Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі |
Мектеп: |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Ықтималдықтың статистикалық анықтамасы |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.2.4 ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
- Оқиғаның ықтималдығын есептейді; - Ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі және ол арқылы нәтижені болжайды; |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Білу: ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі Түсіну: ықтималдықтың статистикалық анықтамасының мәнін түсінеді Қолдану: тәжірибелер саны өте үлкен болған жағдай үшін ықтималдықты анықтауда ережені қолдана алады |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсат: - Оқиғаның пайда болу, не болмау мүмкіндігін ауызша талдайды; - Есептің шешімін дәйектейді; - Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - Кездейсоқ оқиға; - Элементар оқиға; - Теңмүмкіндікті; - Ақиқат; - Мүмкін емес; - Қолайлы нәтижелер; - Барлық мүмкін нәтижелер; - Ықтималдық; - Абсолютті және салыстырмалы жиілік; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Бұл оқиғаның пайда болу мүмкіндігі ... - Бұл оқиғалардың пайда болуы тең мүмкіндікті/мүмкін емес/ақиқат. - Оқиғаның барлық нәтижелер саны ... тең. - Қолайлы нәтижелер саны ... тең. - Бұл оқиғаның ықтималдығын ... табамыз. - Салыстырмалы жиілік көмегімен, шамамен ... пайда болу санын болжауға болады |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, бойларына ынтымақтастық, жарқындылық, мақсаттылық, жауапкершілік қасиеттерді дарыту. |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақтың әр кезеңінде жаңа материалды меңгеруді, қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және ақпаратты өзбетімен меңгеру дағдыларын дамыту. |
|||||||
Бастапқы білім
|
Вариациялық қатар, абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік полигоны және гистограммасы ұғымдарын біледі. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 1 мин
1 мин
3 мин |
1.Ұйымдастыру сәті. 2. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Мақсаты: Сабақ бойы оқушының зейінін шоғырландыру үшін сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау. Оқушының іс-әрекеті: Тақырыпқа ауызша тапсырмада қойылған сұрақтарға берілген жауаптарға талдау жасай отырып, сабақтың мақсатын анықтау. 3. Оқушыларды өзбетімен бағалау критерийлерін құруға тарту. Мақсаты: Оқушыларды өзі жұмысының мақсатын анықтап, мақсатқа сәйкес талаптана білу дағдысын қалыптастыру. Оқушының іс-әрекеті: Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийін құрады. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың ұсынған бағалау критерийін тыңдап, бір жалпы бағалау критерийін құру, эрканда көрсету. |
|
||||||
Сабақтың ортасы
10 мин
7 мин
5 мин 10 мин
|
4. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туғызу Оқушылар:теориялық материалмен өз бетінше танысып, жұпта талдау жасайды Мұғалім: оқушылармен теориялық материалды бірге талдап, тұжырымдар жасайды. 5.Практикалық жұмыс. Тәжірибе. Ойын сүйегін 30 рет тастаңыз. Әрбір тәжірибе нәтижесін тіркеп отырыңыз және «жұп ұпай түсті» оқиғасының лақтыру санына қатысты салыстырмалы жиілігінің графигін салыңыз. 6.Теориялық білімін тапсырмалар орындау арқылы бекіту 7.Есептер шығару Әдісі: есептер шығару Формасы: жеке тақтада Бағалау Оқушылар: бірін-бірі тексереді, бағалайды. Мұғалім: тыңдайды, бағыт береді. |
Презентация
Презентация Дидактикалық материал
|
||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
Бүгінгі сабақта сен үшін жаңалық болған материалдар 2-3 мәлімет айтыңыз/нені білдім, нені үйрендім?/ -Сабақтың мақсаты қандай болды, тұжырымдап беріңіз. Сабақтың басында қойылған оқу мақсатына жеттім деп ойлайсың ба?/дәлелеңіз/ - Кері байланыс(бағалау критерилері бойынша оқушылар өз білімдеріне баға береді) |
|
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады. Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. |
Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы. |
Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді. |
||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.