Алаш ардақтысы- СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
Оценка 4.7

Алаш ардақтысы- СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Оценка 4.7
docx
30.11.2020
Алаш ардақтысы- СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
Сахитжанова Аида Алимжановна.docx

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесі

          Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: Сахитжанова Аида Алимжановна

Алаш ардақтысы- СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

         Ұлттық әдебиетіміздің қалыптасуына ықпал етіп, елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, халқының жарқын болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, көркем шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал етіп, елді оқуға, білім алуға шақырды. Заманалар өзгеріп, қоғамдар алмасқан аласапыран кезеңде өмірлері өтті.Ауыз толтырып айтатын дүниелер жетерлік. Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиндердің есімдері қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Асыл тұлғаларымыздың өмір жолы мен шығармашылығына зер салсақ, халқымыздың тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларына куә боламыз.  Әр кезеңнің ғасырға бергісіз асыл тумалары болады. Алла Тағала бір адамның бойына соншама өнерді, дарынды үйіп беретініне еріксіз таңданып, бас иесің. Алла Тағала жаратқан пендесіне туып-өскен жеріне, табиғатына сай мінез дарытатын болса керек. Қазақ поэзиясында ойып тұрып орын алған, алаш асылы, ұлтымыздың мақтанышы – Сәкен Сейфуллин жайында сөз қозғамақпын. Қазақ поэзиясының дүлдүлі Сәкен атамыздың ғасырға бергісіз асыл мұралары адам баласына қуат беріп, ізгілікке, жақсылыққа шақырып, содан сая табуға үндейді. Сәкен Сейфуллин мұрасы – бүкіл қазақ мақтанышы. Айтып өткеніміздей, Сәкен ата ақындық өнермен қатар, жазушылыққа да қалам сермеген.

Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ: «Сәкеннің ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, сұңқармыз» деп бұрынғы өткен тарихқа, бүгінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса, осындай қайнар көзден шығуға лайық». Бұл пікірден Сәкен Сейфуллиннің ұлы ақындық қасиетін аңғарамыз. Ендеше, ақынның шығармашылығына назар аударсақ. 

Туған жерге, ауылға деген сағыныш сезімі жырланатын өлеңдер Сәкен атаның да шығармашылығынан тыс қалмаған. Оның «Жайлауға көшу» өлеңіндегі шумақ жолдарына көз жіберсек:

Өз-өзімен әлек болар кеп жастар,

Көшке мінген асаулары туласып.

Көш артында қыз-келіншек іркіліп,

Бір жүруге біріне-бірі қарасып, - деген өлең шумақтарынан жастық шақтың қызықты сәттеріне, көш кезіндегі оқиғаларға қанық боласың. Өзінің өлеңі арқылы ақын шығыс қыздарына тән наздылықты жеткізе отырып, қазақ қыздарына тән ұяңдықты, биязылықты нәзік көрсете білді. Қазақтың көші тек бір жерден бір жерге көшу дәстүрі емес,  сонымен қатар, мейрам екенін аңғартады.

Ақынның «Сыр сандық» туындысын оқу арқылы, кім болса да өзінің жүрегіне терең бойлап, көңілінен сыр сандық іздері анық. Кез-келген адамның сыр сандығы болады. Бірақ, сыр сандықты кез-келген адамға ашуға болмайтынын да ескерте кеткен жөн. Өлең жолдары арқылы адамның жан-дүниесінің ішкі астарын, сезімінің, көңілінің нәзік қылын шерте білгенін байқаймыз.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын! [1, 15б.]  

 

Қазақ кеңес әдебиетінің неізін салушы, балалардың сүйікті ақын-жазушысына айналған Сәкен Сейфуллин, сонымен қатар, балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер жазған. Оның «Пионерлер», «Бандыны қуған Хамит», «Октябрь күні», «Ананың хаты» деген туындылары балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. «Пионерлер» өлеңіне назар аударсақ:

Жеткіншек пионерлер – біздің қарақ,

Зиянды, ескілікті қылмақ талақ,

Құшақтап, кей мырзалар айырылмайтын

Олардан аулақ шылым, қарт пен арақ! [1, 105б.]   - деп өсіп келе жатқан жасөспірім ұрпаққа өзінің тәрбиелік мәні бар шығармалары арқылы жаман әдеттен аулақ болуға, жақсымен дос болуға шақырады. Бұл бағытта жазылған «Бұлшық ет» өлеңінде де, еңбек еткен адамның зор құрметке ие болатындығы, адам еңбек етсе ғана, көптеген жетістікке жететініндігін алға тартып, жас ұрпаққа насихаттайды.

Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес сырлы бет.
Ширатылған түйіндей,
Шырт сұлу күшті бұлшық ет.
Балғын білек балтыр да,
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім турады сүйсінбей. [2, 126 б.]  

 

Қандай тақырыпқа қалам сермесе де, жеткізе жырлайтын зор талант

иесі Сәкен Сейфуллин табиғат лирикасын да үлкен шеберлікпен жырлайды. Оның «Орман» өлеңіне зер салсақ:

Аппақ қайың,

Бұл не жайың,

Жасарасың жыл сайын?

Ақ көйлекті

Сұлу текті,

Жасыл шашақ желекті. [1, 37-38 б.]  - деп табиғат құбылысын құдды бір адам кейпінде жырлайды.  Өлеңді оқу арқылы жаз мезгілінің тымық желі, жап-жасыл ағаш-теректер, аппақ, ақ көйлекті қайың бейнесі еріксіз көз алдыңа келеді. Тағы да айта кететін жайт, табиғат лирикасы тақырыбына жазылған ақынның «Көкшетау» поэмасын назардан тыс қалдырмағанымыз дұрыс. Бұл поэмада Сәкен ата табиғаттың сұлу көркін халықтың еңбегімен байланыстырады. Поэма арқылы артына өшпес мұра қалдырған тұлғаларды суреттеуі – қазақ кеңес поэзиясының қалыптасу процесін өткеріп, енді өркендеу процесіне көше бастағанының айқын және шешуші белгісі болғанын аңғартады.  Туған жерін, елін суреттеген ең алғашқы шығармасы да осы болды.

Сәкен Сейфуллин поэзиясы – өткір ойдың, отты сезімнің поэзиясы.  Дәуірден дәуір көшіп, жаңа қырынан ашылып, ескiрмейтiн, өмiр сүруге ынталандырып, адамға күш беретiн, соны мұраттарға жетелей түсетiн тақырып – екi жастың арасындағы үлкен сезiм, махаббат тақырыбы. Сәкен атамызды махаббат тақырыбын асқан дарындылықпен, әсемділікпен жырлай білді десек қате айтпаған болар едік. Өзінің бар-жоғы 45 жылдық ғұмырында қалдырған асыл мұралары - қазақ позиясы аталатын алтын сарайдың берік бір іргетасы, биік бір діңгегі іспеттес.  Адал махаббаттың куәсі саналатын «Аққудың айырылуы» поэмасы – шын сезімді бағалауға, достықты қадірлеуге, адал болуға үндейді. Махаббаттың, адалдықтың нышаны саналатын киелі аққу құсының сыңарынсыз өмір сүре алмай, өзінің де өмірін  махаббат жолында құрбан ететіні баяндалады.

         Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин шығармашылығы заман талабына сай өркендеп, келешек ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз. Шын ақындық қуатпен жазылған оның өлеңдері, поэмалары, дастандары –

қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан інжу-маржаны. Ақынның есімі ұлттың жадында, оның есімі ешқашан ұмытылмайды. Керісінше, уақыт озған сайын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, құрметтеле беретіні хақ.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сейфуллин С.Аққудың айырылуы.Өлеңдер мен поэма, әңгімелер мен повесть. – Алматы: Атамұра, 2003.-224 бет.

2.  Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1983. – 198 бет.

 

 


 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Көшке мінген асаулары туласып.

Көшке мінген асаулары туласып.

Балғын білек балтыр да, Ширатылған түйіндей

Балғын білек балтыр да, Ширатылған түйіндей

Ақынның есімі ұлттың жадында, оның есімі ешқашан ұмытылмайды

Ақынның есімі ұлттың жадында, оның есімі ешқашан ұмытылмайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020