Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз
Оценка 4.9

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Оценка 4.9
docx
30.11.2020
Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз
Он жетінші қара сөз, отыз екінші қара сөз.docx

 

 

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз
Сабақтың мақсаты:

 1. А.Құнанбайұлының қара сөздерін оқыта отырып,толық мәлімет беру, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

2. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

3. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың  барысы:

 1. Ұйымдастыру. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

∙ Абайдың өлеңін мәнерлеп  жатқа айту.

∙ Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.

 3. Жаңа сабақ.

   «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»

М.Әуезов.

А.Құнанбаевтың өлеңдері мен поэмаларымен таныстыңдар.Мына кестені толтыру мақсатында біз бүгін Абайды тағы бір қырынан танитын боламыз.

 

Ой қозғау. Студенттерге ББҮ кестесін толтырту.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 

 

          Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.

Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.

Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады. Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.

Мағынаны тану сатысы. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың он жетінші қара сөзі мен отыз екінші қара сөзімен танысамыз.

Кестені толтыру.

 

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Оқушы пікірі

 

 

 

 

   « Зерек ес», «есте сақтау», «ақыл» деген кілт сөздер беріліп,балалардың ойларын тыңдау. Балалар, сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады?  деген сұрақ қойылады.

Зерек ес – психологиялық күрделі процесс. «Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.

Абайдың «Он жетінші» қара сөзі.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
      Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
      Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

 Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
      - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
      -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
      екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
      - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

 

Абайдың «Отыз екінші» қара сөзі

 

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Ауызша жұмыс.

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

Мәтінде не туралы айтылған?

Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?

Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істер едіңіз?

 Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастырыңыз.

Ой кеселдерін атаңыз.

 Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едіңіз?

 Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерінің синонимдерін жазу. түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жазыңыз.

Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Қарасөз

 1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз

2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің

тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.

3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз.

4. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына

бар.

5. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет

жанрына берілген атау.

6. Грамматикалық мағынасы – зат есім.

7. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді.

Шығармашылық жұмыс. Өзіңіз қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар.

* Күлкішілдік

*Зиянды әдеттерге құмарлық

 Қорытынды.

Кестедегі «Үйрендім» ұяшығын толтыру арқылы сабақты бекіту.

 Мұғалімнің сөзі. Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

 

Үйге тапсырма:  Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін…

(Сөйлемді өз ойыңмен ұштастыр.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар

Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас

Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар

Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең,

Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең,

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қара сөз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020