"Акын конактар" Мухтар Ауезов

  • Разработки уроков
  • doc
  • 10.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Пәні : әдебиет Сынып: 5 а Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: М.Әуезов жайлы мәлімет беру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Ақын қонақтар» бөлімінің мазмұнын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу, әдебиетке деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Бала бойындағы жақсы, асыл қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, үлгі ету. Әже, Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру. Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жинақтау, ойын Көрнекіліктер: М.Әуезов, А.Құнанбайұлының суреттері, топтастыру сызбасы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Амандасу - Түгелдеу - Сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру - Зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Күй» поэмасынан жатқа үзінді сұрау. 2. І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасынан не және кім туралы білдіңдер? ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Мұғалім: «Кәрі тарих – кәрі шежіре». Осындай дарын, өнер иелері өмірде болған, санамызда сақталғандығын айтып өту. ІҮ. Ашық сабақ. А) Кіріспе бөлім: сабақтың мақсатымен таныстыру. Ә) Негізгі бөлім: жаңа материалды түсіндіру.разработка урока
Иконка файла материала акын конактар 5 сынып.doc
Пәні : әдебиет     Сынып: 5 а Сабақтың тақырыбы:    Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»  Сабақтың мақсаты:  Білімділік: М.Әуезов жайлы мәлімет беру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған   «Ақын қонақтар» бөлімінің мазмұнын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу, әдебиетке деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік:  Бала бойындағы жақсы, асыл қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, үлгі ету.  Әже, Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.  Сабақтың түрі:  Ашық сабақ Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ­жауап, жинақтау, ойын Көрнекіліктер:   М.Әуезов, А.Құнанбайұлының суреттері, топтастыру сызбасы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ­ Амандасу ­ Түгелдеу  ­ Сабаққа дайындығын, құрал­жабдықтарын  тексеру ­ Зейінін сабаққа аудару.  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Күй» поэмасынан жатқа үзінді сұрау. 2. І.Жансүгіровтің  «Күй» поэмасынан  не және кім туралы білдіңдер? ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Мұғалім: «Кәрі тарих – кәрі шежіре». Осындай дарын, өнер иелері өмірде болған, санамызда сақталғандығын айтып өту. ІҮ. Ашық сабақ. А) Кіріспе бөлім: сабақтың мақсатымен таныстыру. Ә) Негізгі бөлім: жаңа материалды түсіндіру. 1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.Қазақ   халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы   Әуезов   1897   жылы   бұрынғы   Семей   (қазіргі   Шығыс   Қазақстан)   облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше  сауатты кісілер  болған екен. Олар Абаймен жақсы  сыйластықты қарым­қатынаста   болыпты.   Білім   сапарын   ауыл   мектебінен   бастаған   бала   Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі ­ Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын», ­ деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.          1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.        М.   Әуезовтің   тырнақалды   туындысы­   «Еңлік   –   Кебек»   пьесасы   1917   жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.   Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт­Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі   Орта   Азия   университетінде   оқыған.   20­30   –   жылдары   жазушы   қаламынан қазақтың   байырғы   өмірінің   көрінісін   бейнелеген     көптеген     әңгімелер   туған,   ал   20­ жылдардың аяғына қарай «Қараш­Қараш оқиғасы» (1927)   және  «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.            Мұхтар Әуезов – қазақ   драматургиясының   негізін салушылардың бірі, ол­ тарихи тақырыптарға арналған ондаған  пьесалардың авторы.      Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты  4 кітаптан  тұратын  тарихи  роман­эпопеясы.   2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.      Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.       Көркем     туындының  идеясы  дегеніміз   –   жазушының   өзі   көтеріп,   көркем     бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы. 1.     М.Әуезов  шығармаларының  ең  биік  шыңы – «Абай  жолы»  романы. Бүгін  осы шығарманың  үзіндісімен  танысамыз.  ­Сендер  Абай  туралы  не  білесіңдер? ­Оған  жас  кезінен өлең – жыр  әңгімені  кім  айтқан? ­Абай  кімнің  тәрбиесінде  болған? Абай   Құнанбаев – қазақтың   ұлы   ақыны. Мұхтар   Әуезов – қазақ   халқының   ұлы жазушысы бүкіл  әлемге, бізге  Абайды  танытқан.Балалық  шағы  Шыңғыстау  бөктерінде  өткен, жастай  өлең – жырға құмар  болған   Абайдың Ұлжан. Мұхтар  Әуезовтың атасы – Әуез  балаға  Абайдың  өлеңдерін  жаттататын. ұстаздары   әжесі –           Зере,   шешесі   Жас   кезінен   балалық   шағы бір   жерде   өткен, Мұхтар   Әуезов   қолжазбаларды жинап, көп  жылдан  соң  өзінің  ең  үлкен  жұмысын «Абай  жолы»  романын  жазып, бүкіл  дүние  жүзіне  Абайды  танытты.     Ү. Сабақты қорыту, түсінгендерін тексеру: 1. «Жасырылған сұрақтар» ойыны арқылы сұрақтар беру. 2. Мәтіннің мазмұны бойынша  бөлімдерге бөліп, тақырып қою. А) Абайдың науқас күйі немесе бала Абай Ә) Зере мен Ұлжанның әңгімесі Б) Құтты қонақтардың жырлары В) Ақын Барластың сыйлығы 3. Мәтіндегі кездесетін  ауыз әдебиетіне қатысты жанр түрлерін тапқызу: ескі заман жырлары, өсиет, әңгіме, қисса, ертегі, аңыз. 4.   Бала   Абай   бойындағы   жақсы   қасиеттерді   сипаттау:   алғыр,   зерек,  өнерсүйгіш, білімді, ақылды.            5. Оқушыларға үш  деңгейлі  тапсырма беріледі.Тапсырмалар І ­ Әдебиет  сөздігінен  портретке  анықтама  беру. Жас  Абайдың  кескін­келбетін жазушы   қалай   суреттеген? Мұқият   қараңдар, оның     портретінде   қандай өзгеріс  болған, ол  ненің  әсері? ­   Әңгімеден  Абайдың  кескін – келбетін  тауып, өз  бетіңше   оқып, түсіну  керек.  ­    Мәтінді  оқы. Сұраққа  жауап  бер:  1. Биыл  Абай  неше  жасқа  толды? 2. Денесі  бойы  қандай? 3. Беті, шашы  қандай  еді?         ІІ 1. Абайдың   ендігі   ермегі   нелер, досы   кімдер?Абайдың   қарт   әжесі   Зере, өз анасы   Ұлжанқандай   абзал   қасиеттерімен   көрінеді? Суретке   қарап, суретші қарт   әже   Зеренің   мейірімділігін, жас   Абайдың   ынта – ықыласын, көрсете білді  ме? 2. Мәтінді   оқып, мазмұнын  айту. Әңгіме? Әңгімеші  деген  кім? 3. Сұраққа жауап  беру: 1. «Басқа  бір  ермек, бөлек  бір дос  тапты...» Олар  кімдер? 2. Абай  биыл  нені  бағалады? 3. Әжесі   қандай   әңгімеші  еді? 4. Абай  ауырғанда, әжесінен  не  сұраған?     ІІІ 1. Шеше – ана  туралы  мақалдарды  еске  алыңдар? Қазақ  ертегілерін, әңгімелерін, жырларын  қисса – дастандарын  Абайға  кім  айтқан? 2. Мәтін  бойынша  жұмыс : Абай  әжесінен  ертегі  айтып  беруді  қалай  өтінді? (оқы). Ертегілердің  атын  дәптерге  жазып  ал. 3. Сұраққа  жауап  бер:  1. Абай  әжесінен  қандай  ертегілерді  тыңдады? 2. Әңгіменің  тақырыбы, идеясы  неде? 3. Ұлжан  қонақтарды  неге  жібергісі  келмеді? 4. Абай  шешесіне  ризашылығын  қалай  көрсетті?          Төмендегі  тірек  схема  толтырылады. Абайдың портреті Бала  Абайдың  кескін – келбетін жазу Бала  Абайдың  рухани  байлығыҮІ. Оқушылардың білімін бағалау. ҮІІ. Үйге тапсырма.  1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі  2 « Ақын қонақтар»туралы  түсінік. 5 сынып  Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: МҰХТАР ӘУЕЗОВ «АҚЫН ҚОНАҚТАР» Мақсаты:Оқушының танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, Абай туралы,  М.Әуезов  туралы білімдерін кеңейту, шығарманың толық мазмұнын білу, идеясын ашу Міндеттері: Білімділік:М.Әуезов туралы мәліметтер ала отырып «Абай жолы» романынан алынған  үзіндінің мазмұнынан Абайдың балалық шағы, ғылымға, өнерге деген құштарлығының  дамуын танып біледі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады. Дамытушылық:Жазушының Абайды танытудағы азаматтық мұратын айқындайды.  Шығарманың тіліне, портрет жасау шеберлігіне тоқталады. Тәрбиелік:Дүниетанымдары артады. Көркем шығарманыоқуға құштарлық сезімдері  оянады. Бала Абайға еліктеу, халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқуға, кітапханамен байланыс  сезімдері артады. Ұлттық құндылықты бағалайды. Көрнекіліктер:Ақын портреті, шығармалар жинағы, фото­суреттер, цитаттар. Слайд және  интерактивті тақтаны қолдану. Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясы, тарих, география, өнер.1. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.  1. 2. 3. 4. 4. 5. 6. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Сабақтың әдісі: Ой шақыру, топтастыру,сұрақ­жауап, СТО  стратегиялары. Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту: Сабақтың ұраны  – Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат. – Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат. – Әрбір ісім? – Тірлік, тірек, адамдық. – Әрбір сөзім? – Шындық, бірлік, адалдық 2.Үй тапсырмасын сұрау: М.Әуезов кім? Қай жерде туған? Кімнің тәрбиесінде өскен? Кімнің шығармаларын жаттап өседі? Қандай атақты шығармасы бар? Абай рухымен ер жетті дегенді қалай түсінесіңдер? Француз жазушысы не дейді? Мағынаны ажырату:М.Әуезов «Абай жолынан» үзінді. Ақын қонақтар «Мәтін бөліктері»­оқушылар 4 топқа бөлінеді.   Түстер арқылы «Кіріспе»; 2­«Негізгі ой»; 3­«Қорытынды»; 4­«Толықтыру» .Мәтін бөліктерін  әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз  алады.   Оқушылар әңгімені оқи отырып әр бөлімге тақырып қояды, әңгімелейді. Абайдың науқас күйі. Келбеті Зере мен Ұлжан әңгімелері Құтты қонақтардың жырлары Ақын Барластың сыйы, батасы   Суреттер сөйлейді:Слайд ашу, экранда Абайдың 13 жасындағы портреті, Зере әже  немересімен түскен портреті, ақын қонақтар портреттері көрсетіледі.   Ой толғаныс: Пысықтау сұрақтары Абай қалай сауығып кетті? Абайға әсер еткен ең сұлу жыр, әсерлі жыр, күшті жыр­қай жыр? (Қобыланды жыры) Жырды айтқанда Абай қандай әсер алады? (Мәтіннен тауып оқы) Әңгіме адамға шаттық сыйлайды дегенді қалай түсінесің? «Халық өнерінен нәр алған» дегенге тоқтал. Жас Абай сияқты өздерің қандай ертегі жырлар оқыдыңдар? Бұл эпизод М.Әуезовтың қай шығармасынан үзінді? Портрет дегеніміз не? Абай портретін жатқа оқу?   Оқулықпен жұмыс: портреттер табу, Барлас, Байкөкше ақындардың портретін тауып,  дәптерге жазу.Экранда: Портрет – көркем  әбебиетте адамның сырт бітімін, кескі­ келбетін, жүріс­ тұрысын суреттеу. Сабақты бекіту: Оқушылар жеке тапсырманы орындайды, жұпта бір бірімен салыстырады, тақтада қорғайды.   Зере әжесінен естіген әңгімелер «Еділ­ Жайық», «Жұпар қорығы»,  «Құламерген», «Қожаберді ақын», «Мамыр,  Еңлік» қайғылары, «Жүсіп­Злиха» қиссасы   Рефлексия: Сұрақтарым бар Барлас, Байкөкше ақындардан тыңдаған  жырлар «Қозы Көрпеш­Баян сұлу», «Қобыланды батыр» жыры т.б. Түсіндім   Үйге тапсырма: М.Әуезов «Абай жолы» романы.  Абай портретін жаттау. Есімде қалды   ТүсінбедімШығарма Қазақ тілі – ертеңім, болашағым Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда ­ ақ берген білім. Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты, Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім. Ана тілі ­ халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік,  ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі ­ оның бақыты, тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев  халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес,  сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының « Сөзі жоғалған жұрттың  өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей. Қазақтың біртуар Абайы «Естілердің айтқан сөздерін есіркеп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін  айтпаған. Кімде ­ кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты,  мәдениетті адам деп санауға болмайды. Ана тілімізді мәпелей білуіміз керек. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең  таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. Тіл тағдыры ­ ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін  меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін! Ең тәтті де – тіл, Ең ашты да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл жоқ жерде ­ ұлт жоқ.