Алтын күз мерекесіне арналған сценарий

  • docx
  • 20.01.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Алтын күз мерекесі.docx

Алтын күз мерекесіне арналған 

«Көңілді жемістер мен көкөністер дауы» атты сценарий

Ортаңғы  «Көңіл ашар» №7тобы

Жүргізуші : Сары жібек  көйлегін желбіретіп,

Жапырағын  ағаштардың селбір етіп.

Тойға бөлеп  елімізді  күзім келді,

Нұр  тамшысын  аспанның мөлдіретіп.

Құрметті қонақтар,ұстаздар! «Алтын күз «атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар ,халайық,

Бармысыз дар халайық!

Күзді тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші :Балалар бүгін біз  күз мерекесіне жиналдық, қонақтар да келді,бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіңдер ме  ол кім?

Балалар:Алтын күз

Жүргізуші: Алтын күзді шақырып , күз мезгіліне арнап балалардың тақпақтарын  тыңдап ,өнерлерін қабыл алыңыздар!

              2. Далиль,                                                        1. Дильназ                  

  Ән «Жапырақтар»

  Би  « Жапырақтар биі»

Балалар орындықтарға отырады. (жапырақтарды астына  қояды)

Жүргізуші : Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз –ырыс, береке,бірлік ала келді.

Қарсы алайық  Алтын күз Ханшайымын!

Алтын күз  келеді.

Алтын күз : Сәлем бердім бәріне ,

                     Ерінбестен еңбек етіп келетін

                     Еңбекшіге бар жемісін беретін,

                     Мен Ханшайым Алтын күз ,ынтымақты еліне,

                     Құтты болсын мереке.

 

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Алтын күз ,қош келдіңіз бізге.

Алтын күз: Мен жай ғана келген жоқпын

Менің тосын сый әкелдім.

Мен бір кұпия білемін,

Білгіңіз келеме, жоқ па ?Балалар:Ия білгіміз келеді.

Алтын күз:Сендерге бәрін айтып беремін,

Бірақ ретімен айтамын.

Барлықтарын жиналыңдар,

Ортаға шығып ойын шырқаңдар!

                  Ойын «Шалшықтан секіріп өт!

Алтын күз : Жаңбыр  қайтадан тамшылайды,

Серуендеуге болмайды.

Бір орында  тұрақтап  қалмаңдар,

Жаңбырдан Барлықтарын қашыңдар!

 

Балалар орындарына жүгіріп отырады.

- Мен бірдеме естідім,

Біреу бізге жүгіріп,асығып келеді.

Шапалақтап қарсы алайық қонақты !

                       Картоп кірді күрекпен. (марш ойнайды)

Картоп: Жазды күні қараңғыда отырамын,

Қыста  қаптарда тығылмақ ойнаймын,

Мені  көңілді картоппын.

Жүргізуші : Сәлеметсің бе Картоп  , қош келдің мерекеге.жоғары шық,қонақ бол.

 Картоп:Сәлеметсіңдер ме балалар ,рахмет.

Жүргізуші : Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Жиналып қалыпты бәрі де, Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? 

Картоп : Мен бүгін басшымын,қане көкөністер ортаға шығыңдар.


Бұршақ  -  Нұрислам
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен 
Сый жасаймын бәріңе!   

 

Қызылша   -   Айару
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

 

Орамжапырақ      -      Інжу
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

 

 

Қияр      - Адильхан                       
Дәмім тілді үйірген 
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде 
Жейді бәрі сүйсіне

 

Шалқан    - Дильназ              
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.

Сәбіз     - Алим                       
Көкөніспін қалаулы

Жасамаз менсіз палауды

 

Баялы -  Адиль

Менің атым – баялы

Жейдем  менің сия көк

Мен адамға пайдалы.

Боламын мен баялы.

Асқабақ - Рамазан          
Өсем бақша-бауында 
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға

 

Қызанақ    - Ирада         
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген.

 

Пияз   -  Адиет              
Боламын мен дәмдеуші
Барлық - барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға

 

Картоп  - Тамирлан               
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.

Картоп: Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Көкөністер бәріде 
Денсаулыққа пайдалы 
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер

                                   Көкөністер биі.

 Құлпынай билеп кіреді

Құлпынай :Сәлеметсің дер ме балақайлар

                       Менен тәтті тосап жасайды,

                       Менен тәтті  компот істейді.

                       Мен ең  тәтті  ең пайдалы  жидекпін

 Менің достарым жемістер қайда кәнекі ортаға шығып,өнерлеріңді көрсетіңдер.

 

Мен алмұртпын ,алмұртпын      Дамир

 Аузындамын бар жұрттың!

 

Мен өрікпін,өрікпін                  Айтуған

Табиғатқа көрікпін!

 

Мен – бананмын    Айзада

 

Мен алмамын,алмамын   Амира

 Таңдайында қалар бар дәмім!

 

 

 

Алтын күз :

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Ең пайдалы ,ең тәтті

Көкөніс пен жемістер

Барлықтарың бірігіп бір би билеп жіберіңіз!

                             Би  «Полька» (жұптасып тұрады)

Ортаға Картоп  пен Құлпынай шығып:

Құлпынай  : Ең пайдалы ,ең тәтті бұл жемістер!

Картоп: Тоқта, тоқта тоқташы ең пайдалы ,ең тәтті ол көкөкністер!

Алтын күз: Дауласуды қойыңдар ,менде бір ой бар, ортаға сендердің  дауыңды  тоқтататын қонағымызды шақырайық!

  Бақша қараушы шығады.

Бақша қараушы:Сәлеметсіңдер ме балалар.

Жүргізуші : Сәлеметсіз бе бақша қараушы ,мерекемізге қош келдіңіз, қонақ болыңыз.

Алтын күз: Біз сізден  көмек сұрауға шақырдық біздің бақшамызда  көкөкністер мен жемістер  дауласып ,осы дауды  бізге шешіп берсеңіз .

Бақша қараушы:  Шешімге келу үшін бәріміз бірге ортаға шығып  ойын ойнайық.

                             Ойын «Көкөністер  пен жемістерді жинау»

Картоп: Даумыз шешілді ,сізге көптен көп рахмет!

Құлпынай : Көкөністердің де , жемістердің пайдасы адамға мол,оларды жақсы көріңдер.

Алтын күз :  Барлықтарың дос болыңдар,күздің жемістері де, көкөністері де өте пайдалы, бәріміз қосылып бір әң орындайық.

                Ән «Кап,кап,тук.тук,тук»

Алтын күз : Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.Ал біз басқа бақшаға барайық.
Жүргізуші : Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
 Алтын күз :
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.  Міне, балалар осымен  ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!