Сабақтың мақсаты
- Оқиғаның ықтималдығын есептейді;
- Ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі және ол арқылы нәтижені болжайды;
Бағалау критерийлері
Білу: ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі
Түсіну: ықтималдықтың статистикалық анықтамасының мәнін түсінеді
Қолдану: тәжірибелер саны өте үлкен болған жағдай үшін ықтималдықты анықтауда ережені қолдана алады
Дж.Керрихтың монетаны тастау тәжірибесі
Серия № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Гербтың түсу саны | 502 | 511 | 497 | 529 | 504 |
«герб түсті» оқиғасының салыстырмалы жиілігі | 0,502 | 0,511 | 0,497 | 0,529 | 0,504 |
Серия № | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Гербтың түсу саны | 476 | 507 | 528 | 504 | 529 |
«герб түсті» оқиғасының салыстырмалы жиілігі | 0,476 | 0,507 | 0,528 | 0,504 | 0,529 |
Зерттеуші | Монетаны тастау саны | Гербтың түсу саны | Оқиғаның салыстырмалы жиілігі |
Ж.Бюффон | 4040 | 2048 | 0,5069 |
Де Морган | 4092 | 0,5005 | |
К.Пирсон | 12000 | 6019 | 0,5016 |
В.Феллер | 10000 | 4979 | 0,4979 |
К.Пирсон | 24000 | 12012 | 0,5005 |
В.Романовский | 80640 | 40151 | 0,4979 |
Саратов қаласында 1 жыл бойғы ашық күндердің санына бақылау жасау
Жыл | 1920 | 1921 | 1922 | 1923 | 1924 |
Ашық күндер саны | 203 | 215 | 243 | 194 | 210 |
«ашық күндер» оқиғасының салыстырмалы жиілігі | 0,555 | 0,589 | 0,666 | 0,522 | 0,574 |
Анықтама. Оқиғаның салыстырмалы жиілігі тәжірибе саны артқан сайын бір санның маңында өзгеріп тұрса, онда ол санды статистикалық ықтималдық деп атаймыз.
Тәжірибе
Ойын сүйегін 30 рет тастаңыз. Әрбір тәжірибе нәтижесін тіркеп отырыңыз және «жұп ұпай түсті» оқиғасының лақтыру санына қатысты салыстырмалы жиілігінің графигін салыңыз.
Тапсырмалар.
№1.Қай тәжірибелер сериясының нәтижесіне қарап детальдың ақаулы болуының ықтималдығын бағалауға болады?
а) бір жұмыс күнінде бір станокта жасалған 200 деталь тексерілді;
б) жұмыс күніндегі 20 станокта жасалған 100 деталь тексерілді;
в) бір ай ішінде бір станокта жасалған 150 деталь тексерілді;
г) бір ай ішінде бір станокта жасалған 8 деталь тексерілді.
№2.Тәжірибенің қай сериясының нәтижесі бойынша бір тәжірибеде нысанаға дәл тигізу ықтималдығын бағалауға болады?
а) 100 атқыш нысанаға бір реттен оқ атты;
б) атқыш қысқа уақыт ішінде нысанаға 50 рет оқ атты;
в) атқыш аз уақыт ішінде нысанаға 5 рет оқ атты;
г) атқыш күні бойы нысанаға 300 рет оқ атты.
№3 Кімнің дұрыс қорытынды жасағанын көрсетіңіз:
а)Айдын біреуі ұтыс билеті болып табылған лотореяның екі билетін сатып алып, келесідегідей тұжырым жасады: бұл лотореяда ұту ықтималдығы 0,5-ке тең.
б) Асан монетаны 4 рет тастап, 3 рет герб түскенін көріп мынадай қорытынды жасады: монетаны бір рет лақтырғанда герб түсуінің ықтималдығы 0,75-ке тең.
в) «36-дан 5» лотореясының соңғы 20 тиражында барлық бес номер 6 рет сәйкес шыққанын біле отырып, Ернар 36 саннан 5 санды табу ықтималдығы 0,3-ке тең деген ұйғарымға келді.
№4.Ойын сүйегін үш рет лақтырғанда сәйкесінше 2, 2, 5 ұпайлары түсті. Осы берілгендер бойынша «ойын сүйегін тастағанда 2 ұпай түсті» оқиғасының ықтималдығының жуық мәнін көрсетуге бола ма?
№5.Монета бірнеше рет лақтырылып, әр тәжірибе соңында «герб түсті» оқиғасының салыстырмалы жиілігі есептелді. Төменде келтірілген сандық тізбектің қайсысы аталған тәжірибеге сәйкес келеді:
а) 1 1 1 1 1 1 1 1 , 1 2 1 1 2 2 1 2 , 2 3 2 2 3 3 2 3 , 3 4 3 3 4 4 3 4 , 4 5 4 4 5 5 4 5 , ...; б) 1 1 1 1 1 1 1 1 , 1 2 1 1 2 2 1 2 , 1, 3 4 3 3 4 4 3 4 , 3 5 3 3 5 5 3 5 , ...; в)0, 0, 1 3 1 1 3 3 1 3 , 1 2 1 1 2 2 1 2 , 2 5 2 2 5 5 2 5 , ...; г) 1 2 1 1 2 2 1 2 , 1, 1 3 1 1 3 3 1 3 , 3 4 3 3 4 4 3 4 , 4 5 4 4 5 5 4 5 , ...
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.