Абай Құнанбайұлының өмірі
Оценка 4.6

Абай Құнанбайұлының өмірі

Оценка 4.6
Библиография +2
doc
воспитательная работа
5 кл—11 кл +1
22.01.2021
Абай Құнанбайұлының өмірі
Абай Құнанбайұлының өмірі туралы
2 САБАҚ.doc

Сыныбы: 9 «А»                            2-сабақ                        Күні:15.09.2020

 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ұлы ойшыл, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, сазгер, күйші, қара қылды қақ жарған төбе би-шешен, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыру.

Дамытушылық: тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасату.

Тәрбиелік: өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әркүнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін -өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта, тәрбиелей отырып қалыптастыру.

№1 кесте

 

Өмір сүрген жылдары

1845ж 10 тамыз   - 1904 ж 23 маусым

 

Туған жері:

Семей  облысының Шыңғыстауының баурайында дүниеге келді

 

Абайдың тәрбиесі  

анасы Ұлжан, әжесі Зере 

 

Әкесі

Құнанбай Тобықты

руының аға сұлтаны

Абай – екінші аты

«Телғара» (анасы Ұлжан мен кіші  шешесі Айғыз екеуінің арасында  тел өскен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙ КІМ?

Қазақтың бас ақыны            Қоғам қайраткері                  Ағартушы

Ойшыл                                  Сазгер                                    Төбе би – шешен

Аудармашы                           Заңгер (74-бап «Шар ережесі», 1868ж Ережеге сай  100-бап «Абай ережелері») Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы    Болыс (Қоңыркөкше)

 

Құнанбай әйелдеріКүңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным

Жақындары: Құдайберді, Тәңірберді, Халиолла, Абай (1845-1904), Ысмағұл, Ысқақ, Оспан, Шәкәрім

Жеті ата: Олжай  Айдос Қайдос Жігітек   Торғай Кенгірбай  Ырғызбай Көтібақ Топай Бөкенші Бор Өскенбай Құнанбай Абай

Абай әйелдеріДілдә Әйгерім Еркежан

1.Ақылбай

2.Әкімбай Мекаил

3.Әбдірахман (1868-1895) Ізкаил

4.Мағауия (1870-1904) Кенжеш

5.Күлбадан

6. Райхан

№2 кесте Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857ж – ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж - Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды.  Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870ж Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878ж — Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1876 ж – Жала жабылады

1877-1878ж – 12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880ж — Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. Лобановский, Н.Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысады.

1889ж – 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898ж -Қара сөздерін жазды.

1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды.

1895ж – Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904ж 14 мамырында баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж – Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді.

1933ж – Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж – Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық музейі  ашылды.

1945ж – Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды.

1949ж – М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж -Лениндік сыйлық алды.

1960ж Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж .А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.


Сыныбы: 9 «А» 2-сабақ

Сыныбы: 9 «А» 2-сабақ

Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды

Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2021