 балл |
7–8 балл |
5–6 балл |
5–6 балл |
3–4 балл |
3–4 балл |
1–2 балл |
1–2 балл |
0 балл |
0 балл |
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.