9класс_Математика_Мәтінді есептерді ТЖ арқылы шығару_Қосымша

  • doc
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9класс_Математика_Мәтінді есептерді ТЖ арқылы шығару_Қосымша.doc

1        Қосымша

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақ мақсаттары

Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешу;

Есептің шарты бойынша математикалық модель құру;

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

ü  Есептің шартын түсінсе

ü  Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрса

ü  Есептің шешімін шарты бойынша дұрыс тапса

 

Жұптық жұмыс

1. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші поезд екіншіден 1 сағат кеш шығып, екінші поездың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. ӘР поездың жылдамдығын табыңыз.

 

2.                  Аэдромнан одан 1600 км қашықтығы пунктке бір мезгілде екі ұшақ ұшып шығады. Бірінші ұшақтың жылдамдығы екіншіге қарғанда 80 км/сағ-қа артық болғандықтан, ол белгіленген жерге 1 сағат бұрын жетеді. Әр ұшықтың жылдамдығын табыңыз.

 

Дескриптор:

-         Белгісіз шаманы дұрыс анықтайды;

-         Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

-         Есептің шешімін дұрыс табады.

 

 

Жеке жұмыс

1. Екі жұмысшы бірлесе жұмыс істеп 7 күнде жұмыстың 75% атқарды. Олар жұмысты 10 күнде бітіргенімен 2-ші жұмысшы соңғы 2 күн жұмысқа шықпаған болса, әрқайсысы осы жұмысты жеке-жеке орындағанда қанаш уақытта бітіреді?

 

2. Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, баржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса, онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді?

 

Дескриптор:

-         Белгісіз шаманы дұрыс анықтайды;

-         Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

-         Есептің шешімін дұрыс табады.

 

Үй тапсырмасы

1. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км суда жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. өзен ағсының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 20 км/сағ

Қуаттарды әр түрлі екі насос бірлесе жұмыс істей отырып, бассейінді 4 сағатта толтырады. Бірінші насосқа бассейінді жартылай толтыру үшін екінші насосқа бассейіннің 3/4 бөлігін толтыруға кететін уақыттан 4 сағат артық уақыт қажет. Әр насос жеке жұмыс жасағанда бассейінді неше сағатта толтырар еді?

Дескриптор:

-         Белгісіз шаманы дұрыс анықтайды;

-         Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

-         Есептің шешімін дұрыс табады.

 


Жауабы:

Жұптық жұмыс

 

1. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші поезд екіншіден 1 сағат кеш шығып, екінші поездың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. ӘР поездың жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 50 км/сағ, 45 км/сағ

3.                  Аэдромнан одан 1600 км қашықтығы пунктке бір мезгілде екі ұшақ ұшып шығады. Бірінші ұшақтың жылдамдығы екіншіге қарғанда 80 км/сағ-қа артық болғандықтан, ол белгіленген жерге 1 сағат бұрын жетеді. Әр ұшықтың жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 320 км/сағ, 400 км/сағ

 

 

Жеке жұмыс

3. Екі жұмысшы бірлесе жұмыс істеп 7 күнде жұмыстың 75% атқарды. Олар жұмысты 10 күнде бітіргенімен 2-ші жұмысшы соңғы 2 күн жұмысқа шықпаған болса, әрқайсысы осы жұмысты жеке-жеке орындағанда қанаш уақытта бітіреді?

Жауабы: 14; 28

4. Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, баржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса, онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді?

Жауабы: 10 сағ; 15 сағ

 

 

Үй тапсырмасы

1. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км суда жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. өзен ағсының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 20 км/сағ

Қуаттарды әр түрлі екі насос бірлесе жұмыс істей отырып, бассейінді 4 сағатта толтырады. Бірінші насосқа бассейінді жартылай толтыру үшін екінші насосқа бассейіннің 3/4 бөлігін толтыруға кететін уақыттан 4 сағат артық уақыт қажет. Әр насос жеке жұмыс жасағанда бассейінді неше сағатта толтырар еді?

Жауабы:16 сағ; 16/3сағ.