Акан олендери
Оценка 5

Акан олендери

Оценка 5
Разработки уроков
doc
администрации
10 кл
10.02.2017
Акан  олендери
Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ақан өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі Сабақтың мақсаты: 1 Ақан өлеңдерінің мазмұнын, тақырып жағынан бөлінуін талдау; 2. Шығарманың көркемдік, жанрлық, құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Өткенді қайталау. Тест. № Сұрағы Жауабы 1 Ақан серінің шын аты 2 Туған жері 3 Білім алған жері 4 Немен айналысты, қандай қабілеттері бар 5 Жылқының аты Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты 6 өлеңдерінің аты 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ақанның жас шағындағы өлеңдерінің басым көпшілігі адам жанының нәзік сезімдеріне, көңіл күй иірімдерінің әсері мен әдемілігіне құрылған. Жастық. Махаббат. Адами сезімдер Саятшылық, атбегілік Әлеуметтік «Балқадиша», «Сырымбет», «Етегін ақ көйлектің алтындаған», «Қыз сипаты», «Сүйген қалқа», «Көңіл сыры», «Көңіл тілегі», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» «Мылтық пен мергеншілік», «Торыны таң асырып мінген қандай?» «Құлагер» «Барабар крестьянға тең болмадық», «Заман адамы», «Заманға қарап» «Балқадиша» өлеңі Ақанның қазақ арасына кең тараған әні. Дегенде Балқадиша, Балқадиша Күйеуің сексен бесте шал Қадиша. 1. Өлеңді талдау. IV.Қорытынды. V. Бағалау. VI.Үйге тапсырамасы: Әнді жаттап келу.
10 с. каз.ад. с.ж..doc
Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІV тоқсан 1 сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ақан өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі Сабақтың мақсаты: 1 Ақан өлеңдерінің мазмұнын, тақырып жағынан бөлінуін талдау;             2.   Шығарманың   көркемдік,   жанрлық,   құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа,   бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Өткенді қайталау. Сұрағы № 1 Ақан серінің шын аты 2 3 4 Немен   айналысты, Туған жері Білім алған жері Тест. Жауабы   қандай қабілеттері бар 5 Жылқының аты Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты өлеңдерінің аты 6 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ақанның жас шағындағы өлеңдерінің басым көпшілігі адам жанының   Махаббат. Саятшылық, атбегілік нәзік сезімдеріне, көңіл күй иірімдерінің әсері мен әдемілігіне құрылған.  Жастық. Адами сезімдер «Балқадиша», «Сырымбет»,   «Етегін   ақ көйлектің   алтындаған», «Қыз   сипаты»,   «Сүйген қалқа»,   «Көңіл   сыры», «Мылтық пен мергеншілік»,   «Торыны таң   асырып   мінген қандай?» «Құлагер» «Барабар   крестьянға   тең болмадық», «Заман адамы», «Заманға қарап»   Әлеуметтік «Көңіл тілегі», «Жайықтың   ақ   түлкісі аралдағы» «Балқадиша» өлеңі Ақанның қазақ арасына кең тараған әні.  Дегенде Балқадиша, Балқадиша Күйеуің сексен бесте шал Қадиша. 1. Өлеңді талдау. IV.Қорытынды.  V. Бағалау. VI.Үйге тапсырамасы: Әнді  жаттап келу. R № 1 2 3 4 Сұрағы Ақан серінің шын аты Туған жері Білім алған жері Немен қабілеттері бар айналысты,   5 Жылқының аты.Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты өлеңдерінің аты Сұрағы Ақан серінің шын аты Туған жері Білім алған жері Немен қабілеттері бар айналысты,   6 № 1 2 3 4 5 Жылқының аты.Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты өлеңдерінің аты 6 № 1 2 3 4 Сұрағы Ақан серінің шын аты Туған жері Білім алған жері Немен қабілеттері бар айналысты,   5 Жылқының аты.Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты өлеңдерінің аты Сұрағы Ақан серінің шын аты Туған жері Білім алған жері 6 № 1 2 3   қандай   қандай   қандай Жауабы Жауабы Жауабы Жауабы қандай 4 Немен қабілеттері бар   айналысты, 5 Жылқының аты.Иттің аты Қаршығасының аты Қыран бүркітінің аты өлеңдерінің аты 6 Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 17 сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: «Біржан деп атым шықты алты алашқа...» Сабақтың   мақсаты:  1   Біржан   сал     жайлы   түсінік ; қалыптатыру             2.   Шығарманың   көркемдік,   жанрлық,   құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа,   бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру.  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін XІX ғасырда биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі ­ Біржан сал Қожағұлұлы.  1834 жылы Ақмола  облысы Бурабай  көлінің маңында  дүниеге келген Бозбала кезінде ел  аралап, әнші жігіт  аты беріледі. «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ» т.б Тірек сызбаға түсіру. Атасы Қожағұл  тәрбиесінде болады Таршылық көрмей  өседі Біржан сал Қожағұлұлы Тумысынан өлеңге  құштар, әнге іңкәр Біржан­ақын.  Ол өлең  мен жырды қастерлеген  халықтың ішінде жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  болып шыққандардың  бірі. Біржан­айтыскер.  Атақты Шөже ,  Нұрғайша қыз, Сара «Жанбота» өлеңін оқып талдау. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу 2. Мазмұнын ашу 3. Мазмұны бойынша әңігме жазу. 4. Өлеңді өлең құрылысына талдау. Бекіту Үйге тапсырма: Реферат жазу.  Бағалау. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 9  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: 1 Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен ышғарашылығы жайлы түінік қалыптатыру;             2.   Шығарманың   көркемдік,   жанрлық,   құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа,   бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру.  XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы көрнекті өкілдерінің бірі­Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Тірек сызбаға түсіру 1858ж Баянауылдың  Қызылтау жерінде  дүниеге келу Жасынан өмір  қиыншылығын көру Қамареттин  хазіреттен сабақ  алу. Араб, парсы  тілдерін жетік  білген бала. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қисса­дастандарды  жаттап алуы. «Көпейдің баласы  сайрап тұрған бір бұлбұл Сөйлеген сөзі, айтқан  өлеңі кісінің мейірін,  құлағының құрышын  қандырады.» 15 жасынан бала  оқыту Мұса Шортанұлымен  кездесуі, «Өз  заманында Мәшһүр  болатын бала екен» Ауыз әдебиет  үлгілерін жазып  жинаған. Халық   мұрасын   жинаушы:   «Сияның   құрамына   мишияқты   қосып   зауытпен жазамын.   Сонда   менің   қолтаңбамнан   ешбір   жазу   көрінбей   қалмайды   және өшпейді»,­деді. Өлеңдерін талдау. Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан, Әр нәрсе шағымызда болып жатқан. Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық, Тастаңыз жамандықты толып жатқан. Құрметті ел билеген хакімдер де Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан. Бас салып зарлы, мұңлы, кем­кетікті, Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан. Әркімді арбауына түсірем деп,  Түлкіше сол құрығын бұлаңдатқан. Жүзіме көрінгендер көз салар деп, Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан. Жатырмыз біз қараңғы ұзақ күнде, Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан. Желкелер старшының бейшараны, Таба алмай кедей ақша жапа тартқан. Ұлыққа кімнің сөзі жете берер, Осындай жұмыстар бар толып жатқан. Өлеңнің тақырыбы: Идеясы Өлең құрылысы: шумақ, буын, бунақ, көріктеуіш құралдары. «Шайтанның саудасы» өлеңін оқып талдау. Бекіту сұрақтар арқылы Үйге тапсырма: «Шайтанның саудасы» өлеңін мазмұнын жазып келу Шығарма «Еңлік­Кебек» дастаны ­ өмір шындық көрінісі. І. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» ІІ. 1. «Еңлік­Кебек» дастаны қазақ қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді пайымдау  2. Ғашықтар трагедиясы­қоғам трагедиясы. 3. Махаббат­кіршіксіз сезім ІІІ. Абай дәстүрі мен Шәкәрім Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 4  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: «Еңлік­Кебек» дастаны Сабақтың мақсаты: 1. Поэма жөнінде оның мазмұнын аша отырып, оқушыларға сол кездегі тарихи жағдайды түсіндіру;             2.   Шығарманың   көркемдік,   жанрлық,   құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа,   бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру.  Жатқа өлең. 3. Жаңа тақырып. Шәкәрім қалдырған бай мұраның ішінде «Қалқаман­мамыр», «Еңлік –Кебек» поэмаларының өзіндік орны бар.  Еңлік­Кебек» поэмасы XX ғасырдың алғашқы жылдарында, Абайдың көзі тірісінде,  . тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған » . Поэманың тақырыбы: заманның әлеуметтік жағдайы мен жастар махаббаты 1 . . Поэманың сюжеттік желісі Сыр бойын сүреттеу 2 . Кебектің Нысан абызға бал аштыруы 3 . Кебек Хан тауында түлкі қағып жүруі Еңлікпен кездесуі Еңлікпен тілдесуі 6 . Екеуі қол ұстасып қашып кетуі 7 . Жырақ тау үңгірінде өмір сүруі 8 . Екі ру арасында дау басталуы Жастардың қолға түсіп, қаза табуы Сәби шырылдап қала беруі 4 . 5 . 10 . 9 . : Себептері , » Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан аман қалған халық Сыр бойынан ауып Шыңғыс өңіріне келгенмен әлі де енші бөлісіп, орныға алмай жатқан кез болатын бұл.Дәл осы тұстаағы Тобықты мен Матай арасындағы жер дауының шоғына Кебек пен Еңліктің оқиғасы май құйып, өршітіп жіберді. Шәкәрімнің айтпақ болған басты . идеясы да ел ішінің бірлігі, қазақ арасындағы тыныштық . Поэманы оқып, мазмұнын ашып отыру . Диалогқа бөліп оқу . Әдебиет теориясы: Драма, трагедия, дастан : : Қорытынды . Үйге тапсырма: Поэманы оқып, жоспар бойынша мазмұндама жазу Бағалау Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 5  сабақ Күні _____________________ . Сабақтың тақырыбы: Кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі Сабақтың мақсаты: 1. Басты кейіпкерлерге мінездеме беріп,ішкі жан                                          әлемінің ерекшеліктерін анықтау;             2.   Шығарманың   көркемдік,   жанрлық,   құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау; 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа,   бірлікке тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру.  3. Жаңа тақырып. Поэманың оқиғасының проблемалық тақыптары: А) махаббат­кіршіксіз сезім Ә) жеке адам және қоғамдық жағдай Б) ғашықтар трагедиясы­қоғам трагедиясы В) ақынның өмірлік мұраты Кебек бейнесі Поэманың   әлеуметтік   астарын   осылайша   негіздей   отырып,   Шәкәрім кейіпкерлер образдарын бейнелеуде ерекше шыншылдық танытады. Шығармада ойдан   шығарылғандай   нанымсыз   бірде­бір   эпизод   жоқ.   Кейіпкерлері   кәдімгі өмірдей қарапайым адамдар.  Еңлік бейнесі Шәкәрім   қыздың   көркі мен   мінезін   бір­ақ   ауыз тұспалдап сөзбен жеткізеді   оның бойындағы   қасиеттерді іс­әрекет, қарым­ қатынас,   өзара   тілдесу арқылы   береді.   Ақылды, парасатты   жан.   Еңлік қайсар.  Қабекең бейнесі     де, Қорытынды: Бағалау. Үйге тапсырма: Поэманың ұнаған шумақтарды жаттап алу, сыныптан тыс оқу М.Әуезовтің «Еңдік­Кебек» поэмасы. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 7  сабақ   мен Күні _____________________ Сабақтың   тақырыбы: шығармашылығы Сабақтың   мақсаты:.  1.   Н.Орманбетұлының   өмірі   мен   шығармашылығымен танысу  Нармамбет   Орманбетұлының   өмірі           2.   Шығармаларымен,   танысу,   өлеңдеріндегі   идеялық мағынасын ашу, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.   Талантты ақын Н.Орманбетұлы 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге  келген.  Абаймен  аталас  туыстығы  бар.  Болашақ  ақынның әкесі Орманбет пен шешесі Балбыруын да тілге шебер, өнерлі жандар болады.  8 жасынан молдадан , татар мұғалімнен  сабақ алады. Шығыс әдебиетінің  бірқатар  шығармаларымен танысады. 13­14 жасында өлең  жаза бастайды. Табиғатынан зерек,  шешендік  нақылдарға ден  қояды. 14 жасында  Қарқаралы екікластық орыс мектебіне оқуға береді. Нарманбет 13 жысында алғашқы  өлеңі апасы  Қалиманға арнады. Бірнеше тілді меңгерген  оқығар, білімді, тілге  шешен азамат болып елге танылады. 17 жасында тілмаш,  29 жасында болыс болады. Уездік соттың  төрағасы болды. «Зар заман» идеясындағы ақындар қатарында аталып, оның өлеңдері біздің ұғымызға жат, зиянды дүниелер ретінде жабық күйде қалып келді. 1939 жылы «Нарманбеттің өлеңдері» деген атпен ақынның жеке жинағы басылып шығады.  Шығармашылығы. Нарманбет ақынның шығармалары­көркемдік дәрежесі жоғары, идеялық­тақырыптық мазмұны кең, өзіндік бояуы қалың бағалы қазына. Ақын мұраларының басым бөлігі­лирикалық өлеңдер. Нарманбет поэзиясын Абай дәстүрімен сабақтастырып жатқан ең негізгі нәрсе­өмір шындығын сыншыл көзбен шынайы бейнелейтін реалистік сипат. «Замана»,   «Сарыарқа»,   «Шалқайғысы»,   «Сарырқа   сайран   жерім­ай», «Сахараға қарасақ» т.б 1. Өлеңдерін талдау: І топ «Аждаһаның аузында» ІІ топ «Сарыарқа» Қорытынды: Бағалау. Үйге тапсырма: Шығармашылығын оқып келу. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 3  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ақын шығармаларындағы азаматтық әуен.  Сабақтың мақсаты:. 1 Өлеңдерінің негізгі бағыттары мен идеялық көркемдік                  ерекшеліктерін талдау.автор ойының идеялық түйінін айқындау. Абай                  өлеңдерімен салыстыру.  2.   Шығармаларымен,   танысу,   өлеңдеріндегі   идеялық мағынасын ашу, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  » Ашу мен ынсап» өлеңінде екі ұғымның қарама­қарсы мазмұнын ашылады. «Ынсап»­ қанағат, тойымдылық, ол қашан  да сабырға жақын. Ал қанағатсыздық, ынсапсыздық­ » Әдеби теориясы: Өлең­ арнайы шумақ, тармақ, ұйқас, буын, бунақ қалпын сақтаған, кейіпкер көңіл­күйіне неғұрлым терең үңілетін поэзиялық жанр түрі. Идея   –   бұл   жазылған   шығарманың   не   үшін   жазылғанын   білдіретін   мақсаты. Тақырыбы­шығарма белгілі бір тақырыпқа арналады.  . Жастарға» өлеңін талдау , Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық . Арам, айла зорлықсыз,мал табалық , Өшпес өмір таусылмас мал берерлік Бір білімді, данышпан жан табалық Шәкәрім  Абай мектебінен өтеді, оның кеңес­ақылымен өлеңдер шығара  бастайды, поэмалар жазады. Абай саясында саналы, талантты ақын болып  қалыптасады. Ол Абайдың көзі тірісінде­ақ оның, данышпан ақын екендігін  . алғаш танып, өлең өрнектерін арнайды , Бостандық таңы атты , қазағым, көріңдер Арға ие басшының . сонынан еріңдер Таң артынан хақиқат күн шықты Еріншек, жалқаулық . әдеттен безіңдер Патша үкіметі құлаған тұста жазылған өлең. Жаман әдеттерден безіп,  . жаңашылдыққа ұмтылу. Оқу­білімге, еңбекке шақыру . Бостандық таңы атты»өлеңі » ашудың досы. Ақын қайрат, ой, ашу, еріншектік, сабыр, ынсап сияқты қасиеттерді  . көзге көрінетін деректі нәрседей сөйлетеді Бірақ жақсы мінзе­құлықтың қадірін білмеген елдің надандығына қайғырған  . лирикалық кейіпкер Талап пен ақыл» өлеңі Ақын адамға тән жақсы қасиеттердің бәрін ақыл мен  . талаптың аясына сыйғызуға тырысады Абай:                                                                         Шәкәрім Ақыл, еңбек, терең ой                          Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық . Қанағат, рахым қойлап қой                       Талапқа алты түрлі ноқта тақтық 6 5 » Қорытынды: Бағалау. Үйге тапсырма: Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІІ тоқсан 2  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиев өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты:. 1. Ш.Құдайбердиев туралы түсінік беру; 2.   Шығармаларымен,   танысу,   өлеңдеріндегі   идеялық мағынасын ашу, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру Көрнекі құрал: портрет, тірек сызба Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. XІX   ғасырдың   екінші   жартысы   мен   XX   ғасырдың   алғашқы   ширегінде   өмір сүрген көрнекті қазақ ақындарының бірі­Шәкәрім Құдайбердіұлы.   Әкесі қайтыс Шығыс Қазақстан  болады да, Абай облысының Абай  ағасының ауылында дүниеге келді.  қамқорлығында Шәкәрім­Абайдың  болады. Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген Шәкәрім Құдайбердиев Табиғатынан зерек, алғыр болып өседі. 1909-1910жылдары Шыңғыстаудың қойнауында Шақпақ деген жерде өмір сүреді. 1931 жылы 2қазан күні қайғылы қазаға ұшырайды. Меккеге 1905- 1906жылдары бару 1917 жылыРесей патшасының тақтан құлағынына қуанған ол елге оралып, шығармашылықпен аналысады. Дастандары:  «Ләйлі­Мәжнүн»,  «Еңлік­Кебек»   «Қалқаман­Мамыр» Аудармалары: А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесі Прозалық туындылары ­ «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық  шарты», «Бәйшешек бақшасы», «Қайғылы роман». «Жастарға» өлеңін талдау. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла зорлықсыз,мал табалық. Өшпес өмір таусылмас мал берерлік, Бір білімді, данышпан жан табалық 1. Өлең тақырыбы 2. Идеясы 3. Буын, бунақ саны 4.Ұйқас түрі Шәкәрім   шығармаларының   тағдары   аса   қиын   болды.   Ақынды   оққа ұшырағанКеңес   өкіметі   оның   мұрасын   да   мүлде   жауып   тастады.   Оқуға,   ол туралы   тиым   салды.   1958жылы   сол   кездегі   Кеңес   одағының   бас   прокуроры Шәкәрімнің   іс­әрекетінде   ешқандай   жат   көріністер   жоқ   деп,   ақынның   есімін толық   ақтағанына   қарамастан   көпке   дейін   ақынның   шығармаларын   жариялау мүмкін болмады. Шәкәрім шығармашылығында Абай өнегесінің ықпалы оның реализмінен,   шыншыл   де   сыншыл   өлеңдерінен   көрінді.   Айналасындағы адамдардың   мінез­құлық,   іс­әрекеттерінен   бастап,   халықтың   тәуелсіздігіне дейінгі мәселелерді қатарында өз заманының мінез­құлық, ел бірлігі, жалқаулық көріністері еді. Қорытындылау Үй тапсырмасы: Реферат жазу.  Бағалау Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 8  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы:       Абай­ классик ақын.  Сабақтың мақсаты: 1 Абай ақынның өмірі жайлы мағлұмат беру, өлеңдерін  тоқталу;                                         2. Оқушылардың тілін, ойын дамыту;                                         3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: Абай Құнанбаев­қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның   шығармашылығы   қазақ   халқының   тқтас   бір   дәуірінің   ақыл­ойы парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің , әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады.  ­ Абайдың туған жері жайлы айту;  ( Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай   ауданына   қарасты   Шыңғыстау   бауырындағы   Қасқабұлақ   деген   жерде дүниеге келген.  ­ Абайдыың арғы аталары туралы түсінік беру;  Абайдың арғы атасы Ырғызбай да,   атасы   Өскенбай   да   өз   кезінің   атақты   адамдары,   тобықты   руының билеушілері болған.  ­ Жас шағында тәрбие берген адамдар туралы; ­ Абайдың  оқуға деген көзқарасы; ­ Ел ісіне араласуы; ­ Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік мән; Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен   білімнің маңыздын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»  өлеңі    бұл    тақырыптағы   тұңғыш  шығармасы  болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақылға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым – білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзетуге бет алғанын айтады.  1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның   алғашқысы  ұстаз  ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең   бойына     Абай   «ғылым» деген сөзді   қайталап айта отырып, адам бойындағы  қазынаның үлкені және әрбір   жігерлі жастың талпынатын арманы  ­­ ғылым болуы керектігін түсіндіреді.                                                          Ғылым  таппай  мақтанба!                           Орын  таппай  баптанба!                           Құмарланып  шаттанба,                           Ойнап  босқа  күлуге,­ дейді   ол.      Ғылым  жолына  ұмтылған жастарға айтар ақынның айырықша ескертуі  бар. Ол­қандай  нәрседен  қашық  болу, қандай  нәрсемен  дос  болу.                           Бес  нәрседен  қашық  бол,                           Бес  нәрсеге  асық  бол,                           Адам  болам  десеңіз.  Ғылым  жолы­әділдік  жолы.Оны  ұстаған  адам  ескі  жолмен  жүре  алмайды.                            Надандарға  бой  берме                            Шын  сөзбенен  өлсеңіз.    «Интернатта  оқып  жүр»   өлеңінде  Абай  әлгі  ойларына  тың  пікірлер  қосады.Мұнда   сыншылдық   басым.Ақын   патшалық   ел   билеу   жүйесі,оқыту тәртібінесын     айтады.   Халыққа     пайдалы     емес,залалды     болып     шығатын әкімдер  мен  шалағай  төрелердің  оқудағы  мақсатын  көрсетеді. Қорытындылау: Үй тапсырмасын беру: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдап, жаттау. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 9  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы:       Лирикалық өлеңдерінің тақырыптары Сабақтың   мақсаты:  1   Ақынның   лирикалық   өлеңдерінің   мағынасын   ашу, өлеңдерін талдау                                         2. Оқушылардың тілін, ойын дамыту;                                         3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Өткен пысықтауға арналған сұрақтар: Анықтау тест арқылы 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Өлең­сөздің  патшасы» ХІХ ғасырдағы орыс  әдебиетін, оның  халықтық  негізін  терең  зерттеу Абайды  ақын  мен  ақындықтың  мұрат­ мақсаты  жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай  сөз өнерін үлкен  қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды.  «Өлең­сөздің   патшасы,   сөз   сарасы»    атты   өлең­   бұл   тұрғыдан   ақын бағдарламасы   тәрізді.   Онда   Абай   өлеңге   қойылатын   көркемдіктің   жаңа шарттарын белгілейді.                          Өлең­сөздің патшасы, сөз сарасы,                          Қиыннан қиыстырар ер данасы.                          Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,                           Теп­тегіс жұмыр келсін айналасы.       Көркем  сөздің  асылы – поэзия  деп  жоғары  бағалай  отырып, бір  кез  Абай қазақ  ортасында  оның  қадірін  кетіріп  жүрген  ақындарды  сынауға  ауысады.      Қоғам  мен  адам  өміріндегі  поэзияның  орны  және  қызметі  жайындағы ойын     Абай  «Біреудің     кісісі     өлсе,қаралы     ол»     (   1888   )атты     өлеңінде тереңдете  түседі.                          Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,                          Өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең.                          Өмірдегі  қызығын  бәрі  өлеңмен,                          Ойласаңшы  бос  қақпай  елең­селең.       Ақын   мен   ақындық   міндет   туралы     ойланғанда,Абайдың     осы   мәселені терендете қарастыру,  ел құлағына сіңіре беру  үшін қайта  бір оралғанын  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  ( 1889) атты өлеңінен  көреміз.                             Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,                           Жоқ­ барды, ертегіні  термек үшін,                            Көкірегі  сезімді, тілі орамды,                           Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!     Табиғат лирикасы: І топ: Жазғытұрым ІІ топ Күз ІІ топ Қыс 90­шы   жылдар   дың   аяғында   жазған   «Көңіл   құсы   құйқылжыр   шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық   күшін, адам     өміріндегі     қызметін   тереңдей     көрсетуге     арналған.   Бұл     мәселені қозғағанда,     ақын     өзінің     әдебиет   туралы     ойларын     жалғастырады.Оның өлеңмен, күймен  байланысын  ашады. Әдебиет  сияқты, өнердің де  хақтығын рөлі     жайлы     эстетикалық     тіршілігіндегі   көрсетеді. Сөйтіп, олардың  бәріне  тұтас  көзбен  қарап, әдебиет  пен  өнердің қоғам,   адам     көзқарас қалыптастырады.     Қазақ  әнінің  көркемдік  қасиетін, адам  сезіміне  әсер  етер  күшін  Абай:                               Шырқап,қалқып, сорғылап  тамылжиды,                               Жүрек  тербеп, оятар  басты  миды.                               Бұл  дүниенің  ләззаты  бәрі  сонда,                               Ойсыз  құлақ ала алмас ондай сыйды.                                                               Ұйықтап  жатқан  жүректі  ән  оятар,                               Үннің  тәтті  оралған  мәні  оятар.                               Кейі  зауқ, кейі  мұң  дертін  қозғап,                               Жас  балаша  көңілді  жақсы  уатар,­ деп  суреттейді. Ақын өз кезіндегі ән салушылар мен әнді тыңдаушылардың көбіне риза емес. Әннің   әлеуметтік,   ұқпайтынын, тыңдаушылардың да солай екенін айтады.       Абай ­ өзі ән шығарған ақын. Оның  көп өлендері  өз әнімен  тараған. «Сегіз аяқ»,   «Көзімнің   қарасы»,     «Қор   болды   жаным»,    «Бойы   бұлғаң»  ,   «Айттым сәлем, Қаламқас»  сияқты  төл шығармаларымен  қатар оның «Қаранғы  түнде тау  қалғып»,  «Татьянаның  хаты»  тәрізді аудармалары  да  халық арасына  ән болып жайылған.  Қазақтын халық әндерін  сүйсіне  бағалаған     ақын  өз әндерін де   құр   айғайға   емес,     ойшыл   адамның   мұңды   сырын   шертіуне лаиқтап жазған.  Оларда сезім күйі,   нақысты  мағына  мол  келеді.   1 топ  «Желсіз түнде жарық ай» 2 топ «Айттым сәлем , Қаламқас 3 топ  «Көзімнің қарасы»                      ­ Әндерді орындап, мазмұнын ашу    тәрбиелік   мәнін   әншілердің   көбі Бекіту: сұрақтар арқылы Үйге тапсырма. Өлеңдерді талдау. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                        ІІ тоқсан 10  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» дастанының философиялық ой Сабақтың мақсаты:. 1. «Ескендір» поэманың идеялық­көркемдік маңызын ашып, түсіндіру 2. поэманы оқу арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту                               3. Қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау «Ескендір»   поэмасы   Шығыс   елдерінде   «Ескендір   Зұлқарнайын»   деген   атпен тараған. Еуропаға Александр Макендонский деген атпен белгігі қолбасшының өмірі   жайлы   аңыздар   негізінде   жазылған.   Ескедір   тақырыбын   Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның длүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмпға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманисит Аристотельді кіргізеді. Поэма   әділдік   пен   жауыздыққа   жетелейтін   қызғаншақтық   пен   тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның   көз   сүйегін   символ   ретінде   алады   да,   ол   жұмбақтарды   ақылға шештіреді. Бұл­ адам көзі сүйегі,­деді ханға. Тоя ма адам көзі мың­мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады.   Сөйтіп   ақын   Аристотельге   Ескендірді   бағындырып,   жауыздықты әділдікке жеңгізеді.  Поэма   аңыз   сюжетін   сақтағанмен,   ақын   оны   өмір   шындығына   жақындатып, реалистьік   негізде   суреттейді.   Уақиға   бір   түйінге­әділдік   пен   жауыздықтың бетпе­бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез­құлқы, іс­әрекеті арқылы біртіндеп ашылады.  Бұл шығарма­Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады.  Көрініс арқылы көрсету. Топпен жұмыс:  ­Мәтінді оқып шығу.  ­Алгоритм құру.  ­Композициялық құрылымын табу Қорытындылау Үй тапсырамсын беру Мазмұндама жазып келу Бағалау Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                      ІІ тоқсан 11  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу «Масғұт» дастаны Сабақтың мақсаты:. 1. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік сипатын түсіндіру;                                        2. Қара сөздерін оқу арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын                                          байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру «Масғұт»   поэмасын   Абай,негізінен,осы   аттас   кейіпкердің   іс­әрекетіне құрады.Ақылы мен парасаты мол адамның мінез­құлқын,адамгершілігін көпке үлгі   етеді.Поэманың   идеясында   әйелді   қоғамның   ерлерге   тең   мүшесі   деп тану,оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді. Мұны   Масғұттың   көзқарасынан   айқын   танимыз.Ұры   тонап   жатқан   шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті тандайды. Ағын жесең,ақылың жаннан асар, Сары жесең,дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,­ дейді шал.Масғұт ақылды да,байлықты да таңдамайды,оларды   сынайды.   Көп   наданның   арасындағы   жалғыз   ақылды адамның   күйіне   де,   байлық   пен   малқұмарлық   аздырған   байдың   жайына   да талғампаздықпен қарайды. Қызылды жесең, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер. Ұрғашы да көп жан ғой достым болса, Деп едім пайдасы маған тиер. Еркектің еркек адам болса қасы, Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, Сонда ұршағы болмай ма арашашы? Тегінде адам басы сау бола ма? Үйінде тексерілмес дау бола ма? Ері ашу айтса әйелі басу айтып  Отырса бұрынғыдай жау бола ма?­ дейді Мақсұт өз таңдауын түсіндіргенде.  Ол әйелмен достықты қадыр тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма   ақынның   осы   идеясына   әкелетін   уақиғаны   баяндауға   құрылады. Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан, айтайын деген ой­үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэма түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуы да осыны байқатады.  Қорытындылау. Сұрақтар арқылы Бағалау Үйге тапсырма: Поэма бойынша сурет салып келу. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                      ІІ тоқсан 12  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты:. 1. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік сипатын түсіндіру;                                        2. Қара сөздерін оқу арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау     Абайдың ''қара сөздері “ немесе “Ғақлиясы”.  Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздерінің жалпы саны –45.      Абай өзінің Бірінші сөзін: ‘’ Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өзсөзімөзімдікі ‘’, ­ деп бітіреді. Ақын жан – жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі әр алуан құбылыстартуралы әлеуметтік, философиялық ойлар ‘’қара сөздерде’’ одан әрі тереңдей сипатталып, кеңірек түсіндіріледі.         Абайдың ‘’Бесінші сөзі’’ қазақ халқының ұлттық мінезіндегі, дүниетанымы мен көзқарастарындағы келеңсіз мінез – құлықтық сипаттар мен тар мағынада ғана   ұғынылатын     ұғым­түсініктерді   сынға   ала   отырып,   олардың   мақал­ мәтелдердегі мәнін ашуға арналады.  Топпен жұмыс: Қара сөздерді оқып , талдау, мазмұнын ашу 1 топ «Бесінші  сөз» 2 топ  «Жетінші сөз» Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                      ІІІ тоқсан 19  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы:       Мазмұндама «Атымтай жомарт»  Сабақтың мақсаты: 1 Атымтай жомарт әңгімесінің мазмұнын ашу;                                          2. Ойлау қабілетін,тілін дамыту                                          3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: бақылау түрі                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: Мазмұндама Атымтай жомарт Жоспары: 1. Атымтай жомарт өмірі 2. Таныстарының сұрағы 3. Еңбекпен тапқан нан тәтті 4. Түйін  Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі­ құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді: ­Жомарт,   құдай   берген   дәулетіңіз   бар,   ақша­тамақ,   жалаңашқа­киім, үйсіздерге­үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не?­деп. Атымтай жомарт айтты дейді: ­ Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы   әдет   етсең,   көңілге   жел   кіргізеді,   сол   желіккен   көңілмен       өзімнен терезесі   төмен   бейшаралардан   жиреніп,   көз   салмай,   кем­кетікке   жәрдем беруді   ұмытармын   деп   қорқамын.   Екіншісі:   бар   бола   тұрып   мен   жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір­екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәм тәтті сіңімді   болады   екен.   Төртінші:   …дәулетті   өзімсініп,   тиісті   орындарына жаратпай, көбісін  өзім  ішіп­жеп, өзім  тұтынсам,  мал  берген  иесіне   күнәлі болармын деп қорқамын,­деді.  Қорытындылау: Үй тапсырмасын беру                                                                                             І тоқсан    19 сабақ Күні______________________ Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Тұлпар ат ер жігіттің серігі» Сабақтың мақсаты:.  1. Шығармаларын талдау арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,   қанағатшылдыққа   тәрбиелеу,   сыр   толғау   сипатында   жаза білу. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен   амандасу,   түгендеу,   сынып   бөлмесінің   тазалығын,   оқу құралдарының толықтығын тексеріп, оқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру Баяндамаларын тексеру. 3. Өткенді қайталау. Шығарма. Жоспар. І. Абай, ұлт мәдениетінің мәңгілік мрейі, халықәдебиетінің асқар шыңы болған ақын. ІІ. 1. Абайдың ғылым, білімді уағыздаған өлеңдері        2. Табиғат лирикасы­ақынның ұлы талантының биік мәдениетінің шырқау шегі.     3. «Ескендір» поэмасы    4. Кемеңгер ойшылдыңқара сөздеріндегі дара да, дана пікірлері ІІІ. Абай мұрасы­кең көлемді, мол қазына, таусылмас асыл мұра. Үй тапсырмасын беру: Шығармаларын оқып келу ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы:       Лирикалық өлеңдерінің тақырыптары Сабақтың   мақсаты:  1   Ақынның   лирикалық   өлеңдерінің   мағынасын   ашу, өлеңдерін талдау                                         2. Оқушылардың тілін, ойын дамыту;                                         3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: «Өлең­сөздің  патшасы» ХІХ ғасырдағы орыс  әдебиетін, оның  халықтық  негізін  терең  зерттеу Абайды  ақын  мен  ақындықтың  мұрат­ мақсаты  жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай  сөз өнерін үлкен  қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең­сөздің   патшасы,   сөз   сарасы»    атты   өлең­   бұл   тұрғыдан   ақын бағдарламасы   тәрізді.   Онда   Абай   өлеңге   қойылатын   көркемдіктің   жаңа шарттарын белгілейді.                          Өлең­сөздің патшасы, сөз сарасы,                          Қиыннан қиыстырар ер данасы.                          Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,                           Теп­тегіс жұмыр келсін айналасы.       Көркем  сөздің  асылы – поэзия  деп  жоғары  бағалай  отырып, бір  кез  Абай қазақ  ортасында  оның  қадірін  кетіріп  жүрген  ақындарды  сынауға  ауысады.      Қоғам  мен  адам  өміріндегі  поэзияның  орны  және  қызметі  жайындағы ойын     Абай  «Біреудің     кісісі     өлсе,қаралы     ол»     (   1888   )атты     өлеңінде тереңдете  түседі.                          Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,                          Өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең.                          Өмірдегі  қызығын  бәрі  өлеңмен,                          Ойласаңшы  бос  қақпай  елең­селең.       Ақын   мен   ақындық   міндет   туралы     ойланғанда,Абайдың     осы   мәселені терендете қарастыру,  ел құлағына сіңіре беру  үшін қайта  бір оралғанын  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  ( 1889) атты өлеңінен  көреміз.                             Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,                           Жоқ­ барды, ертегіні  термек үшін,                            Көкірегі  сезімді, тілі орамды,                           Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!     Табиғат лирикасы: І топ: Жазғытұрым ІІ топ Күз ІІ топ Қыс   тіршілігіндегі   90­шы   жылдар   дың   аяғында   жазған   «Көңіл   құсы   құйқылжыр   шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық   күшін, адам     өміріндегі     қызметін   тереңдей     көрсетуге     арналған.   Бұл     мәселені қозғағанда,     ақын     өзінің     әдебиет   туралы     ойларын     жалғастырады.Оның өлеңмен, күймен  байланысын  ашады. Әдебиет  сияқты, өнердің де  хақтығын көрсетеді. Сөйтіп, олардың  бәріне  тұтас  көзбен  қарап, әдебиет  пен  өнердің қоғам,   адам     көзқарас қалыптастырады.     Қазақ  әнінің  көркемдік  қасиетін, адам  сезіміне  әсер  етер  күшін  Абай:                               Шырқап,қалқып, сорғылап  тамылжиды,                               Жүрек  тербеп, оятар  басты  миды.                               Бұл  дүниенің  ләззаты  бәрі  сонда,                               Ойсыз  құлақ ала алмас ондай сыйды.                                                               Ұйықтап  жатқан  жүректі  ән  оятар,   эстетикалық     рөлі     жайлы тәрбиелік   мәнін   әншілердің   көбі                               Үннің  тәтті  оралған  мәні  оятар.                               Кейі  зауқ, кейі  мұң  дертін  қозғап,                               Жас  балаша  көңілді  жақсы  уатар,­ деп  суреттейді. Ақын өз кезіндегі ән салушылар мен әнді тыңдаушылардың көбіне риза емес. Әннің   әлеуметтік,   ұқпайтынын, тыңдаушылардың да солай екенін айтады.       Абай ­ өзі ән шығарған ақын. Оның  көп өлендері  өз әнімен  тараған. «Сегіз аяқ»,   «Көзімнің   қарасы»,     «Қор   болды   жаным»,    «Бойы   бұлғаң»  ,   «Айттым сәлем, Қаламқас»  сияқты  төл шығармаларымен  қатар оның «Қаранғы  түнде тау  қалғып»,  «Татьянаның  хаты»  тәрізді аудармалары  да  халық арасына  ән болып жайылған.  Қазақтын халық әндерін  сүйсіне  бағалаған     ақын  өз әндерін де   құр   айғайға   емес,     ойшыл   адамның   мұңды   сырын   шертіуне лаиқтап жазған.  Оларда сезім күйі,   нақысты  мағына  мол  келеді.   1 топ  «Желсіз түнде жарық ай» 2 топ «Айттым сәлем , Қаламқас 3 топ  «Көзімнің қарасы»                      ­ Әндерді орындап, мазмұнын ашу  Қорытындылау Үй тапсырамсын беру Бағалау Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 1  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Шоқан­ қазақ халқының тұңғыш ғалымы, әдебиет  зерттеушісі.  1.   Шоқан   Уәлихановтың   халқымыздың   қалыптасу Сабақтың   мақсаты: кезеңіндегі  алатын орны туралы түсінік беру;         2.Ғалым   зерттеулерін   тарихи   мәнін   аша   отырып,   оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Ұлтжандылыққа, отан сүйгіштігін тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.. Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Жаңа тақырыпты түсіндіру.  1854 жылдан бастап Шоқан жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап   шығады.   Бұл   сапарларында   ол   жергілдікті   халықтың   тарихы,   жер­су аттары,   әдет­ғұрпы,   дәни   сенім­нанымдарына   байланысты   мол   материалдар жинайды.   Кейіннен   осы   жинаған   рухани   дүниелері   негізінде   ол   «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты зерттеу еңбектерін жазды.  «Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз,­дейді бір хатында Ф.М.Достоевский,­ Ендеше   мен   туралап­ақ   айтайын:   мен   сізге   ғашықпын.   Мен   сізді   жақсы көргендей еш уақытта да, ешкімді де, керек десе, туған аға­інімді де жақсы көрген емеспін…» 1856 жылдың мамыр айында Шоқан қырғыз еліне Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады.   «Тобылғыоты даласына келгенде біздің тәуекелге бел буған, көптен күткен­Ыстықкөл   көрінді»,­деп   жазады.   Ыстықкөл   сапарының   нәтижесі бойынша   саяхатшы­ғалым   «Қырғыздар   туралы   жазбалар»,   «Қазақ   халық поэзиясының   түрлері   туралы»,   «Ыстықкөл   сапарының   күнделіктері»   атты еңбектерін жазады.  Өздік жұмыс. «Қашқарияға саяхат»  1. Топқа бөлініп, оқу 2. Бір­біріне сұрақ қою 3. Шоқан туралы айтқан пікірлер, ойларды жазып алу. «Шоқан және оның орыс достары» тақырыбын оқып, талдау. Үйге :   Реферат «Шоқан және халық ауыз әдебиеті»   Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 2  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу: «Алтышаһар немесе Қашқария                                                                                                                   туралы»   Сабақтың   мақсаты: кезеңіндегі   1.   Шоқан   Уәлихановтың   халқымыздың   қалыптасу алатын орны туралы түсінік беру;         2.Ғалым   зерттеулерін   тарихи   мәнін   аша   отырып,   оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Ұлтжандылыққа, отан сүйгіштігін тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 3  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Шоқан және оның орыс достары» Сабақтың   мақсаты: кезеңдеріндегі алатын орны және тарихи мәні жөнінде ойларын жинақтау;   Ш.Уалихановтың   халқымыздың   қалыптасу  1.       2.Шығармалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту 3.Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ типі: бақылау                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Өткен материалды қайталау: Сұрақтар арқылы 3. Шығарма жоспарын талқылау Шығарма «Еуропаға ашқан терезе сықылды болды» Г.Н.Потанин «Мұндағы мақастым­ өз халқымды әкімдер мен  зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді» Ш.Уалиханов Жоспар. І. Құйрықты жылдыздай жарқ етті... ІІ. Негізгі бөлім 1.Қашқария сапары 2.Орыс достары 3.Шоқан және халық ауыз әдебиеті ІІІ. Жалындап өткен жас ғұмыр. «Нағыз, шын әділдігін айтқанда, Уалихановты үздік адам деп айтуға болады. Уалиханов өз еліне берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, қазақтың тұрмысын жақсы   көрушілігін   сақтай   алумен   қатар,   баыстың   мәдениетін   же   жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі тек қана Ресейдің қамқорлығымен болатындығын   күні   бұрын   болжай   білді»­дейді   орыс   географиялық   қоғам мүшелері.  Шығарма жазу.  Үйге тапсырма: шығарманы үйде аяқтап келу Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 4  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі Сабақтың мақсаты: 1. Ы.Алтынсариннің қоғамдық көзқарасының қалыптасуы әсер еткен оның өмірінің елеулі кезеңдері жайлы түсінік қалыптасыру;      2. шығармалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту                                         3.Оқуға, білім алуға ынталандыру; Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Тест арқылы алған білімдерін тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  1. Ы.Алтынсарин жайлы білетіндерін тірек сызбаға салу. «Үміт еткен көзінен нұры балам» өлеңін жатқа айтып беру. Балғожа Жаңбыршыұлы­қазақ даласындағы әйгілі билердің бірі, ірі бай болған адам.   «Қыран   ұяда   не   көрсе,   ұшқанда   сонны   іледі»   дейді   халық   даналығы. Ыбырайдың  тәлім  алған  даналық  мектебі­алды  Жиренше   шешен,  Абыз,  Әнен баба, Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Асан Қайғы, Дулат т.б Бұлар­болашақ ұлы ұстаздың нәр алған алғашқы қайнар­бастаулары.    ­ Ыбырайдың білім алған мектебі; ­ Ұстаздық қызметі; «Осы   жылы   қаңтардың   8­і   күні   көптен   күткен   ісім   орнына   келіп,   мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы есті балалар. Мен балаларды оқытуға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім» ­ Ильминскийге жазған хаттары; «Қазақ   даласын   үш   жылдай   аралаған   сіздің   қазақ   халқы   ұғымтал,   ақылды, дарынды,   бірақ   оқымаған   халық   дейтініңізге   мен   сенемін.   Қазақ   халқы қарапайым,   сауаты   жоқ   халық,   бірақ   біз   қарапайымдылықтың   өзінен   де   көп жақсылық табамыз»  ­ Оқулықтың авторы; «Бұлкітапты  құрастырғанда  мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде  тұңғыш шыққалы   отырған   жалғыз   кітаптың     орыс­қазақ   мектептерінде   тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына  оқу кәтабы бола алу  жағын, сонымен қатар  жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім». Әр бөілмдер бойынша оқып, шағын конспект, мазмұндау. Бекіту сұрақтар арқылы. Үйге тапсырма: Қалауы бойынша өлең жатқа айту. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 5  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың әлеуметтік теңсіздікті, ел әкімдерін сынау  шығармалары Сабақтың мақсаты: 1. Ыбырайдың әлеуметтік теңсіздікті, ел әкімдерін сынау  Шығармаларын оқып, талдау;       2.шығармалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту                                         3.Әділеттілікке ,адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру.Жаттау Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Ы.Алтынсарин   өз   халқы,   туған   елі   туралы   ойының   жоғарылығын,   оның демократиялық көзқарасын танытады. Мұны ол қызмет бабында, өзінің ашқан мектебінен тек шенқұмар шенеуліктер әзірлеуді көксеген аздаған үстем топтың әрекетіне қарсы күресінде айқын байқатады.  Ұстаз ел ішіндегі теңсіздікті, рухани қараңғылықты, сорақы қылықтарды аяусыз   сынайды.   1864   жылы   ұстазы   Ильминскийге   жазған   хатында   көруге болады. Ол   қоғамдағы   кездесетін   мұндай   келеңсіздіктерді,   әділетсіздікті,   адам бойындағы ұнамсыз мінездерді жоюдың жолы ел ішінде білім мен өнер жігерін, білім­білігін мектеп жұмысына, бала оқыту ісіне арнады.  Өз заманындағы әлеуметтік теңсіздікті, қоғамдағы қарама­қайшылықтарды, ел билеуші   әкімдердің   келеңсіз   қылықтарын   орынды   сынап   отырады.   «Ғалым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» т.б  «Залым төреге» өлеңінде халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті сынайды. Оразаның түбіне мақсұм жетер, Азған елдің түбіне тақсыр жетер, Әділеттен хан тайса, наным кетер. Жылай­жылай жарлының малы кетер. Ай, тақсыр, бұл дүние өтер­кетер, Мал иесі артыңнан қуып жетер, Жарлылар да бір табар әділ қазы, Таразылы күн болса, арыз етер. Хандардың , билердің, байлардың, қожаладың жағымсыз іс­әрекеттерін сынайды. Олардың әділетсіздігін, парақорлығын, сараңдығын, екіжүзділігін әшкерек етеді. Топпен жұмыс: І топ:    «Араз бол кедей болсаң ұрлықпен» ІІ топ:»Әй достарым» Әдебиет теориясы: әңгіме, жанр Бекіту: Үй тапсырмасы:  Шығармаға дайындық Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            ІІ тоқсан 6  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың өлеңдеріндегі табиғат суреті.Әңгімелері Сабақтың мақсаты: 1. Ыбырайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін  Талдау, әңгімелерін оқу;      2.Өлеңдерін талдау арқылы, ойын, тілін дамыту                                         3.Әділеттілікке ,табиғатты сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Ыбырай өлеңдері­ қазақ табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі талабы. «Өзен», «Жаз» өлеңдері   халық тіршілігімен  тығыз байланысты. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой­сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.  І топ. «Өзен» ІІ топ «Жаз» Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын, идеясын ашу. Өлеңді талдау. Ыбырай әңгімелері. Әңгімелері арқылы жастарды оқу­білімге ұмтылуыға, өнерді меңгеруге, кәсіп үйренуге, еңбек сүюге, Отанын қадірлеуге, сондай­ақ талапты, жігерлі,   кішіпейіл   болуға   тәрбиелейді.   Жалқаулық,   надандық,   залымдық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. әңгіме аты «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» тақырыбы Еңбекті сүю Жәндік   пен   құстарды ала   отырып,   балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу Түйін сөз «Жұмыссыз,   еңбексіз жүрген бір жан не бір жәндік   жоқ.   Сен   де солар секілді еңбек ет, босқа жүрме» идеясы   «Бай   баласы мен   жарлы баласы» Еңбек тақарыбы Өмір   қиыншылығын көрмей өскен бала мен еңбек   сүйгіш   баламен салыстыру Жерді отырықшы   артықшылықтарын насихаттау   мен Еріншектік Жалқаулық, Шаруа,   кәсіп жайлы игеруді, өмірдің   «Қыпшақ Сейтқұл» «Әке   бір «Аз   жұмысты бала» туралы жұмыстың   орнына   мың жұмыс істеу. қиынсынсаң, жұмысқа боларсың»     көп тап «Таза бұлақ» «Бақшга ағаштары» «Мейірімді бала» т.б    Кестені толтыру.  Бекіту.Сұрақтар арқылы Үйге тапсырма. Ы.Алтынсарин туралы қосымша материалдар жинақтау. ІІІтоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Кемеңгер, ойшыл, дана Абай» Сабақтың мақсаты:. 1. Абайдың шығармашылығының мазмұнын ашу, қорыту;      2. шығармаларын талдау арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ барысы 3. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды ертегіні термек үшін» Шығарма. Жоспар. І. Абай, ұлт мәдениетінің мәңгілік мрейі, халықәдебиетінің асқар шыңы болған ақын. ІІ. 1. Абайдың ғылым, білімді уағыздаған өлеңдері        2. Табиғат лирикасы­ақынның ұлы талантының биік мәдениетінің шырқау шегі.     3. «Ескендір» поэмасы    4. Кемеңгер ойшылдыңқара сөздеріндегі дара да, дана пікірлері ІІІ. Абай мұрасы­кең көлемді, мол қазына, таусылмас асыл мұра. Үй тапсырмасын беру: Шығармаларын оқып келу ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты:. 1. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік сипатын түсіндіру;                                        2. Қара сөздерін оқу арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту 3.Адамгершілікке,қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау     Абайдың ''қара сөздері “ немесе “Ғақлиясы”.  Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздерінің жалпы саны –45.      Абай өзінің Бірінші сөзін: ‘’ Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өзсөзімөзімдікі ‘’, ­ деп бітіреді. Ақын жан – жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі әр алуан құбылыстартуралы әлеуметтік, философиялық ойлар ‘’қара сөздерде’’ одан әрі тереңдей сипатталып, кеңірек түсіндіріледі.         Абайдың ‘’Бесінші сөзі’’ қазақ халқының ұлттық мінезіндегі, дүниетанымы мен көзқарастарындағы келеңсіз мінез – құлықтық сипаттар мен тар мағынада ғана   ұғынылатын     ұғым­түсініктерді   сынға   ала   отырып,   олардың   мақал­ мәтелдердегі мәнін ашуға арналады.  Топпен жұмыс: Қара сөздерді оқып , талдау, мазмұнын ашу 1 топ «Бесінші  сөз» 2 топ  «Жетінші сөз» ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» дастанының философиялық ой Сабақтың мақсаты:. 1. «Ескендір» поэманың идеялық­көркемдік  маңызын ашып, түсіндіру 2. поэманы оқу арқылы ақыл­ойын, сөздік қорын байыту 3. Қанағатшылдыққа, тәрбиелеу. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау «Ескендір»   поэмасы   Шығыс   елдерінде   «Ескендір   Зұлқарнайын»   деген   атпен тараған. Еуропаға Александр Макендонский деген атпен белгігі қолбасшының өмірі   жайлы   аңыздар   негізінде   жазылған.   Ескедір   тақырыбын   Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның длүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмпға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманисит Аристотельді кіргізеді. Поэма   әділдік   пен   жауыздыққа   жетелейтін   қызғаншақтық   пен   тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның   көз   сүйегін   символ   ретінде   алады   да,   ол   жұмбақтарды   ақылға шештіреді. Бұл­ адам көзі сүйегі,­деді ханға. Тоя ма адам көзі мың­мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады.   Сөйтіп   ақын   Аристотельге   Ескендірді   бағындырып,   жауыздықты әділдікке жеңгізеді.  Поэма   аңыз   сюжетін   сақтағанмен,   ақын   оны   өмір   шындығына   жақындатып, реалистьік   негізде   суреттейді.   Уақиға   бір   түйінге­әділдік   пен   жауыздықтың бетпе­бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез­құлқы, іс­әрекеті арқылы біртіндеп ашылады.  Бұл шығарма­Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады.  Топпен жұмыс:  ­Мәтінді оқып шығу.  ­Алгоритм құру.  ­Композициялық құрылымын табу Қорытындылау Үй тапсырамсын беру Бағалау ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы:       Лирикалық өлеңдерінің тақырыптары Сабақтың   мақсаты:  1   Ақынның   лирикалық   өлеңдерінің   мағынасын   ашу, өлеңдерін талдау                                         2. Оқушылардың тілін, ойын дамыту;                                         3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: «Өлең­сөздің  патшасы» ХІХ ғасырдағы орыс  әдебиетін, оның  халықтық  негізін  терең  зерттеу Абайды  ақын  мен  ақындықтың  мұрат­ мақсаты  жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай  сөз өнерін үлкен  қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды.  «Өлең­сөздің   патшасы,   сөз   сарасы»    атты   өлең­   бұл   тұрғыдан   ақын бағдарламасы   тәрізді.   Онда   Абай   өлеңге   қойылатын   көркемдіктің   жаңа шарттарын белгілейді.                          Өлең­сөздің патшасы, сөз сарасы,                          Қиыннан қиыстырар ер данасы.                          Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,                           Теп­тегіс жұмыр келсін айналасы.       Көркем  сөздің  асылы – поэзия  деп  жоғары  бағалай  отырып, бір  кез  Абай қазақ  ортасында  оның  қадірін  кетіріп  жүрген  ақындарды  сынауға  ауысады.      Қоғам  мен  адам  өміріндегі  поэзияның  орны  және  қызметі  жайындағы ойын     Абай  «Біреудің     кісісі     өлсе,қаралы     ол»     (   1888   )атты     өлеңінде тереңдете  түседі.                          Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,                          Өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең.                          Өмірдегі  қызығын  бәрі  өлеңмен,                          Ойласаңшы  бос  қақпай  елең­селең.       Ақын   мен   ақындық   міндет   туралы     ойланғанда,Абайдың     осы   мәселені терендете қарастыру,  ел құлағына сіңіре беру  үшін қайта  бір оралғанын  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  ( 1889) атты өлеңінен  көреміз.                             Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,                           Жоқ­ барды, ертегіні  термек үшін,                            Көкірегі  сезімді, тілі орамды,                           Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!     Табиғат лирикасы: І топ: Жазғытұрым ІІ топ Күз ІІ топ Қыс   рөлі     жайлы     эстетикалық     тіршілігіндегі   90­шы   жылдар   дың   аяғында   жазған   «Көңіл   құсы   құйқылжыр   шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық   күшін, адам     өміріндегі     қызметін   тереңдей     көрсетуге     арналған.   Бұл     мәселені қозғағанда,     ақын     өзінің     әдебиет   туралы     ойларын     жалғастырады.Оның өлеңмен, күймен  байланысын  ашады. Әдебиет  сияқты, өнердің де  хақтығын көрсетеді. Сөйтіп, олардың  бәріне  тұтас  көзбен  қарап, әдебиет  пен  өнердің қоғам,   адам     көзқарас қалыптастырады.     Қазақ  әнінің  көркемдік  қасиетін, адам  сезіміне  әсер  етер  күшін  Абай:                               Шырқап,қалқып, сорғылап  тамылжиды,                               Жүрек  тербеп, оятар  басты  миды.                               Бұл  дүниенің  ләззаты  бәрі  сонда,                               Ойсыз  құлақ ала алмас ондай сыйды.                                                               Ұйықтап  жатқан  жүректі  ән  оятар,                               Үннің  тәтті  оралған  мәні  оятар.                               Кейі  зауқ, кейі  мұң  дертін  қозғап,                               Жас  балаша  көңілді  жақсы  уатар,­ деп  суреттейді. Ақын өз кезіндегі ән салушылар мен әнді тыңдаушылардың көбіне риза емес. Әннің   әлеуметтік,   ұқпайтынын, тыңдаушылардың да солай екенін айтады.       Абай ­ өзі ән шығарған ақын. Оның  көп өлендері  өз әнімен  тараған. «Сегіз аяқ»,   «Көзімнің   қарасы»,     «Қор   болды   жаным»,    «Бойы   бұлғаң»  ,   «Айттым сәлем, Қаламқас»  сияқты  төл шығармаларымен  қатар оның «Қаранғы  түнде тау  қалғып»,  «Татьянаның  хаты»  тәрізді аудармалары  да  халық арасына  ән болып жайылған.  Қазақтын халық әндерін  сүйсіне  бағалаған     ақын  өз әндерін де   құр   айғайға   емес,     ойшыл   адамның   мұңды   сырын   шертіуне лаиқтап жазған.  Оларда сезім күйі,   нақысты  мағына  мол  келеді.   1 топ  «Желсіз түнде жарық ай» 2 топ «Айттым сәлем , Қаламқас 3 топ  «Көзімнің қарасы»                      ­ Әндерді орындап, мазмұнын ашу    тәрбиелік   мәнін   әншілердің   көбі Қорытындылау Үй тапсырамсын беру Бағалау ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы:       Абай­классик ақын.  Сабақтың мақсаты: 1 Абай ақынның өмірі жайлы мағлұмат беру, өлеңдерін  тоқталу;                                         2. Оқушылардың тілін, ойын дамыту;                                         3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: Абай Құнанбаев­қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның   шығармашылығы   қазақ   халқының   тқтас   бір   дәуірінің   ақыл­ойы парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің , әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады.  ­ Абайдың туған жері жайлы айту;  ( Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай   ауданына   қарасты   Шыңғыстау   бауырындағы   Қасқабұлақ   деген   жерде дүниеге келген.  ­ Абайдыың арғы аталары туралы түсінік беру;  Абайдың арғы атасы Ырғызбай да,   атасы   Өскенбай   да   өз   кезінің   атақты   адамдары,   тобықты   руының билеушілері болған.  ­ Жас шағында тәрбие берген адамдар туралы; ­ Абайдың  оқуға деген көзқарасы; ­ Ел ісіне араласуы; ­ Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік мән; Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен   білімнің маңыздын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»  өлеңі    бұл    тақырыптағы   тұңғыш  шығармасы  болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақылға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым – білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзетуге бет алғанын айтады.  1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның   алғашқысы  ұстаз  ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең   бойына     Абай   «ғылым» деген сөзді   қайталап айта отырып, адам бойындағы  қазынаның үлкені және әрбір   жігерлі жастың талпынатын арманы  ­­ ғылым болуы керектігін түсіндіреді.                                                          Ғылым  таппай  мақтанба!                           Орын  таппай  баптанба!                           Құмарланып  шаттанба,                           Ойнап  босқа  күлуге,­ дейді   ол.      Ғылым  жолына  ұмтылған жастарға айтар ақынның айырықша ескертуі  бар. Ол­қандай  нәрседен  қашық  болу, қандай  нәрсемен  дос  болу.                           Бес  нәрседен  қашық  бол,                           Бес  нәрсеге  асық  бол,                           Адам  болам  десеңіз.  Ғылым  жолы­әділдік  жолы.Оны  ұстаған  адам  ескі  жолмен  жүре  алмайды.                            Надандарға  бой  берме                            Шын  сөзбенен  өлсеңіз.    «Интернатта  оқып  жүр»   өлеңінде  Абай  әлгі  ойларына  тың  пікірлер  қосады.Мұнда   сыншылдық   басым.Ақын   патшалық   ел   билеу   жүйесі,оқыту тәртібінесын     айтады.   Халыққа     пайдалы     емес,залалды     болып     шығатын әкімдер  мен  шалағай  төрелердің  оқудағы  мақсатын  көрсетеді. Қорытындылау: Үй тапсырмасын беру: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдап, жаттау. ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы:       Мазмұндама «Атымтай жомарт»  Сабақтың мақсаты: 1 Атымтай жомарт әңгімесінің мазмұнын ашу;                                          2. Ойлау қабілетін,тілін дамыту                                          3.Еңбексүйгіштікке, адал ебек істеуге  тәрбиелеу. Сабақ түрі: бақылау түрі                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 3.Жаңа тақырыпты     түсіндіру: Мазмұндама Атымтай жомарт Жоспары: 5. Атымтай жомарт өмірі 6. Таныстарының сұрағы 7. Еңбекпен тапқан нан тәтті 8. Түйін  Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі­ құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді: ­Жомарт,   құдай   берген   дәулетіңіз   бар,   ақша­тамақ,   жалаңашқа­киім, үйсіздерге­үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не?­деп. Атымтай жомарт айтты дейді: ­ Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы   әдет   етсең,   көңілге   жел   кіргізеді,   сол   желіккен   көңілмен       өзімнен терезесі   төмен   бейшаралардан   жиреніп,   көз   салмай,   кем­кетікке   жәрдем беруді   ұмытармын   деп   қорқамын.   Екіншісі:   бар   бола   тұрып   мен   жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір­екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәм тәтті сіңімді   болады   екен.   Төртінші:   …дәулетті   өзімсініп,   тиісті   орындарына жаратпай, көбісін  өзім  ішіп­жеп, өзім  тұтынсам,  мал  берген  иесіне   күнәлі болармын деп қорқамын,­деді.  Қорытындылау: Үй тапсырмасын беру ІІ тоқсан   сабақ Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Ыбрай әңгімелерінің тәрбиелік мәні Сабақтың мақсаты: 1. Әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу;       2.шығармалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту                                         3.Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Бақылау                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Шығарма Жаратылысында сезімтал, аңғарымпаз және өз халқының  ауыр халін көріп, оны жетілдіру үшін көркем туындылары  арқылы ат салысқан Ы.Алтынсарин еді… Ыбрай өз кезіндегі  әлеуметтік өмірдің жай­жапсарын бақылаушы ғана емес,  бүккенін жазып, бүркегендердің ашушылардың бірі.  Ең алдымен  ол қазақ даласындағы теңсіздікті көре білді. Қажым Жұмашев Жоспар: І Кіріспе бөлім Ыбырай Алтынсарин­атақшы ағартушы. ІІ Негізгі бөлім 1. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»  2. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа 3. Талаптыға нұр жауар ІІІ Қорытынды бөлім   Мәңгі өшпес мұра Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                         І тоқсан 17  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: XІX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет Сабақтың мақсаты:  1. XІX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет туралы, оның ерекшелігін түсіндіру          2.Ақын өлеңдерінің мазмұнын мен идеясын аша отырып, оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Ұлтжандылыққа, отан сүйгіштігін тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Шығарманы талдау 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Тарихи­әлеуметтік   жағдай. ғасырдың   екіншіжартысындағы   қазақ әдебиетінің   бағыт­бағдары,   өсу­өркендеужолы   да   сол   кезеңнің   тарихи­ әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты туып, қалыптасты.   XІX  XІX  ғасырдың   орта   кезінде   Ресейдің   отарлау   саясаты   қазақ   даласында түгелдей орнығып бітті. Ресейде болған 1861 жылғы реформа ел өміріне тағы да бір саяси­әлеуметтік өзгеріс әкелді. Қазақ елі әкімшілік­басқару жағынан да, саяси­шаруашылық жағынан да Ресейге біржолата тәуелді болды. Ең әуелі патша үкіметі Қазақстан аумағындағы  өз билігін күшейтуді қолға алды. Осыған орай 1868 жылы қазақ даласын басқарудың патшалық жүйесі енгізілді. Қазақтар оны “Жаңа низам” деп атады. Осы жүйе қазақ халқының өміріне әсер тигізді: ­ орыс шаруалары қазақ жеріне орналастырылды; ­ малға құнарлы жерлеріненығыстырылды; ­ қазақтың ауылнайлар, болыстарының қанауы; Қазақ даласына келген орыс атаулыны үш топқа бөліп қарауға болады.  1– жұмысшы­шаруалар 2—облыс, уез басшылары бастаған шенеуліктер 3­   қазақ   даласын   зерттеуге   келгендер   мен   жер   аударылғандарды   жатқызуға болады.   ­  мәдени   Әдеби     бағыт.Мектептердің  ашылуы:  Троицк,  Орал,  Қазалы,  Торғай,   т.бОрынборда  ашылған  мектептердің  бірі  аға  оқытушы  Ыбрай  Алтынсарин болды.  Осылайша  қазақ  жерінде  патшалық  Ресейдің  отарлық  саясаты  ғана үстемдік алып қоймай, орыс мәдениеті мен әдебиеті, білім, ғылымы да жайыла бастады.  Қалаларда  ашылған  орысша  мектептер,  училищелер,  кітапханалар тәрізді  оқу­ағарту  және  мәдениет  ошақтарының  көптен  ашылуы  нәтижесінде оқыған азаматтар орыс тілін меңгеру арқылы әдеби, мәдени, білімін арттырды.        дамуы Әдебиеттің  .  Бұл  кездегі  қазақ  әдебиетінің  ірі  жаңалығы  Ыбрай,  абай,   Шоқан  бастап  негізін  қалаған  реалистік  әдебиет  үлгісі,  демократтық  бағытағы ағартушылық  идеяны  көтерген  ағым  болды.  Абай  дәстүрін  жалғастырушы Шәкәрім, нарманбет, Мәшһүр, Жүсіп Көпеевтердің де алғашқы туындылары осы кезеңде туып, елге таныла бастады.  XІX  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  әдебиетіне  өзінше  бір  үлгіде  үлес қосқан ерекше бір топ бар. Олар­Біржан сал, Мұхит Мералыұлы, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет Найманбаев, т.б әнші­ақындар.  Әдебиет теориясы:   Әдеби байланыс Топпен жұмыс. Әр топ бір­біріне сұрақ қойып, жаңа тақырыпты пысықтайды.  Үй тапсырмасы Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                            І тоқсан 18  сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың   мақсаты:  1.   Шоқан   Уәлихановтың   өмірі   мен   шығармашылығы туралы  түсінік беру          2.Ақын өлеңдерінің мазмұнын мен идеясын аша отырып, оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Ұлтжандылыққа, отан сүйгіштігін тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Шоқан   шыңғысұлы   Уәлиханов   1835   жылы   қараша   айында   қазіргі   Қостанай обылысының Құсмұрын бекетінде туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен.  Шоқан   жасында   ауыл   мектебінен   мұсылманша   хат   таныған   соң   орыс мектебінде  оқиды. 1847­1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет  копусында білім алады.   Корпуста   әскери   сабақтармен   қатар   Ресей   жағрапиясы   мен   тарихы, батыс,   орыс   әдебиеттері,   философияя,   физика,   математика   негіздері,   шетел тілдері жүрген.  Г.Н.Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар­ақ   назар   аударды.   Ол   сондай   қабілетті   еді   және   оқу   орынатүспей тұрып­ақ сурет сала білетін»,­деп жазды.  Шоқанмен бірге оқыған досы.  «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер   оған   қарағанда   бала   тәрізді   едік.   Өзінің   бізден   артық   білетіндігін,   не біздерден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде­ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып   қалатын.   Жалпы   жолдастарына   ,   соның   ішінде   маған,   ол   еріксіз «Европаға ашқан Терезе» сықылды болды»­дейді Г.Н.Потанин. ­   Орыс   тілі   мен   әдебиет   пәнінің   мұғалімі   Н.Ф.   Костылецкий,   тарих   пәнінің мұғалімі Гонсевскийдің әсері .  ­ Орыс әдебиет классиктерінің шығармалары; ­ ел арасындағы жазып алған аңыз­жырлары, жастандары; ­ Шоқанның еңбек жолы. ­ Ф.М.Достоевскииймен кездесуі Әр бөлімдер бойынша оқушылардың ойларын қалыптастыру.  Бекіту. Сұрақтар арқылы. Үйге тапсырма.  Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                             І тоқсан 1 сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті  Сабақтың мақсаты: 1. ХІХ ғасыр әдебиетінің бірінші жартыжылдағы  әдебиет жайлы түсінік беру;                                         2. Оқушылардың жалпы дүниетанымын дамыту; 3. Отансүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.                                          Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Тренинг «Шаттық шеңбері» Оқулықтың авторларымен, алғы хатымен таныстыру. 2.Жаңа тақырыпты түсіндіру: айнасы»­өйткені   «Әдебиет­халық   өмірінің   тарихи­әлеуметтік жағдайлармен   тығыз   байланыста   туып,   өрбіп,   дамып   отырады.   ХІХ   ғасыр әдебиеті­елдің   тарихи­әлеуметтік   жағдайлармен   тығыз   байланыста   туып, қалыптасты. ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай­ хандық басқару жүйесі әлсіреп, қазақ елі өзін­өзі басқару құқығынан айырылып, Ресей отаршылдық бұғауының қыспағына түсті. Халықты есепсіз алым­салықтар әбден титықтатты. Қазақ халқы бұрынғы өзінің шұрайлы қоныстарынан қуылды. Жағдайы қиындап, төзімі   таусылған,   аяусыз   езгіге   түскен,ел   патша   әкімшілігінің   зорлық­ зомбылығына қарсы талай көтерілістерге шықты.  Осы көтерілістер жайлы өз шығармаларында барынша жан­жақты, сан қырлы сипатта,   түрлі   мазмұнда   бейнелеп,   халық   тағдырын   арқау   еткен   дарынды ақындар   шоғыры   тарих   сахнасына   шықты.   Олар:   Дулат,   Байтоқ,   Жанұзақ, Шортанбай, Махамбет, Шернияз, т.б Байтоқ, Жанұзақ сияқты ақындар бірыңғай хандық дәуірді жақтап, хандарды мақтап жырлады, хандарды қошеметтеу тұрғысынан ғана өлең, жыр туғызды. Дулат,Шортанбай т.б бірқатар ақын­жыраулар отаршылдыққа, патша өкітеміне арқа сүйеп, елге қысым көрсетуші әкім, сұлтандарға қарсы бағытта толғады, ұлттық мүддеге, дүстүр­салтқа, әдет­ғұрыпқа төнген қауіпті ашына көрсетті. Оқулықпен жұмыс: ­ Дулат Бабатайұлының жырлары жайды пікіралыс жүргізу. ­ Шортанбай Канайұлының шығармаларындағы мазмұн жайлы ­ Махамбет, Шернияз жайлы, олардың көтерілісі «Баймағамбет төреге арнап жазылған өлеңін талдау. Қорытынды: Үй тапсырмасы: ХІХ ғасыр әдебиеті жайлы ойларын тиянақтап, толықтыру; ХІХ ғасырдың тарихи жағдайы жайлы реферат жазу. Қазақ әдебиеті    10­сынып                                                       І тоқсан 12 сабақ Күні: _______________ Қазақ әдебиеті    9­сынып                                                       ІІ тоқсан 19 сабақ Күні: _______________ Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Канайұлы өмірімен шығармашылығы Сабақтың мақсаты:  1. Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіну. Өлеңде көрінетін Ресейдің отарлау саясаты, оның қазақ халқына әкелген зобалаңы жайлы түсінік беру;                                 2 . Тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын                                                          қалыптастыру; реткері 3. Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу; Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақ түрі:лекция, топпен жүмыс  Пәнаралық байланыс: тарих XІXғ. Қазақстанның саяси­әлеуметтік жағдайы                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатын айқындау 2. Өткен материалдар бойынша ойларын қорыту. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақ   әдебиеті   тарихындағы   ірі   тұлғалардың  бірі­Шортанбай  Қанайұлы  1818 жылы   Оңтүстік   Қазақстан   облысының   Түркістан   ауданында   дүниеге   келген. Ақын   63   жасында   қазіргі   Қарағанды   облысының   Шет   ауданыныда   қайтыс болған.  Тарих. XІXғ. Қазақстанның саяси­әлеуметтік жағдайы.  Шортанбайдың   «Зар   заман»   өлеңдер   топтамасы­заман   сипатынан   түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы.  XІX   ғасырда   өмір   сүрген   Дулат,   Мұрат,   т.б   ақындар   да   замана   жайын отаршылдықтың   зиянды   кесірі   деп   қарап,   ашына,   түңіле   күйіну   сарынында жырлады. М.Әуезов бұл ақындарды  «зар заман ақындары» деп атаған. «Зар» сөзін мағынасын ашу, синонимін табу. «Зар заман» өлеңі Тақырыбы: Бұрынғы заманды аңсау Идеясы   :   қазіргі   заманның   бұзылуы,   жаңа   қоғамдық   қарым­қатынастардың заманы азғаны, жергілікті ел билеушілер мен патша үкіметіне назардылығы Мынау ақыр заманда Алуан, алуан жан шықты, Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ. Ақша деген мал шықты. (Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады. ) Мұның өз зар заман Зарлығының белгісі Ұл сыйламас атасын, Атасы бермес батасын. Қазы, болыс, хан қойды Некесіз туған шатасын. (заманның бұзылған белгісі жалғыз адамда емес, табиғат та өзгереді.  Асылы азған заманда Шөп сұйылды жердегі, Құс таусылды көлдегі, Бай тауылды елдегі Өлеңді оқып талдау. І топ  ІІ топ 1. Өлеңнің құрылысын, ұйқасын талдау 2. Көріктеуіш құралдарын табу. Орыс­бүркіт, біз­түлкі­метафора Текеметтің түріндей­ұлттық өрнек Жарадан аққан іріндей Бейшараның пұлы жоқ­ қарабайыр сөз Жақсы жаннан түңілген Жаман малға жүгінген­ антоним Азулыға бар заман Азусызға тар заман­антоним Сөздікпен жұмыс Қайталау Бағалау Үйге тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын жазып келу Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                             І тоқсан 7 сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Абыл Тілеуұлы өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: 1. Абыл Тілеуұлы өмірі мен шығармашылығы туралы  түсінік беру          2.Ақын өлеңдерінің мазмұнын мен идеясын аша отырып, оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Ұлтжандылыққа, отансүйгіштігін тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткен материалды қайталау: Тест арқылы. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  XVІІІ   ғасырдың   екінші   жартысында   өмір   сүрген   бұрынғы   ақын­ жыраулардың   дәстүрін   жалғастырушылардың   бірі­суырыпсалма   ақын­Абыл Тілеуұлы. Абыл Тілеуұлы­Маңғыстауда туып­өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған. Абыл   Атырау   аймағын,   қарақалпақ,   түрікмен   елдірн   аралап,   өзі   тұтас ақындармен өнер сайыстырған.  Абылдың   көп   өлеңдері   ұмытылған.   Бізге   жеткені   оның   өмірінің   соңғы кезеңінде   шығарған   арнау   ретіндегі   толғаулары   мен   бірлі­жарым   нақыл   сөз, термелері ғана.  Абыл   «Қарасай­Қази»,   «Қырымның   қырық   батыры»   эпостарын   жырлап өткен. Өлеңдері негізнен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғауы­ 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты. өлеңі. (өлеңін оқып, мазмұнын ашу) Абыл   Тілеуұлы   –айтыстың   да   шебері.   Бізге   «Балдай   қызбен   айтысы», «Сушы   қызбен   сөз   жарыстыруы»,  «Нұрымды   сынау»,  «Шерниязбен   кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.  Өлеңдерін оқып талдау жұмыстарын жүргізу.  Ітоп.  ІІ топ ІІІ топ Бекіту кезеңі. Сқрақ арқылы Үй тапсырмасын беру. Абыл Тілеуұлы жайлы ойларын толықтыру «Шерниязбен кездесу» айтысын оқып келу. Қазақ әдебиеті 10­сынып                                                             І тоқсан 8 сабақ Күні _____________________ Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожа өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: 1. Майлықожа Сұлтанқожа өмірі мен шығармашылығы  туралы түсінік  беру          2.Ақын өлеңдерінің мазмұнын мен идеясын аша отырып, оқушылардың білімін кеңейту;                                         3.Үлкендерді сыйлауға, әділеттікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру..                                         Сабақ барысы: 1.Ұйым кезеңі: Амандасу. 2. Үй тапсырмасын тексеру Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835ж Шымкент облысы, Сарыағаш маңында туып өскен. Жасынан мұсылманша оқып, діни білім алған. Жас шағында жетім қалып,   жоқшылықтың,   мұқтаждықтың   не   екенін   танып,   сол   кезде­ақ   ақын жүрегімен сезініп өскен сезімтал жан. 1860ж Сырдан Әулиеатаға келіп,Сыпатай батыр дегеннің асында Сүйінбай мен кездесіп,онымен тіл қағысқан. Бұл айтыс бірініші рет 1929 жылы “Жаңа әдебиет” журналында басылды. Осы айтыста   ақын   Сыпатай   асының   бастаушысы   боп   жүрген   Есім   деген   байдың құрметіне риза болмай, оны сынайды. Өлеңнің  жалпы көлемі 68 жол. Әликом әссалау ма, Есім аға! Ас бердің сауын айтып, несіне аға? Астма киіз салып, тамақ бермей, Бар ма еді ала алмаған өшің, аға Ат жабу түнде болды төсегіміз,  Көзге айтқан сырттан айтпай өсегіміз, Жиынға біз келгелі он күн болды, Он табақ ботқа болды есебіміз,­ дейді. Майлықожа  Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни хиссалар сюжетіне дастан жазумен айналысқан. “Зархұм” үдгісінде “Абдолла бала” жырын шығарған. Майлықожанң   кейбір   толғаулары   баспа   бетін   ерте   көрген.   1883   жылы Ташкент қаласында басылыған “Қырғыз хрестоматиясы” атты жинақта бірнеше ұзақ толғаулары басылды. Олар­“Рахымқұлға”, “Ноғай мырзаға”, “Үш жігіт” деп аталады.  Майлықожа   елдің   ауыр   тұрмысын,   халықтың   басына   түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, Қабағы шаруылардың болды салбыр. Қысты күні болғанда қар тынбады, Айуанға өлім жетті аштан әрбір. Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады. “Ескі мырза,   манаптар,   бегі,   салы”   үстем   тап   өкілдерін   өлтіре   сынайды.   Олардың ұрылар жұмсап, арам жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді. Ұрыларға билер тұр “бере кел” деп, Тез мал тауып даладан келе көр деп Бие сойып аузымды майға толтыр, Мал иесін біздерге қоя бер деп Болмағанға болыстың поштасы жүр Шаршатпаққа жол­жолда тоспасы тұр. Ұрлық қылған жігіттер­тау түлкісі, Болыспенен мал беріп достасып жүр… Үлкендерді сыйлау, бойдағы бар өнер­білімді арттағы ұрпақ тәрбиесіне жұмсау, сөйтіп, кейінге жақсы тәлім, өнеге қалдыру мәселесі де сөз болады. Жастарды еңбек сүйгіш, өенерлі, арлы азамат болуға үндейді: Майлықожа өлеңдерң өзінің поэтикалық тілі жағынан  да көңіл аударады. Ол өзіндік эпитет, теңеулер тауып қолданады. (өлеңге толық талдау жасау) Ер едің сұңқар текті, бүркіт кекті.. Дүбірің тұлпар жылқы жарысқандай, Үмітің айға шабар арыстандай, Қират бүркіт секілді тұтымың бар, Ұстасып жібермейсің қарысқандай.. Ақ бөкен қара құйрық қырда жатқан Мылтығын мергеншілер қырлап атқан. Қорытынды. Рефлексия Не білдім? Не білгім келеді

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери

Акан олендери

Акан  олендери
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017