Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі

  • docx
  • 29.11.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Амангелді жоба.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

 

 

Бағыты: Қазқстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

 

Секция: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану

 

Тақырыбы: « Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі»

                                      (750 жылдығына байланысты)

 

 

 

 

 

                                                                              Орындаған:

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп лицей» КММ 

11  «А» сыныбының оқушысы

Зерянханов Амангелді Дарханұлы

 

Жетекшісі:

                                                                              ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицей» КММ

тарих мұғалімі

Жаксыбаева Мадина Солтаншариповна

                                                                           

  Ғылыми жетекшісі:

                                                                              ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицей» КММ

тарих мұғалімі, тарих

ғылымдарының кандидаты

Чекетаева Роза Сарқытбекқызы

.

 

 

 

Өскемен, 2020

                                                Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігін негіздеу

Бұл жұмыс XIII-XIV ғғ, пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезімге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет- Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенімен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.

           КСРО кезінде ең алғашқы болып осы мәлелені көтерген М .Н. Тихимиров :   « Алтын орда бүкіл Еуропа мен Азия тарихының маңызды бөлігі. Оның  құрамында болған халықтардың шежіресінен қалайша еі маңызды кезеңді алып тастауға болады?». Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық мемлекеттердің ең ірісі болған. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім Алтын Орда мемлекетімен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан. Үлкен олжаны көздеген саудагерлер Шығыс пен Батыс арасындағы ең ірі сауда- саттық орталығы атанған Алтын Орда астанасына бет алатын. Саудагерлер мен саяхатшылар бүкіл дүние жүзі бойынша Ордада тұратын халықтар, олардың көшпелі өмірінің ерекшеліктері мен салт- дәстүрлері , Орда байлары мен хандарының сансыз малдары мен кең байтақ даласы туралы аңыздар таратты. Осы аңыз-әңгімелер Алтын Орда жойылып кеткеннен кейінде көптеген жылдар бойы ауыздан ауызға таралды.

        Тақырыптың зерттелу деңгейі

 Бұл ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңбері 1227жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі империяның бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетуінен бастап, 1227жылы Жошы өлген соң таққа ұлы Батыйдың келіп  Батыс Дешті-қыпшақ даласына жаулаушылық жорықтар жасап, кейін Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрғаны туралы және XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың алауыздықтан әлсіреп, 1357 жылдан 1380 жылға дейін 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі өлтіріп, орнын тартып алып  XV ғасырдың ортасына қарай бірнеше үлкен ұлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орданың бір жола құлаған кезеңіне дейінгі аралықты қарастырамын.

 Кілтті сөздер. Алтын Орда, Батый, моңғолия империясы, жорықтар.

          Зерттеу нысаны. Алтын орда мемлекетінің құрылуы, гүлденуі мен құлдырауы сонымен қатар Алтын Ордадағы басқару жүйесі мен саяси тарихы.

  Зерттеу пәні. Алтын, Орда туралы идеяны үш негізі ғылыми тұрғыдан талданып, қазіргі тарих ғылымы талаптарына сай зерттелуі болып табылады.

  Жобаның мақсаты. Бүгінде Алтын Ордаға деген қызығушылық өшкен жоқ. Көптеген мемлекеттің ғалымдары Алтын Орта тарихы туралы мәліметтерді әлі күнге дейін жарыса зерттеуде. Мемлекетті көптеген ғалымдар зерттеседе қарама-қайшы көзқарастар кездеседі.Сонымен қатар, Алтын Ордамен байланысты қалыптасқан стереотиптер мен дұрыс емес ойлар да көп. Бұл қарама-қайшылық оның терреториясымен және шекарасымен, мемлекет атауымен, қалалардың саны, мәдениеттің дамуымен, сонымен қатар саяси тарихымен байланысты болды. Сондықтан болашақта Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-         Алтын Орда мемлекетінің өмір сүрген уақытын анықтау;

-         Алтын Орданың тарихы толықтай дерлік зерттеп, бұл мемлекет туралы мәліметтерді нақтылау ;

-         бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың ең түйінді, өзекті мәселелеріне жалпы адамзаттық тұрғыдан өз пікірімізді білдіру.

Жоба жұмысының деректік негізі. Ғылыми жобада негізгі деректер ғылыми еңбектерден, тарихи кітаптардан,   мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар конференция жинақтарынан алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді. Социометрия,  әңгімелесу, кері байланыс, рефлексия  сынды жұмыс түрлері қамтылды. Алынған нәтижелер талданып, қорытындысымен жұмыс жүйелі жүргізіледі.

Жобаны зерттеу кезеңдері, қысқаша жұмыс жоспары:

1 кезең 1227ж.-1229 ж.ж. теориялық материалдармен танысып, жинастыру. Жоспар құру, кіріспенің ғылыми аппаратын жазу, негізгі бөлімді аяқтау.

2 кезең. 1229ж-1260 ж.ж. Жоба бойынша ғылыми тарихи еңбектерді ала отырып Алтын Орда мемлекетінің   тарихымен таныстыру.

 3 кезең. XV ғ қорытынды, өнім дайындау.

Жобаның болжамы, күтілетін нәтижесі. Мемлекет өзара тектес бірнеше халықтардың даму нәтижесінде қалыптасқан бірыңғай  мемлекет емес, жаулап алушылықтың нәтижесінде көптеген халықтарды біріктірудің арқасында қалыптасқан мемлекет. Шыңғысханның немересі Бату ханның тұсында Алтын Орда шекарасы Ертістен Днепрге дейінгі аралықты қамтыды. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болатын. Көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналуын қарастыру.

Жобаның жаңашылдығы.

- Алтын Орда тарихының түп негізі түркі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі уақытпен сабақтастықта зерделенді;

- «Алтын Орда» тарихи ұғымына қатысты көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-көпшілік түсініктемелер топтастырылды;

- өзіміз оқитын мектепте Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде  оқытылатын тарих пәнін пайдалана отырып қосымсша мәліметтер қарастырылады.(қосымша 1,2).

- «Алтын Орда» бойынша мультимедиялық материалдар жинақталды.

Жобаның қолданбалы маңызы. Бұл жобаны сынып сағатында немесе қосымша сабақтарда қолдануға болады.

     Ғылыми жобаның құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

      Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі  Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

  Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жақынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т.б. кірді. Мұнда монңолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деген атау алды.

          Алтын Орданың қоғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толықымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — кұрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатылық қатынастарды беклербек  басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер басқалар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, бақадүрлер төмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

  Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Батый мен Орда Еженнің ұлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.  Ұлысты (үлесті жер) билеуге үкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы құқылы болды. Ал өзге моңғол ақ сүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне қарай бөлініп берілді. Біртіндеп ақ сүйектер құқысы арта түсіп, олар қарамағындағы жерді ұрпағына мұра етіп қалдыра алатын дәрежеге жетті.

                  

                       2.Алтын Орданың гүлденуі мен құлдырауы

 Алғашында Алтын Орда Моңғолиядағы ұлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256—1266 ж.) тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізген. Одан кейінгі Меңке хан (1266— 1280 ж.) өз атынан теңге шығара бастады.

  Алтын Орданын тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс князьдарымен Ирандағықұлағу ханның әулетімен, Ақ Орданың және Хорезмнің билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбек хан (1312—1342жж.)меноданкейінгіЖәнібекханның(1342— 1357 жж.) тұсында құдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шағыру аяқсыз қалды, билік бір адамның қолына жинақтала түсті. 1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалық түркі-моңғолдың мәдениет Еділ бойы және Орта Азия (Хорезм) мұсылмандық салт дәстүрлерінің әсерімен ісләмді қабылдай бастады.

  XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі өлтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, төменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас – талған боп жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданыңбилігін тартып алды.Өзбилігінсоғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соғына түскен Әмір Темір. Алтын Ордаға қайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді қайта көтеріле алмастай етіп тастады.

  XV ғ. ортасына қарай бірнеше үлкен ұлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда бір жола құлады. Бұл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында құрылған Ақ Орда болды. 20—60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, қазан, қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

  

              3. Алтын Ордадағы басқару жүйесі және саяси тарихы

  Алтын Орда- көп ұлтты мемлекет. Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар- қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғарлары (қазіргі қазан татарларының арғы тегі), мордвалар, орыстар, хорезмдіктер т.б. Моңғолдар аз болды. XIII-XIV ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған. Тілі – қыпшақ тілі.

  XIVғ.  Алтын  Ордадағы  моңғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның “Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы Қана хан болып сайланды.

  Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар

  Ордадаұлыстыңжүйеқалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Он қанат – Батый хан билігі. Солқанат-ОрдаЕженханныңбилігі (Жошыныңүлкенбаласы).Қазақстан жерініңкөпбөлігі солқанаткұрамына енді.

Басқару кұрылымы:

•        Құрылтай – ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.ЖоғарғыҮкімет билігінің жоғары органы. Құрылтайда хан жариялау жәнетаққаотырғызу рәсімдері жасалды.Моңғолақсүйектерінің ұлыстардағыжиналыстарыШағатай ұлысында жыл сайын шағырылып, “той” деп аталды (Ибн Баттута).

•        Диван (диуан) – ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. Басқарушысы – уәзір, хатшылары – бітікші.

•        Беклербек  – әскерді  және дипломатиялық істерді басқарушы.

•        Мүлік -азаматтықбасақрубилігін жүргізушілер (түрік әулетінен).

•        Даругтер, басқақтар-бағынышты елдерді  басқарушы  және  салық жинаушылар.

•        Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -әскербасылар.

  Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен және орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізді.

  Феодалдық жер иелену түрлері: Інжу -Шыңғысәулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер. Сойырғал – әскер немесе азаматтың қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйқға берілген үлестік жер.

  Вакф – мұсылман дінбасыларының жері. Мильк – жер иеленудің жеке меншік түрі.

  Тарханды – үлестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы.

  Салықтың 20-ға жуық түрі енгізілді: Тақар – әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салық. Ұшыр – мал салығы.

Харадж – егіншілерден жиналатын салық. Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен саудагешерге де салынды. Аваиз – төтенше салық.

        Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақ-сүйектердің жалпы жииалысы-құрылтай шақырылатын болған. Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты беклербегі басқарған. Атқарушы өкіметтің орталық орыны — Диуан басында уәзірі тұрған. Қалалар мен бағынышты ұлыстарға. Даруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті — алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан отбасының мүшелері атқарған. Іpi-ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадұрлар әскербасы-теменбасы, мыңбасы, жүзбасы болып тағайындалған.

Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылады. Батудың тұсында Жошы ұлысы екі бөлімге — он және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзінде әртүрлі екі мемлекет болатын. Оның (ұлыстың) оң қанатын Батудың өзі және оның мұрагерлері басқарады. Сол қанатқа Жошының үлкең ұлы Орда Ежен (Ичен) басшылық етеді. Әуелгі кезде Алтын Орда моңғолдың ұлы ханына қарайтын. Бірақ 1260 ж. шамасында Монғол, империясы іс жүзінде тәуелсіз ұлыстарға бөлінеді. Алтын Орда Батудың інісі Беркеханның (1256— 1266 жж.) тұсында дербес мемлекетке айналады. Одан кейінгі Менгухан (1266—1280 жж.) өз теңгесін шекіп шығарып, шағатайлық Хайдудың ұлы хан Хұбылайға қарсылығын қолдап отырды. Алтын Орданың тарихы ішкі өзара қырқыстар мен орыс кінәздарына, Кавказдың аржағындағы Иран Хұлағуы ұрпақтарына, Алтын Ордадан XIV ғ. 60-жж. бас кезінде бөлініп кеткен Ақ орда және Хорезм билеушілеріне қарсы жүргізілген тыиымсыз соғыстарға толы. Алтын Орда XIV ғ. І-жартысында, әсіресе Өзбекханның (1312—1342 жж.) және оның мирасқоры Жәнібектің (1342—1357 жж.) тұсында толысып, құдырет-күшіне енеді. Хандар өкіметінің күшейгені құрылтай шақыруды тоқтатудан, биліктің біраз орталықтанған сипатынан байқалады. 1312 ж. Өзбекхан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялайды. Түрік-моңголдың дала мәдениеті Еділ бойы (бұлғар халқы) мен Орта Азияның (Хорезм) мұсылмандық дәстүрі ықпалымен исламданып үлгереді.

ХІҮ ғ. екінші жартысынан бастап Алтын Орданы алты бақан алауыздық әлсірете бастайды. 1357 ж. мен 1380 ж. арасында Алтын Орда тәж-тағына ие болғaн 25 хан ауысады. 1380 ж. Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 ж. Мәскеуді өртейді, Мауараннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал, әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап, оны ойрандап кетеді.

 

 

Қорытынды:

      Алтын Орда XIII ғасырдың 40- жылдары кең байтақ Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа жерлерін моңғолдардың жаулап алу негізінде құрылып, XV ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген алып империя.

    Мемлекет өзара тектес бірнеше халықтардың даму нәтижесінде қалыптасқан бірыңғай  мемлекет емес, жаулап алушылықтың нәтижесінде көптеген халықтарды біріктірудің арқасында қалыптасқан мемлекет. Шыңғысханның немересі Бату ханның тұсында Алтын Орда шекарасы Ертістен Днепрге дейінгі аралықты қамтыды. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болатын. Көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.

       Мемлекет халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезімдіктер тұрды. Далалық өңір негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшық, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ және тағы басқада тайпалар мекендеген. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болды. Себебі олар жергілікті халыққа сіңісіп кеткен. Мемлекетте түрлі діни конфессиялар бір-бірімен тату өмір сүрді. Ол мемлекетте, басқа Еуропалық мемлекеттердегідей  проваславты християн, будда діндеріне жүктелетін арнайы салықтардың болуына байланысты болды. Қорыта айтқанда Алтын Орданың қалыптасуы , дамуы және құлдырау кезеңдері әліде болса көптеген зерттеулерді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.      К.М. Байпақов “Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы” Алматы 1995 ж.

2.      Қазақстан тарихы “Шың кітабы” Алматы 200

3.      «Дәуір» баспасы «Қазақстан тарихы» Алматы, 1994ж.

4.      «Қазақ совет энциклопедиясы» Санк-Петербург, 2004ж.

5.      Ж.Егінбайұлы «Жошы кешенінің археологиялық зерттеулері» Отан тарихы, 2001ж.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Посмотрите также