Мақсаты: Студенттерге адамзат мәдеиетінің бастамасы туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Архаикалық мәдениет, Миф, Магия, Сиқыр, Анимизм, Фетешизм, Тотемизм
Жаңа тақырып |
Архаикалық мәдениет. Миф-мәдениеттің бір түрі. |
|
|
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
|
|
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан
археологиялық жұмыстардың нәтижесінде
алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың
тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология
ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас
құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты.
Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық
құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас
дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас
дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше
кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит)
«Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген
сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа
тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы
мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда
қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай
бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі
мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. |
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік. |
|
Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта
палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің
басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ
тас құралдары, сүйектен жасалған біздер,
найзаның ұштары және тағы басқалары
Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді,
бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу
түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде
тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың
бейнелері кездесе бастайды. |
||
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді.
|
|
|
|
Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Сиқыр —сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен Мысырға қатысты айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым.
|
|
Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
|
||
Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
|
||
Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну.
|
||
Үйге тапсырма: 1) Тақырыпты конспектілеу 2) Тақырып бойынша тағы да термин сөздерді тауып, дәптерге түсіру |
||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.