Агитационный материал по правилам дорожного движения "Ғажайыптар елінде"
Оценка 4.8
Занимательные материалы
doc
воспитательная работа +1
Взрослым
05.02.2017
В этой разработке идет сценка про старну чудес. Также это агитационный материал по правилам дорожного движения. Здесь идет сценка как наших милых друзей учать правилам дорожного движения. также что означают знаки каторые стоят на дорогах. и каку роль играет инспектор.
гажайыптар елінде жол.doc
Тықырыбы:«Ғажайыптар елінде» атты үгітнасихат жұмысы
Мақсаты:
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте
сақтауға үйрету. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Басты кейіпкерлер: қоян, қасқыр, кірпі, тышқан, жас инспекторшылар.
Музыка ойналып тұрады.
Жас инспектор:
Ережесіз жүргенде бәрі орманда,
Бағдаршамды көтеріп,
Келдім міне, орманға.
Содан барлығы жиналып:
Кірпі:
Бұл дегенің түк те емес!
Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес.
Егер ол жөнімен жанбаса,
Онда бұған қарап тұру далбаса.
Қасқыр:
Мен кірпімен келісем!
Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда?
Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса,
Кім тоқтап тұрсын ,Қоян ба?
Сондықтан маған бәрі бір, жанса да қызыл, жасыл да
Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға.
Қоян:
Мен де жүгіріп келе жатқанда,
Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға.
Тышқан: Маған де керек емес!
Өзімақ қазып алам жер асты жолын.
Жас инспектор:
Бұларың не, достар!
Барлық жолда бізге жақын,
Бағдаршам бізге көмекші.
Ол әрқашан ескертеді,
Түсімен жол жүруді.
Ал сендер ғажайыптар еліне барғылар келе ме?
Бәрі:
Онда не бар?
Жас инспектор:
Онда сиқырлы бағдаршам және ғажайып жол белгілері бар.
Бәрі:Ендеше не істеп тұрмыз барайық.
«Ертегілер» әні орындалып үш бала билеп шығады.
Ғажайыпқа келдің
Таң ата сіз бүгін Ертегі әлемнің қызығына жүріп
Нұрына шомыласың бүгін.
Жол белгілері көркем
Әдемі бұл неткен!
Бағдаршам сөйлейді,
Белгілер тербейді
Қандай ғажап ,міне, неткен!
Қайырмасы:
Жол белгілер, жол белгілер,
Неткен ғажап, көркемсіңдер.
Әлемге бүгін ережені
Үйретесіңдер сендер.
Жол белгілері:
Ғажайыптар еліне қош келдіңдер!
Бағдаршам:
Қайғысыз өмір сүруге,
Жүгіріп, ұшып, жүзуге.
Ереже білу міндетің
Сақта мұны есіңде!
Қасқыр:
Не деген, ғажап!!! Біз, енді жол белгелерін үйренгіміз келеді.
Бәрі :
Менде, менде........../шуласып/
Бағдаршам:
Жарайды, ендеше мұқият тыңдаңдар!
Музыка әуенімен ортада жол реттеушісі, айналасында төрт бала жол белгілерін
көрсетіп жүреді.
Бағдаршам:
Ешқашан жол ережесін,
Бұзбас үшін балалар!
Әр түрлі көп белгілерді,
Есте сақтаған жөн болар.
Жол белгілері 7 топтан тұрады.
1оқушы:
Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол
бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
2оқушы:
Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген
бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді.
3оқушы:
Тиым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол
қозғалыс атаулының бәріне тиым салады.
4 оқушы: Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер
жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты
бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
5 оқушы:
Ақпараттықкөрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына
қатынасуларға , жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік
аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с туралы хабарлайды.
6 оқушы:
Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды.
7 оқушы:
Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге
пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
Жас инспектор:
Достар,естеріңде болсын!
1оқушы:
Көшеден өтерде бағдаршамға назар аудар.
2оқушы:
Жол ортасында ойнау қауіпті.
3оқушы:
Көшеде тек жаяулар өтпелері бойынша өт.
4 оқушы:
Жол қиылысында аса абай бол.
5 оқушы:
Мектепке барарда көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап
ал.
6 оқушы:
Құрметті атааналар! Жолда жүру ережелерін сақтауда балаларыңызға үлгі
болыңыздар!
7 оқушы
Құрметті жүргізушілер! Жолда кішкентай жаяу жүргіншіні немесе велосипедшіні
көрсеңіз, ерекше назар салыңыз, өйткені олардың ісқимылын болжау қиын.
8 оқушы:
Қай көше , қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі заңты тәртіп
Олортақ! Үлкенкіші баршамызға.
«Крокодил Генаның» әнімен
Үлгі алып сақшылардан,
Ол бізге басты қорған.
Балалар кәне, алға бастайық,
Ереже есте болса
Бастысы ойға қонса
Жүргінші ешқашан саспайық. Қайырмасы:
Сақшы болған қандай жақсы
Үлес қосар тәртіпке
Батылданып, өжеттеніп
Үйренеміз тез тіпті
2.40 жыл толды, міне, ҚЖИ ұйымына
Қоғамда тәртіпті сақтаймыз
Машина келе жатса
Жүйіткітіп бара жатса
Ешқашан алдынан шықпаймыз
Агитационный материал по правилам дорожного движения "Ғажайыптар елінде"
Агитационный материал по правилам дорожного движения "Ғажайыптар елінде"
Агитационный материал по правилам дорожного движения "Ғажайыптар елінде"
Агитационный материал по правилам дорожного движения "Ғажайыптар елінде"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.