Ашық сабақ Қ дыбысы мен әрпі
Оценка 4.9

Ашық сабақ Қ дыбысы мен әрпі

Оценка 4.9
Работа в классе
doc
чтение
1 кл
24.03.2017
Ашық сабақ Қ дыбысы мен әрпі
Пәні: Сауат ашу Мектеп: «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ Күні: 17.11.2016 Пән мұғалімі: Искакова Дамеля Борашевна Сыныбы: 1 Қатысқандар саны: 8 Қатыспағандар саны: - Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Сабақта меңгері-летін дағдылық мақсаттар Дағдылар - Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады. - Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Қ әрпін және дыбысын ажыратады,буынға бөліп оқиды Оқушылардың көпшілігі орындайалады: Оқиды, жазады, дыбыстық талдау жасайды Кейбір оқушылар орындай алады: Тұтас, түсініп оқиды Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Тақырып аясында қарапайым сөз тіркестерін пайдаланып сипаттай алады Түйінді сөздер мен тіркестер: Дауысты жуан дыбыс Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Талқылауға арналған сұрақтар: - дыбыс дегеніміз не ? - дыбыстар қандай болады ? - Қ дыбысы қандай дыбыс ? Не себепті ... деп ойлайсыз ? Не себепті Қ дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар ? Ишара: ым,қол т.б. Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс Математика, ағылшын, орыс тілі сабағы АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , сергіту сәті, таныстырылым. http//balalaralemi.kz https//www.google.kz картиналар Тілдік құзыреттілік Қ дыбысы мен әрпі. Жоспары Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Бағалау Әдіс-тәсілдер, дағды Ресурстар Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3-4 минут «Ойлан, тап!» Топқа бөлу «Қайталау- білім анасы» 5 минут Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сабағымыз ерекше өтпек. Бізге қонаққа Қонжықтар қонаққа келіпті. Сабақ соңына дейін жақсы қатынасқан балаларға әкелген сыйлығы бар екен. Қазір бәріміз шаттық шеңберіне тұра қоялық. Армысыз Көк аспан! Армысыз Жер ана! Армысыздар достарым ! Менің міне қолым, Жылуымды сезін. Қолымыздан ұстап жылуымызды сезінеміз. Балалар, біз сабағымызды ойынмен бастайық. Мен сіздерге сұрақ беремін сіздер жауап бересіздер толықтай. «Ойлан, тап!» ойынын бастаймыз. Ойнағыларыңыз келе ме? - Сауат ашу пәнінде біз нені үйренеміз? -Сауат ашуда әріпті және дыбысты үйренеміз. - Әріп дегеніміз не? /Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы./ - Дауысты және Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?/ /дауыссыз-көк, дауысты- қызыл/ - Дауысты дыбыс айтылғанда қалай айтылады? / ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамайды/ -Дауыссыз дыбыс айтылғанда қалай айтылады? / ауыз қуысында кедергіге ұшырайды/ -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? /әріпті көреміз, жазамыз, дыбысты естиміз, айтамыз/ Жақсы, балалар! Қазір таңдаған әріптер бойынша топқа бөлінеміз. А, Н, Л,О,Т,У,Ш, Ы 1 ТОП: «ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР» 2 ТОП: «ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР» « 5 Т » ережесін есімізге түсірейікші: 1. Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен әріптерімізді қайталап алдық. Бізге Еркежанның анасы Айнур Муратовна хабарласып отыр екен. Еркежан анасы, әрі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі /Амандасу-3 тілде, Менің отбасым, өткен әріптерді сұрау, сөздер ойластыру/ - Дұрыс , балалар! Еркежанның анасына жақсы жауап бердіңіздер. Рахмет! Назар аударылған сөздер: Ата-дедушка-grandfather Әже-бабушка- grandmother Әке-отец-father Шеше- мать- mother Аға-старший брат- biq brother Әпке-старшая сестра -biqsisther «Ыстық орындық» Өздік жұмыс «Менің отбасым» суретін үлкендердің көмегімен салып келу, әңгімелеу Қ/б Үш шапалақ Қ/б үш шапалақ Қ/б қошемет смайлик Шаттық шеңбері (МК) Айтылым Диалог Топ ережесі (Ұ) Тыңдалым айтылым үш тілділік (Ұ) (Ө) Қонжықтар Суреттер АКТ №1 Доп Кеспе әріптер А, Ы, О, У Т, Ш, Н, Л АКТ №2 АКТ №3 аудиожазба Орындық Жаңа білім Дыбыстық талдау Сергіту сәті Дәптермен жұмыс 3 минут Оқулықпен жұмыс Топпен жұмыс Жұмбақ шешіп көрейік. 1. Өзі жуас, өзі момын, Бір шешпейді тонын /қой/ 2. Сырты жасыл, қап-қатты, Іші қызыл тәп-тәтті /қарбыз/ 3. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады /қоян/ Бейнероликтен Қ дыбысына байланысты бейнеролик көреміз Қ дыбысынан келетін сөздер айтып, оған дыбыстық талдау жасалынады. Бүгін өтетін сабағымыз Қ дыбысы. - Қ дыбысын хормен айтайық - Дауысты ма, дауыссыз ба? - Қ дыбысы қандай түспен белгіленген? (көк). - Балалар Қ дыбысынан сөздер айтайық. Ол сөздерге дыбыстық талдау жаса. Қонжықтар сіздердің сабаққа қатынасқандарыңызды бақылап отыр. Қон-жық деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? Жұппен жұмыс. Қа ла деген сөзде неше дыбыс бар? Қой деген сөзде неше дыбыс бар? Тақтаға кім текшемен жазып береді. Қалған оқушылар орындарында жұппен орындайды. Қане қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Қ әрпінің дұрыс жазу жолын тақтаға жазып көрсету, ауада жазу Дәптердегі жазба тапсырманы орындау (Дұрыс отыру ережесі қайталанады) Бағалау критерийлері Дескрипторлар 1. Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады. 2. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады - әріп элементтерін дұрыс салады; - әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады; - жазу жолын сақтайды; - сөзді сауатты, көркем жазады. Жұппен жұмыс /дауыстап оқу/ қа ла қа ра қа лақ қал та қо ла қо ра қо нақ тақ та а сық қар мақ тал қан Қа нат Постер 1 топ –«Әкеге сыйлық», 2 топ-Анаға сыйлық» Топтық жұмысты қорғау Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін табу. Бағалау критерийлері Дескрипторлар - Сюжетті суреттерді сипаттайды. -Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады. - тірек сөздерді қолда-нып, суреттер желісі бойынша әңгіме құрас-тырады; - әңгімелеу барысында өз ойын толық, жүйелі жеткізеді. Қ/б үш шапалақ Қ/б смайлик Қ/б мадақтау, үш шапалақ Қ/б Бас-бармақ Қ/б үш шапалақ Айтылым СТО (Ұ) айтылым тыңдалым (МК) жас ерекшелік дыбыстық талдау (Ж) айтылым (Ұ) (Ө) Оқылым айтылым (Ж) (Т) АКТ №4 Суреттер https//www. google.kz АКТ №5 Қазақ әліпбиімен танысу http://kaztube.kz/ru/video/121666 Түсбелгі қызыл, көк/ Әріптер жинағы Текшелер /қызыл,көк/ АКТ №9 АКТ №7 Оқулық Ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар Қорытынды 5 минут Рефлексия Соңғы ширату жаттығуы Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді. - Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? - Қ қандай дыбыс? - Қ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Жаңа сабақты бекіту. Топтарға жекелей суреттер таратылады. Суретті атап, дыбыстық талдау жасалынады. Сөздер буынға бөлінеді. Мысалы: қой деген сөзде үш дыбыс бар, қ дыбысы сөздің басында келеді. Мысық деген сөзде қ дыбысы сөздің ортасында кездеседі. Қорытындылай келе Қ дыбысы сөздің барлық буындарында келеді. 1 топ- «Үй жануарлары» 2 топ- «Жемістер» . «Бағдаршам» әдісі бойынша Мадақтау. Сабаққа жақсы қатынасқан балаларға сыйлықтарын тарату «Көңілді күн» қимылды жаттығу жасаймыз Қонжықтардың әкелген сыйлықтарын таратады. Қ/б үш шапалақ Оқушы- лар бағдар- шамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды айтылым (Ж) Айтылым тыңдалым (Ж) Ширату жаттығуы Суретті карточкалар Бағдаршам АКТ аудиожазба Қосымша мәліметтер Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз Қабілеті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс. Құндылықтармен байланыс Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландың? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетініз ( оқыту мен оқуға қатысы) 1. 2.... Қандай екі нәрсе немесе тарсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? ( оқыту мен оқуға қатысы) 1..... 2. .... Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдің? 1. .... 2. ...
Қысқа мерзімді жоспар.doc

Пәннің  атауы: Сауат ашу

Уақыты: 30.11.2016 жыл

Мұғалім:   Искакова Д.Б

Сабақтың атауы

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9  Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:  Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі:  Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Бағалау /дағды

Ынтымақтастық атмосферасы

10.50-10.53

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік  тілеп күлімсіреп

Біз  сабақты  бастайық !

 

Топ  ережесін  қайталау

 « 5 Т » ережесін есімізге түсірейікші:

1.     Тәртіп

2.      Талап

3.     Тыныштық

4.     Тазалық

5.     Татулық

Дидактикалық ойын «Мен айтамын,сен көрсет» (өткен әріптерді қайталау)

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

"Ой қозғау"

-Балалар енді,тақтадағы суреттерге назар салайық. Не көріп тұрмыз?

Енді, осы сөздердің барлығына ортақ  қандай әріп бар ?

Дұрыс айтасыздар, ұ дыбысы  бар.

Ұя, ұлу, ұшақтың,

Басын  бастап беремін.

Құс, жұмыртқа, бұтақтың

Ортасында келемін.

Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  Ұ ұ дыбысы болмақ.

Ұлу, ұя, ұшақ, ұл, құс.  

Олардың  барлығында  да  ұ  дыбысы бар. Сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға  бөлу, сөйлем құрау.

 

Мағынаны тану

 

 Оқулықпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс оқу, мазмұндау.

Дәптермен  жұмыс.

А) ауада  жазу

Б) әріп элементтерін  көрсету

В) дәптерге  үлгі  бойынша  жазу

 

 

 

Сергіту сәті

Құсқа ұқсап  бәріміз,

Қане, қанат  жаяйық.

Құс  сияқты  қалықтап,

Ұшып –ұшып алайық!

 

 

Ой толғаныс

Сен білесің  бе ?

Табиғат  сырын  құстар да  біледі

Қорытындылау

Сонымен  біз  бүгін  қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық ? (ұ)

Ұ  қандай  дыбыс  болды ? (дауысты  жуан)

 

 

 

 

Рефлексия

https://lh5.googleusercontent.com/O-Xbk7Ky51pY1wRo8eTZ4QQjaSbxPprmYbjHWydS7cP7jyGMiDjcLvYZdMpK1xGF-YMvA2dOdpOf41eChct6zDmgggXjj3qnJY4rAfOOG-MQdhvAMmGIFZPHTPB2V2DTSY2ibmeSB0o

 

Үйге тапсырма

63  бет

 

 

 

 


 

Пәннің атауы : Сауат ашуУақыты: 30

Пәннің атауы : Сауат ашуУақыты: 30

Ой қозғау" - Балалар енді,тақтадағы суреттерге назар салайық

Ой қозғау" - Балалар енді,тақтадағы суреттерге назар салайық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017