Сабақ жоспары №22
Бекітемін
ҰМЖ бөлімі: III бөлім Шаруашылыққа жалпы сипаттама. Конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешендері. Металлургиялық кешен |
Мектеп: № 267 орта мектеп |
||
Күні: .11.2017 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Бугенбаева Сания |
||
Сынып: 9 «а» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
§20-21 Металлургиялық кешен: құрамы және ерекшеліктері. Қара металлургия |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
Білім алушылар металлургияның маңызы, түрлері мен кен орындары туралы мағұлмат бере отырып, Қазақстанда кездесетін металл кендерінен металдардың алу жолдарын ұғындыру. Металл алу әдістерін түсіндіру. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар істей алады: Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, білім алушылар ой-өрсін дамытады. Іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіре біледі. Өздігінен жұмыс істеуге және сол арқылы шығармашылықпен ойлануға үйренеді. |
||
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Қара металлургия кәсіпорындарының орналасуын картадан көрсетіп таба алады. |
|||
Кейбір оқушылар істей алады: Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығы артып, танымдық белсенділігін химиялық элементтер арқылы картадан табады. |
|||
Ойлау деңгейінің дағдылары |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау |
||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): |
||
Өндірісті құрамдастыру, металлургия, болат, Қостанай, Қарағанды, қайта балқыту зауыттары |
|||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған сұрақтар: Сіздің көзқарасыңыз, оқулық 171- 176 беттер |
|||
Жазылымға арналған тапсырмалар: Географиялық тест |
|||
Пәнаралық байланыс |
Н.Ә назарбаев оқулық, Қазақстан энциклопедиясы, химия, статистика, нарықтық экономика. |
||
Құндылықтарға баулу |
Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту. |
||
Алдыңғы оқу |
Қазақстанның экономикасы, Металлургия |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
|
Ресурстар |
|
Басталуы 10 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі Әлемнің әртүрлі тілдерінде сәлемдесу. Топтастыру Үй тапсырмасын бекіту: Топтық жұмыс: «Орнымды тап» әдісі бойынша тақтада карта ілулі болады «Әткеншек» әдісі Мұнай өнімдері және отын- энергетикалық кешендерінің үлгілерілерін сипаттау. өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. «Биржа» әдісі купюралар арқылы бағалау «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі арқылы балалар бір бірін бағалайды.
|
Слайд 1 бет
Қазақстанның саяси картасы, атлас карталар
Слайд 2 бет |
|
Ортасы 20 мин.
5мин. |
Бейнеролик металлургия өнеркәсібі - ел игілігі тақырыбыында көріп зейінді шоғырландыру. Балалар бейнежазбаны бақылап ақпарат жинақтайды.
Жаңа сабақ «Өзара оқыту» стратегияясы жаңа тақырыптың мәтінмен жұмыс жасауы. Топ ж. Жұптық жұмыс 1топ. Болат 2топ. Темір Жаңа материалды оқиды топпен талдайды. Әр топ мәтін бойынша тапсырмаларды орындайды. Кім жылдам? Деңгейлік тапсырмалар.(сынақтан өткізу сұрақтары) Топтағы әр жұпқа жеке тапсырма беріледі,тапсырма 3 деңгей бойынша 1. Кенді байыту тәсілі қалай аталады? 2.Толық циклді комбинаттарды орналастырудың шешуші фактораларын анықтаңыз. Оларды қай жерлерге салу керек? 3.182 бет.тапсырма №6 (экономикалық есеп) 1-«2», 2-«3», 3-«5» «Биржа» әдісі купюралар арқылы бағалау
Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс» Әр топқа ортақ жоғары дәрежелі тапсырма беріледі. Кен орындарының орналасуы металлургия өнеркәсібінің орналасуына әсер ете ме? Батыс Еуропаның жетекші елдерінде неліктен меаллургия комбинаттары шеттен әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді? «Мадақтау» әдісі арқылы бағалау Жаңа сабақты бекіту Жеке ж: Әр оқушы тест жұмысын орындайды. «Өзін - өзі» бағалау әдісі арқылы бағалау |
Электр.оқулық
Оқулық 170 бет
плакат, стикер
Оқулық 85 сурет
Слайд 3 бет
Слайд 4бет
Слайд 5 бет |
|
Аяқталуы 5 мин. |
Сабақты қорыту: Ұжымдық жұмыс: Д.И. Менделеев кестесінің периодтық элементтері бойынша металлдардың кездесетін елді мекендерін көрсетіңіздер. «Мадақтау» әдісі арқылы бағалау.
Бүгінгі алған білімдерінің деңгейін таратпаға жазып тапсыру Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі баспалдақ суреті Мен ...............................................таныстым. Маған ................................................оңай болған жоқ. Мен .........................................................қол жеткіздім. Мен ...........................................................істей алдым. ..................................................болса жақсы болар еді. Менің .......................................................есімде қалды.
Үй тапсырмасы: 1.топ Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына реферат жазу. 2.топ Қ.И.Сәтпаевтың металлогения мектебінің негізін салушы презентация жасау. 1, 2 топтарға Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіріп, осы тақырыпты оқып келу. |
Стикер түрлі түсті, таратпа тест
Слайд 6 бет
Слайд 7 бет
Слайд 8 бет
|
|
Қалыптастырушы бағалау парағы
Қосымшалар
Сұрақтары:
1.
2.
3.
Қосымша мәтін №
Қосымша ақпарат |
||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. (Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз)
|
|
Қорытынды бағамдау |
||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Сыныбы: |
9а |
Пәні: |
Химия |
Күні: |
20.02.2016ж |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстандағы қара
және түсті металлургияның дамуы, |
||||||||
Мақсаты |
|||||||||
|
Оқушыларға металлургияның маңызы, түрлері мен кен орындары туралы мағұлмат бере отырып, Қазақстанда кездесетін металл кендерінен металдардың алу жолдарын ұғындыру. Металл алу әдістерін түсіндіру. |
||||||||
Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту. Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру. |
|||||||||
Білім алушыларды іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіре білуге тәрбиелеу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және сол арқылы шығармашылықпен ойлануға үйрету. |
|||||||||
Сабақ типі |
Жаңа материалды меңгеру |
||||||||
Керекті жабдық тар |
Интербелсенді тақта, слайдшоу, химиялық элементтердің периодтық кестесі, ҚР пайдалы қазбалар картасы, Қ.И.Сәтбаевтың суреті, деңгейлік тапсырмалар және т.б. |
||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Сөздік әдіс (баяндау, сұрақ – жауап), АКТ (слайд арқылы, есептеу құралдары т.б.), алты ойшыл қалпақ әдісі т.б. |
||||||||
I. Ұйым дастыру кезеңі: |
1. Сәлемдесу, түгендеу 2. Оқушылар назарын сабаққа аудару
|
||||||||
II.Үй тапсырмасын тексеру: |
|||||||||
|
І.Миға шабул: а) Оқушыларға жеке –жеке сұрақтар қойылады. 1. Сұр және ақ шойынның айырмашылығы неде? 2. Шойынды қандай пеште өңдейді? 3. Мартен пешінен алынатын болаттын қасиеті? 4. Конвентор әдісі? 5. Болатты лигирлеу дегеніміз? 6. Не себепті болаттың құрамына хром мен никель қосады? ә) Үйге берілген есептердің шығарылуын тақтада талқылйды. 1. Массасы 20г болатты оттегі қатысында қаздырғанда 0,4г көмірқышқыл газы түзілсе, болаттығы көміртектің массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 0,55% 2. Массасы 10 грамм мыс пен алюминий қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 литр (қ.ж.) сутек бөлінген. Қоспаның құрамын анықтаңдар. Жауабы: Аl – 54%; Сu – 46% 3. Массасы 500кг пириттен 120л күкірт (IV) оксиді түзілсе, пириттің тазалығы қандай? Жауабы: 64% 4. Массасы 0,89г мырыш пен магний қоспасына сұйылтылған күкірт қышқылымен әсер еткенде 0,448л сутегі бөлінсе, қоспаның құрамы қандай. Жауабы: 26,97%Mg, 73,03%Zn. |
||||||||
III. Жаңа сабақ
|
Металлургия (грек. metallurgeo – металл өңдеймін) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді. Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді. Металдарды алу әдістері. Қазақстандағы металдардың кен орындары Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады. Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі - олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген. (Қазақстандағы қара және түсті металлургия кендерін стикерлерге жазу арқылы картаға сол қаланың тұсына ілу). Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған. • Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай; • Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ); • Мn - Қаражал, Жезді; • Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы; • Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы; • Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск; • W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы); • Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын; • Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара. Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді: 1. пирометаллургия, 2. гидрометаллургия, 3. электрометаллургия. Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады. 1. Пирометаллургия (грек. руr - от және металлургия) - жоғары температураларда өтетін металлургиялық процестердің жиынтығы (күйдіру, қорыту, конвертерлеу, тазарту және айдау). Пирометаллургия - металлургияның негізгі және көне салаларының бірі. Күйдіру процестерінде материал қатты күйін сақтай отырып, құрамын өзгертумен бірге біршама іріленеді. Қорыту процесінде шикі құрамы толық балқып, 2 немесе 3 қабатқа (қож) бөлінеді. Отынның жануынан бөлінетін жылу және оттекпен үрлеп тотықтыру арқылы металл қорыту процесінің бір түрі - конвертерлеу. Тазартылмаған металдың балқымаларын тұздар, сілтілер және металдар арқылы өңдеу, арнайы әдіспен қождау, вакуумдау, т.б. тәсілдер тазарту процесі деп аталады. Тотықсыздандырылған металды қайта сұйықтыққа (конденсациялау) айналдыру тәсілі - айдау процесі. 2. Гидрометаллургия (гр. 'һуdor' – су, metallurgео - кен өндіремін, металл өңдеймін) - түрлі еріткіштер жәрдемімен руда мен өндірістік қалдықтардан металдарды бөліп алу тәсілі. Гидрометаллургия - химиялық реагенттердің көмегімен суға ерітіп кеннен, концентраттардан және әр түрлі өндіріс қалдықтарынан металды ажыратып алудың металлургиялық процесі. Таза металл кейіннен бұл ертінділерден бөлініп шығарылады. 3. Электрометаллургия - электр тогы күшімен металдар олардың қоспаларын жасап шығаратын өнеркәсіп тәсілдері, яғни таза металл алу үшін қолданылатын әмбебап әдіс. Жаңа тақырып барысында айтылған мәліметтер арқылы қара және түсті металлургия саласын салыстыру арқылы Венн диаграммасын толтыру:
Қара Ұқсастығы Түсті
|
||||||||
IV. Сабақты бекіту
|
Тірек білімді нақтылау. «Ой шақыру». 1. Қара металлургия шикізаты (темір кені) 2.Толық циклді зауыт орналасқан қала (Теміртау) 3.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары (Соколов-Сарыбай, Қашар, Аят; Лисаков, Атасу, Қаражал) 4. Қазақстанның ферроқорытпалар мен прокатын негізгі сатып алушы елдер (Ресей, Қытай, Европа елдері) 5. Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімі (болат, шойын, прокат) 6. Ең ірі ферроқорытпа зауыт орналасқан қалалар (Ақсу, Ақтөбе) 7. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты орналасқан облыс (Қостанай) 8. Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған (Мұғалжар) 9. Марганец кені кездесетін кен орындары (Жезді, Қаражал) 10. Қара металлургия өндірісін орналастыру шарты (еңбек қоры, шикізат, отын, көлік) Есептер шығару: 1. Егер таза күйінде 112кг темір алынған болса, алюминотермия реакциясына қанша темір (III) оксиді қатысқан? Жауабы: 160кг 2. Сутектермия реакциясына 336л сутек (қ.ж.) қатысқан болса, вольфрам (VI) оксидінен қанша вольфрам алынады? Жауабы: 920г 3. Алюметермия әдісімен темір алғанда массасы 20г Fe (III) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады? 4. Құрамында 80% Al2O3 бар 1 кг боксит күкірт (VI) оксидімен әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісі 578 кДж. 5. Массасы 200 кг алюминий оксидінен 80%-дық шығыммен қанша алюминий алуға болады. «Шағын тест» әдісі Берілген слайдтағы тестер арқылы сабақты бекіту. |
||||||||
V. Бағалау |
Бағалауға нұсқау беру, оқушылардың бағаларын саралай отырып журналға түсіру. Бағалау критерийлері бойынша алты ойшыл әдіс тәсілімен бағаланып қорытындыланады. |
||||||||
VI. Үйге тапсырма |
Үйге тапсырма беру. Сабақты аяқтау. §41 №1-8 х.е.ж. 11-28, 30, 53 |
||||||||
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан
әлем картасында, экономикалық - географиялық жағдайы
және мемлекеттік құрылымы
Сабақтың жалпы мақсаты:
Білу: Қазақстан әлем картасында, экономикалық –
географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымы
туралы білу.
Түсіну: Қазақстанның әлем картасындағы
орны, экономикалық – географиялық жағдайы, мемлекеттік
құрылымы туралы түсіну.
Қолдану: Қазақстанның әлем картасындағы
орнын ұғыну мақсатында картаны қолдану.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан әлем картасында,
экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік
құрылымы туралы біледі, картадан алатын орны, экономикалық –
географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымын
түсінеді, картаны қолдана алады.
Түйінді идеясы: Қазақстан әлем картасында,
экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік
құрылымын сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы
өздеріне жұмыс жасата отырып толық білдірту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері, жұмыс түрі:
Сиқырлы қобдиша, ойландырған он сұрақ, “INSERT”
әдісі, екі түрлі күнделік, кім жылдам.
Ресурстар: Интерактивті тақта, атлас карта, ұялы телефон,
оқулық, маркер шығу парағы, үлестірме
қағазы т. б.
Бағалау: Жұптардың өзара бағалауы, топтық
бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс - әрекеті Оқушылар іс -
әрекеті
Кіріспе 1. Психологиялық тренинг
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы
қобдиша. Сыйлықтар – қағазға жазылған
адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір
сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді
лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар
үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің
сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді
лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік.
Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
2.“Ойландырған он сұрақ” 1. Оқушылар амандасады,
психологиялық тренингті орындайды, топқа бөлінеді, топ
міндеттерін бөліседі. Бағалау парағын алады.
2. Оқушылар бір - біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақ -
жауап алмасады.
Тұсаукесер. Үй тапсырмасын пысықтау:
“Дұрыс, дұрыс емес”
1. Мұғалім оқушыларға электронды оқулық
арқылы жаңа сабақты таныстырады.
2. Мәтінмен танысуға “INSERT” әдісін қолдануды
ұсынады.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап
беріп, талқылайды. топхатшысы бағалау парағын толтырып
отырады.
Оқушылар “INSERT” әдісін пайдаланып мәтінді қарап
шығады, ортада талқылайды.
Негізгі
бөлім
Топтарға тапсырма:
1 - топ: Қазақстанның әлем картасындағы орны.
2 - топ: Мемлекеттік құрылымы
Екі түрлі түсініктеме күнделігін ұсыну
Бөліктің сол жағына Бөліктің оң
жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді
жазады Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады
1. Топ болып жұмыстарын қорғап түсіндіреді.
2. Тапсырманы орындап, оқушылар өз жазғандарын оқиды.
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Кім жылдам?
1. Қазақстан қандай материкте орналасқан?
2. Жер көлемі және халқының саны қанша?
3. Қандай елдермен шектеседі?
4. Қазақстанда маңызды көлік түрлері.
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
6. Қазақстан Республикасының басқару формасы.
7. Қазақстан қандай ресурстарға тапшы?
8. Қазақстан қандай халықаралық
ұйымдарға мүше?
Үйге тапсырма береді:
Кескін картаға Қазақстанның Еуразия материгіндегі орнын
түсіріп оның өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама
беріңдер.
Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді кескін картаға
түсіріңдер.
Қазақстанның ірі пайдалы қазба кен орындарын картадан
анықтаңдар. Оқушылар шығармашылық
жұмыстарын оқиды. Топбасшысы бағалау парағымен
қорытындылайды. Оқушылар сабақтан
ұққандарын айтып бірге қорытындылайды.
Сұрақтарға жауап береді.
“Рюкзак” әдісі
Мен...................... үйрендім.
Мен мына нәрсені түсіндім
..............................................
Мен есте сақтап қалдым.
Үй тапсырмасын алады.
Пәні:География Күні: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Металлургия кешені. Қара металлургия.
Мақсаты: Құрылымдық материалдар кешендерінің маңызы мен құрамы туралы білім беру, оқушылармен бірлесе отырып оның Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау, металлургиядағы өндіріс үрдістерінің реттілігін көрсету, еліміздің металлургиялық базаларын анықтап, сипаттама беру.
Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, суреттер
Білу: Металургия кешені туралы білу
Түсіну: Қара металлургия өнімдері , кәсіпорындарының типтері және өнеркәсіптің орналасу заңдылықтарын түсіну.
Қолдану: Металлургия кен орындары мен өндірілетін зауыттарды картадан анықтау.
Талдау: Қара металлургия және оның қоршаған ортаға әсері туралы түсіндіру
Жинақтау: Металлургия зауытына сипаттама беру арқылы орналасу факторын анықтау және болат пен шойынға салыстырмалы сипаттама жасау.
Бағалау: Қара металлургияның қоршаған ортаға тудыратын экологиялық проблемалары туралы іздену.
Күтілетін нәтиже: Құрылымдық материалдар кешендерінің маңызы мен құрамы туралы білім алады, оның Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтайды,еліміздің металлургиялық базаларын анықтап, сипаттама береді.Топтық жұмысқа үйренеді.
Сабақтың барысы
Уақыты |
Мұғалімнің іс -әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
2мин |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгендеу,. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
|
Оқушылар топқа бөлінеді. Сабақтың жалпы мақсаты және жоспарымен танысады |
5 мин |
Үй тапсырмасын тексеру 1.Энергетикалық ресурстар дегеніміз не? 2.Еліміздегі негізгі мұнай кен орындары? 3.Еліміздегі газ кен орындары? 4.Мұнай өңдеу зауыттарын ата? 5.Ірі көмір кен орындары,салыстыр?
|
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беріп, картамен жұмыс жасайды. |
8мин |
Жаңа сабақ. Оқушыларға жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырылады. Оқулықпен жұмыс. Жоспары: 1.Қара металлургияның шикізат базасы 2.Негізгі өндіріс орталықтары 3.Қара металлургия өндірісі тудыратын экологиялық проблемалар Жетелеуші сұрақтар: 1.Қара металлургия –қандай сала? 2. Қара металлургияның негізгі шикізаты? 3.Қара металлургиядағы кәсіпорын типтері?
|
Тақырыпты өз бетімен меңгеріп, жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа сабаққа кіріседі. |
8мин
2мин
2мин |
Тапсырмалар кезеңі: «ЖИГСО» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс. Бастапқы топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша мәтінмен танысып, сарапшы топта талқылап, қайта бастапқы топта өзара кезекпен өз тақырыпшаларын түсіндіреді. I-топ. Қара металлургия шикізаты –темір II-топ.Республикамыздағы хромит кені III- топ. Қара металлургия зауыттары
Картамен жұмыс Картаны пайдаланып, темір, марганец, хромит кен орындарының орналасуын анықтау.
II. Сызбанұсқаларды талдау «Байқа және есте сақта» әдісі Оқулықтағы сызбанұсқа бойынша негізгі мәліметтерді есте сақтайды
III. Сергіту. Қызықты(қосымша) мәліметтер. Темірден, болаттан жасалатын бұйымдар жайлы қызықты мәліметтер
|
Топтаса отырып ойланады, талқылайды,постер қорғайды. Бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
Мұғаліммен бірлесе отырып сызбанұсқаларды талдайды.
Жаңа сабақты күнделікті өмірмен байланыстыру
|
4мин
4мин
3мин |
IY. Венн диаграммасы. Болат пен шойынның ұқсастығын,айырмашылығын ажыратады
Болат Шойын
Y. «Идеялар көшбасшысы» әдісі Оқушылар берілген тапсырма бойынша өз жауаптарын, ойларын, идеяларын топта талдап, жеткізеді Сенің көзқарасың: Қара металлургия өндірісі тудыратын экологиялық проблемалар
YI.Қорытындылау.
YII.Бағалау. |
Оқушылар болат пен шойынға салыстырмалы сипаттама береді.
Әр оқушы жеке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді.
Бірін-бірі бағалау,критерий бойынша топтың жұмысын бағалау, мұғалімнің бағалауы |
2мин |
Үйге тапсырма: §18. Металлургия кешені. Қара металлургия. Кескін картаға қара металлургия кен орындарын түсіру.
|
Сабақ рефлексиясын жазады. |
Сабақтың тақырыбы:Қара металлургия
Білімділігі: Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту.
Тәрбиелігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қиын да қызықты металлургия саласында қызмет атқарғанын айтып өту. Металлургия кәсіпорындары өнімдерінің экспортқа бағытталуына тоқтала отырып, оқушыларға металлургия мамандығын үлгі ету.
Көрнекілігі: флипчарт, ҚР экономикалық картасы, металл үлгілері, электронды оқулық.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызба, т. б.
Пәнаралық байланыс: химия, тарих, биология
Пайдаланылған әдебиеттер: «География және табиғат» журналы ғаламтор сайттары, электронды оқулық
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Сабаққа назарларын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Түсті металлургия» тірек-сызба әдісі арқылы сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту: Түрлі-түсті металлүлгілерілерін (күміс қасық, алюминий сым, алтын сырға,қорғасын құйма, мыс білезік) оқушылар қолына ала отырып, онын касиетін, химиялык сипаттамасын, тұрмыста кездесуін сипаттайды.
ІҮ. Жаңа сабақ
(электронды оқулық арқылы тарихы сипатталады)
Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.
Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінің байқап жүрді. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасап жүрді. 12 ақпан 1949 жылы- тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.
Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарканд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.
Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.
Қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.
Сергіту сәті: металға байланысты мақал-мәтелдер айту
Қызықты дерек:
Адамның денесінде ертінді түрінде 3-4г темір болады. Ол қанға қызыл түс береді. Қан құрамындағы темір азайып кетсе, адам тез шаршайды, басы айналады, көңіл күйі нашарлайды. Мұндайда дәрігер оған құрамында темірі бар дәрі ішу керектігін ескертеді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тест тапсырмалары:
1. Ең ірі ферроқорытпа зауыты қай облыста?
а) Алматы
ә) Өскемен
б) Ақтөбе
2. Металды қорыту үшін пайдаланатын отын.
а) ағаш
ә) кокс
б) мұнай
3. Қазақастан қара еталлургиясының негізі қай жылы қаланды?
а) 1938
ә) 1991
б) 1956
4. Соколов-Сарыбай кен орны қай облыста орналасқан?
а) Қызылорда
ә) Алматы
б) Қостанай
5. Теміржол рельстері қандай қара металдың түрінен жасалады?
а) шойын
ә) болат
б) екеуіде
«Фрейд» тірегі
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Қиын да қызықты металлургия саласында еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өз еңбек жолын бастаған.(презентация)
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына реферат жазу.
2. Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіріп, осы тақырыпты оқып келу.
ҮІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Қара металлургия[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
· елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
· машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
· ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
· балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
Ғаламдық нарық[өңдеу]
XX және XXІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді:
· дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге;
· өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына;
· металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.
2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі болжанды. Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті.
Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.
Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (Ресейде әзірше тек үштен жуығы).
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы - 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия - 5,6 пайыздан 28,3 млн т. көтерілді.
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.
Қазіргі кездегі жағдай[өңдеу]
Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады.
Қазіргі кездегі жағдай. Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды..
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді.
Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түржиыны бойынша бір типті - табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет.
Біршама көлемде және шектелген түржиынында сұрыптап прокаттауды Павлодар қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған «Кастинг» фирмасы жүргізеді. Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген: 125х125 және 150х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау; диаметрі 40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар; диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200,5300 м ұсақтайтын стержендер; А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20 мм арматуралық болат.
Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті.
Болат құбырларын өндіру көлемі республикада сондай-ақ айырықша емес. 1988 жылы Теміртау қ. «Кармет» АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86 мм диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО заутында («Қарағандыкөмір» АҚ) өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы дайындалған, шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы Алматы қ. «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114 мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайы жоқ.
Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т. көтерілді және 459 мың т. жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мы т. деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін.
Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ болатты қақтауды – тік жікті құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер, жабынды бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер, сондай-ақ жоғары дейгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды.
Металлургиялық кешен. Қара металлургия
Жарияланды 2-12-2014, 19:25 Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Металлургиялық кешен. Қара
металлургия
Мақсаты: Металлургия кешеніне жалпы шолу. Қара металлургия
құрамы, ерекшеліктері туралы білу. Оқушыларға
оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп,
өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастырып дамыту
Күтілетін нәтиже: А. Металлургия кешені туралы біледі.
В. Металлургия кешендерінің орналасуын картаға түсіріп,
көрсете алады.
С. Қара металлургияның құрамы мен ерекшеліктерін
ажыратып, талдай алады.
Керекті жабдықтар: Үлестірмелі материалдары, флипчарт, стикерлер,
рефлексия қағазы, интернет бейнематериалы, смайликтер, интерактивті
тақта, компьютер, маркерлер
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті
Кіріспе 5мин
Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін
«Амандасу» тренингін өткіземін.
Оқушыларды елдер бейнеленген пазлдар арқылы 3 топқа
бөлемін.
Оқушыларға «Өзін - өзі бағалау» парақтарын
үлестіремін.
Тұсаукесер 10 мин
«Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы
оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар
қоямын.
1. ОЭК - не нелер жатады?
2. Мұнай өнімдері қандай шаруашылық салаларында
қолданады?
3. Қазақстанда қанша мұнай өңдейтін
зауыттар бар және қай қалаларда?
4. Газ тұтынушыларға қалай жеткізіледі?
5. Ірі газ кен орындарын ата?
6. Мұнай – газ өнеркәсібінің қоршаған
ортаға тигізетін әсерін сипаттап бер?
7. Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнын ата?
8. Қазақстанның неше облысына газ жеткізілген?
9. 300 - ге дейін өнім алуға болатын отын түрін анықта?
Картамен жұмыс.
1. Қазақстанның газ өндіретін облыстарын картадан
көрсет?
2. Ірі мұнай кен орындарын картадан тауып, көрсет?
3. Мұнай өңдеу зауыттарын картадан тап?
Қазақстанның ТМК саласы туралы
Тау-кен металлургия кешені – бұл Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының 30%-ы, марганец кенінің - 25%-ы, темір кенінің -10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық көмір қоры мен болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады. Осылайша Қазақстан мырыш, вольфрам, және бариттің барланған қоры бойынша бірінші орынды, күміс, қорғасын, хромиттер мен уран бойынша – екінші, мыс бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, кобальт бойынша – бесінші, алтын мен көмір бойынша алтыншы, алтын бойынша – жетінші орынды иемденеді. Менделеев кестесінің 105 элементі ішінде Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, 60-тан астам элемент өндіріледі.
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары
Пайдалы қазбалар түрі |
Теңгерімді қорлар (тонна) |
Әлемдегі орны (қорлар бойынша) |
Әлемдегі орны (кенде қамтылым бойынша) |
Темір кені |
18 600 000 000 |
6 |
7 |
Марганец кені |
635 200 000 |
4 |
10 |
Хром кені |
382 700 000 |
2 |
1 |
Бокситтер |
365 400 000 |
12 |
н/д |
Қорғасын |
17 200 000 |
5 |
41 |
Мырыш |
39 800 000 |
5 |
40 |
Мыс |
39 300 000 |
12 |
63 |
Титан |
24 100 000 |
10 |
15 |
Вольфрам |
2 100 000 |
1 |
25 |
Алтын |
2 232,6 |
15 |
2 |
Күміс |
53 204 |
4 |
31 |
Қалайы |
69 300 |
10 |
23 |
Уран |
1 600 000 |
2 |
д/ж |
Тас көмір |
150 000 000 000 |
8 |
д/ж |
Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша республика 70 тау-кен өндіруші державалардың ішінде 13-ші орынды иемденеді.
Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті металлургия өнеркәсібінде жаңа өңдеуші өндірістерді кезең-кезеңмен құру, жоғары технологиялық өнімдер өндірісін өсіруді және сыртқы нарыққа оның экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық тұтынушылары қажеттіліктерін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін қосылған құны жоғары өнім шығару болуға тиіс.
2012 жылы Қазақстан ТМК 2 817 млрд. теңгеден астам өнім өндірді, бұл Республика ЖІӨ 9,4%-ына барабар. Бұл ретте металлургия саласы өндірген өнім құны 1 935 млрд. теңгені құрады, ал 2012 жылы тау-кен өнеркәсібі өндірген өнім 882 млрд. теңгеге бағаланды.
2012 жыл қорытындысы бойынша елдің жалпы өңдеуші өнеркәсібі өндірген өнім көлемінің 36,8 пайызы металлургия өндірісі үлесіне тиесілі болды.
Қазақстан ТМК өндірісінің ұлғаюы қарқынына соңғы жылдары жаңа зауыттар салу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын ұлғайту және оларды реконструкциялау ықпал етті. 2005-2011 жылдар кезеңінде ТМК-дағы инвестициялардың жиынтық көлемі 2 026 млрд. теңгені құрады, олардың 788 млрд. теңгесі түсті металдар кенін өндіруге байланысты инвестицияларға, 197 млрд. теңгесі – темір кенін өндіруге, 362 млрд. теңгесі – қара металдар өндірісіне, 679 млрд. теңгесі – түсті және асыл металдар өндірісіне тиесілі.
2012 жылы Қазақстанда 52 577 мың тонна темір кені (2011 жылмен салыстырғанда +1,5%), 38 353 мың тонна мыс кені (+11,2%), 4 806 мың тонна мыс-мырыш кені (-1%), 5 170 мың тонна бокситтер (-5,9%), 2 942 мың тонна марганец кені (-0,2%), 5233 мың тонна хром кені (+3,4%) өндірілді. Республикада 2012 жылы тас көмір өндіру көлемі 107253,7 мың тоннаны, қоңыр көмір - 7715,4 мың тоннаны құрады.
Қара және түсті металдар кенін өндіру көлемі (мың тонна)
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда ферроқорытпа өндірісінің көлемі 1 724 млн. тонна (2011 жылмен салыстырғанда +3,3%) болды, олардың ішінде феррохром үлесіне 1 305 566 тонна, ферросилиция – 492 тонна, ферросиликомарганец – 251 445 тонна, ферросиликохром – 164 854 тонна тиесілі. ҚР-да тазартылмаған болатты шығару 2012 жылы 3,770 млн. тоннаны (2011 жылмен салыстырғанда -21,6%) құрады, бұл ретте 2 373 мың тонна тегіс прокат, 464 046 тоннамырышталған прокат, 147 383 тонна ақ қалайы және күйдірілген табақ прокаты шығарылған.
Түсті және асыл металдарды өндірумен айналысатын Қазақстан кәсіпорындары 2012 жылы 958,4 тонна тазартылған күміс, 21,1 тонна тазартылған алтын, 250 269 тонна бастапқы алюминий, 319 847 тонна мырыш, 366 482 тоннатазартылған мыс шығарған.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің нақты көлем индексі (алдыңғы жылға %-бен)
Экономикалық қызмет түрі |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу |
107,3 |
103,6 |
105,9 |
107,2 |
107,2 |
101,3 |
100,2 |
Көмір мен лигнит өндіру |
111,2 |
96,1 |
120,0 |
90,8 |
104,4 |
106,0 |
101,7 |
Темір кенін өндіру |
111,5 |
105,0 |
87,6 |
100,1 |
113,4 |
101,7 |
100,9 |
Түсті металдар кенін өндіру |
109,0 |
106,2 |
108,4 |
107,3 |
105,7 |
99,9 |
106,1 |
Өңдеуші өнеркәсіп |
107,2 |
108,6 |
97,5 |
97,1 |
113,9 |
106,2 |
100,7 |
Қара металлургия |
101,5 |
113,0 |
86,6 |
101,6 |
109,4 |
105,6 |
88,0 |
Негізгі асыл және түсті металдар өндірісі |
107,2 |
99,6 |
104,5 |
92,0 |
115,7 |
107,2 |
106,9 |
Машиналар мен жабдықты қоспағанда, дайын металл бұйымдар өндірісі |
132,0 |
134,7 |
93,3 |
102,4 |
98,2 |
112,2 |
97,8 |
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Бүгінде Қазақстан тау-кен металлургия кешені шикізат экспортына және бастапқы металдар өндірісіне бағдарланған. Мысалы, елдің жалпы экспорты көлеміндегі металлургия үлесі 2012 жылы экспорттың жалпы көлемінің 11,9 пайызын құрады. Төменде ТМК-ның экспортталатын өнімінің негізгі түрлерінің тізбесі, сондай-ақ бұл өнімді импорттаушы елдердің тізімі берілген.
Қазақстан ТМК өнімі экспортының негізгі бағыттары
Өнім түрі |
Негізгі импорттаушы ел |
Көмір |
Ресей |
Темір кені мен шөкемтастар |
Ресей |
Сазбалшық (алюминий оксиді) |
Ресей |
Алюминий |
Ресей, Қытай |
Ферроқорытпалар |
Қытай, Ресей, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея |
Мырыш |
Қытай, Италия, Нидерланды |
Қорғасын |
Швейцария, Испания |
Мыс |
Қытай, Ұлыбритания |
Алтын |
Швейцария, Италия, БАӘ |
Күміс |
Ұлыбритания, Германия және Швейцария |
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар |
АҚШ, Жапония, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Ресей |
Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің деректері негізінде
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның металлургия саласында 62 кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл ретте ҚР ИЖТМ Геология комитетінің деректеріне сәйкес республикада жалпы таралған пайдалы қазбалардың 1115 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбалардың 241 жер қойнауын пайдаланушы және жер асты суларын өндірумен айналысатын 158 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Қазақстанның аса ірі ТМК кәсіпорындарына мыналар
жатады:
ENRC — минералдық ресурстарды өндіру және қайта
өңдеу саласында әлемдегі ірі топтардың бірі, оның
ықпалдасқан өндіруші, қайта өңдеуші,
энергетикалық және логистикалық кәсіпорындары бар.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – толықтай
ықпалдасқан компания, оның қызметі кен өндіруден
бастап тауар металын өндіргенге дейінгі барлық кезеңдерді
қамтиды. Компанияның негізі қызметі мысты өндіру
және сату болып табылады. Мыс өндіру бөлімшесі жанама
өнімдер ретінде мырыш, күміс және алтын сияқты
басқа да металдарды үлкен көлемде өндіруді жүзеге
асырады.
«Қазмырыш» ЖШС — жанама мыс, асыл металдар мен
қорғасынның көп көлемін шығаратын ірі
ықпалдасқан мырыш өндіруші.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ —Қазақстан Республикасының
тау-кен металлургия секторының аса ірі кәсіпорны, меншікті
көмір, темір кені және энергетика базасы бар
ықпалдасқан тау-кен металлургия кешенін білдіреді.
«Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» —
Қазақстанның уран және оның қосылыстары,
сирек металдарды, атом энергетика станцияларына арналған ядролық
отынды, арнайы жабдықты, технологиялар мен қосарлы
мақсаттағы материалдарды экспорттау жөніндегі
ұлттық оператор.
«Богатырь Көмір» ЖШС — Қазақстанда ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша серпінді дамып келе жатқан аса ірі компания. Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмір көлемінің 70%-ы Компания үлесіне тиесілі.
Сондай-ақ, Республиканың ірі металлургия кәсіпорындарына
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Теміртау электрлі-металлургия
комбинаты» ЖШС, «Тараз металлургия комбинаты» ЖШС, «KSPSteel» ЖШС т.б. жатады.
Сыныбы: 9А
Тақырыбы: Металлургия кешені,құрамы,құрылымы,ерекшеліктері.Қара металлургия.
Мақсаты:. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, ел экономикасындағы металлургия кешенінің құрамын,құрылымын,негізгі шикізат базасын мәтінге сүйене отырып талдап,саралауға жағдай жасау,өз бетінше және топпен жұмыс істеу,функционалды сауаттылықтарын дамыту тапсырмаларын орындау ,картамен статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Міндеттері: 1. Металлургия кешенінің үрдісін сипаттау.
2. Статистикалық мәліметтермен,картамен жұмыс жасау
3. Топтасып бірлесіп білім алуға ұмтылу
Күтілетін нәтиже:
Металлургия кешені туралы біледі.
Металлургия кешендерінің орналасу факторларын талдап,картадан көрсете алады.
Қара металлургияның құрамы мен ерекшеліктерін,өнімді алу үрдістерін ажыратып, талдай алады.
Керекті жабдықтар: Үлестірмелі материалдары, флипчарт, стикерлер, рефлексия қағазы, интернет бейнематериалы, смайликтер, интерактивті тақта, компьютер, маркерлер
Модульдер:
1.Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Оқыту үшін бағалау,оқу үшін бағалау
4.Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қолданылатын стартегиялар
«Сұрақтар шеңбері»
« Не,қалай,қандай?»
«Кім жылдам?»
Сергіту сәті
«Ойлан,жұптас,бөліс.»
«Тізбектелген сөздер»
Рефлексия
Сабақ кезеңдері
Кіріспе Оқыту атмосферасын құру
Топқа бөліну Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру
Топқа бөліну стратегиясын түсіндіру.
Бағалау парағының ережесін түсіндіру
Сабақтың эпиграфын айту. Шеңбер бойымен жақсы тілектер айтады.
«Кім болам» өнеркәсіп салаларына байланысты сөздер бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
«Мұнайшылар»
Жетібай,Өзен,Атасу-Алашанькоу,Танкер
«Шахтерлар»Богатырь,Майкүбі,Екібастұз.
«Экономистар» БұқытрымаСЭС,ЖЭО
«Энергетиктер»Өзіндік құны,ЖІӨ
Әр топ өздерінің символдарын құрастырады.
Тұсау кесер Үй тапсрымасына шолу «Сұрақтар шеңбері»
оқушылар берілген сұрақтарға тез,жылдам жауап беруі керек(әр жауап 5 ұпайдан).
«Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушыларға түрткі сұрақтар қоямын.
1. Мұнайды қайда өңдейді?қандай өнімдер алады?
2. Мұнай өнімдері қандай шаруашылық салаларында қолданады?
3. Қаражамбас,Ембі,Өзен мен Жетібай кен орындарының мұнай сапасы қалай ерекшеленеді?
4. Газ тұтынушыларға қалай жеткізіледі? Еліміздің оңтүстік аймағын газбан қамтамасыз ететін құбыр қалай аталады?
5. Ірі мұнай құбырларын атап,көрсет?
6. Мұнай – газ өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттап бер?
7. Қазақстандағы мұнай кен орындарын қоры бойынша атап шығыңыз.
Негізгі бөлім Жаңа сабақтың мақсаты,міндеттері презентациямен көрсетіледі
Не ,қалай,қандай,қашан? Металлургия кешені бойынша фильм көрсетіледі, сұрақтар беріледі.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып,сабақтың тақырыбын, мақсатын ашады
Әр топ өздеріне түскен сұрақ бойынша сипаттама жасайды.
Дұрыс мазмұны берілсе 15 ұпай Интерактив. Тақта,презентация
«Кім жылдам?
«Сергіту сәті»
Деңгейлік тапсырмалар.
(сынақтан өткізу сұрақтары)
Топтағы әр жұпқа жеке тапсырма беріледі,тапсырма 3 деңгей бойынша
1. Кенді байыту тәсілі қалай аталады?
2.Толық циклді комбинаттарды орналастырудың шешуші фактораларын анықтаңыз.Оларды қай жерлерге салу керек?
3.182 бет.тапсырма №6 (экономикалық есеп) 1-«2», 2-«3», 3-«5»
«Ойлан,жұптас,бөліс» Әр топқа ортақ жоғары дәрежелі тапсырма беріледі.
Кен орындарының орналасуы металлургия өнеркәсібінің орналасуына әсер ете ме?
Батыс Еуропаның жетекші елдерінде неліктен меаллургия комбинаттары шеттен әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді?
Қортынды «тізбектелген сөздер» Өндірісті құрамдастыру,металлургия,болат,Қостанай ,Атасу,қайта балқыту зауыттары.
Бағалау
Рефлексия
Үйге тапсырма
Қазақстанның түсті және қара металлургиясы
/Экономика /Қазақстанның түсті және қара металлургиясы
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі саладан тұрады — қара металлургия және түсті металлургия: — қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқүймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады; — түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде түсті металлурияның салмақтық үлесі 12%. Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта — Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтердің 74 түрі өндіріледі. Шығарылатын кендерден мыс, қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек және жерасты сирек кездесетін металдар, мыс, қорғасын негізіндегі прокаттар өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді, сондықтан мұндай өндіріс орындары электр энергиясыкың көзіне жақын салынады.
Өндіріс дәрежесі бойынша Қазақстан тазаланған мыс өндіруде әлемде ірі өндіруші және экспорттаушылар қатарына кіреді. Әлемдік мыс ендіруде республиканың үлесі 2,3%, ал зерттелген қоры 7,1%, сонымен қатар бүкіл елімізде өндірілетін мыс шет елдерге шығарылады. Қазақстан мысының негізгі импортерлары: Италия, Германия және басқа елдер.
Қазақстан ірі алтын өндіруші, әлемдік қоры — 2,7% (әлемде 8-орында), оның алынуы мен өндірілуі жыл өткен сайын өсуде. Елімізде 170-тен астам алтын кенінің орны тіркелген.
Темір кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде 8-орын алады. Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Қазақстан темірінің, едәуір қор мөлшерінен басқа, артықшылығы — сапасының жоғарылығы. 8,7 млрд т темір кенінің 73,3%-ы жеңіл алынады. Еліміздегі темір кенінің 70%-ы жоғары өндірілетін мөлшері экспортқа шығарылады. Хромды (әлемдік қордағы үлесі 37,6%, 8-орын) және марганецті (30%, 2-орын) кендерді қоса есептегенде, еліміздегі қара металдар кенінің жалпы экспортқа шығаратын үлесі 1999 жылы шамамен 40%-ды құрады.
Минералдық шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша 2-орында, титан бойынша — 2-3, мырыш және қорғасын бойынша — 8, күміс бойынша 9-орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат нарықтарында Қазақстанның атқаратьш рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік нарықта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттармен био сфераны ластап отыратын негізгі лартаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше миллиондаған тонна. Түсті металлургияда атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Тіпті электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардаи көптегеи шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 т алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65%-ы қоршаған ортаға тарайды. Маман-экологтардың анықтауынша Қазақстан жерінде 20 млрд т қатты қалдықтар жатса, оның 5,6 млрд тоннадан астамы тек түсті металлургия зауыттарының үлесіне тиеді. Түсті металлургияның қалдықтарын жинақтаушы жердің көлемі 15 мың га шамасында. Көп мөлшерде атмосфера күкірт, көміртек, азот оксидтерімен, ауыр металдармен ластанады.
Жыл өткен сайын бұл «қалдық үйіндісі» орта есеппен 1 млрд тоннаға өсіпотырады. Зиянды қалдықтардың көп бөлігі (89%) арнаулы жерүсті қоймаларына орналасқан. Негізгі уытты өнеркәсіп қалдықтарының 29,4%-ы — Жезқазған, 25,7%-ы — Шығыс Қазақстан, 17%-ы — Қостанай, 14,6%-ы — Павлодар облыстарында орналасқан. Бұл облыстар әрқашан республика мақтанышы еді: мұнда өндіріс алпауыттары жұмыс жасаған.
Ақаба суларда өте улы заттар — цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар кездеседі.
Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты, олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдар концентрациясы ШРК мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкенттопырағында қорғасынның мөлшері 200 ШРК, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 есе ШРК дейін жететін жерлер кездеседі.
Кейінгі кездері Балқаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді түгел дерлік ауаға тасталып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша Балқашта тұратын 70 мың тұрғындардың әрқайсысына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар қоршаған ортаға түсіп жатыр, осылардың салдарынан болуы керек, қаладағы ағаштардың басындағы жапырақтар түгел дерлік жоғалуы жәие құстардың жаппай қырылуы байқалған. Жапырақтардың жоғалуы құстар қырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен түсіндірілуде.
Атмосфераны ластаушы заттардан бір ғана мультипликатор -қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын — политропты у. Оның ағзадағы аз ғана концентрациясы органдар мен тканьді, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдайды. Қорғасынның жоғары мөлшері — Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа қүрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральді анализ мәліметтері бойынша, бүл қала түрғындарында қорғасын мөлшері шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның біраз мөлшері ағзаға су, азық-түлік өнімдері арқылы түседі. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанатындардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 т қорғасын алу үшін 1000 т кенді қазып өңдеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32-0,85% аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін 1,5-2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытқа байланысты өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7% кейде 1,5%-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстандағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногендік қалдықтарының мөлшері аса үлкен мөлшерді көрсетіп отыр: 9,139 млрд т. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы Шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана «Жезқазған түсті металл» өндірістік бірлестігінде -13,5%) қалдық қордаланған (912046 млн т), ал «Соколов-Сарыбай» өндірістік бірлестігінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
Түсті металлургияда қалдықтарды пайдалану және утилдеу проблемалары әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қазақстанның қара металлургиясы республика өнеркәсіп өнімдерінің 12,5%)-ын өндіреді. Республика индустриясының жолбасшысы — Қарағандының «Испат-Кармет» металлургия комбинаты. Кәсіпорын толық металлургиялық циклмен жабдықталған және қара металл прокаттарының табақталған, сұрыпталған әр түрін, ақ қаңылтыр, құбырлар және т.б. шығаруға мамандандырылған. Бұл комбинаттың металы ТМД елдері мен қиыр шет елдерге шығарылады. Темірді басқа металдармен қосып қорытатын қорытпа негізінде жұмыс жасайтын республика зауыттары үшін Қазақстанда хромит кендерінің үлкен қоры бар.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жерүсті және жерасты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда 2-орын алады. Негізгі ластаушы компоненттер: көміртек оксиді (43-67%), қатты заттар (15,5-16,0%), күкірт оксиді (10,8-16,0%), азот оксиді (5,2-23,0%), көмірсутектер (3%-ке дейін). 1 тт шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап булары, шайырлы заттар бөлінеді.
Орта есеппен 1 млн т өнім шығарғанда қара металлургия зауыттарынахЧ шаң — 350, күкіртті ангидрид — 200, көміртек оксиді — 400, азот оксиді — 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.
Барлық металлургиялық үдерістерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутек, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксохимия өндірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары.
Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15%-ын осы еала жұмсайды. Негізінде қара металлургияда судың 75%-ы металлургиялық пештерді, құрал-саймандарды салқындатуға қолданылады. Суды көп мөлшерде пайдаланатын илек, домна және болат балқыту өндірістері.
Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және тағы басқа ластаушы компоненттер болады.
Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген қүнарлы жерлерді иеленеді.
Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін қалдықтардың мөлшері 30-35%-дан аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.
Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат пайда болғаннан бері 20 млрд тоннадай темір балқытылғак екен. Оның 6 млрд тоннасы қазір әр түрлі машина, аспап, құрылыс материалдары және басқа да объектілер құрамында көрінеді, ал қалған 14 млрд тоннасы қоршаған ортаға бытыраған.
Қазақстан металлургиясы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Нұрқазған карьері (Қарағанды тау-кен өнеркәсібі)
Қазақстан металлургиясы[1] - елдің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады. Іс жүзінде түсті металдартұтынылмайтын бірде-бір халық шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады. Минералдық шикізаттың ірі базасы бар Қазақстанқара металлургияның аса маңызды өнімдерін шығарады. Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін асыл металдардың 40-тан астам түрін өндіреді, осылардың негізінде және химия өнімдерінен бұйымдар жасайды. Қазақстанда өндірілетін түсті металдар дүние жүзінің көрмелеріне қойылған, қара металлургияның, ферросплавтың және хромит рудасының біраз мөлшері экспортқа шығарылады.
Мазмұны
[жасыру]
· 1Тарихы мен қалыптасуы
o 1.1Алғашқы бесжылдық
o 1.2Бірінші бесжылдық
o 1.3Екінші бесжылдық
o 1.4Ұлы Отан соғысы жылдары
o 1.5Соғыстан кейінгі жылдар
o 1.61956-1965 жылдар
o 1.7Тоғызыншы бесжылдық
o 1.8Оныншы бесжылдық
· 2Дербес экономиканың өрлеу жылдары
· 3Дереккөздер
Тарихы мен қалыптасуы[өңдеу]
· Қазақстан жерінде металлургия кәсібі өте ерте заманда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде Қазақстан жерінде металлургияның белгілі формасыболғаны анықталған. Қазақ КСР Ғылым Академиясы археологиялық экспедициялары Орталық Қазақстандағы Атасу маңынан көне заманның мыс қорытатын ескі пештерін тапқан. Бұдан 3 мың жыл бұрынғы осынау пештер сол заманда бұл өлкеде металлургияның едәуір дамығанын байқатады. 1767-1774 жылдары Қазақстанды зерттеген Петер Симон Паллас Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп екенін айтқан.
· 1771 жылы Қазақстанда болған Н.Рычков Ұлытау маңында (Жезқазғанға жақын жерде) "..сол елді мекендеген халық қазған мыс кенінің көптеген орындарының болуы алтын мен күміс кендерін қазғандығын аңғартатын белгі сияқты" - деп жазған.
· Ғалымдардың айтуынша, қазақ даласында көне заманда түсті металл, көмір кендері қазылған. Жоңғар Алатауының теріскей беткейінде (Текеліде) т.б. жерлерде қазақтайпалары кен қазған.
· 19 ғасырдан-ақ тау-кен зауыттары пайда бола бастайды. Қазақстан қара және түсті металлургиясының қалыптасуы ең алдымен тау-кен зауыты кәсіпорындарынанбасталады. 19 ғасырдың аяқ кезінде тау-кен зауыттық өнеркәсібі дамуының 2-кезеңіне жетеді. Бұл кезде пайдалы кен орындарын игеру үшін ірі-ірі капиталдаржұмсайтын қоғамдар құрылады. 1889 жылы Воскресенск тау-кен зауыттық өнеркәсіп қоғамы ұйымдастырылды. 1858 жылы күміс, қорғасын рудаларына негізделген Николаевск зауты құрылды.
· Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургия Октябрь революциясынан кейін ғана дәуірлеп өсе бастады. 1920 жылы Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер рудниктері мен зауыттары жұмыс істеді.
· 1921 жылы Риддер руднигі алғашқы рудасын берді, ал Кеңес өкіметінің 10 жылдығына (1927) риддерліктер тұңғыш қазақстандық қорғасынды тарту етті. Бір жылдан кейін Қарсақбай мыс қорыту зауыты қатарға қайта қосылады.
Алғашқы бесжылдық[өңдеу]
Ұлы Отан соғысына дейінгі алғашқы бесжылдықтар Қазақстан үшін социализмнің ірге тасын қалау және социалистік қоғам орнату кезеңі болды. 30 жылдардың ортасында түсті металл қорлары жағынан Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында 1-орын, көмір өндіруден 3-орын алды, металлургия бойынша екінші орынға шықты (Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9%-ін, ал Балқаш зауыты КСРО-да балқытылған мыстың 51%-ін, Қарағанды бассейні көмірдің 90%-ін берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі 3-орында тұрды.
Бірінші бесжылдық[өңдеу]
Бірінші бесжылдықта (1929-1932) республиканың ауыр индустриясына бөлінген барлық күрделі қаржының 43%-ы түсті металлургияны өркендетуге берілді. Жалпы өнім 1929 жылы 26,2 млн сомаға дейін немесе 4,2 есе өсті. Бұл уақыттың ішінде мыс рудасының өнімі 1928 жылы 7,3 мың т-дан 1932 жылы 147,5 мың т-ға дейін артты.
Екінші бесжылдық[өңдеу]
Екінші бесжылдықта (1933-1937) түсті металлургия жедел қарқынмен өркендей түсті. Түсті металдардың кейбір түрлерінің жалпы өнімінің көлемі жағынан Қазақстан КСРО-да 1-орынға кетерілді. Республиканың үлесіне қорғасынның 70%-ға жуығы, түсті металлургияның жалпы одақтық күрделі қаржының 31%-ы тиді. Бесжылдықтың аяғында республикада түсті металлургия саласының 20 ірі кәсіпорыны жұмыс істеді, олардың ішінде Шымкент қорғасын зауыты, Ащысай полиметалл және Лениногор (Риддер) комбинаттары бар. Республикада қара металлургияның алғашқы объектісі Донской хромит руда басқармасы болды. Ол 1933 жылы алғашқы хромит рудасын берді. Оңтүстік Кемпірсайдағы бірегей кен орнында орналасқан бұл рудниктің халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы болды. 1940 жылы Ақтөбе ферросплав зауыты салынып, 1943 жылы пайдалануға берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдары[өңдеу]
Ұлы Отан соғысы
жылдары (1941-1945) Қазақстан индустриясы, әсіресе
металлургия баға жетпес үлкен рөл атқарды. Бұл
кезеңде республика майдан арсеналдарыныңбіріне айналады.
Соғыс жылдары республиканың территориясында жаңа
кәсіпорындарының (25 рудник, шахта және карьералар, 11 байыту фабрикасы) құрылысын салу
кеңінен өріс алды. КСРО-ның Еуропалық бөлігінен
көшіп келген әр түрлі 150 кәсіпорындарының
пайдалануға берілуіне байланысты республиканың қуаты артты. Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай,
Березовск рудниктері алғашқы өнімдерін берді, Текелі
қорғасын-мырыш комбинатының 1-кезегі
пайдалануға берілді, Белоусовск мен Березовск байыту комбинаттары іске
қосылды. Ақшатау вольфрам комбинаты жұмыс істей
бстады (1943), Шымкент қорғасын зауыты едәуір
ұлғайтылды. 1943 жылы Ақтөбе ферросплав зауыты
алғашқы феррохром берді. Жезді марганец руднигі 38
күн ішінде пайдалануға берілді, бұл рудник Орал
металлургиясына басты маргенец жеткізуші болды. Теміртаудағы Қазақ
металлургия зауыты жедел қарқынмен салынды. Зауыт 1944 жылы 31
желтоқсанда болат, ал 1945 жылы прокат бере
бастады.
Соғыстан кейінгі жылдар[өңдеу]
Соғыстан кейінгі жылдар (1946-1955) Қазақстанның алдына КСРО-ның соғыста қираған аудандарын қайта қалпына келтіру, халық шаруашылығын соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу және мұнан кейін ол дәрежеден едәуір мөлшерде асыру міндеті қойылды. Республиканың жалпы өнімі 1945 жылға қарағанда, 1955 жылы 3,6 есе, қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын 5,9 есе өсті. Қара металлургияда болат қорыту 4.6 мың т-дан 234,5 мың т-ға дейін, немесе 51 есе, хромит рудасының өнімі 2,2 есе, марганец рудасы бірнеше есе артты.
1956-1965 жылдар[өңдеу]
1956-1965 жылдар
арасындағы кезең Қазақстан үшін экономиканың жедел
өркендеуінің жаңа бір сатысы болды. Бұл тың
және тыңайған жерлерді игерудің басталуымен сәйкес
келді. Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде
металлургиясы үшін 1965-1975 жылдар
онан әрі өрлей өркендеу кезеңі болды.
Республика өнеркәсібінің өркендеуі ғылым табыстарына негізделген
металлургия саласының техникалық дәрежесі артуына
тығыз байланысты. 1965 жылы Мырғалымсай руднигінің
кеншілері горизонтал проходкасы бойынша
шың тасты 10 м² кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31
күн ішінде өтіп шығып, дүние жүзілік рекорд
жасады., бұл еңбек өнімділігін 4 есе арттыруға,
өзіндік құнды 40% кемітуге мүмкіндік берді. Өскемен
қорғасын-мырыш комбинатында мырыш концентратын "қайнаған
қабатта" күйдіру әдісі игерілді,
жабдықтардың жұмыс өнімділігі 3-4 есе артты.
Тоғызыншы бесжылдық[өңдеу]
Тоғызыншы бесжылдықта
республиканың түсті металлургия саласына жаңа техниканы
енгізу жөнінде 500-ден астам аса маңызды шаралар жүзеге
асырылды, бұл өндіріске жұмсалатын шығынды 75 млн
сомаға дейін кемітуге және еңбек өнімділігін
7,5%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Тау-кен жұмыстарында
руданы ашық әдіспен өндірудің үлесі 1976 жылы
45% болды. Тау-кен жұмысын шығару дәрежесі жылына 90 млн
м³-ге жетті. Еңбек өнімділігі 1970 жылға
қарағанда Солтүстік Жезқазған карьерінде 30,5%,
Қоңыратта 30% және Қарағайлыда 54%-ға
артты. Жетекші карьералар жаңа СБШ-250 және 250 НМ типті
шарашты бұрғылау станоктарымен, ЭКГ-4,6 және 8 экскаваторларымен, ЭШ-15/90 адымдағыш
драглайнмен, 27 және 40 т-лық самосвалдармен, 100-150
т-лық электровоздармен т.б. тау-кен техникасымен
жабдықталды. Жаңа техника және оны шебер пайдалану
түсті металлургия бойынша кен өндіруді 1,3 есе артық
орындауға мүмкіндік берді.
Жер асты тау-кен жұмыстарында өндірілген барлық
өнімнің 75%-ы жоғары өнім беретін жүйені
қолдану арқылы алынды. Жер асты жұмыстарында техникалық
прогрестің негізгі бағыты өзі жүріп тұратын
жоғары өнімді жабдықтарды қолдану арқылы
өндіру жүйесін енгізу болып табылмақ, мұның
үлес салмағы 1976 жылы
45.6%, ал Ащысай комбинаты мен Жезқазған комбинатында 70% болды.
Түсті металлургияда автоматтық басқару жүйесінің
алуан түрлері кеңінен енгізілді. 10-нан астам ауыр өнеркәсіптібасқарудың
автоматты жүйесі және 4 информациялық БК (Кодалар банкісі)
қатарға қосылды, 50-ден астам автоматтандырылған
учаскелер жұмыс істеді.
Оныншы бесжылдық[өңдеу]
Тоғызыншы
бесжылдыққа қарағанда, оныншы бесжылдықта
металлургия саласының өнеркәсіп өнімі 17.9%, оның
ішінде тазартылған мыс өнімі 20,3%, қорғасын 12,9%,
мырыш 9,4% және глинозем 9,4% артады. Еңбек өнімділігі
10%-дан астам, ал пайда 32% өседі. Оныншы бесжылдықтың
алғашқы 2 жылдығында республиканың қара
металлургиясында өнеркәсіптік өнімі 10,7% сіп, 1,18 млрд
сомаға жуық болды. Шойын құю осы уақыт ішінде
4,54 млн т болды, немесе 25,5%, болат 5.4 млн т немесе 18%, прокат 4,2 млн т
немесе 9,5% және темір рудасы 23,3 млн т немесе 9,3% өсті.
Металлургия саласы өндірісінің өсуі негізінен алғанда
құрылысты жүргізу, жаңа нысандардыпайдалану сондай-ақ
жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейтіп, қайта
құру есебінен жүзеге асырлды. Қарағанды комбинатында
көптеген өндірістің күш-қуаты жаңадан
арттырылды; 2-аглофабрикада жылына 2,2 млн.т агломерат беретін 3-агломашина, 1
млн.т кокс беретін
7 кокс батареясы, әк күйдіретін
КС-100 пеші, 80 мың т лонжеронжолағын өндіретін
агрегат және әр түрлі көмекші нысандар іске
қосылды. Ермак ферросплав зауытында жалпы
өнімділігі 200 мың т-лық ферросплав қорытатын пеш
пайдалануға берілді. Соколов-Сарыбай
кен байыту комбинатының фабрикасында жылына 910
мың т концентрат беретін 15-секция салынды. Донской кен-байыту
комбинатында 500 мың т хромит рудасын өндіретін қосымша
қуаттар қатарға қосылды.
Жаңа күрделі құрылыстар, өндірістік нысандары
кеңейтіп қайта құру металлургия саласындағы
негізгі өнеркәсіптік өндірістік қорлардың
жылдық орташа құнын 18,1% арттыруға және оны 2,6
млрд сомға жеткізуге мүмкіндік берді. Мұның
өзі 1970 жылғыдан
2,4 есе артық.
1970 жылдан бастап республиканың темір рудасы өнеркәсібі
едәуір өсті. Бұл уақыттың ішінде темір
рудасының өнімі 1,4 есе, оның ішінде оныншы
бесжылдықтың алғашқы екі жылында 11% өсті,
тиісінше концентрат өнімі 1,5 есе және 15,4%, агломерат 2,46
және 1,8 есе артты. КСРО-да өнідірілетін концетраттың 1/10-і,
жентектің 1/4-і Қазақстанда өндірлді.
1976-1980 жылдары
республикада тұңғыш рет комбинатта қыздырмай
мырышталған табақ темір, қалайыланған және
хромдалған қаңылтыр өндірісі
игерілді.[2]
Дербес экономиканың өрлеу жылдары[өңдеу]
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка селосының жанындағы Артемьев кеніші (жылына 1,5 млн.т мыс, мырыш және қорғасын кенін өндіреді).
Қазақстанда
тәуілсіздік алғаннан кейін экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі
қолданылды.
1991-1992 жылдар
Қазақстанда социалистік экономикадан кейінгі экономикалық
жағдайдың шиеленесіп, құлдырауменсипатталады.
Бұл 70 жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының
жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді,
оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы
және ішкі әлеуметтік-экономикалық,
қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген
экономикалық саясат өрістеп кете алмады.
1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы экономиканың барлық
саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды.
1993-1994 жылдар экономикалық
дағдарыстың түйінді кезеңіне
айналды. Өнеркәсіп шегіне жетіп құлдырады,
өндірілген ұлттық табыс 1991-1993
жылдары 1976 жылғы
деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды.
1995-1997 жылдары макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама барысында қолданылған шаралардың
нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өнім 1994 жылмен
салыстырғанда 1997 жылы 14,1 млрд теңге деңгейіне дейін
көбейді.
1998-1999 жылдарда
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы
қабылданды. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі
2,7%-ға артты.
2000 жылдан
бастап Қазақстан экономикалық өрлеу жолына
түсті. 2002 жылғы мәлімет бойынша
өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде түсті
металлургияның үлесі 11%, әлем бойынша мыс өндірудегі
үлесі 2,3%. Қазақстан мысының негізгі импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс
пен мыс қортпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%ын Қазақмыс корпорациясы өндіреді,
ол Қазақстанның түрлі аймақтарында бірнеше
зауыттарды, кеніштерді және энергия нысандарын біріктіріп отыр.
Қазақстан темір кентасының қоры жөнінен әлемде 8-орында.
Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Елде
өндірілетін темір кентасының 70%-дан астамы экспортқа
шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы
өнеркәсіп өнімі көлемінің 7%-ға
жуығын өндіреді. Мұндағы аса ірі кәсіпорын
Қарағандыдағы Испат Кармет металлургия комбинаты, ол
шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын
және болаттың 90%-дан астамын өндіреді. Бұл комбинат
өнімі ТМД елдері
мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады.
Жәйрем кен-байыту комбинаты
АҚ тотыққан марганец және темір-марганец кентастарынан
жоғары сапалы марганец концентраттарын өндіреді.
1994 жылдан
кен-металлургия кешені кәсіпорындарының көбі шетелдік
және отандық компаниялардың басқаруына берілді.
1996-1997 жылдары
кен байыту және металлургия кәсіпорындарын бірыңғай
технологиялық тізбекпен байланыстырған ірі бірлестіктер
құрылды, олар: "Қазмырыш", "Қазақмыс"
копорациясы, "Қазақстан
алюминийі", "Испат Кармет" ААҚ-дары, "Қазхром"
Ұлттық акционерлік компаниясы.
Лондондағы Уран институтының
есебі бойынша, әлемде барланған уран қорының 25%-ы
Қазақстанда.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.