Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ
Оценка 5

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Оценка 5
Разработки уроков
docx
обществознание
9 кл
23.12.2018
Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ
Адам.Қоғам.Құқық. пәнінен 9 сыныпқа арналған ашық сабақ. Тақырыбы: "Адамның қызметі". Мақсаты: әрекет ұғымынң мәнін ашу, оқушыларды әрекеттің сипатымен, тұрпатымен, түрлерімен таныстыру, адам әрекетінің мақсаты және әрекетке құлшыныс тудыратын факторларды ажыра білу. Білімділік: оқушыларға адамның қызметі, қызметтің тұрпаттары мен түрлеріне түсінік беру және оның қоғамда алатын рөлін ашып көрсету. Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру, оқушыны өз алдына дұрыс мақсат қоя білуге, мақсатшыл болуға, мақсатқа жеткізер адал құралдарды таңдауға бағыттау.
ашық сабақ қызмет.docx
Тексерілді:   Пән: Адам. Қоғам. Құқық  Сынып:  9 "А" Сабақ:  4   Күні: 25.09.2018 жыл  Сабақтың тақырыбы: § 4. Адамның қызметі Сабақтың мақсаты:  әрекет ұғымынң мәнін ашу, оқушыларды әрекеттің сипатымен, тұрпатымен, түрлерімен таныстыру, адам әрекетінің мақсаты және әрекетке құлшыныс тудыратын факторларды ажыра білу. Білімділік: оқушыларға адамның қызметі, қызметтің тұрпаттары мен түрлеріне түсінік беру және оның қоғамда алатын рөлін ашып көрсету. Дамытушылық: оқушылардың   ой­пікірін   айта   білу   белсенділігін   арттыру,   оқушыны   өз   алдына дұрыс мақсат қоя білуге, мақсатшыл болуға, мақсатқа жеткізер адал құралдарды таңдауға бағыттау. Тәрбиелік:  адамгершілікке пен адалдыққа және алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: таратпа   материалдар,   әрекет   үстіндегі   бейнелері   салынған   суреттер,   оқулық интерактивті тақта, презентатция Пән аралық байланыс:  қазақ тілі мен әдебиет, биология. Сабақтың әдісі: түсіндіру, кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, Джигсо әдісі арқылы постер қорғау Сабақтың түрі:  танымдық сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең (1 минут) а) сәлемдесу б) сабаққа дайындығын тексеру в) оқушылар назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасы "Кубизм" әдісі арқылы (6 минут) 1. Қоғамда адамның мәнін ашуға көмектесетін қандай ұғымдар бар? 2. Даралық латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? 3. Жеке адам ұғымы ? 4. Тұлға дегеніміз кім?  5.  Адам мінезнің қалыптасуы? 6. Әр адам ­ қайталанбас тұлға деген ұғымды қалай түсінесің? Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау Оқушылар назарын сабаққа аудару.                Сабақтың тақырыбы түсіндіру (2 минут). ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (8 миунт) 1 Қызметтің сипаты. 2 Адамның қызметінің сипаты. 3 Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар. 4 Адамның шығармашылық қызметі Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет – адамның өмір сүруінің формасы. Қызмет   қоғамның   қозғаушы   күшіне,   прогрес   факторына,   қоғамның   өзінің   өмір   сүру   шартына айналады. Адам қызметінің жануарлар әрекеттерінен мәнді айырмашылығы – оның мақсаттылығында және   құралмен   орындалатындығында.   Мақсатсыз   және   құралсыз,   тек   түйсікпен   істелетіндіктен, жануарлардың әрекеттерін қызметкотегориясына жатқызуға болмайды.Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз. Қызметтің көптеген тұрпаттары мен түрлері бар: Рухани  Қызмет  Материалдық Өндірістік Еңбекті  Еңбексіз  Мақсат –  қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдарын сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады. Мақсат – түрлі актілер мен операциялардың сипатын, жүйелік тәртіптерін айқындайтын қызметтің жобасы. Мақсат айқын болғанда – қызметтің нәтижесі де белгілі. Ал қызметтің өзі – мақсатты жүзеге асырудың   балама   жолдары   мен   жоспарларының   арасынан   тиімдісін   таңдап   алып   әрекет   етудің күрделі үдерісі болып шығады. Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті мотив деп атайды. Мотив   (франц.   Motif   –   себеп,   себепке   итермелеу)   дегеніміз   –   субъектінің   өз   қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған  әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін  және оның бағыттылығын   айқындайтын   сыртқы   немесе   ішкі   жағдайлардың   жиынтығы;   тұлғаның   саналы қызметінің негізі және себебі. 1 ­ тапсырма ."Джигсо" әдісі арқылы постер қорғау. (10 минут) І топ   ­  Адамның қызметі және оның тұрпаттары мен түрлері?  ІІ  топ  ­ Адамның  мақсаты және қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар?  2   ­   тапсырма.(6   минут)   Оқушыларға   тапсырма   беріледі,   тапсырмада   жаңа   сабаққа   байланысты термин   сөздердің   анықтамалары   жазылған   парақшалар   таратылады   және   конверттер   беріледі, конверттер   ішінде   жауаптары   болады     сол   анықтамалардың   жауабын   тұстарына   жабыстырады. болған соң барлығымыз бірге дұрыс жауаптарын анықтаймыз. IV. Жаңа сабақты пысықтау және қорытындылау  (4 минут) 1.  Сонымен балалар қызмет дегенімізді қалай түсіндік? 2. Адамның қызметінің жануарлар әрекетінен айырмашылығы неде екен? 3. Қызмет етуге құлшыныс тудыратын қандай фактор? 4. Мақсат ұғымына сипаттама беріңдер? V. Үйге тапсырма:  § 4    Адамның қызметі. (1 минут)  VI. Бағалау:  (2 минут)

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ

Адам.Қоғам.Құқық. "Адамның қызметі" 9 сынып ашық сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.12.2018