Алғашқы қоңырау. Тәрбие сағаты
Оценка 4.8

Алғашқы қоңырау. Тәрбие сағаты

Оценка 4.8
docx
06.02.2023
Алғашқы  қоңырау. Тәрбие  сағаты
Алғашқы қоңырау.docx

  Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Мақсаты:    Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын

арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:     Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

 

   Барысы:

 

1- жүргізуші:     Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя  мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

 Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

 

2-жүргізуші:      

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп отырған мектебіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!  Осыдан 30 жыл бұрын Тәуелсіздік, еркіндік сөздерінің қаншалықты мағыналы , қаншалықты қымбат екенін дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.

 1-жүргізуші:    

 Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп    табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне    арналады.

 2-жүргізуші:           

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы – дей келе ортамызға бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарын шақырамыз.

Хамзаева Бакжанат Мухаметжановнаны 1 «А» сынып  шәкірттерімен

қарсы алыңыздар!

 Баембаева Фарида Жанұзаққызын  1 «Ә» сынып  шәкірттерімен қарсы  алыңыздар!

Жұмабекова Жаннұр Жұмабекқызын  1 «Б» сынып  шәкірттерімен қарсы алыңыздар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.1 «А» ақ шар, 1 «Ә» көк шар, 1 «Б» сары шар)

Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін. АӘД пәні мұғалімі. ҚР гимн орындалсын!

1-жүргізуші:

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:      

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

 -------------------------------------------------------------------------------------- 

1-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының  директоры  

 Уезбаева Сәуле Курманхановна құттықтайды.

 

2-жүргізуші:  Бүгінгі мерекемізге құттықтау әнін арнайтын 3 «А» сынып  оқушысы  Төлеубекова Айару

қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші

2021-2022  оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Канапина  Рауан  Альмухановнаға  беріледі.

                    

1-жүргізуші:           

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, —  деп балаларын мектепке   алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға   нұр бітсін демекпіз.

 

 2-жүргізуші:               

Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп .

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік міне қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін дей келе, ортамызға бүлдіршіндеріміз шақырамыз.

1-оқушы:               

Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

2-оқушы:   

Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

3 – оқушы:

Жеті  жасқа  жеткенім

Бір белестен  өткенім.

Құшақ  жая  қарсы  алар

Мейірбанды  мектебім.

4 – оқушы:

Тақпағымды жаттаймын

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын

5-оқушы:               

 

Біз  мектепке  барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз

 

6-оқушы:   

 Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

7-оқушы:    

           

 Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

 

8-оқушы:  

  

Алдыңа келіп, ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейіріңді сезіндім.

9- оқушы:

Мектеп - қамқор анамыз,

Оқып ,білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз.

 

10-оқушы:                 

Отанның біз ұл-қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын-жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.

11-оқушы:      

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

 12-оқушы:        

 Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

Ән.  «Біз мектепке  барамыз» 1-сынып оқушылары

  2- жүргізуші:    

Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.

(Музыка әуенімен әліппе оқулығын  1-сыныптарға сыйлайды)

2-жүргізуші:        

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп

келген  құрметті ата-аналарымызға береміз.

------------------------------------------------------------------------

 1-жүргізуші:      

Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

 2-жүргізуші:  

 Алғашқы қоңырау соғу рәсімі (              10 +4 бала қоңырау  соғады)

Алғашқы қоңырау соғылады

1-жүргізуші:

30 жыл болды тәуелсіздік толғанына,

Елімнің егеменді ел болғанына,

30 жыл мектебіміз құрылғалы

Жетістік, мақтанарлық бұл да, сірә.

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім-бәрі осында.

Білімге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында.

2-жүргізуші:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы – дей келе бүлдіршіндерге салатанатты түрде Әліппені табыстау құрметі сынып жетекшілеріне беріледі.

 АӘД:  Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.

 1-жүргізуші:   

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне»

арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Шәкірттеріміздің мектепке кіріп, сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәттеріне жол берелік.

(Музыкамен  сыныпқа  кіреді)

 


 

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Баладан ұстазыма мың сан алғыс Өйткені ол ұстазымның ақ арманы – дей келе ортамызға бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарын шақырамыз

Баладан ұстазыма мың сан алғыс Өйткені ол ұстазымның ақ арманы – дей келе ортамызға бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарын шақырамыз

Оқыған әпке, ағаңыз, Қадірлі мектеп – бұл мектеп

Оқыған әпке, ағаңыз, Қадірлі мектеп – бұл мектеп

Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз

Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз

Сылдырлайды, сыңғырлайды Мектеп жақта қоңырау

Сылдырлайды, сыңғырлайды Мектеп жақта қоңырау

Елімнің егеменді ел болғанына, 3 0 жыл мектебіміз құрылғалы

Елімнің егеменді ел болғанына, 3 0 жыл мектебіміз құрылғалы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.02.2023