Алтын күз!
Оценка 4.6

Алтын күз!

Оценка 4.6
docx
06.12.2021
Алтын күз!
Алтын күз.docx

Алтын күз

Жүргізуші:  Балалар,бүгін біз  күз  мезгіліндегі ең тамаша  мерекелердің бірі -«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты мерекелік шарамызды тойламақпыз

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек пісті енді
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі– деп мерекелік шарамызды бастайық.

-         Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-         Балалар күз мезгілінің неше айы бар?

-         Ия,күз мезгілінің үш айы бар,ол үш айының өзіне тән ерекшеліктері болады.

Күз маусымының алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.Екінші айы-қазан. Бұл ай-жиын –терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Балалар бізде мерекелік шара өтетінін естіп Күз ханшайымы қонаққа келіпті,қане қарсы алайық.

Музыка ойналып Күз ханшайымы кіреді

Күз ханшайымы:

-          Сәлеметсіңдерме балалар.Мен күз ханшайымымын. Өте еркемін. Сәл нәрсеге

бұртиып, қабағымды түйе қаламын.Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.Сіздер күз мейрамын тойлағалы жатыр деп естіп, күз туралы білетін ән,жыр,тақпақтарыңды естігелі келдім.

-         Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы.Біздің бөбекжайымызға қош

келдіңіз, балаларымыз күз туралы көп біледі,оған көз жеткізгіңіз келсе бізбен бірге мерекені тойлауға шақырамыз.

Ән: «Балабақша»

Орындайтын: Асылханқызы Айша

Музыка ойналып қоян келеді

-         Сәлеметсіңдерме балалар,мерекелерің құтты болсын.Күз ханшайымы мені

неге орманға тастап өзің кетіп қалдың,менде балалармен ойын ойнап мереке тойлайын дегем,мен саған ренжіп қалдым.

-         Қоянжан ренжіме,мерекелік шара басталып кетер деп,асығыс кетіп

қалдым, қане оданда менімен бірге балалардың өнерін тамашалайық.

Кезекті балаларымыздың тақпақтарына берсек

Замир

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға                  

Шақырады біздерді.    

Айша

Күз мезгілі тамаша

Көз тоймайды қараса.               

Аяқ асты сап-сары

Төселгендей алаша.

Бақтияр

Күзге сәлем

Бүкіл әлем                           

Сары алтындай

Жапқан кілем.

Нұрдаулет

Алқаптағы бидайды

Қоймаға ел жинады.                 

Тырналары тізілген

Ұнатамын күзді мен.

Мейрамгуль

Сап-сары ғып даланы

Бояпты ғой күз деген.      

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен.

Күз ханшайымы: Балалар менің сіздер білесіздер күзде жеміс-жидек,көкөністер пісіп  жатыр.Ендеше сіздермен бір ойын ойнайық,қалай қарайсыздар

Ойын: «Дәмін татта,ажырат».

Шарты:  Көзін жұмып ,дәмін татып барып қандай жеміс екенін табуы керек

Би: «Қолшатыр»

Кезекті балалардың тақпақтарына береміз

Айшабибі

Жемісі мол теретін

Күз дос екеш бізбенен              

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Мәрлен

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.             

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Ержігіт

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.               

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқыған.

Надир

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай.         

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Ануар

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.         

Жапырақтар сарғайы

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Ән: Берекелі алтын күз

Орындайтындар: Есенгелді Амина 

Нұрәлі

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді.         

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Жасмин

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз. 

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Амина

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.       

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Мадина

Күн суытып

Жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Амир

Көрініп еліме

Күледі мереке.                  

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Қоян: Балалар менің де сіздермен ойын ойнағым келіп тұр,ойын ойнаймызба?

Ойын: «Бау-бақша»

Шарты: Екі шаршыны қоямыз,ол бау бақша жері,оған апарып жемістер мен көкөністерді егеміз,су құямыз,сосын соңғы бала сол еккен жемістер мен көкөністерді себетке жинап әкеледі.Қоянның жүрісімен жүріп ойнаймыз.

Хор: «Күз»

-         Балалар,күз мезгілі туралы әнде,тақпақта көп біледі екенсіңдер,рахмет

сендерге.Ал мына себет толы жемістер қоян екеумізден сіздерге арналған сый.Сау болыңдар,балалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Алтын к үз Жүргізуші: Балалар,бүгін біз күз мезгіліндегі ең тамаша мерекелердің бірі -«Алтын күз, әсем айналам,

Алтын к үз Жүргізуші: Балалар,бүгін біз күз мезгіліндегі ең тамаша мерекелердің бірі -«Алтын күз, әсем айналам,

Төселгендей алаша. Бақтияр

Төселгендей алаша. Бақтияр

Берекелі алтын күз Орындайтындар:

Берекелі алтын күз Орындайтындар:

Алтын күз!

Алтын күз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.12.2021