Б ұ л т а п с ы р м а л а р а р қ ы л ы б а л а л а р д ы ң с а у с а қ м оторикасы дамып, тілдік мәдениеті дамиды.тапсырмалар
Тапсырма 1
Артикуляциялық жаттығу «Сағат»
Күлу, ауыз ашық.Тіл ұшын оң жақ, сосын сол жақ езуге
кезектестіре тигізу. Жаттығуды 6 – 10 рет қайталау.
Саусақ жаттығуы «Құстар»
Құстар ұшып келеді,
Қанаттарын қағады.
Ұшып келіп отырды,
Қайта ұша жөнелді.
Таяқшадан пішіндер құрастыр.
Сен қандай пішіндер құрастырдың?
Суреттен екі бірдей затты тауып көрсетТапсырма 2
Артикуляциялық жаттығу «Тісімізді тазалаймыз»
Күлу, ауыз ашық, тіл ұшымен астыңғы тістің
артынан солдан оңға қарай тазалау. Сосын тілді
жоғары көтеріп үстіңгі тістің артынан тазалау.
(5 – 6 рет қайталау)
Үлкен балықтарды қызыл түске, ал кішкентай балықтарды көк түске боя.
Балабақша
Суретте кімдер бар? Олар қайда жүр? Балалар не істеп отыр?
Сен балабақшаға барасың ба? Балабақшада не істейсің?Тапсырма – 3
Суретті көрсет те, ата.
нан моншақ қазан
Суреттен артық затты көрсет. Ол неге артық екенін түсіндір.
Көрсетілген бағыт сызық бойынша қарындашпен сызып шық. Сызық
бойынан шықпай сызуға дағдылан.Тапсырма – 4
Өлеңді жаттап ал.
Нан иісі.
Нанда жердің иісі бар,
Нанда күннің иісі бар.
Нанда гүлдің иісі бар,
Нанда өмірдің иісі бар.
Ө.Тұрманжанов.
Не жетіспейді?
Жетіспейтін дене мүшелерін салып, суреттерді боя.
Түстерді ата.
Үшбұрыштың түсі қандай, дөңгелектің түсі қандай, шаршының түсі қандай?Тапсырма – 5
Артикуляциялық жаттығу «Тәтті тосап»
Күлу, ауыз ашық, тілмен үстіңгі ерінді жоғарыдан
төмен қарай жалау. Астыңғы жақтың қозғалмауын
қадағалау. Жаттығуды 5 6 рет қайталау.
Шеге мен балға.
Кел екеуміз балғамен шегені қағайық.
Міне, былай тук – тук – тук.
Бір қолымен шеге ұстап, балғамен қаққандай болу.
Тәтті – ащы.
бұрыш ащы кәмпит тәтті
қияр ащы құлпынай тәтті
Санамақты үйрен.Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз:
Бас бармағым папам,
Балаң үйрек – апам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
Тапсырма – 6
Жаңылтпаш айтып үйрен.
Тас тостаған,
Тас тостаған ішіне
Тас тастаған.
Жапырақтарды сары, алмаларды қызыл түске боя.
Бұл қай кезде болады?
Өрік,алма
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
(Ш.Ахметов)
Ойын – жаттығу « Қарындаш»
Алты қырлы қарындашты саусақтармен, екі алақан арасында және де
үстел үстінде домалатып жүргізуді үйретіңіз.
Тапсырма – 7
Артикуляциялық жаттығу «Тоқылдақ»
Күлу, ауыз ашық ,тілді жоғары
көтеру.Тіл ұшымен таңдайға
соғып д – д – д –деп жаймен,
сосын тез – тез айту.
Жұмбақтарды шеш.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндіргенді жылатады.
(пияз)
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.
(сәбіз)Аласа тал,
Тамаша тал,
Қып – қызыл алмасы бар
(қызанақ)
Қанша?
Қанша қоян болса, сонша сәбізді боя.
Қоян нешеу? Сәбіз нешеу?
Тапсырма – 8
Буындар тізбегі.
Да – да –да – дала
До – до – до – долана
Ду – ду – ду – думан
Дә дә дә дәптер
Сөзді тап, аяқта.
Бұл жұмбағым тағы бар,
Осал болсаң, ал, мақтан
Білсең кәне, айта ғой
Не жасайды . . .
( алмұрттан)
Кіп – кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді,
Жемістерден айырып,
Білесің бе . . .
(шиені)Кәрзеңкеге тек жемістерді сал.
Тапсырма – 9
Өлеңді жаттап ал.
Добым менің
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің!
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Ш.Смаханұлы.
Гүл қандай бөліктерден тұрады?гүлі
жапырағы
сабағы
Гүлдің сабағын, жапырағын.көрсет.
Дөңгелек шарларды көк, сопақша шарларды жасыл түске боя.
Тапсырма – 10
Артикуляциялық жаттығу «Жасырынбақ»
ждбльгорннщшг
Қазір жасырынбақ ойнаймыз, біз емес тіліміз
жасырынады. Қара, мен тілімді қалай жасырамын.
Тілді астыңғы тіске тіреп, сосын кейін қарай
тартады, ауызды ашып тұру керек.
Жаттығуды 5 – 6 рет қайталау.Жылқы мен құлын
Жылқы қандай, құлын қандай?
Жылқы немен қоректенеді? Жылқының қандай пайдасы бар?
Жылқы не істейді? (шабады, кісінейді)
Өлеңді жаттап ал.
Құлыншақ
Шапқылауға тоймайды,
Жүйрік құлын бұл неткен.
Тыным таппай ойнауды
Өзіне кім үйреткен?
Е.Ескендіров.
Тапсырма – 11
Суретті көрсет те, ата.Кесе сөмке шелек
Үй жануарлары
Төлдерін табуға көмектес (сызықпен қос). Суреттерді боя.
Ешкінің төлі не?(лақ)
Қойдың төлі не? (қозы)
Өлеңді жаттап ал.
Қозы
Кіп – кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Ж.Смақов.
Тапсырма – 12Сөйлемді толықтырып айт.
Гүлге әдемі қонды.
орманда тұрады.
Бақшада өсіп тұр.
Суреттегі жиһаздарды ата.
Үстел не үшін қажет? Шкаф не үшін қажет? Керует не үшін қажет?
Үстел, шкаф неден жасалған? Керует неден жасалған?
Үстел
шкаф керует
Саусақ жаттығуы «Кірпі»
Үстінде көп инесі,
Басында бар түймесі.
Жатса доптай домалақ,
Жүре берер домалап.
Тапсырма – 13Тыныс алу жаттығуы «Стақандағы дауыл»
Бұл жаттығуға су құйылған стақан мен
түтікше керек. Түтікшені жалпақ тіл ортасына
салып, бір шетін стақандағы суға салады.
Түтікшемен стақандағы суды үрлеп, шайқалту.
Суреттерді ата.
Гүл шеге көгершін ілгіш
Ұқсас пішіндерді тауып көрсет.
Үшбұрыштарды көк, шаршыларды қызыл, тік бұрыштарды сары түске боя.Тапсырма – 14
Сөздерді өзгертіп айт.
Шелек – шелегі өрік өрігі көйлек – көйлегі
Бесік –бесігі бөрік – бөрігі телпек – телпегі
Тек сопақшаларды қызыл түске боя.
Кімнің? Ненің?
Бұл кімнің қуыршағы? Құс ненің ішінде тұр?
Бұл кімнің машинасы? Кітаптар ненің үстінде тұр?Тапсырма – 15
Тыныс алу жаттығуы « Ұлпақарлар»
Жұқа қағаздан (салфеткадан) ұлпақар қиып,
жіпке бекітіңіз. Қане екеуміз ұлпақарлады
ұшырайықшы – деп, ұлпақарларға үрлету.
Буындар тізбегін қайтала.
ақ – ақ – ақ – ұшақ қа –қа – қа – қалам қы – қы – қы қылыш
ық – ық – ық – асық қо –қо – қо – қоян қу қу – қу аққу
Шырша мерекесі.
Шыршада қандай ойыншықтар ілінген, айтып бер.Ойыншықтарды әдемілеп боя.
Қандай мереке жақындап келеді?
Өлеңді жаттап ал.Кел, Жаңа жыл!
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір – бәрі әзір,
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Тапсырма – 16
Жұмбақты шеш.
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(қарға)
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
( балық)
Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас.
(тасбақа)
Қыс қызығы
Суреттерде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Қыста қандай ойындар ойнауға болады?
Суретке қарап әңгіме құрап айт.
Жылдың қай мезгілі болды?
Жер бетін не жапты?
Балалар қайда шықты?(балаларға ат қой)
Олар немен сырғанады?
Олармен бірге не де шықты? ( итке ат қой)
Ит не істеді?Өлеңді жаттап ал.
Аққала
Қыс келгенде аулаға,
Шықты ойнауға топ бала
Аппақ қардан үп – үлкен,
Соғып алды аққала. Аққаланы боя.
Мұрны оның сәбізден,
Көзі оның көмірден
Үш домалақ аққала
Аққалаға мәз бала.
Т.Кенжебаева.
Тапсырма 17
Көрсет те, ата.
хат
халат
Қысқы киімдер
дәріхана
бөкебай телпек
жемпір
тон
қолғап
етік шалбарКімге? Неге?
Қыз неге жем шашты?
Қыз гүлді кімге сыйлады?
Тапсырма – 18
Жаңылтпаш айтып үйрен.
Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім,
Балықты сөкті екен.
Кім не істейді?
Әр мамандық иесіне керекті құралдарын тауып бер.
Тігінші не істейді?
Құрылысшы не істейді?
Өлеңді жаттап ал.
ҚұрылысшыҚолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Ш.Садыханов.
Таяқшадан пішіндер құрастыр.
Тапсырма – 19
Артикуляциялық жаттығу «Әлпеншек»
Күлу, ауызды кең ашып тұру.
1 – тілді астыңғы тістің артына
қою, 2 – тілді үстіңгі тістің артына
қою. Жаттығуды 4 – 5 рет қайталау.
Буындар тізбегі.
Ға – ға – ға – жаға ғу – ғу – ғу бұғу
ғи – ғи – ғи – Сағи ғы – ғы – ғы бұғы
Суретті ата.ғимарат балға сағыз
Суреттегі құстарды ата.
Құстарды боя.
Үйрек қалай дыбыстайды?
Кря кря қаңқ қаңқ
Қаз қалай дыбыстайды?
Әтеш қалай дыбыстайды?
Ку –ка – ре ку
Қыт қыт
Тауық қалай дыбыстайды?
Осы құстардың қайсысы суда жүзеді?
Тапсырма – 20
Өлеңді жаттап ал.
Қарға
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор болар,
Бұтаға келіп қорғалар.
Ненің ізі?
Суреттегі жабайы аңдарды ата. Олар немен қоректенеді?
Жануарлардың іздерін тап. Бұл ненің ізі? сұрағына жауап бер.
Олар қысты қалай өткізеді??тышқан тиін кірпі
ақбөкен
Саусақ жаттығуы «Қоян»
Қара құлақ, ақ қоян,
Қар да, қар боп шап қоян.
Тапсырма 21
Артикуляциялық жаттығу « Төбешік»
Күлу, ауыз ашық, тіл ұшын астыңғы
тіске тіреп 5 – ке дейін ұстап тұру.
Жаттығуды 4 5 рет қайталау.
Жабайы аңдар.
Суреттегі жабайы аңдарды ата. Олар қайда тұрады?
Қасқыр, аю қысты қалай өткізеді?қасқыр
аю
Сөздерді кішірейтіп айт.
кітапша жастық
жастықша
кітап
үй үйшік
Тапсырма – 22
Кеме жүзуге дайындалып,
зуылдақ беріп тұр ы – ы – ы.
Буындар тізбегі
Ыз – ыз – ыз – Айгүл жақсы қыз Зы – зы – зы – жайылып жүр қозы
Ыс – ыс – ыс – келіп қапты қыс Шы – шы – шы – мал бағады малшы
Суреттерді ата.ыдыс
сабын қозы
Қоғамдық көліктер
Пойыз автобус такси
Пойыз немен жүреді? Пойызды кім жүргізеді?
Автобус немен жүреді? Автобусты кім жүргізеді?
Таксиді кім жүргізеді? Автобус, пойыз, такси кімдерді тасиды?
Автобус
Зымырар қара жолда да,
Жайлауда, қырда, жонда да.
Бұрыла алар оңға да,
Бұрыла алар солға да.
Автобус – халық көлігі,
Көліктің жүрдек, берігі.
М.Әлімбаев.
Тапсырма – 23
Сөйлемді толықтырып айт
суда жүзеді. тышқан аулайды.
Әжем жылы тоқыдыАналар мерекесі
Сен 8 Наурыз мерекесіне қалай дайындалдың?
Қандай тақпақ , ән үйрендің? Мамаңа айтып бер.
МамаІ
8 Наурыз
мерекең
құтты болсын!
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем – жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем.
Қ.Мырзалиев.
Менің әжем
Менің әжем, ақ әжем,
Тапсырма – 24
Тыныс алу жаттығуы «Жел диірмен»
Бұл ойын – жаттығуға арнайы
жел диірмен алыңыз.Бала жел
диірменге үрлейді.
Суретті ата.ұшақ ұлу
құлын
Ұлттық тағамдар
қымыз бесбармақ құрт бауырсақ
Сүттен жасалған ұлттық тағамдарды ата.
Еттен жасалған ұлттық тағамдарды ата.
Ұннан жасалған ұлттық тағамдарды ата.
Бірдей санды карточкалардың араларын қос.
Суреттерді боя.
Тапсырма – 25
Жұмбақты шеш.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады.
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қандай көреген.Жаңылтпаш үйрен
Тұз мұздай,
Мұз тұздай.
Наурыз тойға арналған киіз үйді әшекейле.
Наурыз көже
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді,
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар.
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...
А.Шаяхметов
Тапсырма – 26
Қарап ал да, есіңе сақта.
Суретті баланың қарауына аз уақыт беріңіз. Сосын суретті дәптермен
жауып нелерді көргенін сұраңыз. Есте сақтау қабілетін тексеріңіз.Ілгек кілт дәрі ешкі
Ұлттық ыдыс – аяқтар
Бұл ыдыстар не үшін пайдаланылады?
торсық
Кесе самаурын
Бұл ыдыстар неден жасалған?
Торсық теріден жасалған. Самаурын жезден жасалған. Кесе саздан жасалған.
Торсықты ұлттық ою өрнекпен әшекейле
Тапсырма – 27
Жұмбақты шеш.Тоққа тисе мұрты ұзын, Тұр көп маржан тізіліп,
Табанымен жазық.
Мойыл моншақ тасындай.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.
(үтік)
(жүзім)
Жаңылтпаш айтып үйрен.
Іске іскер,
Істі іскер істер.
Көктем келді.
Сурет бойынша әңгіме құра. Суретті боя.
Жылдың қай мезгілі ?
Табиғатта қандай өзгерістер болды?
(күн жылынды, ағаштар жапырақ ашты,
гүлдер шықты)
Жер бетіне нелер шықты?
( жәндіктер)
Жылы жақтан нелер ұшып келді?
Саусақ жаттығуы «Қайшы»
Көрсең жұмыс кезінде,
Тісін қайрап жүреді.
Тек керегін өзіне
Қиып ала біледі.Тапсырма – 28
Артикуляциялық жаттығу «Күлу»
Тістерді көрсетіп күлу, тістердің
арасы кішкене ашық. Осы қалыпта
5 –ке дейін ұстап тұру керек.
Жаттығуды 4 – 5 рет қайталау.
Жылан қалай ысылдайды?
Балалар орманда серуендеп жүрді.
Кенет алдарынан жылан шыға келді.
Олар қорқып кетті. Жылан қалай
ысылдады? С с –с!
Қаламыздағы құстар.
Сен біздің қаладан қандай құстарды көрдің?
Аққуды теңізден жылдың қай мезгілінде көресің?
Шағала қайда ұшады? Немен қоректенеді?
Торғай немен қоректенеді?
Құстардың адамға қандай пайдасы бар?
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың,
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Оңға солға
Оңға қарай жүзген балықтарды қызыл, солға қарай жүзген балықты сары
түске боя. Неше балық оңға, неше балық солға қарай жүзіп жүр.Тапсырма – 29
Сөйлемді толықтырып қайтала.
Апамның әдемі бар. бақшада өседі.
( сақинасы) (асқабақ)
Өзенде қалың өседі.
(қамыс)
Немен?
Суреттегі тазалық құралдарын ата. Олар не үшін керек?
Қолыңды немен сүртесің?
Тісіңді немен тазалайсың?
Қолыңды, бетіңді немен жуасың?
Жоғарыда – төменде
Не жоғарыда ұшады, болады?(құс, бұлт, күн)
Не төменде жүреді, өседі, жүреді? (гүл, тасбақа, балық)
Суреттерді боя.
Тапсырма
Өлеңді
ал.
Сауысқан
30
жаттапАла қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан – томарға,
Секең – секең жабысқан.
Ғарыш
Суреттегі не?
Зымыран қайда ұшып барады?
Зымыранмен ғарышқа кім ұшады?
Зымыранды боя.
Біреу – көп
сағат
сағаттар
құс құстар
тасбақа тасбақалар
Тапсырма – 31Ойын – жаттығу: «Маса мен жылан»
Қазір екеуміз ойын ойнаймыз.
Жылан қалай ысылдайды? С – с с
Маса қалай ызыңдайды? З – з з
Мен саған қай жәндіктің суретін
көрсетсем, сол жәндіктің дыбысын
қайталайсың.
Сурет бойынша әңгіме айтып үйрен.
Мысық нені көрді?
Тышқан қайда тығылды?
Мысық не істеді?
Мысық басын етік қонышынан неге шығара алмады?
Кім тапқыр, кім ақымақ болды?
Әрқайсысында үш алма болатындай етіп тәрелкенің суретін
сал. Неше тәрелке болды?Тапсырма – 32
Буындар тізбегі
Аз – аз – аз – келді міне жаз. Зу – зу – зу әп әдемі жазу.
Ұз – ұз – ұз – биік екен құз. Зы – зы – зы – моп –момақан қозы.
Саусақ жаттығуы «Қаз»
Судан шықпас жаздайын,
Қаңқылдаған қаздарым.
Мойындарың білемін,
Мойынындай түйенің.
Көрпешелерге сәйкес келетін жамауларды тауып жапсыр.Тапсырма – 33
Жаңылтпаш айтып үйрен
Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Жәндіктер
қоңыз шегіртке құрт
шыбын ара
Қоңыз, шегіртке, құрт, шыбын, ара – бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Шегіртке не істейді? Шегіртке шырылдайды, секіреді.
Құрт не істейді? Құрт жорғалайды.
Шыбын не істейді? Шыбын ызыңдайды, ұшады.
Араның адамға қандай пайдасы бар?
Көбелекке гүлге жетуге көмектес.