Қарғалы №3 орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Нұрсапаева Мақпал Алмасқызының оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексиялық есеп

  • Повышение квалификации
  • docx
  • 19.05.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралындағы «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады..Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушыларды қалай оқыту керек екендігін үйреніп сонымен нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы сенімді,сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетуде негізгі тұлға мұғалім. Бағдарламаның негізін құрайтын ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған.Бұл бағдарламаның басым бөлігі,түрлі тәсілдерге қарастыратындылығына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған Біз қолданып жатқан бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтап сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да бастауыш сынып сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді.«Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралындағы «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады..Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушыларды қалай оқыту керек екендігін үйреніп сонымен нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы сенімді,сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетуде негізгі тұлға мұғалім. Бағдарламаның негізін құрайтын ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған.Бұл бағдарламаның басым бөлігі,түрлі тәсілдерге қарастыратындылығына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған Біз қолданып жатқан бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтап сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да бастауыш сынып сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді.
Иконка файла материала РЕНФЛ ЕСЕП 2000 СОЗ.docx
Қарғалы №3 орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Нұрсапаева Мақпал Алмасқызының   оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексиялық есеп «Мұғалімге     арналған   нұсқаулық» әдістемелік құралындағы «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму   бағдарламасын   зерделеу   және   меңгеруге   көмектесетін   негізгі   материал болып табылады..Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушыларды қалай оқыту керек екендігін үйреніп сонымен  нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел­уәждерін нанымды   жеткізе   білетін,ынталы   сенімді,сыни   пікір­   көзқарастары     жүйелі дамыған   сандық   технологияларда     құзырлық   танытатын   оқушы   ретінде қалыптасуын   қамтиды.Мектеп   жұмысы   мен   оқушы   жетістіктерін   өрістетуде негізгі   тұлға   мұғалім.   Бағдарламаның   негізін   құрайтын   ғылыми   зерттеулер кешенін   зерделеуге   және   талдауға   арналған.Бұл   бағдарламаның   басым бөлігі,түрлі   тәсілдерге   қарастыратындылығына   қарамастан   сындарлы   оқыту теориясы   негіздерін   қамтыған   Біз   қолданып   жатқан   бағдарламаның   түрлі тәсілдерді жинақтап сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да бастауыш сынып сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. «Сын тұрғысынан оқыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана   алатын   шәкірт   тәрбиелеуде   алатын   орны   ерекше.   Сын   тұрғысынан ойлауды   дамыту   бағдарламасы   –   әлемнің,   түпкір­түпкірінен   жиылған   білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.     Өз іс­тәжірибемде жиі қолданылып отырған 7 модульдің бірі – оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс­тәсілдер.     Сыни тұрғыдан ойлау білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты   педагогикалық   түсінік.Дайын   білім   беруге   негізделген   «дәстүрлі»   стиль арқылы алған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау,үстірт білім алу жағдайлары орын алады.Сындарлы   оқытудың   мақсаты­оқушының   пәнді   терең   түсіну   қабілетін дамыту,алған   білімдерін   сыныптан   тыс   жерде,кез­келген   жағдайда   тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім   беруді   мақсат   тұтқан   мұғалімнің   өз   сабақтарын   оқушының   идеясы   мен білім­біліктілін   дамытуға   ықпал   ететін   міндеттерге   сай   ұйымдастыруын   талап етеді.   Мұғалім     қызметінде   маңызды   дүние­жекелеген   оқушылар     тақырыпты қабылдау   ерекшеліктерін,оқушылардың   түсінігін   жетілдіру   немесе   жақсарту мақсатында   олармен   жұмыс   жүргізу   қажеттігін   ұғыну.   Сындарлы   оқытуға негізделген   сабақтар   оқушыларға   өз     білімдері   мен   ұстанымдары   жайында ойланып,сұрақтар   қойып,білімін   толықтырып,белгілі   бір   тақырыпты   оқып   білу кезеңінде   өз   түсініктерін   өзгертуге,ойын   еркін   жеткізуге   мүмкіндік   береді. 1(Мұғалімге   арналған   нұсқаулық,   49­б.).   Оқытуда   «Әлемді   шарлау»,   «Жұпта талқылау»   стратегияларын   қолдану   арқылы   балалар   өз   беттерінше   тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге   тырыстым.Блум   өлшемдерімен   жұмыс   арқылы   қабілетті   оқушылардың жұмыс   жасау,   бірлесе   жұмыс   жүргізуге   тырыстым.     INSERT   картасы, семантикалық карта арқылы өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, Венн диаграммасы арқылы салыстырып, талдау жасай алуға үйретуді мақсат еттім. Топтық жағдайда өткен осы мектептегі тәжірибе кезіндегі сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлауға үйрету   әдістері   бұрынғыдан   да   әсерлі,   тиімді   шыққанына   сенімдімін.   Сын тұрғысынан   ойлау   стратегиясы   бойынша   жүргізілетін   жұмыста   оқушылардың тиісті деңгейде:  1.Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.  2.Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу. 3.Мәселені шеше білу. 4. Пікірталасты жүргізе білу қабілеттері белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс­тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер   бойында   мынадай   іскерліктер   мен   дағдыларды   қалыптастыруға болатынын байқатты. • Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді; • Жеке   дауысты   (кейіпкер,   жазушы,   бірге   оқитын   оқушы)   қабылдауға үйренеді; • Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/; • Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды; • Өздеріне белгілі пайдалана алады; • Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғынады.    Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін­бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой   түю   арқылы,   керекті   дәйектемені   іздеп   таба   біледі,  оны   пайдалана   білуге үйренеді.  Сабақтың жоспарын жасаудағы жалпы мақсатым: жан­жақты теориялық білім беру,   жеті   модульді   сабаққа   қолдана   отырып   оқушылардың   сабаққа қызығушылығын   арттыру.   Таңдап   алынған   тақырып   мазмұнын   жоспарлауым, сапалы   білім   беру   оқушының   білім   алу   мүмкіндіктерін   қарастыра   отырып жасалынды.   Сабақты   жоспарлаудың   стратегияларын   анықтап   алып,   жүйелі қолдану керектігін мақсат еттім.Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін   халықаралық   дәрежеге   жеткізу.   Мұғалімдер   алдында   оқыту   мен тәрбиелеудің  жаңа  технологияларын  қолдана  отырып, жеке  тұлғаның  дамуына 2жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді ­ой­өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау; ­пәнге деген қызығушылығын арттыру; ­жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану; Тақырып   бойынша   педагогикалық   тәжірибеге   сараптама   жасау   және   оны меңгерумен   қатар,   оқушылардың   оқу   белсендігін   арттыру   жолдарын қарастыру.Соның   бірі,   әрі   сабақта   оқушылардың   оқу   жетістіктерін   бағалауда тиімді Блум таксономиясы.  Блум таксономиясына сүйене отырып, білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аспектілерін қолдандым. Бұрынғы дәстүрлі стиль бойынша мұғалім өзі айтып, сабақты өзі түсіндіретін болса, кәзір мүлдем басқаша оқу, оқыту жүйесі енуде. Қазіргі технология бойынша оқушыларға өз беттерімен   оқып,   ізденуге,   білімді   меңгеруге,   алған   мәліметтерді   өмірде пайдалануға   үйретемін   .Блум   таксономиясы   бойынша   ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан  гөрі, ондағы  қойылған  мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл­ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында   белсенді   әрекетке   жетелейтін   6   деңгейге   сәйкес   тапсырмаларды құруды  қажет  етеді. Тапсырмалар  құруда  оқытудың  белсенді  әдістердің  мәні­ оқушыларды кәсіби іс­әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына   салып,   модульді ықпалдастырудың   арқасында   оқушылардың   не   білетінін   және   нені   жасай алатынын,   сондай­ақ   қызығушылықтарын   түсініп,   оқытудың   жаңа   тәсілдерін тиімді   және   орынды   пайдаланып,   оқушы   бойында   ішкі   уәж   тудырып,   өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді.   бағдарламада   белгіленген   жеті   Бірінші   сабағымды   ұйымдастыруда   топқа   бөлу   кезеңінде   оқушылардың қызығушылығын   арттыруда   топтарға   бөлдім.   Бөлінген   топтар   топ   ережесіне сүйене   топтарына   отырды.   Әрбір     оқушылардың   қабілетін,   деңгейін,   білім дағдысын ескере отырып, білуге, еске түсіруге арналған сұрақтар дайындадым. Сабағымның   тақырыбы   «Блокнот   программасын   іске   қосу»  Сабақтың мақсаты:  оқушыларды   блокнот   бағдарламасының   міндетімен,   редактордың жұмыс жасау ережелерімен таныстыру. «WordPad», «Блокнот» программаларын салыстыра   отырып,   олардың   теориялық   білімдерін   тиімді   пайдалана   білуге, компьютермен   жұмыс   істеу   іскерлігі   мен   дағдыны   дамыту.  Еңбекқорлыққа, жанашырлыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Бірінші сабағымда ынтымақтaстық aтмoсферaсын   қaлыптaстыру   мaқсaтындa   сыныбымды   шеңбер   құру   aрқылы тұрғызып,   бүгінгі   көңіл   күйлерін   сұрaдым.   Бұл   oқушылaрғa   тaныс   іс­әрекет бoлғaндықтaн, oлaр   бірден   кірісіп  кетті, «Шaттық  шеңбердің»  не   екенін   және қaлaй қoлдaнaтынын біледі. Бірaқ уaқыт өте келе бір­біріне тілек aйтуды,сәттілік 3aйтуды   тoлық   меңгеріп,   үйренді.   Түстерге   қарай   2   топқа   бөлу.   Бағалау критерийлерін   ұсынып,   бағалау   парақшасын   тарату.   Оқушыларға   деңгейлік тапсырмалар, яғни жасыл карточка сұрақтар, қызыл карточка сұрақтары алған оқушылар жазбаша, ал көк карточка сұрақтарын алған оқушылар компьютерде WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасайды.  Сыныпты топқа бөлу арқылы жоспарланған білім беру көзделді.Осы сабағымда түстерге байланысты оқушылар мазмұнды сызбаны жасады  бұл жерде топтық ынтымақтастық,бірлесе отырып бір шешімге   келіп,сыни   тұрғыдан   ойлана   отырып   жүйелі   қорытынды   жасап,бір­ бірімен қарым­қатынастары нығая түскендігін байқадым. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар бір­бірінің жауаптарын талдауды дағдыландыру үшін уақыт беріліп, жауаптарын толық айтуға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беруге тырыстым.  Сoңғы қoрытынды бөлімде «Oй қорыту» aрқылы oқушылaрғa бaғaнaдaн бері      «Не тыңдaдық?», «Қaндaй жұмыстaр жүргіздік?», «Не білдік,не үйрендік?» деген сұрaқтaр   қoю aрқылы  oқушылaр   тoптaстырып   немесе   рөлге  ену   әдісін  қoлдaну aрқылы oй тoлғaныс жaсaп қoрытындылaды.      Тәжірибемде   жaлпы   oқушылaр   іс­әрекетін   қaдaғaлaуды   жүргіздім. Oқушылaрды   күнделікті   бaғaлaп   oтырдым.   Сыныптa   екі   oқушыны   қaдaғaлaуғa aлдым. Жеке деп oтырғaным oқушылaрымды жaн­жaқты қaдaғaлaдым. Эмoциялық және әлеуметтік, кoгнитивті жaқтaрынa нaзaр сaлдым. Oл oқушылaр әр сaбaқтa белсенділік   тaнытып   oтырaды.   Әрқaшaн   көшбaсшы   бoлуғa   ұмтылaды.   Бұл oқушылaр   тaлпыныстaры   зoр   ынтaлы   oқушылaр.   Мaғынaны   тaну   сaтысындa oқушылaр мысaлмен тaнысып, сөз тіркестерін пaйдaлaнa oтырып,сөйлем құрaуды дұрыс пaйдaлaнa білді. Оқыту үшін бағалау оқушылардың өздерін­өздері, сыныптастар бір­бірін және критерийлар бойынша бағалау арқылы жүргізеді. Өзін­өзі бағалау түрін мұғалім бақылау   арқылы   жиынтық   баға   ретінде   оқу   журналына   баға   қояды.   Сыни тұрғыдан   ойлау­оқушылардың   өздігіне   білім   алып,сындарлы   ой­қабілеттері дамып,бір­бірінің жасаған жұмыстарын бақылап,талдап сын айтып,дәлелдемелер айтып,пікір   айта   алатын   тұлға   қалыптастыру   көзделген.   Оқушылар   көңілге қонымды,мағыналы   жауаптарына   қарап   отырып   бүгінгі   сабағымда   яғни   білім беруде нәтижеге жеткенімді байқадым бұрынғыдай емес оқушылар терең ойлана бастады.              Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс­тәсілдерін біле  алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдеуге үйретуде жаңа сабақтың тақырыбын ашу барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу мақсатында берілген суреттің мағынасын ашу мақсатында  «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс­тәсілдері» тақырыбында 5 а сыныбында ашық сабақ өттім.     Оқушыларға   ақпараттарды   өздерінің   белгілеуіне   сәйкес   келесі   кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылды. Мәтін бойынша түсінігін қалыптастыру және 4білімдерін   жүйелеу.   Жұмыс   тәсілін   ақпаратпен   таныстырып   үйрену   АКТ пайдалану   арқылы   көрініс   тапты.  «Жақсы   лебіз»   ойыны   оқушылар   шаттық шеңберіне   жиналады.   Бір   оқушы   қасындағы   көршісіне   жақсы   лебіз   білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с Түстерге қарай сыныпты 2 топқа бөлу.  Топ басшысын тағайындауда   оқушылардың   ұйымшылдық   қасиеттері   көрінбей   жатады.   Өткен тақырыпты қайталауда  «Аңшы» ойыны арқылы сұрақ­жауап арқылы миға шабуыл кезінде   ойын   арқылы   тұсаукесерден   әр   түрлі   аңдардың   суреттерінің   астында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты қайталау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады. Мағынаны тану бойынша әр топ деңгейлік тапсырмада постер арқылы мәтін мазмұнын жеткізуді көздейді.«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Сабақтын соңында қорытындылау үшін оқушылардың жас   ерекшелектері     ескеріліп   «Қатесін   анықта»   әдісі   бойынша   әр   топ   мүшесі тапсырманы жеке жеке параққа орындап, топ басшылары  және бірін­бірі бағалады. Әр топ мүшесі тапсырманы жеке паракка орындап топ басшысына береді.   Топ басшысы   топ   мүшелерін   бағалап,   бағалау   парағына   әр   мүшеге   баға   қояды. Арасында өздеріне қойылған бағаға күмәнмен қарап келіспей отыратын оқушылар да кездеседі, себебі, көшбасшылықты әр сабақта әрдайым ауыстырып отырамыз. Сабақта берілген тапсырмалар критерий бойынша бағаланды және жиынтық баға қойылды. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.Кері байланыста кезінде 1. Бүгінгі сабақта не ұтымды болды?   Не   ұнады?   2.Келесі   сабақты   өткізуге   қалай   ат   салысар   едің?   Деген сұрақтар   арқылы   оқушылардың   сабаақтн   алған   әсерлерімен   бөлісу   күнделікті сабақта   қолдансақ   та,   өз   ойларын   жеткілікті   жеткізе   алмайтын   оқушылар   да кездеседі.  Келесі   үшінші   сабағымның   тақырыбы:  «   Қарапайым   графикалық   редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу тақырыбындағы сабағымның мақсаты  оқушыларға редактордың   құрал   ­   саймандарын   дұрыс   пайдалана   білу   және   командалары орындай алу қызметін меңгерту, оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау   арқылы   бейнелік   ойлау   қабілетін   дамыту,   оқушылардың   эстетикалық талғамын   қалыптастыру,  нәтиже   алуға   және   уақытты   үнемдеуге   дағдыландыру, ақпараттық   мәдениеттілікке,   компьютерлік   сауаттылыққа   тәрбиелеу.Сабақтың типі: түсіндіру Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика. Бұл сабағым басқа сабақтарға қарағанда мен үшін   жеңіл   әрі   тиімді   өтті   деуге   болады,   себебі   оқушылар   бұрынғыдай ынтымақтастық   атмосферасын   құруда   ойланып   не   айтарларын   білмей   тұратын оқушылар қазір жылдам тілектерін айта сала топтарға бөліну тәсілдерін тез түсініп сабақты бастауға дайын екендерін көруге болады.   Сабақ барысында танымдық қабілетті     дамытатын   тапсырмалар   құрастыруды   қолға   алдым.   Себебі   кейбір оқушылар сыныптағы өзге қатарласынан тапсырманы тез орындап болады. Сондай жағдайда уақытты бос жібермес үшін ондай балаларға жеке тапсырмалар дайындап   Практикум   элементтері көрсете   –     бар,   5әкеліп отырдым. Тіпті кей кездері мұндай оқушылар өздері ынталанып түсінбей жатқан сыныптастарына көмектесіп те жатты. Өзара әрекеттесу кезінде оқушылар бір­бірін   оқытуға,   тыңдауға   үйренді.   Сұрақ   қоюдың     сынақтан   өткізу,   түрткі сұрақтар сияқты түрлерін оқушылар  өздері  бір­біріне  немесе топ мүшелері қарсы топқа   сұрақтар   қойғанда   белсенді   қолданып   отырды.   Оқушылардың   бір­біріне сұрақ қойып, оған жауап беруі өздеріне  де ұнайтындықтарын  аңғардым.Басқаша айтқанда   ,оқушылар   өзін­өзі   ынталандыра   алады   және   осыған   орай,   оларда ұмтылыс қызығушылық пайда болады Акпараттық диктант жаза отырып, өз ой­ пікірлерін,   көзқарастарын,   өздері   білетін   білімдері   туралы   ой   қозғауда оқушылардың   сабаққа   деген   қызығушылықтары   оянып,   сұрақтарға   жауап   жазу және жұптық жұмыста өзара сыйластық   және уақытты үнемдеу қателіктері де кездесті.     Топ   басшысы   бағалау   парақшасы   бойынша   бағалайды.   Топтағы оқушылардың   сабақ   барысында   орындаған   жұмыстарын   бақылап,   смайликтер беріп отырады Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; оқушылар бағалау стикерлер бойынша бағаланады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Аяқталмаған сөйлем» арқылы   сабақ   туралы   пікірлерін   жазып,   «Хаттар   ұяшығына»   салып   кетеді. Жаңа бағдарламаны оқыту барысында мұғалім оқушы бойынан не білетінін және нені жасай алатынын,сондай­ақ олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жақсы көретін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Оқушы тапсырманы талдау кезінде өз идеясына ғана сүйеніп қоймай, өзгелердің   пікірлерін құнды көреді. Өзгелердің идеясына сын айтып, сараптайды, құнды идеяларды жадында жинақтайды,   оны   тапсырмалармен     жұмыс   кезінде   жиынтық   сурет   ретінде бейнелеп,   топпен   бірлесе   отырып   дәлелдеп,   білім   қорын   жадына   бекітеді. Сұрақтар қойылып, қарсы дау айтылғанда, әр оқушы өз сөзінің мағынасына терең үңіледі, мағынаны сарапқа сала отырып, дұрыс шешімге келуге мүмкіндік алады. Сын тұрғысынан ойлау әдісінде екі құбылыс немесе ұғымды салыстыра отыра зерттеу, мән­мағынасын тереңнен ойлау, ой тоқтатып сараптау, нәтиже шығару әрекеттері оқу үрдісіне   ғылымилық мазмұн береді. Себебі салыстыру кезінде оқушы өз бетінше ізденеді. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттер білім алуда маңызды рөл атқарады.Сыныпта оқушыларға тағы да бір тиімді оқыту әдісі ол­сыныптағы диалогтың маңызы екендігін айта кеткім келеді.Оқушы бір­біріне сұрақ   қоя   отырып   оның   жауабын   айтуға   жан­жақты   іздену   дағдылары қалыптасады,пікірлесу   аясында   сөздік   қорлары   дамып,тіл   байлықтары   жетіле түседі. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп   жорамалдайды.Сондықтан,оқушының   білім   деңгейін   дамытуға   әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,әрине   бұл   рөлдерде   сыныптастары   мен   мұғалімдері   болуы мүмкін,диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда оқыту жеңіл болмақ.Сұрақ қою маңызды дағдылардың  бірі  болып  табылады,себебі  сұрақ  дұрыс  қойылған 6жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау   көрсетіп,оны   жақсарта   және   кеңейте   алады.   Қорыта   келе   айтарым, Бағдарлама   модульдерін   оқып­үйреніп   қолдану   арқылы   сабақ   өту   тиімді болатындығын   түсіндім.   Себебі   мұндай   сабақта   мұғалім   оқу   әрекетін ұйымдастырушы, оқушы болса, білімді іздеп, зерттеп, өз бетімен білім  алушы ретінде өз ойын ашық білдіреді. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: қалай оқу керектігін   үйрету»   оқушылардың   белсенді   болуын,   болжам   жасап,   сұрақтар құрастыру арқылы білім алуын қарастырады. Сабақ барысында диалогтік әдісті қолдануым, мақсат қоюға үйретуім болсын бұның барлығы баланың білім алу үшін қызығушылығын арттыруды көздейді деп түсінемін. Осы арқылы балаларға не білетінін, нені жасай алатынын анықтауға көмектестім деп ойлаймын. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін қолдану оқушылардың теориялық біліммен шектелмей   өзіндік   ойын   қалыптастыруға   көмектеседі.   Сондықтан   келешекте тақырыпты өмірмен байланыстырып жоғарғы деңгейдегі сұрақтар құрастыруды басты назарға аламын. Бұл сыни ойлауға үйретеді, өзіндік ойы бар тұлға ретінде қалыптастыруға  көмектеседі. «Оқыту  үшін бағалау  және оқуды бағалау»­ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму   керек   және   қажетті   деңгейге   қалай   жету   керек   екендігін   анықтау   үшін оқушылар   және   олардың   мұғалімдері   қолданатын   мәліметтерді   іздеу   және түсіндіру үдерісі» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 58­бет).    Балаларға бағалау әр тараптан жүзеге асатынын дәлелдеп, сонымен бірге өзін­өзі бағалай білу, өз ісіне   жауапкершілікпен   қарауды  үйретеді.  Осы  арқылы   ортақ   шешімге  келеді, еңбекке   араласады,   бірін­бірі   сыйлайды,   санасады.   Оқушы   ақпаратты   іздеуші, жазып   алушы   ретінде   белсенді   қызмет   атқарды.   «Оқушылардың   жас ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту және оқу»  бұл  модуль талантты және дарынды балаларды   оқыту   тақырыбымен   тығыз   байланысты,   себебі   екі   модульде оқушылардың   қажеттіліктерін   қанағаттандыруға   бағытталған,сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Сабақта формативті бағалауды да пайдаландым. Кері байланыс мұғалім үшін де, оқушы үшін де нәтиженің бір көрінісі. Әр сабақ соңында «3 минуттық эссе», «Нені білемін? «Нені білдім?» «Нені білгім келеді?» атты   рефлексия   жаздырдым.   Бағалаудың   бұл   түрінде   оқушылардың   қандай деңгейде екенін анықтау мүмкіндігі туатынына көзім жетті. Ойымды қорыта келе, осы бағдарламаның бізге берері мол екенін түсіндім. Әр сабақта жеті модульді пайдалансақ,   сабағымыз   жемісті   болатындығына   көз   жеткіздім.   Осы   арқылы оқушылардың өзін­өзі тануы, өмірге деген қызығушылығы, оқуға деген ынтасы артады, болашаққа деген дұрыс көз­қарасы қалыптасып, өз жолын адаспай таба алады деп ойлаймын.  7Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұғалімге   арналған нұсқаулық, (2012). "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ 2. «Атамұра» баспасы Информатика пәні, 5 сынып 8