9_1_Қысқа мерзімді жоспар

  • docx
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9_1_Қысқа мерзімді жоспар.docx

                                                                    Сабақжоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4AТригонометриялықформулалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қосуформулалары

Оқыту мақсаты

9.2.4.8аргументтердің қосындысы мен айырмасының  тригонометриялық функцияларыныңформулаларын қорытып шығарады және қолданады;

Сабақ

мақсаттары

Алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, қосынды мен айырманың косинус, синус және тангенсінің формулаларын қорытып шығарады, өрнектерді ықшамдауда осы формулаларды қолданады.

Бағалау

критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

-          Қосу формулаларын бұрыштың мәнін табу үшін қолданады

-          Қосу формулаларын өрнектерді ықшамдау үшін қолданады

-          Қосу формулаларын тепе-теңдіктерді дәлелдеу үшін қолданады

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

- тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі бұрыштың, тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтіндіге және көбейтіндіні қосындыға/айырмаға түрлендіру формулаларының қорытылуын түсіндіреді;

- тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектейді.

Пәндік лексика және терминология:

­    аргументтердің қосындысының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

­    аргументтердің айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

­    екі еселі аргумент/бұрыш;

­     үш еселенген аргумент/бұрыш;

­    дәрежені төмендеті формуласы;

­    жартылай аргумент/бұрыш;

­    синустардың/косинустардың/тангенстердің қосындысы мен айырмасы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

­  тригонометриялық функциялар аргументтерінің қосындысы/айырмасы формулаларын өрнекке қолданамыз;

­  берілген өрнек екі еселі бұрыштың синусы/косинусы формуласының оң жақ бөлігін білдіреді;

­  тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтінді түрінде көрсету;

­  өрнектің сол/оң жағына дәрежені төмендету формуласын қолданамыз;

­  тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындыға немесе айырмаға түрлендіру;

­  екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының синусы мен косинусы формулаларын қолдана отырып, ... формулаларын қорытып шығаруға болады.

Негізгі дағдылар

Өзін-өзі реттеу дағдысы: Оқушылар сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін өздері тұжырымдай алады. Өз деңгейіне қатысты жұмыс түрін таңдайды. Өзін-өзі, сыныптастарын тексеру жұмыстарын атқарады.

Құндылықтарды дарыту

 Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында жүзеге асырылады) ,

белсенділік (фронталды жұмыс уақытында оқушылар сұрақтарға жауап береді, топтық жұмыста көшбасшылық жасайды)

Пәнаралық

байланыстар

Физика

Бастапқы білім

 

Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алуды біледі. Өрнектің мәнін табуда,  өрнекті ықшамдауда, тепе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолданады.

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

 

 

 

3-8 мин

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет.

 

ІІ. Білімдерін өзектеу

Оқушыларға бұрыштың градустық және радиандық өлшемі, негізгі тригонометриялық тепе-теңдік тақырыбында өздік жұмысы ұсынылады. Мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

Жұпта, дұрыс жауаптар арқылы тексеру, кері байланыс беру.

 

Бірлік шеңберде бұрыштардың градустық шамаларын анықтаған соң, мұғалім Проблемалық сұрақ қояды: 750 бұрыштың шамасын калькулятор қолданбай қалай есептеуге болады?

Бірлесіп, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

Слайд 1-2

 

 

Сабақтың ортасы

9-20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

31-38 мин

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1) Аргументтер қосындысы косинусының формуласын бастапқы радиусты координаталар бас нүктесі арқылы α бұрышына және β бұрышына бұруды қолданып қорытуды мұғалім өзі көрсетеді және шыққан қорытындыны оқушылармен талқылайды.

Оқушыларға аргументтер айырмасы косинусының формуласын αβ аргументтер айырмасын  α мен (-β)-ның қосындысы түрінде ала отырып өз беттерінше қорытуды ұсынады.

2) Қосынды мен айырманың синусының формуласы

3)  Қосынды мен айырманың тангенсінің формуласы

 

4. Білімдерін бекіту

Үлгерімі төмен оқушыларға формулалар, мысалдар, тапсырмалар бар кеспелер таратылады. Мұғалім бағалайды.

 

Қалған оқушылар жұпта жұмыс атқарады. А және В пунктіндегі есептерді шығарады, талқылайды. Есептер шығару барысында қиындықтар туындаған оқушыларға өз бетінше презентациядағы мысалдармен танысу ұсынылады. Бірін-бірі тексереді.

 

 

Өздік жұмысы. «Ең үздік жұмыс» бағалауы.

Слайд 3-6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

Слайд 7-10

 

Қосымша 3

Сабақ соңы

39-40 мин

Кері байланыс

Аяқталмаған сөйлем

Мен білетін едім..............

Мен бүгін білдім..............

Білгім келетіні..............

Маған ұнады......................

Маған ұнамады...............

 

Үй жұмысы

Қосымша 3 б,г есептер шығару

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?  

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы  

 Өткен материалды қайталау барысында үлгерімі жоғары оқушылар эксперт ролін атқарады. Фронталды жұмыс барысында күрделі есептерді шығарады.

 Өздік жұмысы, сыныптастарының бағалауы, өзіндік бағалау, БЖБ

 Кабинеттегі ылғалдық пен ауа температурасын бақылап отыру

Сабақ бойынша рефлексия  

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?  

Жеткізбесе, неліктен?  

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?  

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?  

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? 

 

Жалпы баға 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 

1: 

 

2: 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 

1:  

 

2: 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, 

келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?