«Алтын сақа» - білімділер сайысы.
Оценка 4.9

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
классное руководство
4 кл
17.12.2018
«Алтын сақа» - білімділер сайысы.
Публикация является частью публикации:
Алтын сақа білімділер сайысы.docx
Тексерілді:______________        Оқу ісінің меңгерушісі: Жетібаева Б.Б.                11.12. 2018ж Тәрбие сағаты «Алтын сақа» ­ білімділер сайысы. Пәні Сабақтың  тақырыбы: Сабақтың  мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; Сол  сөздерден өнеге алуға баулу.Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды,  салмақты ой айтуға үйрету.Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын  және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана біледі.Топпен жұмыс, жұппен жұмыс жүргізу  арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру. топтық жұмыс, сұрақ ­ жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау. Күтілетін  нәтиже Оқыту әдісі: Тапсырмалар Мұғалім: «Сәлем – сөздің анасы» демекші, сәлеметсіздер ме, қонақтар, ұстаздар,  оқушылар! Бүгінгі «Алтын сақа»  білімділер сайысына қош келдіңіздер! Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ  қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге  әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие, білім – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт­дәстүрін, әдет­ғұрпын, тілін, дінін, өнеге­өсиетін ұрпақтан­ұрпаққа жеткізіп отырған. Олай болса бізде өз  үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап,  сөз маржандарының теңізінде жүріп  бүгінгі білімімізбен ұштастырып көрейік! Кең даланың ежелгі, Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты. Жүргізуші.Алдарыңызда «Алтын сақа» білім сайысына қатысушы 4 сынып  оқушылары.   Қошеметтеп қарсы алайық. Әр топ өздерінің атын, ұрандарын айтып таныстырады. «Болашақ» тобы   «Тұлпар» тобы     «Қыран» тобы     «Жалын» тобы    Сайыстың жүру барысы: І бөлім «Сен білесің бе?»          ІІ бөлім «Үш тілділік ­ тұғырың»          ІІІ бөлім «Сан – қилы сұрақтар»          IVбөлім «Сыр сандықтың сырын аш» Жүргізуші. Біреудің жүрегінің түгі бар, Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар. Бәрінен де бастысы – барлығының, Қатты істейтін миы бар. 1 бөлім.«Сен білесің бе?» айдарымен сайысымыздың 1­кезеңін бастаймыз. (сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі).  Сайыскерлер дайынбыз ба? 1­топ 1. Салыстыру амалын қай математик ойлап тапты?  / Томас Хэрриот / 2. Телескоп сөзінің мағынасын шеш. 3.  Халық ауыз әдебиеті түрлерін ата.  4. Төле бидің сөзінен үзінді айт. 2­топ 1.Сандардың орнына әріптерді пайдалануды ұсынған математикті ата. /Франсуа   Виет/ 1540 – 1603/ 2. Микроскоп қандай құрал. 3.Ертегінің неше түрі бар. Ата. 4. Қазыбек бидің сөзінен үзінді айт. 3­топ 1.Белгісіз санды немесе шаманы Х, У, Z. әріптерімен белгілеуді ұсынған математикті айт.    /Рене Декарт/ 1596­1650/                                                                              2. 12ғ.  Магнит тұсбағдарды қай елдің теңізшілері пайдалана бастаған.                                  3.  Аңыз дегеніміз не? Халыққа кең танымал аңыз кейіпкерлерін ата.                                    4. Әйтеке бидің сөзінен үзінді айт. 4­топ 1.1557 жылы Теңдік белгісін пайдалануды ұсынған математикті ата.                                /Роберт Рекорд 1510­1558/ 2. Географиялық карта дегеніміз не? 3. Айтыс дегеніміз не? Айтыс түрлерін ата. 4. Малайсары мен Сырым батыр мәтінен үзінді 2 бөлім Сайысымыздың 2­кезеңі «Үш тілділік – тұғырың». Бұл кезеңде сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешесіңдер. Шешуін 3 тілде айту керек:  орысша, қазақша және ағылшынша. 1 тілде айтсаңдар – 1 ұпай,    2 тілде айтсаңдар – 2 ұпай. 3 тілде айтсаңдар – 3 ұпай. 1­топ  1. Білімнен мол сый асы,     Балғындардың ұясы (мектеп+школа­ school+скул) 2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ     Сурет салар адамға ұқсап (аяз­мороз­frost +фрост) 3. Суда қалқиды     Жылыда балқиды (мұз­ледь­ire +айс) 4. Қалқиып 2 құлағы     Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян­заяц­rabbit+рәбит) 2­топ 1. Ауаға шықса ауырады      Су ішінде сауығады (балық­рыба­ fish+фиш) 2. Аспан түстес сұйық,     Әркім ішер құйып (су­вода­water+уотэ ) 3. Әттең, даусым, тілім жоқ,     Құшағымда білім көп. (кітап – книга­book+бук) 4. Қалың киім ұнатады.      Шешіндірсең жылатады. (пияз­лук­onion+аниан) 3­топ 1. Қыста киімін тастайды     Көктемде киіне бастайды (ағаш­дерево­tree+  три) 2. Жолбарыстан аумайды Пеш түбінде аунайды (мысық­кошка­kat +кэт) 3. Ашылып жабылады Әр үйден табылады (есік­дверь­door+до) 4. Бұлаңдаған құйрығы Бір алдарлық қулығы (түлкі­лиса­ fox+фокс) 4­топ 1. Желден желігеді Судан шегінеді (от  ­ огонь –fais+ файс ) 2. Айдалада ақ отау Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа – яицо­edd+ эг) 3. Қоймасын қыс ақтарып Жерді жапты ақ мамық (қар­снег­snow+сноу) 4. Таңмен көзін ашады,  Әлемге нұрын шашады.  (күн­солнце­sin+сан) Ал, балалар, оймен, баспен біраз жұмыс жасадық. Енді Қазақтың ұлан байтақ жерін  аралап, «Қыдырып қайтайық». /балалар билейді/ 3­бөлім: Міне, сайыскерлер сайысымыздың  екі кезеңінен сүрінбей өтіп, «Сан  қилы сұрақтар» кезеңіне де келіп жеттік. Тақтаға назар аударайық. Нөмерленген асықты әр топбасшысы  таңдап  алыңыздар. Сақадағы нөміріңізге сай тапсырмалаларыңызды  алып, тобыңызбен бірлесе жауап бересіздер.  Әр  дұрыс жауапқа  бір ұпайдан беріледі  №1 сақа 1. ҚР­ның Мемлекеттік Туының авторы кім?(Ш.Ниязбеков) 2. Ең тұңғыш шешен      (Жиренше) 3. Күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий) 4.Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан,  Түркіменстан) 5. Дүниедегі шапшаң нәрсе не?   (Ой – қиял) 6. Маңғыстаулық боксшы­ чемпионның аты­жөні. ( Әділбек Ниязымбетов) №2 сақа 1. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов) 2. Аппақ қарға бола ма?   (Қарға баласын аппағым дейді) 3. Ақтау қаласының бұрынғы атауы қалай?   (Шевченко) 4. Маңғыстаудағы ірі кен орны (Қаражанбас, Қаламқас мұнай газ кенорны) 5. «Витамин» сөзінің аудармасы. (Дәрумен) 6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (алтыбақан, қыз қуу, көкпар, теңге ілу)                №3 сақа 1. Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған (Ахмет Байтұрсынов) 2. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов) 3. Қазақтың ұлттық мейрамы   ( Наурыз тойы) 4. Қазақстан жер көлемі жөнінде дүние жүзінде нешінші орында? (тоғызыншы) 5. Әнұран авторларын ата ( Сөз: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев. Әні: Ш. Қалдаяқов) 6. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған кім? (Ана)                №4 сақа 1. Ақтау қаласы қашан құрылды? (1963 жылы) 2. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов) 3. Жыланды інінен қалай шығарамыз? (Жылы ­ жылы сөйлесең, жылан інінен шығады) 4. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж.16 желтоқсан) 5. Абай туралы эпопея жазған жазушы кім және кітабы қалай аталады? (М.Әуезов «Абай  жолы») 6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр) 4 ­ ші бөлім: Міне, сайыскерлер, сайысымыздың  үш кезеңінен сүрінбей өтіп,   мәресіне де  жеттік.    Сайысымыздың шешуші кезеңі «Сыр сандықтың сырын аш»  деп  аталады.  Сіздерге ұлт мақтаныштарының аты – жөні беріледі. Әр әріпке сол әріптен  басталатын сипаттау сөз жазасыздар. Ал, кәне, сәттілік! Іске сәт оқушылар! 1­топ. Абай  Құнанбаев 2­топ  Сәкен  Сейфуллин 3­топ   Қаныш Сәтбаев 4­топ   Шоқан Уәлиханов Ұшқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы  қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар. Жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер ҮІII.  Қорытынды деп барлық ұстаздар атынан сіздерге тілек білдіреміз.  Оқушылар біз бүгін ата­бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән­ мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық. Сонымен қатар өз  біліміміздің шыққан шыңын да көрсете білдік.Сөз кезегін білімімізді саралап отырған әділ қазыларға береміз. Сөз кезегі сіздерде.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.

«Алтын сақа» - білімділер сайысы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.12.2018